Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

 

129. АВТОМАТИКА  АСПАПТАРЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ  МОНТАЖШЫСЫ

5-разряд 

Жұмыс сипаттамасы. Эскиздер құрастырып, құбырлық және  электр  сымдарын  төсеу орындарына белгі қою. 1-2 санаттағы  құбыр (жеке немесе блоктағы) сымдарды   монтаждау және сынақтан өткізу. Топтық  құбыр және электр   сымдарының   өтпелерінің    нығыздамасын   монтаждау.      Күрделілігі

3-санаттағы аспаптарды  монтаждау: «Пуск-ЗП», «ПУСК-ЗС»   пневмоавтоматика  жүйелері; «Кристалл»  электронды-гидравликалық реттеу  жүйесі; командалық  электрпневматикалық  аспаптар; предварение блоктарымен  жанасатын   көпнүктелі  құрылғылар («Центр» жүйесі). Аспаптардың,  атқарушы механизмдер менқұрылымдарды  блоктап монтаждау. Аспаптарды  қаңқалар мен  конструкциялар үстінен жез, полиэтилен және болат  құбырларымен  күрделі орау. Манометриялық  термометрлер капиллярларын  төсеу.  Жарылу  және өртену қауіпі бар  аумақтарда  монтаждау жұмыстарын орындау.  Атқарушы механизмдерді  монтаждау, оларды  рететуші органдармен   механикалық мүшеленуін  монтаждау.  Жылу және  атом электр станцияларында технологиялық процестерді  басқарудың  автоматтандырылған жүйелерін  монтаждау. Датчиктер  мен  манометрлер стендтерін  жасау және монтаждау.  Монтаждалған  аспаптар мен  аппаратураны  сынамалау.

Білуге тиіс. Тірек құрылымдарын  орнатуға  қойылатын талаптарды  және  құбырлық пен электр  сымдарының  трассаларына  белгі қоюға қойылатын  талаптар;  блокталған  құбыр  сымдарын  және  1 мен 2 санаттағы құбыр сымдарын   монтаждауға қойылатын талаптар; жарылу және өртену қаіпі бар аймақтарда  монтаждау жұмыстарын  орындаудың  ережелері мен тәсілдері; жеке және  топтық  құбырлық және  электр сымдарының  тығыздалған өтпелерін монтаждау тәсілдері; пневматикалық,  электронды және гидравликалық  регуляторлардың  және атқарушы механизмдердің  жұмыс істеу принципі;  монтаждалған  автоматизация  жүйелерінің  және ең қарапайым  баптау жұмыстарын  орындаудың ережелері.

 

130. АВТОМАТИКА  АСПАПТАРЫ   МЕН  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ  МОНТАЖШЫСЫ

6- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фотоэлектрлік пирометрлер мен  калориметрлерді, газ талдаушыларын, хроматографтарды, концентрометрлерді, плотнометрлерді  монтаждау. Монтаждалған  аспаптар мен аппаратураны  сынамалау. Эскиздер құрастырып, күрделі  құбыр  сымдарының  трасса учаскелерін  өлшеу.  Көп   панельді  қаңқаларды  блоктармен  монтаждау. Физикалық-химиялық  талдау  аспаптарын  және  сынамалар алу  жүйелерін  монтаждау. Барлық үлгідегі логика, есептеу техникасын,  АСУТП элементтерін монтаждау. Радиациялық бақылау  жүйелерін  детекциялау  құрылғыларын  монтаждау.

Білуге тиіс. Физикалық-химиялық  талдауға  арналған  аспаптардың және  олардың іріктегіш құрылғыларының  жұмыс істеу принципі  және оларды  монтаждау ерекшеліктері; жоғары қысымды  құбыр жолдарын, сондай-ақ оттек құбырларын монтаждауға қойылатын  қосымша талаптар;  монтаждалған  жүйелерге  жеке  сынамалау  жүргізудің  және аспаптар мен  автоматизация  жүйелерін  монтаждау кезінде  рәсімдеу  ережелері.

 

 

131. АВТОМАТИКА  АСПАПТАРЫ МЕН  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ  МОНТАЖШЫСЫ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Авторегуляторларды,  сұйық заттар мен газдардың автоматты анализаторларын, электронды  аппаратураны, оттек өлшегіштерін,  электронды  деңгейөлшегіштерді,  радиациялық бақылау жүйелерінің датчиктерін, құрамында  радиобелсенді заттары  бар  аппаратураны монтаждау. Принципиалды электр схемалары бойынша монтаждық-коммутациялық  схемалар мен құбырлық және  кабельді жалғаулар  схемаларын  құрастыру.

Білуге тиіс.  Жылу автоматикасының аса күрделі  аспаптарының құрылғысы;  электрстанцияларында жылу және  электр энергиясын алудың технологиялық процесі;  жылулық автоматиканың  электрлік және  импульстік  схемалары; оптикалық шынының,  металдардың  және қосалқы  материалдардың, өткізгіштердің, жартылай өткізгіштердің   қасиеттері.

  Орта  арнаулы (кәсіби) білімнің болуы талап етіледі.

 

132.САНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ  ЖҮЙЕЛЕР МЕН  ЖАБДЫҚТЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Құбырларды,  фитингтерді,  фасондық  бөлшектерді,  арматураны  және бекітпе  құралдарын  сұрыптау. Мөлшерлерімен  төсемдер дайындау.  Бұрандамалар мен сомындардағы  бұрандаларды  ретке келтіру. Биркалар әзірлеу.  Қосалқы материалдар  (кендір  жібін,  сурик,  ерітінді және т.б.) дайындау. Аратөсемдер  орнату. Стондарды  муфталармен және  контргайкалармен,  бұрандаларды -  сомындармен  жинақтау. Құбырлардағы  сақтандырғыш  тығындамалар мен  бітемелерді  орнату және алып тастау. Құбыржолдарының  бөлшектерін,  санитарлық-техникалық  аспаптарды және өзге де жүктерді  тасымалдау.

Білуге тиіс. Санитарлық-техникалық  материалдар мен жабдықтың түрлері мен мақсаты; құбырлар, фитингтер,  фасондық  бөлшектер,  арматура мен бекітпе құралдарының  сортаменті;  слесарлық құралдардың мақсаты;  құбырлардың,  фитингтердің, арматура мен төсем  материалдардың  диаметрін  өлшеу  тәсілдері.

 

133. САНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ  ЖҮЙЕЛЕР МЕН

ЖАБДЫҚТАРДЫҢ МОНТАЖШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Жай тораптарды  жинау және жинақтау.  Ернемек қосындыларын  жинақтау.  Құбыржолдарының жеке тораптарын бөлшектеу (монтаждау кезінде) аспаптар мен құбыржолдары  астына  бекітпелер орнатып бітелеу. Конструкцияларда  саңылаулар  бұрғылау  және басып тесу. Шойын құбыржолдарының тармақтарын бітеу. Құбырларда  қолмен  бұранда кесу. Тіректердің құбырлары мен фасондық бөліктерін  жинақтау.  Жүйелерді  опрессовкалауға  арналған қол пресін  орнату. Шойын  қазандықтарды  құбырлардан ажырату. Жаротрубалық  қазандықтардың   тігіс жиектерін  кейін қайтып пісіру үшін  шабу. Шойын қазандықтардың  секцияларын  сырттан және  ішінен  жуып-шайып тазарту. Жаротрубалық  қазандықтың тойтармаларын шабу және  соғып түсіру. Унитаздарға, қол жуғыштарға, шайма бөшкелеріне арматура  монтаждау. Унитаздың манжеталарын  ауыстыру. Пісірілген  жік жерлерін шлифмашинка арқылы тегістеу. Канализациялық  тіректер  мен  отводтарды, крандарды, вентильдерді  ауыстыру.

Білуге  тиіс. Санитарлық-техникалық  жүйелердің, құбырлар қосылыстары мен құбыржол  бекітпелерінің  негізгі бөлшектері  түрлерін;  орталық жылыту, сумен жабдықтау, канализация, газбен  жабдықтау және суағар  жүйесінің құрылғысы және  оны монтаждау ерекшеліктері; блоктар,  суқұбыры  мен  канализациялық  арматураларға  номенклатура мен  техникалық  жағдайларды; жылыту және сантехникалық  панельдер мен блоктарды  қалыптау процесінде  арматураны қалыптарға салу кезінде  оны   орналастыру және тіркеу  схемасы; оттек пен  ацетиленді  баллондарды  тасымалдау және қолдану  ережелері;  сызбаларды оқу  ережелері.

 

134. САНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ  ЖҮЙЕЛЕР МЕН  ЖАБДЫҚТАРДЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдарын және  тиектеулі арматураны  монтаждау, оның ішінде  диаметрі  200 мм дейін фитингтер үстінен монтаждау. Барлық  түрдегі батпақжинағыштар  мен бактарды  орнату. Арматуралы санитарлық  аспаптарын (раковиналар, қол жуғыштар,  мойкалар,  траптар,  ванналар, унитаздар)  орнату және құбыржолдарына  жалғау. Санитарлық-техникалық  медициналық жабдықты (видуарлар,  инвентарлық шойын мойкалар, астарлы кемелердің, кафедраның мойкаларын және т.б.)  орнату;  Сауда және қоғамдық  тамақтану  кәсіпорындарының  модульденген  жабдығын  (жуғыш ванна,  балықты  дефротациялауға арналған ванна, екі ұялы  ванна) монтаждау. Химиялық және  физикалық зертханалар үшін  зертханалық  жабдықтарды  (зертханалық үстел,  сортаны шкаф,  химиялық соратын шкаф, зертханалық   раковинасы бар тумба) монтаждау. Жуып-шайғыш  бачоктарды  реттеу. Шойын  радиаторларды  монтаждау үстінде  топтастыру  және  қосымша  топтастыру.  Жылыту  панельдерінің  құбыржолдарын, санитарлық-техникалық  кабиналар мен  блоктарды қосу. Су бөлетін,  туалеттік крандар мен араластырғыштарды орнату. Бу қазандықтарын жөндеу кезінде жамауларды қиюластыру және орнықтыру. Ыстық құбырлы болат қазандықтардың қақпаларын алу және  орнату. Крандарды, араластырғыштарды және вентильдерді  ауыстыру.  Санитарлық-техникалық жүйелерді  ғимараттар мен имараттардың  этаждары,  тіректері  және  секциялары  бойынша  іріктеу және  жинақтау. Жылыту аспаптарын  орнату және оларды  құбыржолдарына  қосу.  Бұрандалы,  пісірілген,  кілегейлі  және тармақты  қосылыстардағы полимерлі құбырлардан  суқұбырларын  және канализация  монтаждау.  Соратын  құбырларды орнату.  Суару  және  өрт сөндіру крандарын  орнату. Монтаждық  поршеньдік  пистолеттер арқылы  бөлшектер мен  аспаптарды  бекіту. Сумен жабдықтау  жолдарын  жуып-шаю және хлорлау. Жүйені престеу.

Білуге тиіс. Болат және полимерлі құбырлардан жасалған   құбыржолдар жүйелерінің құрылғысын және  оларды монтаждау тәсілдері;  тіреушіктерден  таралатын тармақтар жүйесі;  монтаждық поршеньдік   пистолеттердің  құрылғысы және оларды қолдану ережелері; кілегейлі болат құбырларды  қосу  тәсілдері;  бекітпелер мен аспаптар арматураларын орнату  жерлерін  белгілеу; санитарлық және  жылыту  аспаптарын  орнату ережелері; аспаптарды  орнату кезінде  саңылауларды белгілеуге арналған  шаблондар;  жүйелерді  пресстеу  ережелері мен тәсілдері.

 

135.САНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН

ЖАБДЫҚТАРДЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Сыйымдылықты  және секциялық су ысытушыларды (бойлерлерді)  калориферлерді,  ауа-жылыту  агрегаттарын, центрден тепкіш  сорғыларды және сорғы  агрегаттарын,  элеваторлық және  су өлшегіш  тораптарды,  калорифер  блоктарын және тарақтарды  монтаждау.  Шойын  қазандықтарды, өтпе тесіктерді, қазандық  гарнитурасын, шығарылмалы  айлабұйымдарды және қазандықтардың  қаптамаларын орнату. Диаметрі 200 және 400 мм  асатын  құбыржоларын және  арматураны  монтаждау. Шойын  құбырлардан  және фасондық  бөліктерден  тіреушіктер мен  келтірмелерді  төсеу. Диаметрі  200 және 400 мм асатын ысырмалар, манометрлер,  су өлшегіш  шынылар,  ауажинағыштар, үшжүрісті  крандарды орнату. Газ аппаратурасын  және регуляторларды  орнату. Регуляторлардан  компенсаторлар орнату.  Тіректерін  реттеумен қоса компенсаторлар  орнату.  Үштармақтар,  крестовиналар  және секциялық қайтармалар  орнату. Газ плиталарын, колонкалар мен су ысытқыштарды  орнату және қосу. Газ бен су есептеу аспаптарын орнату. Шойын құбырлар учаскелерін  ауыстыру. Құбыржолдарын  монтаждық схемалар бойынша  төсеу орындарын белгілеу. Канализация мен  суағар құбыржолдарын  сынақтан өткізу.  Құбыржолдарын  сынау кезінде  ақаулы орындарды анықтау.

Білуге тиіс. Санитарлық-техникалық құбыржолдарының жалпы  құрылғысын және  оларды монтаждау  тәсілдері; санитарлық-техникалық  жабдықтарды монтаждау  мақсаттары мен  тәсілдері; диаметрі 200 мм  асатын  құбырларды  тоғыстыру  және  көмкеру  тәсілдері; құбыржолдарын  сынақтан өткізу  ережелері;  санитарлық-техникалық  жұмыстарды  қабылдау  ережелері.

 

136.САНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ  ЖҮЙЕЛЕР МЕН

ЖАБДЫҚТАРДЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Орталық жылыту, сумен жабдықтау,  канализация, газбен қамсыздандыру және суағарлар жүйелерін монтаждау кезінде аса күрделі жұмыстарды орындау. Оларды жеке  секциялардан жеке пакеттер мен ірілетілген пакеттер етіп болат және  шойын  қазандықтарды  монтаждау  және  орап байлау; құбыржолдар жүйесін  сынақтан өткізу  және реттеу. Оларды реттеп, жеке жылыту  аспаптарын   жылуына тексеру. Жүйелерді тапсыру.  Өлшеулер жүргізу  және  құбыржолдар  төселген орындарды  сызбалар бойынша   және натурадан белгілеу. Натурадан  және сызбалар бойынша бөлшектерін көрсете отырып,  бастапқы және  өлшеу эскиздерін  сызу. Терморегуляторларды, биофильтрлерді  монтаждау. Газ үлестіргіш  пунктерді, қазандықтарда  газды  редуциялау  тораптарын  монтаждау және сынақтан өткізу.  Сұйылтылған газсыз  топтық қондырғыларды  монтаждау, оларды  сынақтан өткізумен қатар  құбырлық тораптармен   орап байлау, сантехникалық жабдықтар мен  аппаратураны  жөндеу  және ревизиялау.

Білуге тиіс. Санитарлық-техникалық  жүйелерге сынақ өткізу  ережелері; объекітінің монтжадауға  дайындығына  қойылатын талаптар;  құбыржолдарын төсеу,  натурадан   жабдық пен  құбыржолдарының орналасуы бойынша  өлшеулер жүргізу; бастапқы және  өлшеу эскиздерін  сызу; жабдықты  іске қосар алдында сынамалау және  сынақтан өткізу  ережелері; орындалған жұмыстарды Проматомнадзорға  тапсыру  ережелері.

 

137. САНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ  ЖҮЙЕЛЕР МЕН  

ЖАБДЫҚТАРДЫҢ МОНТАЖШЫСЫ

 

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Санитарлық-техникалық  жүйелерді  іске қосу және  баптау. Қазандықтарды  қатты  отыннан газ тәріздес  отын шығару кезінде автоматты  өрт сөндіру жүйелерін, газшілтерлі  құрылғыларды монтаждау. Жабдық пен  аппаратураны  сынақтан өткізу және реттеу.

Білуге тиіс.  Санитарлық-техникалық  жабдықты сынақтан өткізу және  қабылдау  ережелері;  автоматты өрт сөндіру жүйелерін  монтаждау  технологиясы;  жаңа  ұрпақты  қазандық  жабдығын  реттеу тәсілдері.

Орта  арнаулы (кәсіби) білімнің болуы  талап етіледі.

 

138. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – АНТЕННАШЫ

 

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Антенналық-мачталық  құрылғыларды  монтаждау жөніндегі   жеке жұмыстарды орындау. Металды беттерді майлау. Дәл мөлшерді қажет етпейтін  ұсақ бекітпе бөлшектерін жасау. Оларды дайын белгілер бойынша орнату.  Оқшаулауышты  жуып-шаю.

Білуге тиіс. Ең қарапайым жабдық бекітпелерінің, антенналық-мачталық  құрылғылардағы  кабельдердің және сымдардың негізгі түрлері; жабдықты  бумадан босату және метал бөлшектерді майлау   тәсілдері; қолмен сырлау  тәсілдері.

 

139. БАЙЛАНЫС МОНТАЖШЫСЫ – АНТЕННАШЫ

3-разряд

  Жұмыс сипаттамасы. Центрленген фидерлер мен толқынжолдардың бөлшектерін,  діңгектердің  сигналдық арматурасы.  Фидерлерде жалғызсымдық  мойнақтар орнату. Аралық  фидерлік тіректерде  сымдар бекіту. Диаметрі 16 мм дейін   болат арқандарға  коуштарды  және оқшаулауыштарды  өру,  сопақ қосындылармен немесе қыспақтармен бекіту. Діңгектерге  бекітпе бөлшектерін, антисептирофидерлі  тіректерді және орнатылмаған діңгектер мен  мұнараларды  ілмектеу және  көтеру. Тіректер мен  діңгектерді нөмірлеу. Жоғары жиілікті  жерге қосу сымдарын  төсеу. Белгіленген жерлерде  саңылаулар  бұрғылау  және   басып тесу.

     Білуге тиіс. Қолданылатын материалдар түрлері;  ағаш, металл  және асбестцементті  діңгектер мен  фидерлік тіректердің, антенналық-фидерлік құрылғылар  мен  мачталарды  сигналдық  жарықтандыру  номенклатурасы; ағаштың негізгі түрлері,  ақаулары  мен  қасиеттері;  жай  көтергіш-такелаждық  құралдардың  құрылғысы мен оларды  пайдалану; жүктерді ілмектеу ережелері; қолданылатын механикаландырылған  аспаптың құрылғысының негіздерін; жоғары жиілікті  жерге қосуды монтаждау тәсілдері; антисептикалайтын заттарды қолдану  ережелері және  оларды әзірлеу  әдістері;  электротехника туралы  мәліметтер.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары