Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

 

119. ТЕМІРЖОЛ  КӨЛІГІНДЕ  БЛОКАДАЛАУ ЖӘНЕ  ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ  ЖАБДЫҒЫНЫҢ   МОНТАЖШЫСЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Гарнитураларды  қиюластыру  және жинақтаумен қоса  бұрма  электржетектерін  дайындау және  орнату.  Бақылау электрқұлыптарын, электрілмекті және электржетекті механизмдерді  орнату. Семафорлар мен  дискілерді  реттеу. Механикалық орталықтандыру  блок-аппаратының  тәуелділік  жәшіктерін  қайта жасау. Механикалық  орталықтандыру және  жартылай автоматты  блокадалау  аппараттарында  аспаптар орнату. Блокмеханизмін  және блокадалау  индукторын   бөлшектеу,  тазарту және  жинақтау.

  Білуге тиіс. Аса күрделі  жабдықты  монтаждау ережелері; жабдықты  реттеу және  баптау  тәсілдері; агрегаттар мен механизмдерді іске қосу барысында  сынамалау  ережелері.

Орта  арнаулы (кәсіби) білімнің болуы талап етіледі.

 

120. БАЙЛАНЫС  ЖАБДЫҒЫНЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Белгіленген жерлерде монтаждық бұрандамалар мен бұрамаларды орнату. Дәл мөлшердің болуын талап етпейтін ұсақ бекітпе  бөлшектерін  жасау. Байланыстарды  қалайылау. Дәнекерлеу шамына май құю және  жағу. Кабельді барабаннан  орап  алу.

Білуге тиіс. Жабдықтар мен  станциондық кабельдер бөлшектерін  бекітудің ең қарапайым  түрлері; жабдықты бумадан босату және  металл  бөлшектерді  майлау тәсілдері; қолмен  сырлаудың қарапайым  тәсілдері.

 

121. БАЙЛАНЫС  ЖАБДЫҒЫНЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Ұсақ  бөлшектерді  (кронштейндерді, бұрыштықтарды,  тұтқаларды, штифттік  колодкаларды,  сынақ  жақтауларын,  кросстау  сақиналарын,  кірме гребенкаларын,  сымұстатқыштарды,  қорғағыш шыныларды, лампаларды, жиектерді)  және   арматураны орнату. Үстелдерде науалар  секцияларын  жинақтау. Науалар қаптамаларын  және статисттердің  қорғағыш  қалқандарын  орнату. Дайын  белгілер бойынша  саңылаулар бұрғылау  және басу. Метал құрылымдарын  түзеу. Мөлшерлер бойынша төсемдер мен аратөсемдер жасау. Түйіспе жерлерді  монтаждық бұрандамалармен бекіту. Дюбельдер орнату. Жабдықтың қарапайым  бөлшектерін  демонтаждау. Жеке  бумадан  платалар мен аспаптарды  босату. Коммутаторларда  шнурлар  орнату. Жерлендіру  шиналарын  монтаждау. Шиналарды  оқшаулағыш материалдармен  орау. Шиналар менқұрылымдарды  сырлау.  Кабельдер мен шиналарға арналған  өтпе жолдарын  қабырғалар мен аражабындар арқылы  бітеу.  Кабельді  (май толтырылғандарды қоспағанда) мөлшерлері бойынша кесу,  кабельді  қабат-қабатымен әуе науалары бойынша тігу. Кабельді  пакеттерді  уақытша тоқу. Жабдықты  тазарту. Станционды кабельдерді  жабдықта  талшықтар мен вейер  түрінде төсеп  монтаждау; кросстардың, промщиттер мен коммутаторлардың   шрифтік  жақтаулары; стативтердің пышақ колодкалары,  коммутаторлардың  ұялы және  лампалық жақтаулары. Кабельдің кестеленген  желілерін  таспамен  орау. Жинақталған кабельді жасау кезінде  оқпан мен қайырымдарды  тігу (тоқу) және таспамен  орау. Кросстың  сигналды лампаларының  патрондарына, сондай-ақ  кросстың  қорғағыш  жолақтарына,  жерлендіру тұйықтағыштарына  сымдар өткізіп  монтаждау.

Білуге тиіс. Монтаждалатын жабдықтың жалпы құрылғысы мен мақсаты;  қолданылатын материалдардың  сортаменті;  кабельдер мен сымдардың маркалары; жай шаблондардың  құрылғысы мен мақсаты; күрделі емес  монтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері; қарапайым такелаждық  құралдардың құрылғысы мен ережелері; қарапайым электрөлшегіш аспаптардың мақсаты мен оларды қолдану ережелері; қолданылатын  электрификацияланған  аспап пен механизмдердің, телефон аппараттарының және қоректендіру  батареяларының  құрылғысы; электротехника бойынша  жалпы деректер; қарапайым электр және  монтаждық схемаларды  оқу  ережелері.

 

122. БАЙЛАНЫС  ЖАБДЫҒЫНЫҢ    МОНТАЖШЫСЫ

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер салынған  жәшіктерді босату. Науалар, жабдықтар қоршауларын,  қабырғалық бұрыштамаларды, швеллерлерді және т.б.  орнату. Поршеньдік  монтаждық  пистолеттің көмегімен  конструкциялар мен  жабдықты  бекіту. Шунттар, аспаптарға, регуляторларға қосымша кедергілер орнату,  ауыстырыпқосқыштар, кнопкалар,  клеммалық колодкалар,  оқшаулау  панельдерін, сақтандырғыш  электрмен қоректендіру құрылғыларын, өлшегіш  электрмен  қоректендіру құрылғыларын,  өлшеу аспаптарын  және сигнализация  құрылғыларын, микрофондар, дауыс зорайтқыштарды  және т.б. орнату. Кронштейндер, алқалар  және т.б. жасау. Ғимарат ішінде  экрандалмаған  фидерлерді монтаждау. Жоғары жиілікті  жерге қосуды монтаждау. Бөлмелерді экрандау. Маймен толтырылған кабельдерді  кесу. Кабельдерді таңбалау. Кабельден қаптаманы алу. Тік                                                                                                          сызықты  учаскелерде  кабельдерді  төсеу, ретімен салу, түзеу,  қалыптау  және бекіту. Құрама кабельдерді  және  кабельді блок-пакеттерді  жабдықтарға  төсеу. Қимасы 70 мм* дейін (маймен толтырылғандарды қоспағанда) күш  кабельдерін, сондай-ақ  бақылау және  көпжелілі  кабельдерді  ұштау және  жалғау. Желілерді  штифтік  жақтауларға  төсеу  және  жеке желілер  тобынан  рет-ретімен іріктеп алу.  Станциондық кабельдерді ШИ мен ДШИ-ге монтаждау. Желілердің  негізгі оқпандарын тігу (тоқу).

Білуге тиіс. Күрделілігі орташа  монтаждық схемаларды  оқу ережелері;  монтаждалатын бөлшектер мен аспаптардың номенклатурасы мен құрылғысының негіздері; құрылымдарды  орнату және  бекіту  тәсілдері;  күрделілігі орташа  шаблондардың құрылғысы мен мақсаты; механикаландырылған такелаждық жабдықты  пайдалану ережелері; поршеньдік  монтаждық пистолеттердің  құрылғысы және  оларды қолдану ережелері;  бөлмелерді экрандау  тәсілдері; кабельдердің (камералық кабельдерді қоспағанда)  конструкциясы  және оларды  төсеу  тәсілдері;  қимасы 70 мм* дейін барлық  маркадағы  кабельдер мен сымдарды  ұштау және жалғау тәсілдері; кабельдерді таңбалау  ережелері; электр және радиобайланыс бойынша жалпы деректер.

 

123. БАЙЛАНЫС  ЖАБДЫҒЫНЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ

5- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Еденге қойылатын (плиталар, тұғырлар,  бұрыштамалар,  жай жақтаулар және т.б.) және подборлы құрылымдарды  орнату. Станцияларды  жинақтау және  орнату. Платалар,  аспаптар, алынбалы және суырмалы блоктарды,  трансофрматорларды,  конденсаторларды,  кедергілерді, реостаттарды, сельсиндерді, пышақты ауыстырыпқосқыштарды  және т.б.  орнату. Үстелге қойылатын аппаратураны  орнату. Ірі жабдықты  бумадан  босату. Экрандалған  әуе фидерлерін, фидерлік толқынжол кірмелерін монтаждау. Центрленген  фидерлерді  және тік сызықты учаскелердегі  сужол  кірмелерді  монтаждау. Жабдықты  диаметрі 20 мм  дейін  түтікшелермен  дөңгелек  шиналармен және иілісі   жазықтыққа шығатын  шиналармен шиналау. Кабельді  төмен түсіру және бұрылыстарда  төсеу,  ретімен төсеу,  түзеу, қалыптау және  бекіту. Ұштық разделкаларды (маймен толтырылған және камералықтардан басқа)  монтаждау    және қимасы 70 мм*  асатын  кабельдер мен сымдарды  жалғау. Топтардан жеке желілерін  ретсіз  іріктеп алып станционды кабельдерді, сигнализация, кроссировка сымдарын  монтаждау. Стативтарды (тұрақтарды) және аспаптарды  қайта  монтаждау.

Білуге тиіс. Күрделі  монтаждық  схемаларды  оқу ережелері:  күрделі жабдықтың, бөлшектердің,құрылымдардың және аспаптардың  құрылғысы; күрделі шаблондардың  құрылғысы мен мақсаты;  күрделі монтаждық  жұмыстарды  орындау  және  жабдықтарды  жинақтау  тәсілдері; электр және  радиобайланыс негіздері.

 

124. БАЙЛАНЫС  ЖАБДЫҒЫНЫҢ МОНТАЖШЫСЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауыстырыпқосқыштар мен кросстардың шкафтарын,  стативтер тіреулерін, аралық қалқандар қаңқаларын, пульттардың релейлік  қаңқаларын, арнайы үстелдерді,  коммутаторларды және т.б.  орнату. Жабдықты  және метал құрылымдарын  орнату орындарын  белгілеу. Жабдық астына  күрделі  жақтауларды орнату. Антеналық эквиваленттерді, ажыратқыш  механикалық блокировканы, ауыстырыпқосқыштарды  жинау және  орнату. Контурлық  орамаларды, генераторлық лампалардың  салқындату  бактарын, резонаторларды,  симметриялайтын құрылғыларды жинау және орнату. Күрделі  ауыстырыпқосқыштарды  жинау және  механикалық реттеу. Қиыстыру және өлшеу учаскелерінде центрленген фидерлер мен  толқынжолдарды  монтаждау. Жабдықты  диаметрі 20 мм астам түтіктермен және  иілісі  бүйіріне шығатын және бұранда тәрізді жазық шиналармен  шиналау.  Кабельдер пакеттерін  төсеу алдында эскиздер құрастыру. Кабель жасау (оқпан мен отводтардың прошивкасы мен орамасын қоспағанда). Маймен толтырылған және  камералық  кабельдерді, антенналардың  басты  фидерлерінің жоғары жиілікті  кабельдерін төсеу және  монтаждау. Кабельдерді монтаждау үшін  шаблондар әзірлеу.

Білуге тиіс. Аса күрделі жабдық пен аппаратураның құрылғысын; ерекше күрделі монтаждық схемаларды  оқу ережелерін;  механизмдер мен жылжымалы  жүйелерді  реттеу  тәсілдері;  жабдықтар орнатылатын жерлерді  белгілеу ережесі; монтаждық шаблондарды, маймен толтырылған  және камералық  кабель төсемдерін жасау ережелері.

 

125. БАЙЛАНЫС  ЖАБДЫҒЫНЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ

7- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электронды АТС пен цифрлі  беріліс жүйелері жабдығына арналған  қаңқаларды жинау және  орнату. Жұмыс сызбалары бойынша типті емес конструкциялар жасау (әуе науалары, шинаұстағыштар, бекітпе бөлшектері). Электронды  АТС пен цифрлі беріліс жүйелерінің стативаралық станционарлық кабельдері мен сымдарын  өткізу үшін  оптикалық станционды  жолдар  төсеу. (Разъемдарда) кассетааралық кабельдерді монтаждау. Кросстау колодкаларындағы  түйіспелерді  монтаждау.

Білуге тиіс.  Монтаждау үстіндегі  аппаратураның  құрамы мен  техникалық деректері; электронды  жабдықты  монтаждаудың ерекшеліктері; стативаралық   жалғамалы кабельдерді төсеудің  күрделі монтаждық схемаларын оқу ережесі; арнайы элекрификацияланған монтаждық аспаптың  құрылғысы мен  оны пайдалану ережесі.

Орта  арнаулы (кәсіби)  білімнің  болуы  талап етіледі.

 

126. АВТОМАТИКА АСПАПТАРЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МОНТАЖШЫСЫ

2-разряд

Жұмыс  сипаттамасы. Дайын белгілер бойынша құбырлық және электр  сымдары үшін бекітпе бөлшектерін  орнату. Жауапты емес бөлшектерді бұрандалау. Жабдықты бумадан босату  және бума  материалдарын  жинау. Жабдық пен аппаратураны  тазарту және сүрту. Аппараттарда,  кабельдерде, құбырлар мен жабдықтар үшін  таңбалық  биркалар әзірлеу және орнату. Құбырларды, вентильдерді,  фасонды  бөлшектерді, бекітпе бөлшектерін сұрыптау, қосалқы материалдар әзірлеу. Бөлшектерді егеп кесу және бұранданы  қолмен  кесу. Құбырлар мен  қысым  арматурасын  монтаждауға  дайындау.

Білуге тиіс.  Жабдықты  бумадан босату  тәсілдері; ең қарапайым такелаждық  айлабұйымдар түрлері және оларды пайдалану  ережелері; бекітпе  бөлшектерінің  негізгі түрлері; слесарлық аспаптың  мақсаты;  аспаптар мен аппаратураны монтаждау кезінде қолданылатын құбырлар мен  материалдардың  түрлері.

 

127. АВТОМАТИКА  АСПАПТАРЫ    МЕН  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ  МОНТАЖШЫСЫ

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Бөлшектерге шаблондар бойынша белгі қою. Механикаландырылған аспаппен  саңылаулар  бұрғылау. Бұрандалық  және  ернемекті жалғауларды жинау. Төсемдер  мен аратөсемдер  жасау. Метал құрылымдарын және құбырларды түзету. Түйіспе жерлерін  монтаждық бұрандалармен  бекіту. Қалқандардың дайын  ойықтарында  және  белгіленген конструкцияларда  аспаптарды  монтаждау. Құбырлық және  электр  сымдарын  бекіту. Қалқандардың, пульттардың және аспаптардың жерге қосу жүйесін монтаждау.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың сортаменті;  монтаждалатын жабдықтың мақсатын; күрделі емес  монтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері; қарапайым такелаждық  құралдардың құрылғысы мен оларды пайдалану ережелері; барлық түрдегі аспаптар үшін  құбырлар  төсеу тәсілдері; механикаландырылған аспапты қолдану ережелері; ток өткізетін және оқшаулау материалдарының электр қасиеттері; технологиялық жүйелердегі қысымды,  реттеуші және сақтандырғыш  арматураның  шартты белгілері.

 

128. АВТОМАТИКА  АСПАПТАРЫ   МЕН  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МОНТАЖШЫСЫ

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. 1-5 санатты құбыр сымдарын  монтаждау және сынау. Қалқандар  мен  конструкциялардағы  аспаптарды  полиэтилен, жез, болат және  аллюминий  құбырларымен  орау. Күрделілігі 1 және 2 санаттағы  аспаптарды монтаждау: реле-температураның датчигы; пирометрикалық  милливольтметрлер мен логометрлер; манометрлік  термометрлер;  температура өлшеу кешендері; потенциометрлер,  көпірлер мен миллиамперметрлер; манометрлер,  тягомерлер, напоромерлер, вакуумметрлер; деңгей сигнализаторларының  электронды блоктары; қысым индикаторлары мен  сигнализаторлары; электрлі, электронды, пневматикалық  сілтемелі,   көрсетілімдер  дистанциядан  берілетін өздігімен жазатын; көрсететін электрлі  катализаторлары; газанализаторлар құрылғысы; өнеркәсіптік  пневмоавтоматика  элементтерінің  бірегейлендірілген  аппаратурасы;  электрлі  және электрмеханикалық   регуляторлар;  компенсациялық қорапшалар;  трансформаторлар; есепті-импульсты  және есепті-қадамдық  реле мен дистанциядан басқарудың  пневматикалық панельдері; ауа  редукторлары мен  сүзгілері; күрделілігі 3-санатағы потенциометрлер мен  дифманометрлер. Дозиметриялық  бақылаудың газ датчиктерін, қысым релелерін,  термопарларды, шығынөлшерлерді   монтаждау. Құбыр және  электр сымдар  трассалары үшін құрылымдарды монтаждау. Қабырғалар мен бөгеттер арқылы  жеке өтпелер жасау. Металды тармақтар төсеу. (Жарылу қатері бар құбырларды қоспағанда) қорғағыш  құбыржолдарын  өткізу. Қаңқа мен  пульттарға  кабельді  және құбыр  кірмелерін  монтаждау. Құбыр сымдарын  аспаптар мен  іріктегіш  құрылғыларға  монтаждау.құрылымдарды  аспаптар мен атқару  механизмдеріне  монтаждау. Шкафтық және панель қаңқалары мен пульттарды  монтаждау. Кеңейіткіш, ылғалбөлгіш, конденсациялық,  бөлгіш және  теңгерімдеу  сосудтарын  монтаждау. Қысым  арматурасын  техникалық  қарау  және монтаждау. Батыру,  қысым  және газды талдау  аспаптарының  іріктегіш аспаптарын  монтаждау. Монтаждалған аспаптар мен аппаратураны  сынамалау.  Электр шыңжырларды тырсылдату.

Білуге тиіс. Құбыр және электр сымдарын  монтаждау кезінде қолданылатын  материалдардың, бұйымдардың, апспаптардың және айлабүұйымдардың  номенклатурасын білу; құбыр сымдарын беріктік пен  тығыздылыққа сынау ережелері; құбыр және  электр  сымдарын  іріктегіш  құрылғыларда  монтаждау ережелері; қаңқалар мен пульттардың  құрылғысы,  үлгілері және оларды монтаждау ережелері; конденсаттты-  және ауажинақтаушылардың  мақсаты; жылу және электр  схмелар мен сызбаларды  оқу  ережелері; рұқсатнамалар мен  шөгу жүйесі, кедір-бұдырлық квалитеттері  мен параметрлері; күрделілігі 1-2 санаттағы  аспаптардың, потенциометрлер мен дифманометрлердің мақсаты, жұмыс істеу принципі және монтаждау  ережелері; аспаптар мен  автоматтандыру  құралдары  астына,  конструкциялар қою  орындарына белгі қою  тәсілдері; қаңқалар мен  конструкциялардағы   аспаптарды  құбырлармен ораудың негізгі элементтері; монтаждалған жабдықты  тексеру  тәсілдері; жүктерді  ілмектеу мен жылжыту тәсілдері;  механикаландырылған такелаждық жабдықты  пайдалану ережелері.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары