Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Білуге тиіс. Қызмет көрсетілетін машиналардың  нысаны мен құрылымы; оларды пайдалану жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар;  гидромеханикаландыру жұмыстарын жүргізу  тәсілдері және  олардың сапасына қойылатын техникалық талаптар; ішкі  өзен жолдары бойынша кеме жүру  ережелері,  кемелердің айрықшалық  жарықтары,  негізгі  дабылдары;  кемедегі  такелаж  жұмыстарының өндіріс ережесі.

Машиналарды басқару кезінде:

                                                                                                                4-разряд

1. Жер соратын,  жүзбелі өздігінен жүрмейтін  снарядтардың және  өнімділігі 2000 м*/сағ.  топырақнасос қондырғыларының механикалық  жабдығы.

2.  Жер соратын,  жүзбелі өздігінен жүрмейтін  снарядтардың және  өнімділігі 2000 м*/сағ.  топырақнасос қондырғыларының электр жабдығы.

                                                                                                                5-разряд

1. Жер соратын,  жүзбелі өздігінен жүрмейтін  өнімділігі 2000 м*/сағ.  топырақнасос снарядтары.

2. Жер соратын,  жүзбелі  өздігінен жүрмейтін  снарядтардың  және  өнімділігі 2000-нан жоғары  және 4000 м*/сағ.  топырақнасос қондырғыларының  механикалық  жабдығы.

3.  Жер соратын,  жүзбелі өздігінен жүрмейтін  снарядтардың және  өнімділігі 2000-нан жоғары және4000  м*/сағ.  топырақнасос қондырғыларының электр жабдығы.

                                                                                                                6-разряд

1. Гидромониторлы- эжекторлы   жүзбелі өздігінен жүрмейтін   снарядтар.

2. Жер соратын,  жүзбелі  өздігінен жүрмейтін өнімділігі 2000-нан жоғары және 4000 м*/сағ.   снарядтар.

3. Жер соратын,  жүзбелі  өздігінен жүрмейтін  снарядтардың  және  өнімділігі  4000 м*/сағ. жоғары  топырақнасос қондырғыларының механикалық жабдығы.

4.  Жер соратын,  жүзбелі өздігінен жүрмейтін   снарядтардың және  өнімділігі 4000  м*/сағ. жоғары топырақнасос қондырғыларының  электр жабдығы.

Жер соратын,  жүзбелі  өздігінен жүрмейтін өнімділігі 2000-нан жоғары және 4000 м*/сағ. жоғары   снарядтар.

Орта арнаулы (кәсіптік) білім талап етіледі.

 

83. БУЛЬДОЗЕР  МАШИНИСІ

 

Жұмыс сипаттамасы. Автомобиль және теміржолдарды, суару және кеме жүзу арналарын, бөгеттерді, қоршаулық жер дамбыларын, ғимараттар мен құрылымдардың астына  қазаншұңқыр, электр беру және  контакт желісі линияларының тіреуін, жер асты коммуникацияларына арналған  траншеялар, суағызу  кюветтері мен  басқа да ұқсас құрылыстарды салу кезінде шұқанақ,  үйінді, резервтер, кавальерлер мен банкеттер жасау кезінде топырақты әзірлеу,  орнын ауыстыру және  жоспарлау. Бульдозердерді қарау және  оларға жанар, жағармай құю. Қажалатын бөлшектерін майлау.  Алдын ала жөндеу және басқа да  жөндеулерге қатысу.

Білуге  тиіс. Бульдозердің  құрылымы,  техникалық сипаттамасы және әртүрлі жұмыстарды  орындау кезінде бульдозерді пайдалану; аспалы жабдықты  монтаждау және бөлшектеу тәсілдері; түрлі санаттағы тереңдігі әртүрлі топырақыт әзірлеу және  орнын ауыстыру  ережесі; үймелерді қабатымен түсіру тәсілдері; берілген бейіндер мен  белгілемелер бойынша   шұқанақтарды  әзірлеу,  үймелерді түсіру және  алаңдарды жоспарлау  ережесі; жанар, жағармай материалдарының  маркалары мен жұмсау нормалары; іштен жану қозғағыштарын майлау,  қоректендіру және суыту  жүйелері; ақаулардың туындау себептері мен оларды жою тәсілдері.

Қозғағышының қуаты 43 кВт дейінгі (60 а.к. дейінгі) бульдозерді жүргізу кезінде - 4-разряд

 Қозғағышының қуаты 43-тан жоғары  73 кВт дейінгі (60 а.к. жоғары және  100 а.к. дейінгі) бульдозерді жүргізу кезінде  - 5-разряд

Қозғағышының қуаты  73тен жоғары 150 кВт дейінгі (100 а.к. жоғары және 200 а.к. дейінгі) бульдозерді  жүргізу кезінде  - 6-разряд

Қозғағышының қуаты 150-ден жоғары және 280 кВт дейінгі (200 а.к. жоғары және 380 а.к. дейінгі) бульдозерді жүргізу кезінде  - 7-разряд

Қозғағышының қуаты 280 кВт жоғары (380 а.к. жоғары) бульдозерді жүргізу, бульдозерді су астында қашықтықтан басқару арқылы жұмыс істеу кезінде  - 8-разряд

 

Ескерту. Тау-кен және  күрделі тау-кен жұмыстарын,  сондай-ақ сипаттамада көрсетілмеген барлық жұмыстарды  орындаумен айналысатын бульдозер машинистері БТБА, 4-шығарылымының  «Таукен және  күрделі тау-кен  жұмыстары» бөлімі  бойынша тарифтеледі.

 

84. ТАҢБАЛАУ МАШИНАСЫНЫҢ МАШИНИСІ

                                                                                                          5-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Автомобиль жолдарының жол жабындарын  біркомпонентті бояумен белгілеу жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде таңбалау машинасының механизмдерін басқару.  Белгілеу материалын белгілеудің технологиялық  процесін ескере отырып дайындау. Таңбалаушы  құрылымды жолдың берілген  еніне ыңғайлау. Қызмет көрсетілетін механизмдерді  алдын ала жөндеу. Шлангілерді,  су құбырларын,  ажырату дискілерінің  форсункаларын  бояу қалдықтарынан жуу.

Білуге тиіс. Таңбалау машиналары механизмдерінің құрылымы,  оларды пайдалану және  алдын ала жөндеу  жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар;  таңбалаушы материалдарды жағу технологиясы; таңбалаушы  лак-бояу материалдар мен ерітушілердің қасиеттері; жұмыстың сапасына қойылатын техникалық талаптар;  жол қозғалысы ережесі.

 

85. ТАҢБАЛАУ  МАШИНАСЫНЫҢ МАШИНИСІ

                                                                                                          6-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Автомобиль жолдарында белгілеу және таңбаларды жою жұмыстарын орындау кезінде таңбалау машинасының механизмдерін басқару.  Жол жабындарын таңбалаушы материалдардың түр-түрлерімен белгілеудің технологиялық процесін жүргізу. Қолданылатын бояуды алдын ала араластыру,  қажет болған кезде оның консистенциясын талап етілетін тұтқырлыққа жеткізе отырып анықтау. Таңбалау машинасының бактарын толтыру. Штрихтарды бөлудің электронды  бағдарлама  блогін  дайындау және  реттеу.  Белгіні жағу  және берілген  техникалық  тапсырманың қамтамасыз етілу процесін  қадағалау.

 

 

86. ТАҢБАЛАУ  МАШИНАСЫНЫҢ   МАШИНИСІ

7-разряд

Жұмыс  сипаттамасы. Бояулар мен жарық қайтарғыш элементтері бар материалдармен белгі қою жұмыстарын  орындау кезінде таңбалау машинасының механизмдерін басқару. Штрих сызықтарын   автоматтандырылған түрде салу жүйесін, жылутасымалдағыштың температурасын  бақылау және реттеу жүйесін  жұмысқа  әзірлеу және баптау. Салынған  сызықтардың  осьаралық арақашықтығы  мен таңбалау материалдардың  салынатын  қабатын  бақылап өлшеу. Электропневмогидравликалық  және  механикалық жабдықты баптау, реттеу  және оның  жұмысындағы  ақаулықтарды  жою.

Білуге тиіс. Таңбалау машинасының құрылғысы, оның өзара әрекет етуінің принципі және пайдалану ережелері, электропневмогидравликалық  және механикалық жабдықты баптау және реттеу ережесі; бақылау-өлшегіш  аспаптардың  мақсаты және  қолданылу  принципі; бояулардың, термопластикалық  материалдардың  және жарық қайтарғыш  элементтердің  физикалық-химиялық  қасиеттері;  оларды  басу шарттары мен технологиясы;  механизмдер жұмысындағы  ақаулылықтардың пайда болуының себептері және  оларды жою тәсілдері.

Орта арнаулы (кәсіптік) білімнің болуы талап етіледі.

 

87. СКРЕПЕР  МАШИНИСІ 

 

Жұмыс сипаттамасы. Топырақты әзірлемелеу және жылжыту, үйінділердің, резервтердің, кавальерлер мен банкеттердің ойықтарын жасау кезінде, автомобиль жолдарын  және  теміржолдар, суару және кеме жүретін арналар, плотиналар салу, қоршайтын жер дамбаларын,  ғимараттар  мен құрылыстар және сол сияқты  имараттардың астына қазаншұңқырлар қазу  кезінде   тіркемелі және өздігімен жүретін құрылғыларды басқару.  Тягачтарды  тексеру және оларға  жанар-жағар май құю. Өлшеу құралдары, арқандар, блоктар, буксирлер, тораптар  бекітпесінің және тежегіш құрылғылардың  беріктігін бақылау. Тягачты, тіркемелі және аспалы жабдықты жөндеудің барлық түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс. Тягачтардың, тіркемелі және аспалы жабдықтың құрылғысы және  техникалық сипаттамасы; орнатылған сигнализация; әртүрлі тереңдікте  әзірленетін  әртүрлі санаттағы  топырақтарды  әзірлемелеу және  жылжыту  ережелері; алдын-ала белгіленген  профильдер мен  белгілер бойынша  ойықтар әзірлемелеу және үйінділер үю; жол жүру ережелері.

  Қозғалтқышының  қуаттылығы 73кВт дейін (100 ат күшіне дейін) баратын  скреперді  басқару кезінде –

5- разряд

Қозғалтқышының қуаттылығы  айрықша 73-тен 120 кВт  дейін (айрықша 360-тан 850 ат күшіне  дейін) баратын  -

8-разряд

Ескертпе. Тау-кен және  күрделі  кен   жұмыстарымен, сондай-ақ сипаттамада  көрсетілмеген басқа да жұмыстармен айналысатын   скрепер машинистері бірыңғай  тарифтік-біліктілік  анықтамалықтың «Тау-кен және күрделі   кен жұмыстарының  жалпы кәсіптері»  тарауы, 4 шығарылым, бойынша тарификацияланады.

 

88. ЭКСКАВАТОР  МАШИНИСІ 

 

Жұмыс сипаттамасы. Автомобиль жолдарын  және  теміржолдар, суару және кеме жүретін арналарды,  қоршайтын  жер дамбаларын,  ғимараттар  мен құрылыстар  астына  қазаншұңқырлар қазу, электроберіліс  желілері мен байланыс желісінің тіректерін, жер асты коммуникациялары  үшін  траншеялар, су бұрғыш кюветтер, таулық жыра забанкетті  жыралар  және өзге де  тәріздес құрылыстарды салу   кезінде ойықтар,  үйінділер, резервтер, кавальерлер және банкеттер жасау барысында топырақты әзірлемелеу және тасымалдау. Жанар-жағар май құю. Жүру механизмдерін сынақтан өткізу. Өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, канттардың беріктігін, қозғалтқыштардың  бекітілуін, тежегіш құрылғыларды  қадағалау.  Профилактикалық  тексеру және жөндеудің өзге де түрлеріне қатысу. Белгіленген техникалық  іс-қағаздарды  жүргізу.

Білуге тиіс. Қызмет көрсетілетін экскаватордың құрылғысы мен техникалық сипаттамасы; механикалық, гидравликалық және электр жабдықтарының жұмыс істеу принципі; ашық тау-кен жұмыстарының  негізгі мәліметтері; өлшеу құралдары мен автоматты  құрылғылардың мақсаты мен  жұмыс істеу  принципі; көлікпен  атқарылатын құбыр төсеу жұмыстары өндірісінің ережелері; тереңдігі  әртүрлі  забойларда  әртүрлі санаттағы  топырақтарды  экскавациялау  тәсілдері; топырақтарды алдын-ала белгіленген профильдер мен белгілерді сақтай отырып экскавациялау ережелері; тез тозатын бөлшектер мен тораптарды, оларды ауыстыру  тәртібі,  ақаулылықтардың пайда болуы  себептері  және оларды жою  тәсілдері.

Шөмішінің сыйымдылығы 0,15м* дейін  баратын бір шөмішті экскаваторларды басқарғанда -

 

Шөмішінің сыйымдылығы  0,15-тен 0,4 м* дейін  баратын, өнімділігі  1000 сағатына м* (жыра қазушы және траншеялық) бір  шөмішті  роторлық  экскаваторларды  басқару кезінде -

5-разряд

Шөмішінің сыйымдылығы 0,4-тен 1,25 м*  (айрықша) дейін    баратын бір шөмішті экскаваторларды,  сағатына 2500 м* (айрықша) дейінгі роторлық  экскаваторларды басқару кезінде –

6-разряд

Шөмішінің сыйымдылығы  1,25-тен 0,4 м* дейін баратын  бір  шөмішті  экскаваторларды, өнімділігі  сағатына 2500-тен 4500 м* (айрықша) дейін  баратын  роторлық экскаваторларды, «жерге қондырылған қабырға» әдісімен  имараттар салу  кезінде  тереңдігі 20-дан 40 м (айрықша) дейін баратын траншеялар  қазу (УДС-110, УДС-117 үлгісіндегі) автомобиль шассиіндегі планировщиктерді  басқару кезінде -

7-разряд

Шөмішінің сыйымдылығы  4-тен 9м* (айрықша) баратын  бір шөмішті  экскаваторларды,  өнімділігі  сағатына 4500 м* дейін және одан да артық  роторлық экскаваторларды, тереңдігі 40 м  және одан да артық   траншеяларды  қазу  үшін (УДС-110, УДС-114 үлгісіндегі) автомобиль шассиіндегі  планировщиктерді  басқару  кезінде –

8-разряд

7-8 разрядтарды беру  үшін  арнаулы орта (кәсіптік)  білімнің болуы талап етіледі.

 

Ескертпе. Тау-кен және күрделі кен жұмыстарын, сондай-ақ  сипаттамада  көрсетілмеген  барлық басқа жұмыстарды  орындаумен айналысатын  экскаватор машинистері  бірыңғай  тарифтік-біліктілік  анықтамалықтың  «Тау-кен және күрделі  кен жұмыстарының жалпы  кәсіптері» тарауы бойынша, 4-шығарылым,  тарификацияланады.

 

89. СӘУЛЕТТІК   БӨЛШЕКТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУШІ

 

Жұмыс сипаттамасы. Балшықтан өрнегі  қарапайым жазық модельдер  илеу. Қажетті шаблондар ою  және ағаш қалыптар  әзірлеу. Жазық модельдердің  гипсті негіздерін созу. Тегіс бетті  жазық гипс  модельдерін, сондай-ақ  өрнегі қарапайым  жазық модельдерді  жинақтау.  Гипстен сухарьлар, тамшылар, моншақтар модельдерін  және басқа да тәріздес  шағын бұйымдар ою. Гипс модельдердің үстінен  қарапайым өрнек ою. Тегіс бетті жазық және  ауқымды модельдерді, сондай-ақ өрнегі қарапайым жазық модельдерді   тегістеу.

Білуге тиіс.  Архитектуралық  бөлшектердің түрлері және олардың құрамдас бөліктері;  жапсырмалы өрнектің түрлері; модельдер жасауда қолданылатын  материалдардың қасиеттері,  олардың  сапасына қойылатын талаптар; станоктар құрылғыларының негіздері және модельдер бөлшектерін  созуға арналған айлабұйымдар.

 

90. СӘУЛЕТТІК  БӨЛШЕКТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУШІ

 

Жұмыс сипаттамасы. Балшық пен пластилиннен  өрнегі  күрделі жазық модельдер илеу. Көлемді модельдердің  бөлшектерін созу, жону  және ою. Өрнегі күрделі гипс  модельдерін, сондай-ақ өрнегі қарапайым көлемді  модельдерді  жинақтау. Гипс модельдеріне  күрделі ою-өрнектер ою. Өрнегі күрделі көлемді модельдерді тегістеу.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары