Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат
Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.
36. ТЕРМООҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдарды, құбырлар мен технологиялық жабдықтарды термооқшаулау жөніндегі күрделілігі орташа жұмысты орындау.
Металлдан, қосарланған базальт талшығы материалынан, синтетикалық және табиғи полимерлер негізіндегі материалдан, минералды материалдардан жасалған су құбырларының, сферикалық және цилиндрлі үстіңгі қабаттардың қисық сызықты учаскелеріндегі жабындардың дайын бөлшектерін сол жерде монтаждау. Алмалы жабындарды орнату. Жылу жеткізгішінің температурасы 300* С жоғары су құбырларын толық құрыстырмалы және жиынтықты жылу оқшаулаулық құрылымдармен оқшаулау. Үстіңгі қабаттарды асбест матрацтармен оқшаулау. Пішілген астбест матадан матрацтар дайындау. Күрделі қаңқаларды орнату.
Суық жеткізгіші 50* С төмен су құбырларын оқшаулау. Құрылымдардың тегіс қабаттарын термооқшаулық плиталармен төменнен оқшаулау. Термооқшаулық плиталардан жасалған арақабырғаларды құру. Тік және цилиндрлі үстіңгі қабаттарды оқшаулау. Су құбырларын минералды киізбен, матпен, қағаз орамды пакетпен, тас мақта негізіндегі наушалармен оқшаулау. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды арнаулы желімделгіш (идитонды, изолиттегі, целгиитті) құрамдарға төсеу. Қаңқаларды орнату. Жабындарды ыстық битумды мастикамен оқшаулау. Үстіңгі металл қабаттарды тығынды қиыршықпен оқшаулау. Изоляцияланған үстіңгі қабаттарды матамен орап тігу. Құбырлар мен жабындарды праймермен механикаландырылған тәсілмен тазалау. Битум маттарды оларды матамен арматуралай отырып дайындау. Арматура мен таңбабедерлерді қолмен оқшаулау. Ғимараттар қабырғаларының тегіс беттерін «Термошуба» әдісімен және т.б. жылумен оқшаулау. Оқшауланған үстіңгі қабаттарды өңдеу.
Білуге тиіс. Негізгі оқшаулағыш құрылымдар мен жабындар; фактураланған бұйымдарды бекіту тәсілдері; тік және цилиндрлі үстіңгі қабаттарды оқшаулау кезіндегі плиталы материалдармен жұмыс өндірісінің ережесі; су құбырлары үстіңгі қабаттарының қисық сызықты учаскелеріндегі жабындарды дайын бөлшектермен монтаждау әдістері; қосу түрлері; арнаулы желімделгіш құрамдардың қасиеттері; тік және цилиндрлі үстіңгі қабаттарға битум мастикасы мен рулонды материалдарды төсеу тәсілдері; оқшаулау материалдары мен құрылымдардың сапасына қойылатын талаптар.
37. ТЕРМООҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдарды, құбырлар мен технологиялық жабдықтарды термооқшаулау жөніндегі күрделі жұмысты орындау.
1. Ыстық үстіңгі қабаттарды оқшаулау.
Фланецті қосындыларды, вентильдерді, тегіс сферикалық және коникалық қабаттарды, жабдықтарды даналы бұйымдармен және мастикалармен оқшаулау, оқшаулауны өңдеу. Үстіңгі қабаттарды бүктемеленген фольгамен оқшаулау. Изоляция тысын өңдеу. Қисық сызықты қабаттарды асбест матрацтармен оқшаулау. Бұйымдарды кесуге арналған шаблондарды дайындау. Металл жабындардың мөлшерін сол жерінде түсіру. Картиналарды пішіндеу және дайындау. Картиналарды құрастыру және күрделі конфигурациялы метал жабындарды монтаждау. Температура тігістерін орнату және оқшаулауны оның қозғалмайтын тіреулермен және жабдық бөліктерімен түйіскен жерлерінде өңдеу. Қазандықтар мен құрғақбулықтардың от жағу және цилиндрлі бөліктерін оқшаулау. Күрделі конфигурациялы жабындарды қосарланған материалдармен, синтетикалық және табиғи полимерлер негізіндегі материалдан, минералды материалдар негізіндегі материалдармен жабу. Оқшаулауды шаңдату және құю әдісімен жүргізу. Жауапты орындардағы оқшаулауды бөлшектеу.
2. Ыстық үстіңгі қабаттарды оқшаулау.
Изоляциялау плиталарынан сегменттерді кесуге арналған шаблондарды дайындау. Ірі блоктар мен тыстамалардан оқшаулау жабындарын құру. Ірі блоктар мен тыстамалардан жасалған оқшаулау жабындардың құрылымы. Оқшаулау бойымен тасу-оқшаулау машинасының (ТИМ) көмегімен сылақ жабындарын жағу. Тығынды плитканың фасонды бөліктерін оқшаулау. Тоңазыту камералары мен зертхана орынжайларын көп қабатты оқшаулау. Ғимараттар қабырға бөліктерінің қисық және томпақ бөліктерін «Термошуба» әдісімен және т.б. оқшаулау. Құбырлардың фланецті қосындыларын оларды оқшаулаулайтын жерде дайындай отырып, асбест матрацтармен оқшаулау. Мұнайгаз өнімдері құбырларының оқшаулау жабындарының қаусырмаларының қабат қалыңдығы мен біркелкілігін механикаландырылған жұмыс тәсілімен өлшеу.
Білуге тиіс. Оқшаулағыш бұйымдар мен қосарланған материалдармен, синтетикалық және табиғи полимерлер негізіндегі материалдан, минералды материалдардан жасалған жабын бөлшектерінің технологиясы; битум мастикаларының, ерітінділер мен желімдегіш құрамдардың құрамы; металл картиналарды орнында өлшеу, белгілеу және пішіндеу тәсілдері; оқшаулау жұмыстарын машиналар мен механизмдерді пайданала отырып жүргізу ережесі; шаблондар мен күрделі бұйымдарды пішу және дайындау тәсілдері; оқшаулау сапасын бақылауға арналған жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принциптері.
38. ТЕРМООҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдарды, су құбырлары мен технологиялық жабдықтарды термоизоляциялау жөніндегі аса күрделі жұмыстарды орындау. Аса күрделі конфигурациялар – турбиналар мен машиналардың, П-үлгісіндегі және лироүлгідегі компенсаторлардың қосарланған қисықтарының ыстық және суық үстіңгі қабаттарын оқшаулау. Эскиздерді жасау және солар бойынша үлгі пішу. Металдан, қосарлы материалдан, синтетикалық полимер негізіндегі материалдардан жасалған жабындардың, арматуралардың фасонды бөліктерінің бөлшектерін құрастыру және бөлшектеу. Дірілдегіш қабаттарды, бақылау-өлшеуіш жабдықтарды, газ-ауа клапандарын, жабушы фасонды бөліктерді оқшаулау. Аса күрделі шаблондарды дайындау және оқшаулаулық жабындар үшін материалдарды (шар қабаттарды, жабу арматурасына алмалы жабындарды, фланецті қосындыларды, жапырақшадан жасалған аппараттардың сферикалық бөліктері) пішу. Шар және дірілдегіш қабаттарды оқшаулау жабындарының бөлшектерін монтаждау.
Білуге тиіс. Аса күрделі конфигурациялардың үстіңгі қабаттарын оқшаулаудың түрлері мен әдістері; оқшаулау материалдарын, мастикалар мен ерітінділерді қолдану саласы және олардың қасиеттері; оқшаулауның сапасын тексеру тәсілдері; жылу оқшаулау материалдары мен бұйымдарының физикалық-механикалық қасиеттері.
39. ТАС ҚАЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Еден лагасының астына кірпіш бағаншасын қалау. Ерітінділерді қолмен әзірлеу. Кірпішті ерітіндіден тазарту. Кірпіш және бут қаламдарында ұяларды, бороздалар мен тесіктерді тесу. Бут іргетастарды, кірпіш қабырғалар мен бағаншаларды қолмен бөлшектеу. Арналар мен қораптарды ұнтақ тәріздес материалдармен және минералды мақтамен толтыру. Ілмектерді, контейнерлерді, темірбетон бұйымдарды мен басқа да жүктерді инвентарь ілмегімен монтаждау ілгектерінен, скобаларынан, ілгіштерінен және т.б. ілу.
Білуге тиіс. Қабырғалық материалдардың негізгі түрлері; қаламда ұялар мен тесіктерді тесу тәсілдері; іргетастарды, қабырғалар мен бағаншалар қаламдарын бөлшектеу ережесі; ілмектер мен ілу айлабұйымдарының түрлері; такелаж жабдықтарының түрлері; массасы шағын жүктерді тасымалдау және қоймалау ережесі.
40. ТАС ҚАЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттардың, көпірлердің, өнеркәсіптік және гидротехникалық құрылыстардың тас құрылымдарын қалау кезіндегі қарапайым жұмыстарды орындау. Кірпіштен және ұсақ блоктардан қарапайым қабырғаларды сылақ асты және қалам барысында тігістер келтіре отырып қалау. Қаңқа қабырғаларды толтыру. Бут және кірпіш қиыршықтастан құюға және цемент қосынды іргетастарын орнату. Іргетасты рулонды материалдармен жазық гидроизоляцияны орнату. Бороздаларды ұялар мен тесіктерді механикаландырылған құралмен бітеу. Ұяларды, бороздалар мен тесіктерді механикаландырылған құралмен тесу. Бас ғимараттардағы терезе және есік үстінің, нишалардың үстіне темірбетон арқалықтарды монтаждау. Қатыру әдісімен қалау кезінде қаланатын қабырғалардың жазық қабаттарына жылытылған ерітіндіні жаю. Кірпіш қабырғалардың толтырылатын жерлерін қалау.
Білуге тиіс. Гидроизоляциялық, қабырғалық матриалдар мен ерітінділердің негізгі қасиеттері; қалаудың және тігісті байламдаудың қарапайым схемалары; қысқы жағдайларда қатыру әдісімен тас қалаудың, тепляктардағы жасанды және химиялық қоспалармен жылытудың ережесі мен тәсілдері; қабырғада ерітіндіні жаюдың, кірпіш пен забутканы бөлектеп қалау тәсілдері; пневматикалық және электрлендірілген жабдықпен жұмыс істеу ережесі; тас ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде қолданылатын бөлшектердің және құрастырмалы құрылымдардың негізгі түрлері; тас ғимараттарда құрастырылатын кірпіш қаламы мен құрастырмалы темір-бетон құрылымдардың сапасына қойылатын талаптар;
40. ТАС ҚАЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттардың, көпірлердің, өнеркәсіптік және гидротехникалық құрылыстардың тас құрылымдарын қалау кезіндегі күрделілігі орташа жұмыстарды орындау.
Кірпіштен және ұсақ блоктардан күрделілігі орташа қабырғаларды сылақ асты және қалам барысында тігістер келтіре отырып қалау. Қарапайым қабырғаларды бір мезгілде қаптай отырып қалау. Жеңілдетілген құрылымдардың қарапайым қабырғаларын қалау. «Бессер» типтес ұялы блоктардан және т.б. желіммен қабырға қалау. Тас ғимараттарда темірбетон балкаларды, аражабын плиталарын, арақабырғаларды, баспалдақ марштарын, алаңдарды, балкон плиталарды, басқыштарды монтаждау. Терезе және есік қораптары мен блоктарын, терезе алдының тақтайлары мен плиталарын орнату. Кірпіштен, гипсолитті және басқа да плиталардан арақабырға салу. Бұрын қаланған қаламдардың тігістерін сөгу. Аражабындар мен жабындардың құрастырмалы темірбетон құрылымдарындағы тігістерді бітеу және құю. Болат элементтер мен бөлшектерді қаламға салу. Тұрақты үйлесімді және тікбұрышты ұштасатын коллекторлар құдықтарын қалау. Барлық түрдегі кірпіш тоғыспаларын бөлшектеу. Кірпіш қабырғалардың үстіңгі қабатындағы жарамсыз кірпіштерді сындырып алып, есік қалам жіктерінің байламдарын сақтай отырып жаңа кірпіштермен ауыстырып жөндеу. Пайдаланудағы ғимараттар іргетастарының кірпіш және бут учаскелерін жекелеген жөндеу және ауыстыру. Терезе алды плиталары мен баспалдақтың жекелеген басқыштарын ауыстыру. Желдеткіш блоктарды монтаждау. Шыныблоктардан құрылымдар қалау. Тас ғимараттарда қабылдау толтырымдары мен шыныпрофилиттен арақабырғалар орнату. Қоқыс құбырына арналған асбестцемент құбырларын монтаждау. Саусақтар мен шығармалы штоктардағы блокты, инвентар пакетті төсеніштерді орнату, қайта орнату және бөлшектеу.
Іргетастар мен көпір тіреулерін қалау. Тіреулердің қоспалау және шекті қабырлағаларын қалау. Тік сызықты суүсті қабырғаларды және порт құрылымдарының кордонды тастарын қалау. Массасы орташа құрылымдардың тас көпірлер мен гидротехникалық құрылыстарды салу кезінде қолданылатын құрастырмалы бетон және темірбетон элементтерін құрастыру.
Білуге тиіс. Күрделілігі орташа қабырғаларды, қарапайым қабырғаларды бірмезгілде қаптай отырып, жеңілдетілген кұрылым қабырғаларын қалау тәсілдері; шыныблоктан құрылымдар қалау тәсілдері; массасы орташа құрастырмалы элементтер мен бөлшектерді монтаждау тәсілдері; монтаждалатын элементтерді ілмектеу және бекіту ережесі; кірпіш қабырғалар мен арақабырғаларды арматуралау тәсілдері;
41. ТАС ҚАЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттардың, көпірлердің, өнеркәсіптік және гидротехникалық құрылыстардың тас құрылымдарын қалау кезіндегі күрделі жұмыстарды орындау.
1. Ғимараттар мен өнеркәсіптік құрылымдар.
Қүрылымы күрделі қабырғаларды сылақ асты және қалам барысында жіктерді сөге отырып қалау. Ұстындарды және тікбұрышты ұштасатын жеке тұрған құбырларды қалау. Карниздарды қалау. Кірпішті мүсіндеп ою. Күрделілігі орта және жеңілдетілген күрделі құрылым қабырғаларын қалау. Құдық қабырғаларын қатты байламдар жылытқышымен қалау. Сыналы аралықтарды қалау. Ауыспалы кесу және жұмыр және шатырлы кесу құдықтарын қалау. Сыналы аралықтарды ескі қалауын бөлшектей отырып қайта қалау. Берілген сурет бойынша декоративті түсті кірпішпен бір мезгілде қаптай отырып қалау.
2. Көпірлер мен гидротехникалық құрылымдар
Аркалы көпірлердің, құбырлардың, астаушалар мен басқы ұштардың тоғыспа үсті құрылымын табиғи тастан қалау. Тік сызықты көпір тіреулерінің сыртқы қатарын мүсінделіп ойылған тастан қалау.
Білуге тиіс. Күрделі, күрделілігі орташа және бір мезгілде қапталатын күрделі стандарды қалау тәсілдері.
42. ТАС ҚАЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттардың, көпірлердің, өнеркәсіптік және гидротехникалық құрылыстардың тас құрылымдарын қалау, жөндеу және қайта құрылымдау кезіндегі аса күрделі жұмыстарды орындау.
Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары