Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)


 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты

әлеуметтік  қорғау министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстар мен  жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай  тарифтік-біліктілік анықтамалығы

 

 

3 шығарылым

Бөлімдер:

«Құрылыс,  монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2008 жыл

 

 

Жұмыстар мен  жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай  тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА), 3 шығарылым, «Құрылыс,  монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары» бөлімдері Қазақстан Республика Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2008 жылғы «___» _________»  № ___-ө  бұйрығымен бекітілген.

 

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары жұмыстарды тарифтеу және ерекше айтылған жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде (дерде) көрсетілген өндірістер мен жұмыстар бар ұйымдарда, меншік нысаны мен ұйымдық-құқықтық  нысандарына қарамастан, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жұмыстар мен  жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай  тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА)  осы шығарылымы  бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы                    17  шілдедегі № 226/125/15-88  қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне,  өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына,  жұмысшылардың  біліктілік  деңгейіне, жалпы білімі мен  арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен  ішкі және сыртқы нарықтағы  бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ  еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты  туындап отыр.

Жұмыстардың разрядтары  еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.  

Бөлімдер бойынша жұмысшылар кәсіптерінің  тарифтік-біліктілік сипаттамалары: «Жұмыс сипаттамалары», «Білуге тиіс», «Жұмыс  үлгілері»  үш бөлімнен тұрады.

«Жұмыс сипаттамасы», «Білуге тиіс» бөлімдерінде орындалатын  жұмыстың суреттемесі мен  жұмысшының  біліктілігіне қойылатын талаптар жеткілікті толық жазылған жағдайларда  «Жұмыс  үлгілері» бөлімі болмайды.

«Жұмыс  үлгілері»   бөлімі  осы кәсіп  пен  осы  тарифтік разряд үшін  анағұрлым  үйреншікті, солармен салыстырғанда  жұмысшы  атқаратын  басқа жұмыстардың  разрядтарын анықтауға болатын жұмыстардың  тізбесін қамтиды.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі  жұмысшы  орындай алуға  тиісті  жұмыстардың  сипаттамасын қамтиды.

«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ  жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді,  нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды,  әдістер мен  құралдарды білуіне қатысты  қойылатын негізгі  талаптарды қамтиды.

Тарифтік-біліктілік  сипаттамаларында  жұмысшы кәсібінің  осы разрядына  тән  жұмыстардың  тізбесі  келтіріледі.  Бұл тізбе  жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс  барлық жұмыстарды қамтымайды. Жұмыс беруші   сайланбалы кәсіптік органның  немесе  қызметкерлердің өзге де  өкілдікті органының  пікірін ескере отырып, орындалу күрделілігі бойынша тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің  тарифтік-біліктілік  сипаттамаларында  қамтылғандарға  сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

    «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа,   жұмысшы ауысымды  қабылдау және  тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды  жинастыру, сондай-ақ  оларды тиісті жағдайда ұстау,  белгіленген  техникалық құжаттаманы  жүргізу  жөніндегі  жұмысты орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде  қамтылған  теориялық және практикалық  талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен  өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды;  жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін,;  орындалатын жұмыстың (қызметтің)  сапасына,  жұмыс орнында  еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды;  брак түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың  тәсілдерін;  өндірістік  дабылдатуды білуге тиіс.

Біліктілігі  анағұрлым  жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік  сипаттамасында  санамаланған  жұмыстармен  қатар, анағұрлым біліктілігі төмен  жұмысшылардың  тарифтік-біліктілік  сипаттамасында көзделген жұмыстарды  орындай алуға, сондай-ақ  осы кәсіптегі  анағұрлым төмен разрядтағы  жұмысшыларға басшылық жасай білуге  тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен  разрядтар кәсіптерінің   тарифтік-біліктілік  сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары  разрядтар кәсіптерінің   сипаттамасында әдетте, көрсетілмейді.

Тарифтік-біліктілік  сипаттамалары  сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып  әзірленді.

Қызметкердің  еңбек қызметін  растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ  тарифтік разрядты  өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес  жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстар мен  жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай  тарифтік-біліктілік анықтамалығы

 

3 шығарылым

 «Құрылыс,  монтаждау және жөндеу-құрылыс  жұмыстары»

 

Тарифтік-біліктілік  сипаттамалары

 

  1. АРМАТУРАШЫ

                                                                                                       2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арматура болатын тоттан  тазарту және  оны маркасы мен диаметріне қарай  стеллаждар мен штабелдерге сала отырып сұрыптау.  Арматураны және  армоқұрылымдарды  тасымалдау. Пәшкелер мен  арматура болаты бухталарын  сым орамаларынан босату.  Арматура болатын қол шығырымен  тарқату және тарту.  Арматура болатын түзету.  Арматура  стержендерін  қол қабырғаларда кесу және  майыстыру.  Қарапайым тегіс қаңқаларды  өру.  Арматура болатын механикалық және  электромеханикалық тәсілдермен нығайту. Арматура стержендері мен кестелерін  түрлері мен  маркалары бойынша пәшкеге  байлай отырып жиынтықтау.  Арматура құрылымдарын  инвентарлық ілмектермен іліп алу.  Дайындамаларды  тұтыну орындарына  жеткізу арбасымен немесе тельфермен  тасымалдау.

Білуге тиіс. Қолданылатын  арматура болаттарының түрлері, сыныптары мен  маркалары және  олардың  негізгі  физикалық-механикалық қасиеттері; болаттың  орауын жазу мен кесудің ережесі мен әдістері;  дайын қаңқаларды  тасымалдау  мен жинау ережелері;  арматураны  орауын жазу,  түзеу және кесуге арналған  қол лебедкалары мен станоктарының құрылғысы;  арматура құрылымдарын  монтаждау кезіндегі  дабылдату  ережесі,  дайындамаларды  ілмектеу және орнын ауыстыру.

 

  1. АРМАТУРАШЫ

                                                                                                                3-разряд

Жұмыс сипаттамасы.   Арматура болатын электр шығырлармен  тарқату және тарту.    Арматура  болатын жетекті және жартылай автоматты станоктарда  кесу. Арматура болатын механикалық және  электромеханикалық тәсілдермен  сүйрету және жапыру, күш калибровкасы,  тарту немесе  контактілік электрмен жылыту жолымен нығайту. Бір стерженде төртке  дейін қайырмасы бар арматура болатын механикалық станоктарда майыстыру. Ұш салу немесе  шайба, втулка мен гильза престеу  жолымен, алдын ала қуаттандырылған бұйымдарға арналған арматура стержендерінің ұштарын анкерлеу. Созылмалы стенділер пен арнайы  жүйелерде ішекпакеттерін жасау. Қарапайым  құрылымдар қорамаларында стержденьдер мен  қаңқалардың орналасуын  белгілеу. Қарапайым  торлар мен  массасы 100 кг. дейінгі  тегіс қарапайым  қаңқаларды жинастыру және  орнату. Қарапайым және  орташа күрделі кеңістікті қаңқаларды  дайын торлар мен бөлшектерден өру жолымен құрастыру. Белгілі бір үлгілер бойынша сымнан каптарға арналған арматураны жасау.  Қарапайым төсем бөлшектерін орнату және бекіту. Іргетастар мен  плиталардағы жекелеген  стержендерден  арматура  орнату. Арматураны  қолмен өру арқылы  бекіту.

   Білуге тиіс. Арматура дайындамасына арналған  жабдықтардың қолданылу  қағидаты;  арматура  дайындау ережесі; қарапайым арматура мен  армоқұрылымдарды жинау,  орнату және  бекіту тәсілдері; дайындалатын  арматураға арналған  сызбалар мен  чертеждерді жасау және оқу ережесі;   арматураны   ілмектеу және орнын ауыстыру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері.

           Қаңқа  бұйымдарды жасау:

1.  Тірек, тіреу және колонналар табандары, қада ұштары, қоршау іргетастары.

2. Іргетас  блоктары  мен  плиталары

3. Құдық мойны сақиналары, қонышсыз арынсыз құбырлар.

4. Маңдайшалар, бағандар.

5. Балкон, ернеу, трамвай   жолына арналған,   арна  аражабын  плиталары.

6.  Коллекторлар мен  жерасты өту жолдарының тегіс және қырлы плиталары,  жабындар мен аражабын плиталары

7. Қарапайым қима жүгіртпелері  мен беларқалары

8. Қадалар, тіреулер мен консольсіз ұстындар.

 

  1. АРМАТУРАШЫ

                                                                                                                4-разряд

Жұмыс сипаттамасы.   Бір стерженде төртке  дейін қайырмасы бар арматура болатын механикалық станоктарда майыстыру.  Массасы 100 кг. дейінгі қарапайым торлар мен тегіс қаңқаларды және массасы 100 кг. дейінгі  қос  торшаларды жинастыру және  орнату. Қарапайым және  орташа күрделі кеңістікті қаңқаларды фиксатор орнату және дайын торлар мен бөлшектерден өру жолымен құрастыру. Арматураны автоматты  станоктарда жасау. Массивтерде, ұстын төсемдерінде, ұстындарда, қабырғалар мен арақабырғаларда жекелеген стержендерден арматура орнату. Арматура стержендерін,  ішекпакеттер мен аса мықты сым байламдарын алдын ала  тарту. Орташа күрделі құрылымдарда  анкерлік болттар мен төсем бөлшектерін орнату. Орнатылған  торлар мен қаңқаларды өлшеп тексеру. Ванналық және  ванна-жіктерін дәнекерлеу үшін  арматура  шығындыларын  бөлу. 

   Білуге тиіс. Арматураны алдын ала кернеуге және  монтаждауға арналған такелажды айлабұйымдар мен механизмдерді қолдану ережесі; шаблондағы немесе стержень кондукторларындағы торлардың, қаңқалардың  орналасуын  белгілеу және  оларды  чертеждер мен сызбалар бойынша тексеру әдістері; арматураны дәнекерлеуге дайындау ережесі; қолданылатын  электрмен дәнекерлеу аппараттарының құрылысы мен оларға қызмет көрсету  ережесі; болаттың маркасына қарай электродтарды іріктеу  әдісі; дайындалатын бұйымдарға арналған  ерекшеліктерді,  сызбалар мен чертеждерді жасау және оқу ережесі. 

Жұмыс үлгілері.

 Қаңқа  бұйымдарды жасау:

1. Орама, ілмекті және іргетас арқалықтары.  

2. Коллекторлар мен жерасты өту  жолдары – бөлшектері Р- және  П-үлгісіндегі, ауқымды коллекторлар

3. Канализация, су ағызу,  су құбыры, газ, жаңбыр қабылдау және телефон құдықтары; телефон қораптары.  

4. Консольді және таяқты ұстындар.

5. Түйісу жүйесі, электржеткізу торабы және көше жарықтары бағандары.

6. Сыртқы және ішкі көтергіш қабырға панельдері

7. Сыртқы және ішкі көтергіш құрылымдар ригельдері

8. Арынсыз қонышты және тегіс табанды құбырлар. 

 

  1.  АРМАТУРАШЫ

                                                                                                                5-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Дайын торлар мен  бөлшектерден жауапты құрылымдарға арналған массасы 100 кг. дейінгі  күрделі торлар мен  тегіс қаңқаларды (массасына қарамастан) және  қос  торшаларды, жинастыру және  монтаждау. Арматураны  бетонға тарта отырып жинастыру-блок элементтерін  ірілеп  жинастыру. Беріктігі жоғары сымдардың, стержендер мен  арматуралық ішекті-пакеттер байламдарын  тарту станцияларымен  тарту. Жылжымалы қорамада бетондалатын құрылымдар үшін  арматура жинастыру.  Плиталы негіздерде, арқалықсыз және қырлы  жабындарда, баспалдақ марштарында, көпірлердің  аралық құрылыстарында, кері тоғыспалар мен  жерасты дайындамаларының,  штольнялардың, градирен мұнараларының, құбырлардың және т.б. қисық сызықты қабырғаларында  сызбалар бойынша  орналасу белгілерімен жекелеген  стерженьдерден  арматура монтаждау.  Арматуралық стерженьдер мен плиталы көпірлердің  аралық құрылыстарының  байламдарын алдын ала тарту. Күрделі құрылымдарда массасы 600 кг. дейінгі анкерлік болттар мен төсем бөлшектерін орнату.

 Білуге тиіс. Қызмет көрсетілетін тарту станцияларының, механизмдері мен  айлабұйымдарының құрылымы мен қолданылу принципі;  кеңістікті қаңқаларды, армо-қорамалы блоктар мен фермопакеттерді чертеждер мен сызбалар бойынша жинастыру кезінде стерженьдердің  орналасуын белгілеу ережесі; жинастыру-блокты  элементтерді  жинау тәсілдері;  төсемдік бөлшектер мен  анкерлік болттарды орнату ережесі; орнатылған арматура мен  армоқұрылымдарды  тексеріп өлшеу тәртібі;  арматура болаттарының  физикалық-математикалық қасиеттері; арматуралық қаңқалар мен блоктарды қабылдап алу ережесі.

 Жұмыс үлгілері.

 Қаңқа  бұйымдарды жасау:

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары