Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

1. 500-800 т.  жүктеме астындағы стерженді ұстындар.  

2. Машина орынжайлары секциялар мен ауқымды лифт шахталары

3. Силостар мен элеваторлар (ауқымды элементтер) 

4. Аралық көпір және  жол сымдары құрылыстары 

5. Ұзындығы 12 м. дейінгі ілмектік және ісмекастылық фермалар.  

 

            1. АРМАТУРАШЫ

                                                                                                               6-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Жауапты темір-бетон бұйымдар мен құрылымдарға арналған күрделі арматура қаңқалардың бас үлгілерін чертеждер бойынша дайындау. Ерекше  күрделі  кеңістікті  арматура қаңқаларды, армоқорамалы блоктар мен фермопакеттерді құрастыру және  монтаждау. Сору құбырларындағы,  спиральді камералардағы, тіреулердегі, генератор асты құрылымдардағы, түпкі және жеткізу құбырларындағы, ауа жолдарындағы,  турбогенераторлар іргетастарындағы, бункерлердегі,  бункер галереяларындағы, тоғыспалар мен жұқа қабырғалық қабықтардағы, арка үстілік  құрылыс ұстындарындағы, аркалар мен  аркалар арасындағы  байланыстардағы қақпаларға арналған төсемді бөлшектері бар шлюз басының жекелеген стержендерінен арматура монтаждау. Қырлы және  қорапты аралық құрылыс байламдарын алдын ала тарту.  Массасы 600 кг. асатын  төсемді бөлшектерді күрделі және  аса күрделі құрылымдарда орнату.

  Білуге тиіс. Жекелеген сымдар мен  өрмелерден арматура байламдарын дайындау технологиясы;  аса күрделі кеңістікті қаңқаларды,  армоқорамалы  блоктар мен фермопакеттерді дайындау және монтаждау технологиясы; дайындалатын  арматура  элементтері мен құрылымдарына қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері.

Бұйымдардың басқы үлгілерінің қаңқаларын  дайындау:

1. Бөлмелер,  тор қаңқалары,  лифтілердің машина орындары-ауқымды элементтер.

2. Көпірлер мен  жол құбырларының  аралық құрылыстары.

3. Ұзындығы 12 м. асатын итарқа фермалары.

 Игерілген бұйым  қаңқаларын жасау:

Стерженді арматуралары 800 т асатын жүктемелі тіреу  пластиналары бар ұстындар.

            1. АРМАТУРАШЫ

                                                                                                               7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аса  күрделі  кеңістікті арматура  қаңқалары гидротехникалық құрылымдарға құрастыру және  монтаждау. АЭС реакторының  қорғаныс қабығының купонды және  цилиндрлік бөлшектерінің арматуралы байламдарын орнату және алдын ала  тарту.

Білуге тиіс. Аса күрделі кеңістікті  арматура  қаңқалары   жасау және  монтаждау технологиясы;  құрылымдардағы  арматура және арматура байламдарын алдын ала тарту тәсілдері;  гидравликалық домкраттар мен  арматура тартуды жүзеге асыратын басқа да  механизмдердің  құрылымы  мен жұмыс ережесі.

 

            1. АСФАЛЬТБЕТОНШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Асфальтбетоннан және өңделетін қара тұтқырғыш материалдардан жол жабындарын орнату және жөндеу  кезінде қосалқы жұмыстарды орындау. Негіздемені шаңнан және  ластан  қолмен және сығымдалған ауамен тазарту.  Жабындарды бөлшектегеннен және  кескеннен кейін материалдарды  жинау. Автомашина  кораптарын  асфальтбетон  қоспасы қалдықтарынан  тазарту. 

Білуге тиіс. Жол жабындары негіздемелерін дайындау сапасына қойылатын талаптар.

 

            1. АСФАЛЬТБЕТОНШЫ

                                                                                                       2-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Жол жабындарын  орнату және жөндеу кезінде негіздемелер дайындау.  Негіздемені түсіру  балғасымен тазалау. Инертті тығыздағыштарды елеу.  Ағаш жару. Қара тұтқырғышты  қайта айдау.  Жол материалдарын  тегістеу және кенерлеу. 

Білуге тиіс. Жабындарды орнатуға  арналған  негіздемелерді дайындау  тәсілдері; тұтқырғыш материалдарды тарқату, тасымалдау және сақтау  ережесі; жабын дайындауға арналған  компоненттер құрамы.

 

            1. АСФАЛЬТБЕТОНШЫ

                                                                                                         3-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Қара тұтқырғыш материалдарды пісіру  қазандарында жылыту. Компоненттерді қазанға толтыру.  Жабын негіздемелерінің құрылымы. Негіздемелерді  қолмен таратушының көмегімен қара тұтқырғыш материалдармен  өңдеу.  Тірек білеушелерді орнату.  Ыстық және  суық қалпындағы  қара тұтқырғыш  материалдармен өңделетін асфальтбетон қоспалары мен  материалдарын қолмен беру және  салу. Үлгілерді кесу және кесу орындарын бітеу. Асфальтбетон жабындары мен  қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарды  қолмен және асфальтжылытқыш немесе  ремонтерді қолдана отырып ұсақ жөндеу. Механикаландырылған құрал көмегімен қара тұтқырғыш  материалдармен өңделген материалдардан жасалған асфальтбетон жабындарын бөлшектеу және кесу. Пісіру  қазандарын, шығару қазандарын, шығару  астаушалары мен араластыру  қондырғыларын тазалау.

Білуге тиіс.  Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындардың негізгі түрлері; мастикалардың,  асфальт қоспалары мен инертті толтырғыштардың түрлері; асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарды механикаландырылған құралдың көмегімен  бөлшектеу,  кесу және бүтіндеу  тәсілдері. 

 

            1.  АСФАЛЬТБЕТОНШЫ

                                                                                                                                                                                                                     4-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Асфальт қоспаларын  ашық қазандарда пісіру.  Тұтқырғышты электротермиялық  тәсілмен дайындау.  Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарды қималау және өңдеу. Асфальтбетон және  асфальт жабындарын, сондай-ақ тротуарларды,  бау-бақша жолдары мен көтермелерді жөндеу.  Жабындарды асфальтбетонмен және қара қоспамен  шұңқырлы жөндеу.

Білуге тиіс.  Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындардың астыңғы негіздемелеріне  қойылатын негізгі талаптар; эмульсия мастикаларының, асфальт  қоспалары мен  қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған қоспалардың сапасына  қойылатын талаптар; жабындарды асфальтбетонмен және қара қоспамен  шұңқырлы жөндеудің  ережесі мен  тәсілдері.

 

            1.  АСФАЛЬТБЕТОНШЫ

                                                                                                                                                                                                                 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарды жабын материалдарын қолмен және механикаландырылған жолмен салу кезінде қималау  және өңдеу. Салынатын жолақты  асфальттау алдында бөлу. Материалдар қабатының қалыңдығын катокпен  тығыздап реттеу. Қоспаларды асфальттөсегішпен салғаннан кейінгі соңғы өңдеу. Ұстасу коэффициенті арттырылған арнайы іріктелген қоспалардан және  түсті  асфальтбетоннан жасалған  жабындарды  өңдеу.

 Білуге тиіс.  Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарға қойылатын талаптар;  төселетін қоспалар мен материалдарды тығыздау схемасы; қоспалар мен  материалдарды  төсеудің және тығыдаудың  температуралық режимі;  жетілдірілген жабындарды құру тәсілдері; үстіңгі активті  қосындысы бар түрлі асфальтбетон қоспаларын  қолдану  ережесі; жолақтарды өзара және  құдық люктерімен, торкөздермен және трамвай жолдарымен ұштастыру  құрылымы тәсілдері; асфальтбетон жабындары мен  қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындар астының  күрделі  конфигурация негіздерін бөлу  тәсілдері; асфальт жабындарының үстінің кедір-бұдыр қабаты құрылымының схемасы;

 

            1.  БЕТОНШЫ

                                                                                           2-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Құз негіздер мен  бетон үстіңгі қабатын  тазарту.

Бетонның  үстіңгі  қабатын қол  жабдығымен оймыштау.  Бетон қоспасын  көлік құралдарынан қабылдау.  Бетон қоспасын  қайта  лақтыру және науамен, хоботпен түсіру.  Құрамдастарды  массасы мен  көлемі бойынша  айлабұйым  (арба,  өлшеуіш) көмегімен дозалау. Бетон қоспасын  дайындау. Бетон және  темірбетон құрылымдарын  қолмен бөлшектеу. Бетон және  темірбетон құрылымдарына қол жабдығымен  тесіктер мен бороздалар  салу. Темірбетон қадалардың ұштарын қолмен кесу.  Бетонды  баптау. Қарапайым құрылымдардың  қорамаларын бөлшектеу.  Қораманы  бетоннан тазарту.

Білуге тиіс. Бетон қоспаларын дайындау технологиясы; бетонның үстіңгі қабаттарын оймыштау  тәсілдері; дайын бетон қоспаларын  құрылымдарға  беру; бетонды  баптау ережесі; темірбетон құрылымдары мен қарапайым құрылымдардың  қорамаларын бөлшектеу тәсілдері.

 

            1. БЕТОНШЫ

                                                                                           3-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Бетон қоспасын қорамаларға,  негіздер мен массивтерге төсеу. Бетон  қоспасын жазық тегістіктерге төсеу. Бутобетон іргетастарын құйма,  төсем қабаттары мен еденнің, цемент тұтастырғыштардың бетон  негіздері астына орналастыру. Қауғаларды  инвентарь ілмекпен құлағынан (скоба, қайырма) ілу.  Бетон және  темірбетон  құрылымдарын  пневматикалық және  электрлендірілген  құралмен  оймыштау және сындыру.  Майысуларды,  тесіктер мен  бороздаларды  бетон қоспасымен бітеу. Қарапайым құрылымдардың  қорамаларын бөлшектеу.  Темірбетон қадалардың ұштарын пневматикалық құралмен кесу. Арнақұрушыларды монтаждау және серпентинит қоспаларын  АЭС құрғақ қорғау  блоктарына төсеу.

Білуге тиіс. Цементтің,  толтырғыштар мен  бетон қоспалардың маркалары мен қасиеттері; монолитті   бетон және  темірбетон құрылымдарынын негізгі элементтері;  бетон қоспасын төсеу және  тығыздау тәсілдері;  электрлендірілген және пневматикалық құралдың құрылымы және олармен  жұмыс істеу ережесі; қарапайым құрылымдардың  қорамаларын  құрастыру ережесі; бетон және темірбетон құрылымдарын механикаландырылған құралдың көмегімен сындыру тәсілдері; жүктердің  орнын ауыстыру және  беру ережесі.

 

            1.  БЕТОНШЫ

                                                                                           4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бетон қоспасын  ұстындарға,  қабырғаларға, тіреулерге,  плиталарға,  көпір  тіректеріне, кеспекке салу.  Бетон қоспасын   қисық тегістіктерге (бөгеттердің, арналардың, дамбылар мен т.б. құламаларына) төсеу.  Арнайы және ауыр  бетон қоспаларын  атом электростансалары құрылымдарына төсеу.  Полигондардағы құрылыс алаңдарында көпірлердің аралық құрылыстарының плиталы блоктарын дайындау.  Таза  бетон едендерді жолақтар мен дестелерге  кесе отырып орнату және жөндеу. Таза  бетон едендерді вакуумдеу әдісімен орнату. Бетон едендерді төсеу және  жөндеу. Бетон қоспасын су асында  тік жылжымалы құбырлар әдісімен төсеу және су асты қуыстарын ерітіндіні тік жеткізумен толтыру. Үстіңгі қабатты цемент  себе отырып металл  тегістеуішпен тегістеу. Цемент-бетон жол жабындарын салу кезінде  температура тігістерін өңдей отырып тесу. Жабындардың  тігістері мен  үстіңгі қабаттарын өңдеу. Бетонды  электрмен және бумен жылыту.  Қорамалардың барлық  түрлеріндегі, оның ішінде  «Модостр» ұсақ қорғаныс үлгісіндегі түзу сызықты  шеңберлер мен  элементтердің  щитті  қорамасын орнату.

Білуге тиіс. Бетон қоспаларының, дайын құрылымдар мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;  темір-бетон жабындарын орнату  ережесі мен олардың сапасына қойылатын талаптар; бетоннасостары мен  бетон жүргізушілердің,  машиналар мен цемент-бетон жол жабындарын орнату кезінде жіктерді тесуге арналған айлабұйымдардың, вибраторлар мен  вибро алаңдардың, вакуумді агрегаттардың құрылымы; қыс кезінде құрылымдарды бетондау ережесі мен  бетонды жылыту тәсілдері; аязға қарсы қоспа түрлері және  олардың қолданылу аясы; күрделілігі орташа  қорама құрылымдары мен сүйеніш мінбесатыларды орнату және бөлшектеу ережесі; қарапайым арматураны  құрастыру және бөлшектеу ережесі мен тәсілдері; қаптама астының бетон қабатын дайындауға  қойылатын талаптар; футерлеу және сырлау ережесі; темірлеу және  қабаттарды  флюатирлеу  тәсілдері.

 

            1. БЕТОНШЫ

                                                                                           5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бетон қоспасын  мұнаралардың,  тоғыспалардың,  жалғыз және  қосарлы  қисықтар қабаттарының жұқа қабырғалы құрылымдарына,  резервуарлар мен бункерлердің, аэроценді  камералардың құрылымдарына,  жуылатын галереялардың  бөлек қабырғалары мен тұндырғыштардың  камерааралық қабырғаларына, спиральді қамералар қабырғаларына,  гидроқұрылымдардың  аралық жабындары мен  сору құбырларына, көпірлердің аралық құрылыстарындағы қырлы, қорапты және   басқа да күрделі құрылымдарға, сондай-ақ барлық  монолитті құрылымдарға салу. Ерекше ауыр бетон қоспасын АЭС құрылымдарына  салу.  Бетон қоспасын  қаптама сыртына және  штрабтарға салынды бөлшектермен  құю. Құрылыс алаңдары полигонында қатаң арматураланған темір-бетон бұйымдарын (көпірлер мен  жол құбырларының аралық құрылымдары, ұзын өлшемді  қадалар мен тіреулер,  үлкен аралықтардың  фермалары мен  тағандары) дайындау. Турбогенераторлардың және  қоректендіру насостары мен т.б. іргетастарына  салынды бөлшектерді құю. Ұңғымалар мен траншеяларды бетондау.  Бұрғы ұратын  қадаларды орнату.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары