Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

1. Ғимараттар мен  өнеркәсіптік құрылымдар.

 Қүрылымы аса күрделі темір құрылымдарды, тоғыспаларды, аркалар мен мұнараларды, бір мезгілде қаптай отырып қалау және реставрациялық жөндеу. Дөңгелек кесінді ұстындарды қалау. Бұрын жасалған қабырғаларды  күейту кезіндегі қалау және жаңа қаламды  бұрынғымен  қайта бекіту. Гидроизоляция және  жылуизоляциясы қондырғыларының  төмен  қабырғаларын  қалау. 

2. Көпірлер мен гидротехникалық құрылымдар

Мұзкескіштерді  тасты  іріктей отырып табыиғи мүсінделген  тастан қалау. Көпір тіреулерінің  карнизді  және  фермаасты  тастарын қалау. Аркалардағы  және  тас көпірлер тоғыспаларындағы табан тастарды  қалау. Тоғыспалар мен  аркаларды қалау.   

Білуге тиіс.    Аса күрделі  құрылымдарды  қалаудың, оларды көтерудің және доғалаудың, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды күшейту кезіндегі  қаламды  бекіту тәсілдері.

 

43. КЕССОНШЫ-АППАРАТШЫ

                                                                                                               4-разряд

Жұмыс сипаты. Жұмысшыларды шлюзді аппараттарға түсіру және шығару,  шлюздеу және шлюзден шығару. Жүк тиелген қауғаларды қабылдау және камера жанында бос қауғалар мен  вагонеткаларды беру.  Материалдарды,  жабдықтар пен инструменттерді  камера жанына  беру. Кессон пышағын орнату. Лебедка мен редукторды бөлшектеу. Жуушы  айлабұйымды,  сифонды,  ауа әкетуші,  су айдаушы  және  пультжеткізуші  линияларды монтаждау және бөлшектеу.

Білуге тиіс. Шлюзді аппараттың,  су құбырының, прикамеркалардың құрылымы; аппарат адамдарын түсіру және шығару  ережесі;  алдын алу айлабұйымдарының,  өлшеу және дабылдатқыш жабдықтардың құрылымы  мен орналасуы.

 

44. КЕССОНШЫ-АППАРАТШЫ

                                                                                                               5-разряд

Жұмыс сипаты.   Шлюзді аппараттан қауғаларды,  материалдар мен жабдықтарды есікті ашып-жауып қабылдау және беру. Шахта құбырларын  монтаждау және  бөлшектеу. Бағыттаушы  планкалар мен сатыларды орнату. Кессондағы  гидромеханикаландыру жабдықтарын монтаждау.  Шлюз аппаратын монтаждау.   Полиаспастарды қорландыру және қорсыздандыру.  Блоктарды бекіту және болат канаттардың жүйелерін байламдау. Шахта  құбырларын  ұзарту және  бөлшектеу,  шлюзды аппараттағы  рельс жолдарын орнату.  Механизмдерді,  арматураны,  су құбырларын, гидромонитерлар мен  гидроэлеваторларды жөндеу.

Білуге тиіс. Әртүрлі жүйелердің  шлюз аппараттарының,  гидроэлеваторлары мен жер сору  қондырғыларының құрылымы;  шлюзды аппараттан қауғаларды,  материалдар мен  жабдықтарды қабылдау және  беру ережесі; кессон жабдығын  пайдалану  ережесі;  жақпалар мен  механизмдерге  арналған майларды қолдану тәсілдері.

 

45. КЕССОНШЫ-АППАРАТШЫ

                                                                                                               6-разряд

Жұмыс сипаты.   Шлюзды  аппараттың  көтеру  механизмдерін басқару.  Қауғаларды  түсіру және көтеру. Құралдарды,  материалдар мен  жабдықтарды  жұмыс камерасы арқылы  өткізу. Шахта құбырларын декельдеу және декелсіздеу  кезінде  сығымдалған  ауаны  реттеу. Шлюз аппаратының орталық камерасын прокладка төсеп және фланец болттармен  қоса отырып орнату. Прикамералар мен есіктерді орнату.  Насос және  жер сору  стансаларын,  арматура және әртүрлі жүйедегі шлюзді аппараттың көтеру механизмдерін  монтаждау.  Шахта құбырлары мен шлангілерін  жоғарылатылған  гидравликалық  қысыммен  сынау.

Білуге тиіс.   Кессон жабдығын  монтаждаудың және  ағымдағы жөндеу ережесі; кессон жұмыстары өндірісінің технологиясы;  құралдарды,  материалдар мен  жабдықтарды  жұмыс камерасы арқылы  өткізу ережесі;  бақылау  аспаптарының  дұрыстығын тексеру  тәсілдері.

 

46. КЕССОНШЫ-ПРОХОДКАШЫ

                                                                                                               5-разряд

Жұмыс сипаты. Кессондағы топырақты қолмен және пневматикалық құралмен қауғаға лақтыру және тиеу арқылы  дайындау. Шпурларды бұрғылау.  Кессон камерасында топырақ беру және материалдарды қабылдау. Кессон камерасындағы  шпал торкөздерді орнату және  бөлшектеу.

Білуге тиіс.  Топырақтың негізгі қасиеттері және  оларды дайындау тәсілдері; шлюз аппараттарының және қолданылатын жүк тасымалдау  айлабұйымдарының құрылымы; кессондарда жұмыс істеу кезінде  жүкті ілмектеудің және  тасымалдаудың тәсілдері.

47. КЕССОНШЫ-ПРОХОДКАШЫ

                                                                                                               6-разряд

Жұмыс сипаты. Кессон пышағының  астындағы топырақты  дайындау,  кессонды төсемдерден түсіру және  орнату. Кессондағы топырақты  гидромониторды  қолдана отырып  әзірлеу.  Пышақ астындағы  кедергілерді кессонды түсіру  барысында  жою. Кессон камерасын  толтыру кезінде  бетонды және  бутобетонды  төсеу. Шахта құбырларын декельдеу және декелсіздеу. Кессонды монтаждау және бөлшектеу.

Білуге тиіс. Топырақты гидромонитормен әзірлеу тәсілдері; сифонды қолдану ережесі;  кессонды төсемдерден түсіру және оны орнату ережесі;  монтаждау жұмысы өндірісінің ережесі.

 

48. КЕССОНШЫ-ЭЛЕКТРОМОНТАЖШЫ

                                                                                                               6-разряд

Жұмыс сипаты. Кессонды  электр жабдықтарын, электр аппаратураларын, арматураны  телефон байланысы жүйесін, электр сымдарының барлық түрлерін және дабылдатқыш жүйесін  монтаждау және бөлшектеу.  Электр кернеуіндегі монтаждың дұрыстығын  тексеру.  Шлюзді аппараттағы және  кессондағы  электр жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету. Моторды және қосуды реттеуші  электр жабдығын  қосу схемасын жасау.  Желідегі және  электр жабдықтарындағы ақауды анықтау және  жою.

Білуге тиіс.  Кессонды    электр жабыдақтары мен телефон байланысы жүйесінің құрылымы;  дабылдату ережесі.

Орташа арнаулы  (кәсіптік) білім талап етіледі.

 

49. ҚЫШҚЫЛҒА ТӨЗІМДЕГІШ-ВИНИПЛАСТИКШІ

                                            3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бөлшектерге арналған  контрукциялық пластмасса бөлшектер мен бұйымдарды  шаблон бойынша дискілі және  ленталы араларда белгілеп кесу. Контрукциялық пластмассадан жасалған парақтар мен құбырларды У- және Х үлгілік  жіктермен, білікшемен, және тік немесе  жазық жағдайда асырып және  тік тоғыстырып қайырмалау. Қиықжиектерді түсіру.  Қарапайым  бөлшектер мен  бұйымдарды  жасау және құрастыру. Қарапайым  аппараттар мен  жабдықтарды  винилпластпен,  асбовинилмен,  фаолитпен, полиэтиленмен  орап жабу.    Контрукциялық пластмассадан жасалған парақтар мен құбырларды жылыту шкафында  термиялық өңдеу. Пластикатты  еденге,  басқыш алаңдарына төсеу.

Білуге тиіс. Контрукциялық пластмассадан жасалған жартылай фабрикаттардың  түрлері мен  негізгі қасиеттері; пісіру  шілтерінің,  дискілі және ленталы аралардың құрылымы; контрукциялық пластмассаны пісіру және контрукциялық пластмассадан жасалған парақтар мен құбырларды  термиялық өңдеу тәсілдері; қарапайым  аппараттар мен  жабдықтарды  винилпластпен,  асбовинилмен,  фаолитпен, полиэтиленмен  орап жабу тәсілдері.

 

    50. ҚЫШҚЫЛҒА ТӨЗІМДЕГІ-ВИНИПЛАСТИКШІ

                                            4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа конфигурациялы бөлшектерді белгілеу және  пішу. Винипласты  пластикпен пісіру. Бұйымдарды орамдық полимерлік  материалдармен  нығайту. Контрукциялық пластмассадан жасалған бұйымдардың бөлшектері мен бөліктерін қиюластыру  және құрастыру. Күрделілігі орташа конфигурациялы қабаттарды винилпластпен,  асбовинилмен,  фаолитпен және полихлорвинилді пластикатпен  орап жабу. Күрделілігі орташа бұйымдарды кез келген ыңғайда  пісіру,  контрукциялық пластмассадан жасалған бұйымдар мен бөлшектерді  қалыптау. Винипласт құбырларының ажыратпалы  қосындылары мен ішпектерді қаңқақа орнату. Шикі фаолиттен  су құбырларының фасонды  бөліктерін дайындау және  құрастыру. Берілген режим бойынша  орау материалдарымен  нығайту кезінде полимерлеу. Пластикатты төселген жерінде қол шілтерімен  салыстыру. Платикат көмкермесін қабырғаға бекіту, баспалдақ марштарына төсеу.

Білуге тиіс. Контрукциялық пластмассадан жасалған бұйымдардың бөлшектері мен бөліктерін құрастыру тәртібі;  винипласт құбырларының ажыратпалы  қосындыларының түрлері; кониялық және цилиндрлі  бөлшектер мен аппаратураларды пішу; контрукциялық пластмассадан жасалған бұйымдар мен бөлшектерді  қалыптау мен пресстеу тәсілдері; полимерлеу  камераларының құрылымы және  орап жабатын полимер  материалдарын полимерлеу режимі; күрделілігі орташа конфигурациялы қабаттарды орап жабу тәсілдері; пластикатты төселген жерінде пісіру тәсілдері; поршеньді монтаждау пистолеттерінің құрылымы және  оларды пайдалану ережесі.   

 

51. ҚЫШҚЫЛҒА ТӨЗІМДЕГІШ-ВИНИПЛАСТИКШІ

                                            5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конфигурациялық пластмассадан күрделі жабдықтар мен аппаратураларға бұйымдар мен бөлшектерді белгілеу және  пішу. Күрделі аппараттар мен «Вакуум-сүзгі» типтес жабдықтарды  желілермен және  бөлшектермен  жиынтықтау.  Орнына қойылған  винипласт ішпектерді  қиюластыру.  Винипласт құбырларды  металл фланецтерге пресстеу және  көмкеру. Винипласт фитингтерді дайындау. Контрукциялық пластмассадан жасалған күрделі конфигурация бұйымдарды барлық ыңғайда пісіру. Штуцерлер мен люктерді қосып пісіру.  Винипласттан ортадан тебу насостарының  жекелеген  түйіндері мен вентильдерді, жабу крандарын (токар-фрезер жұмысынсыз) жасау. Күрделі конфигурация  қабаттарын винилпластпен,  асбовинилмен,  фаолитпен және  полихлоровинилді пластикатпен  орап жабу. Шаблондарды дайындау.

Білуге тиіс. Күрделі  аппараттарды  контрукциялық пластмассадан жасалған бөлшектермен және желілермен жиынтықтау  тәртібі; күрделі конфигурация  қабаттарын винилпластпен,  асбовинилмен,  фаолитпен және  полихлоровинилді пластикатпен  орап жабу тәсілдері; пісіру жұмыстарын орындау ережесі.

 

52. ҚЫШҚЫЛҒА ТӨЗІМДЕГІШ-ГУММИРЛЕУШІ

                                            6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Контрукциялық пластмассадан жасалған аса күрделі  конфигурация  бөлшектер мен бұйымдарды  белгілеу, пішу және  дайындау. Лекало мен шаблондарды дайындау.  Аса күрделі қабаттарды пластикатпен, винилпластпен,  асбовинилмен  және фаолитпен  орап жабу. Винипласттан  аса күрделі конфигурацияларды: вакуум насостарын, вентильдерді,  вентиляторларды, жасанды талшық иіру машиналарына ерітіндіге арналған ванналарды, тұзсыздандыру қондырғыларын және т.б. құрастыру. 

Білуге тиіс. Контрукциялық пластмассадан жасалған аса күрделі  бұйымдар мен бөлшектерді  белгілеу,  пішу және  құрастыру  тәсілдері; контрукциялық пластмассадан жасалған бұйымдарды  өңдеудің,  формалаудың, қалыптаудың және престеудің  температуралық режимдері; ерекше күрделі  қабаттарды  орап жабу  тәсілдері; пісірілген бұйымдардың  және  орау жабындарының сапасын детектордың көмегімен бақылау.

 

53. ҚЫШҚЫЛҒА ТӨЗІМДЕГІШ-ГУММИРЛЕУШІ

                                            2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үстіңгі қабатты  тазарту,  майсыздандыру және жуу. Құм ағыншаларын тазалау үшін  құм елеу.  Құбырларды,  фитингілер мен басқа да бөлшектерді  баритпен немесе құммен толтыру. Вулкандаушы  қазандықтарды толтыру және босату.  Каландрлендірілген резинаны, полиизобутиленді тазарту және  оларды  желіммен майлау.

Білуге тиіс.  Гуммерлеу кезінде қолданылатын  негізгі материалдар;  метал және  ағаш қабаттарды гуммерлеуге дайындау тәсілдері;  вулкандатылған  қазандықтарды толтыру тәртібі.

 

54. ҚЫШҚЫЛҒА ТӨЗІМДЕГІШ-ГУММИРЛЕУШІ

                                            3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гуммерлеу үшін бұдырлау. Гуммерлеу жұмыстарына арналған  хлорлы кальций, желім ерітіндісі мен өздігінен вулкандалатын герметикті  дайындау. Гуммерленген ескі қабатты  түсіру.  Металл қабатын  желіммен майлау. Аппаратура мен бөлшектерді вулкандату қазанында белгіленген режим бойынша жылыту. Каландрлендірілген резинаны  қосарлау.  Резина және  полиизбутиленді  парақтарды қарапайым конфигурация қабатына  жеткізу.

  Білуге тиіс. Вулкандату қазандары мен желімараластырғыш құрылымы; түрлі концентрациядағы  резина желімдері мен өздігінен вулкандалатын герметикті  дайындау рецепті және  тәсілдері; аппаратура мен бөлшектерді  жылыту режимі; гуммерлеу кезінде қолданылатын  негізгі материалдар;  метал және  ағаш қабаттарды гуммерлеуге дайындау тәсілдері;  вулкандатылған  қазандықтарды толтыру тәртібі; каландрлендірілген резинаны  қосарлаудың,   қарапайым  конфигурация  қабаттарын гуммирлеудің және  полиизбутиленмен және басқа да  материалдармен қаптау тәсілдері.

 

55. ҚЫШҚЫЛҒА ТӨЗІМДЕГІШ-ГУММИРЛЕУШІ

                                            4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кониялық және сферикалық қабаттарды резинамен қаптау. Тік және жазық қабаттарды  үстінен асбестпен және  полиизобутиленмен желімдеу.  Резинаны және полиизобутилен парақтарын  дайын  пішіндеме  мен  шаблон бойынша конуске  кесе отырып пішу.  Викельдер мен  шпонкаларды  шприц-машинада дайындау.  Полиизобутилен парақтарының жіктерін  метал роликтерді жеткізе отырып  пісіру. Резина және полиизобутилен қаптамаларын күрделілігі орташа конфигурациялы қабаттарға  жеткізу. Ашық тәсілмен вулкандату.  Өздігінен вулкандалатын герметиктің және  хлоркаучук қабатына (нейриттерді)  салу.

Білуге тиіс. Резинаның, полиизобутиленнің және өздігінен вулкандалатын герметик пен  хлоркаучуктың (нейриттердің) қасиеттері және  олардың сапасына қойылатын талаптар;   кониялық және сферикалық қабаттарды  қаптаудың және  оларды рулонды материалдармен желімдеудің  тәсілдері; Резинаны  дайын шаблондар бойынша белгілеу және пішу ережесі;  шприц-машина құрылымы; ісінуді жою тәсілдері; сыйымдылықтар мен бөлшектерді  ашық вулкандатуға  дайындау тәртібі;  поршеньді  монтаждау  пистолеттерінің құрылымы және  оларды пайдалану ережесі.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары