Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Білуге тиіс. Қатаң арматураланған темір-бетон  құрылымдары мен бұйымдарын дайындау технологиясы;  бетон бөлшектеу машиналарының  жұмыс істеу принципі;  күрделі арматура қорамаларын  құрастыру ережесі; арнайы бетон  қоспаларының құрамы (пластификаторлар, суперпластификаторлар); вибрациялы жабдықтар астындағы іргетастарының салынды бөлшектерін бетондау  (құю) әдістері; монтажды және салынды бөлшектерді, оның ішінде  анкерлік болттарды бетондау  кезінде орнатуға қойылатын талаптар; бетон қоспалары мен дайын  бетонды  тексеру  тәсілдері; зақымдалған және реконструкцияланатын құрылымдарды күшейту тәсілдері.

 

Ескерту. Темірбетон құбырларды, радиобашнялар мен басқа да зәулім жұқа қабырғалы құрылымдарды тұрғызу жөніндегі жұмыстар өнеркәсіптік темірбетон құбырларын салатын құбырсалғышпен  орындалады және  осы кәсіп бойынша  біліктілік сипаттамаларына сәйкес  тарифтелуге тиіс.

 

                                      16. ЖОЛ ЖҰМЫСШЫСЫ

                                                     2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол табандарын қардан,  ластан, және шаңнан қолмен тазарту. Құмды, малтатас және қиыршыққұмды  қайта үю. Жол табандары мен жабындарын сумен шаю. Цемент-бетон жабындарын орнату кезінде рельс формалардың үстіңгі қабатын тазарту және майлау. Цемент-бетон жабындарға құм себу.  Жол белгілері мен  жол жағдайы  элементтерін  қолмен тазарту.  Жол табандары мен  жабындарын салу және жөндеу кезінде жол құрылысы материалдарын бөлу.Жерқазу машиналарынан кейін астауларды  қолмен тазарту.  Рельс формаларды  жамау. Жол табандарын, жабындар мен  бордюрлерді  қолмен бөлшектеу. Тегіс жұлманы жабдықтау және  жөндеу. Жылжымалы електердегі  құмды, малтатас және қиыршыққұмды  қолмен елеу.  Жиектерді қолмен жоспарлау. Тұтқырғыш материалдарды бөліп құю. Қоспаны  өзі түсіретін  автомобильден бетон жабынын төсеу кезінде қорапты тазалай отырып қабылдау. Бетон жабынын төсеу кезінде қорапты тазалай отырып өзі түсіретін  автомобильден жаңа салынған қоспаның  жиектерін кесу. Жаңа салынған  бетон қоспасының жиектерін кесу. Механикаладырылған төсем жетпейтін жерлерді  қолмен тығыздау. Тас дестелерді  және пакеляж дайындау. Тас пен пакеляжді сұрыптау.

Білуге тиіс. Негізгі жол-құрылысы материалдарының,  жол қабаты құрылымдарының және жолдардағы жасанды құрылымдардың түрлері;  асфальт-бетон,  цемент-бетон, битумматериалды  және басқа да қоспаларды дайындау  ережесі; жолтайғақтан және қар үйінділерінен тазалау тәсілдері; жол қозғалысы ережесі.

                                     

                                    17. ЖОЛ ЖҰМЫСШЫСЫ

                                                     3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Маяктар,  маячныйлар,  маяк рейкалары, құмнан, құмцементтен, малтатастан,  қиыршықтастан жасалған  жол табандарының шаблондары бойынша  каток асты  орнату және  пішіндеу. Топырақ және жақсартылған топырақ жолдарды пішіндеу. Жол белгілерін орнату.  Дренаждарды  орнату және жөндеу. Жақсартылған топырақ жолдарды,  малтатасты,  қиыршықтасты  жабындар мен табандарды механикаландырылған құралдың көмегімен шұңқырлы жөндеу. Кестелі жұлманы жабдықтау және  жөндеу. Ернеулі тас төсемі астына  табан салу. Кюветтерді, су әкету және төбеүсті арналарын, көлденең пішіндердің бойлық еңістерін сақтай отырып орнату және  қалпына келтіру. Автомобиль жолдары жол жабындарын  белгілеу жөніндегі жұмысты жүргізу кезінде: жаяу жүргіншілердің өтпе жолдары сызықтарын одан әрі  түсіру үшін бақылау нүктелерін шаблон көмегімен қолмен  айқындау. Қоршау құрылымдары мен  конустарын орнату және  алу. Лак-сырлау материалдары қолданылатын жұмыс өндірісі.

Білуге тиіс. Пайдаланылатын жол-құрылыс және лак-сырлау  материалдарының негізгі қасиеттері; жақсартылған топырақ жолдарды,  тротуарларды және  асфальт-бетон,  цемент-бетон жабындары асты табандарын  орнату және  жөндеу  ережесі; жол құрылысы және  жөндеу кезінде қолданылатын механикаландырылған құралдарды пайдалану ережесі; механикаландырылған құралдардың көмегімен жабындар мен табандарды  бөлшектеу және кесу,  жол қабатын бұзу және  қалпына келтіру тәсілдері;  цемент-бетон жолдарын салу кезінде рельс-форма астына  табан дайындау тәсілдері; дренаж құрылысының негіздері; жол белгілеу түрлері және  оны қол әдісімен салу тәсілдері;  автомобиль қозғалысын жаппай және  жұмыс өндіріс кезінде орынды қоршаусыз жұмыс орындау ережесі.

 

                                    18. ЖОЛ ЖҰМЫСШЫСЫ

                                                    4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Маяктар,  маячныйлар,  маяк рейкалары шаблондар бойынша жабындарды орнату және  пішіндеу. Қиыршықтасты және малтатасты жабындарды жекелеген карталармен жөндеу. Жол жабындарының үстіңгі қабатын машинамен тегістегеннен кейін соңғы  жоспарлау. Бордюр тасын,  маяктар мен  маяк рейкаларын орнату. Қадалар мен құбырлар іргетасының  астын  қиыршық тас пен малтатасқа дайындау қабатын төсеу. Атмосфера шөгінділерін  жолдар мен жасанды құрылымдардан әкету. Цементбетон жабындарының жіктері мен  үстіңгі қабатының жиектерін жиектеу және жөндеу,  Барьер және трос қоршамаларын  орнату және  қызмет көрсету.  Автомобиль жолдары жол жабындарын  белгілеу жөніндегі жұмысты жүргізу кезінде: қозғалысты ұйымдастыру схемасы бойынша  бақылау нүктелерін алдын ала белгілеу; шаблондарды құрастыру және орнату; шаң бүркуші-пистолеттің көмегімен белгілеу материалын салу; ескі белгіні қайта таңбалау;  белгілеу машиналарымен жолға белгі салу  жұмысына қатысу.

Білуге тиіс.  Жолдарды салу, жөндеу  және таңбалау кезінде  қолданылатын материалдардың сапасына  қойылатын талаптар;  қысқы уақытта  бетондау ережесі  және  бетонды жылыту тәсілдері;  жол тыстарын, жасанды құрылымдарды және жол жағдайын  салу және пайдалану  ережесі; бойлық және тік  белгілеу  түрлері және оларды салу тәртібі; трафареттерді пайдалана отырып, шаң бүркуші-пистолетпен белгі салу  кезіндегі жұмыстарды жүргізу ережесі және тәсілдері; белгілеу материалдарының шығыс нормалары; орындалатын жұмыс сапасына қойылатын талаптар;  автомобиль қозғалысын ішінара жауып және жаппаған жағдайларда  жұмыс орындау  ережесі.

 

                                    19. ЖОЛ ЖҰМЫСШЫСЫ

                                                     5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол жабындарының шөккен жерлерін жою. Құбырларды,  астаушаларды, ұштарды,  тіреу қабырғалар мен парапеттерді  орнату және жөндеу. Автомобиль жолдарының архитектуралық  безендіру элементтерінің  жекелеген  бүлінулерін  түзету.  Жоспардағы жол пикетажы мен  элементтерін бөлу. Жол құрылымдарының  биік  белгілерін  геодезиялық  құралдың  көмегімен анықтау. Дренаждар мен төсем тастарды сүзгілерді қалпына келтіре отырып орнату және жөндеу.  Қоршау және дабыл қағу құралдарын орнату. Жайылма  жыраларды бекіту. Автомобиль жолдары жол жабындарын  белгілеу жөніндегі жұмысты жүргізу кезінде: «Зебра» типтес жаяу жүргіншілер өтпе жолы сызықтарын  бояумен және  термопластикалық материалдармен салу; қарама-қарсы бағыттағы  көлік ағындарын  бөлуші  аралшаларды трафарет бойынша  шаң бүркуші-пистолетпен белгілеу. Жолақ бойынша қозғалыс бағытын  көрсететін жебе белгіні қос компонентті пластиктермен,  жарық қайтарғыш элементтерді – пневматикалық пистолетпен,  тіреулердің,  көпірлердің,  жол құбырларының,  порталдардың, туннельдердің, парапеттердің  сыртқы  қабатттарына салу.

Білуге тиіс.  Жол жабындары мен жасанды құрылыстардың жағдайын бағалау әдістері; геодезиялық құралды қолдану және оның ережесі; бояулардың,  еріткіштер ме термопластикалық  материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттері; олардың  тұтқырлығы мен ағымдылығын  айқындау әдістері; лак-бояу  материалдарын  жағу  тәсілдері; жазық белгі  сызықтарының,  жебе белгілері мен жазуларының мөлшері; белгілерді жол белгілерімен немесе  бағдаршаммен үйлесімді белгілеу тәртібі;  жол белгісіне  қойылатын  техникалық талаптар; таңбалау жасайтын материалдарды жарық қайтарғыш элементтермен үйлесімді салу  ережесі;  термопластикалық  материалдарды салуға арналған  механикаландырылған құралдың  құрылымы және  жұмыс істеу принципі; қос компонентті пластикалық материалдарды құрамы мен жүргізу технологиясы; топырақ эрозиясымен күрес әдістері; жолдардағы көктайғақты жою тәсілдері.

                                   

                                      20. ЖОЛ ЖҰМЫСШЫСЫ

                                                     6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрастырмалы  темір-бетон  жол және аэродром  плиталарын монтаждау. Болат және шойын  плиталарды  монтаждау

Білуге тиіс. Құрастырмалы  темір-бетон жол және аэродром  плиталарын, болат және шойын плиталарды  монтаждау ережесі мен тәсілдері.

 

21. ЖЕР ҚАЗУШЫ

                                                          1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұрын әзірленген топырақты қопсыту.  Қопсытылған  топырақты  тасымалдау  құралына тиеу және оны түсіру. Габаритті тазарту. Жаңа себілген топырақты тегістеу.  Топырақты жазықтықта  үю. Траншеяларды, оның ішінде  құбыр төселгендерін,  қазаншұңқырлар мен  іргетас қойындарын топырақпен жабу.

Білуге тиіс.  Қол құралдарының, инвентарь мен айлабұйымдардың қолданылу және оны пайдалану ережесі.

 

22. ЖЕР ҚАЗУШЫ

                                                          2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітпесіз траншеялар мен  қазаншұңқырларда  жеңіл,  орта және ауыр топырақпен, топырақты ернеуге тастай (лақтыра) отырып немесе  оны тасымалдау  құралына тией отырып әзірлеу. Қатқан топырақты  түтін газымен еріту. Топырақты қол трамбовкасымен нығыздау.Үстіңгі қабатты «көзбен» мөлшерлей отырып  жоспарлау  және тазалау. Үйінділер мен арқалықтардың кемерлері мен  құламаларын  кесу. Жұлманы бекіту үшін  дерн мен сым дайындау.  Жер жаймасының құламаларын  жаппай жұлмалау.  Уақытша су әкету  құрылғыларын орнату.  Жылжымалы қоршауларды,  дайын сатыларды,  инвентарь көпіршелерін  траншеялар,  ескерту дабылдары мен плакаттар арқылы орнату. Қажетті жағдайларда кезекшілік; апаттық,  электр немесе  өзге де дабылдатқышты  электрмен жылыту кезіндегі  қауіпті аймақтарды күзету. Терең шурфтерде, құдықта және т.б. жұмыс істеу кезінде жер үстіндегі кезекшілік.

Білуге тиіс. Жартасты емес топырақтың  түрлері мен негізгі қасиеттері; қатқан  топырақты жібіту және бекітпесіз траншеялар мен  қазақшұңқырларда  топырақты қолмен әзірлеу  тәсілдері;  үстіңгі қабатты жоспарлау,  дерн  дайындау және  төсеу,  топырақты қолмен нығыздау  тәсілдері; топырақтың  өнім беретін  қабатын алудың және  жинаудың  тәсілдері;  жерасты суларын уақытша  әкету тәсілдері; магистральді  құбырларды жабу  ережесі; топырақты тоңудан қорғау, жабылған құмды  сумен нығыздау  тәсілдері; қауіпті аймақтардың қоршауын орнату.   

 

                                        23. ЖЕР ҚАЗУШЫ

                                                          3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 4-топ топырағын, сондай-ақ  жартасты және жартассыз қатқан топырақты әзірлеу.  Босатылған  қазаншұңқырлар мен траншеяларда 1-3-топ топырағын әзірлеу. Топырақты пневматикалық және  электрлендірілген құралдармен қопсыту және нығыздау.  Жер жазығында кюветтерді,  астаушалар мен астауларды орнату және  құрылыс құрылымдары үшін  шұңқыр қазу.  Рейка немесе шаблон бойынша  үстіңгі қабатты  жоспарлау және  тазалау.  Экскаватор әзірлеген ойлардағы құламаларды  шаблон бойынша  кесу және жоспарлау.  Траншеялар мен қазаншұңқырлардан көтеру айлабұйымдары мен механизмдерінің көмегімен  топырақ шығару.  Құламаларды  кестелік, қабырғалық дернмен және көпжылдық шөп егу арқылы  нығайту. Жабық сеппелі және құлама дренаждарды құбыр төсей отырып орнату. Дренаж құдықтарын сүзгі материалдарымен толтыру. Күрделі сызбалы көп қабатты тегіс сүзгілерді төсеу. Асбестцемент құбырларды  орнату және  перфорациялау. Барлық түрдегі дренаж құбырларын  төсеу. Рекультивациялау кезінде топырақтың  өнімді  қабатын төсеу.

Білуге тиіс. Жартасты және  қатқан топырақты әзірлеудің негізгі түрлері, қасиеттері мен әзірлеу тәсілдері; бекітпесі бар қазаншұңқырлар мен траншеялардағы топырақты әзірлеу тәсілдері;   қазаншұңқырлар мен траншеялар бекітпелерінің құрылымы және әзірлеу ережесі; пневматикалық және  электрлендірілген құралдардың  құрылымы;  жер құрылыстарын бөлудің  қарапайым әдістері; траншеялар мен қазаншұңқырлардан топырақ көтеру  кезінде жүк көтергіш айлабұйымдарды қолдану ережесі; құламаларды  толтыру  ережесі;  жер учаскелерін  рекультивациялау тәсілдері.

                                      

24. ЖЕР ҚАЗУШЫ

                                                         4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сусымалы  құм мен  ағынды  топырақта (қорыстарда) қазаншұңқырлар мен траншеяларды әзірлеу. Ағынды  топырақтағы (қорыстарда) қазаншұңқырлар мен траншеяларды шпунтпен бекіту. Сусымалы  құмдағы қазаншұңқырлар мен траншеяларды тұтастай бекіту. Қисайған  бекітпелерді ауыстыру. Құдық қазу және оларға  ағаш кесінділері мен темірбетон сақиналарын орнату. Құдықтарға  түптік және бүйірлік  сүзгілерді орнату. Ұңғымаларға бу және су инелерін қолмен орнату. Ішек  төсеу. Ағаш үгіндісін  дайындау (химикатпен өңдеу) және оны төсеу.  Электротепляктарды  құммен толтыру.

Білуге тиіс. Сусымалы  құм мен  ағынды  топырақтың (қорыстар) түрлері мен оның  қасиеттері;  сусымалы  құм мен  ағынды  топырақта (қорыстар) жер жұмыстарын орындаудың  ережесі мен  тәсілдері; қисайған  бекітпелерді ауыстырудың ережесі мен  тәсілдері және су-шаруашылығы нысанындағы  құдықтардың құрылысы; су-қоршау құдықтарын проходкалау кезінде,  қатқан топырақты  бумен, ыстық сумен, электрмен және от тәсілімен жібіту кезінде  топырақты тасымалдау тәсілдері;  жер жылыту пештерінің құрылымы.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары