Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат
Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.
Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың сортаменті; монтаждық күрделі емес жұмыстарды орындау тәсілдері; қарапайым такелаждық құралдарды пайдалану ережелері.
176. ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІНІҢ МОНТАЖШЫСЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мұнаралық кранды рельсті жолдардан алу. Балластты кранның тірек-жүріс және бұрылыс бөліктеріне бекіту және бекітпеден босатып алу. Мұнара секцияларын бір-біріне жалғау және бір-бірінен ажырату. Мұнара бастиектерін бекіту және ажырату. Қарама-қайшы консольді бекіту. Басқару кабинасын кранға орнату, бекіту және ажырату. Кранның жебесін жинау, оны жүріс бөлікпен немесе тірек пятасына жалғау, монтаждық күйге көтеруге дайындау және көтеру. Құрсама ілмектерін және арқандарды бекітіп, тірек табанын орнату негізгі зәкірдің құрылғысы. Жебені монтаждық күйден түсіру, оны тірек-жүріс бөлігінен немесе тірек табанынан ажырату, жұмыс қалпына көтеруге дайындау. Қарама-қайшы консольдан балластты тиеу және түсіру. Механизм арқанын енгізу, жүкшығырларға жылжытып шығару. Кранды тягачқа тіркеу және ажырату. Итермелі арбашаны босату. Жүкшығырлар мен автокранның көмегімен кернегішті бекітпеден босату. Телескоптық кернегіштердің бұрандамаларын бекіту және босату. Монтаждық тірек полиспастының арқандарын бәсеңдету. Көтергілердің діңгектерін жақтаудағы қиғаштіреулермен бекіту. Жүк платформасын діңгекке орнату және алып астау. Діңгекті көтергінің жұмыс тросын енгізу және шығару. Діңгекті кронштейндермен ғимаратқа бекіту. Бетонараластырғыштарды, ерітінді араластырғыштарды, жуғыш-сұрыптау барабандарын, уату-сұрыптау және тас уату қондырғыларын, дірілді електерді, ұсатқыштарды, дөңгелек болатты түзеуге, кесуге және бүгуге арналған станоктарды орнату, дұрыстау және бекіту. Жылжымалы крандардың арқандарын шешіп және орап алу. Қабылдағыш құрылғыны орнату, бекітпеден босату және алып тастау. Машиналарды тапсыруға дайындау. Арқан ұштарын бұрылыс платформасымен жалғау және полиспастты керу. Монтаждық тіректі көтеру, түсіру және бекіту. Ілмек құрсауын жұмыс қалпына көтеру. Жүкшығыр мен жебешығырлардың арқандарын қайта енгізу. Оларды бұрылыс платформасына бекіту. Механизмдерді бекіту. Крандардың және машиналардың тораптары мен элементтерін көлік орамасынан босату. Шөмішінің сыйымдылығы 0,5 м* дейін механизмдерді монтаждау.
Білуге тиіс. Күрделілігі орташа монтаждық және демонтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері; монтаждалған жабдықты және машиналар мен механизмдердің бөліктерін (мұнаралық крандардың, діңгекті көтергілердің, бетон араластырғыштардың, ерітінді араластырғыштардың, жуғыш-сұрыптау барабандарын, уату-сұрыптау және тас уатқыш қондырғыларды, дірілді електерді, дөңгелек болатты түзетуге және бүгуге арналған станоктарды) дұрыстаудың ең қарапайым тәсілдері; механикаландырылған аспапты қолдану тәсілдері; жүк көтергіш механизмдер мен такелаждық құралдардың құрылғысы мен оларды қолдану тәсілдері; оларды сынақтан өткізу тәсілдері, тозу мерзімдері; тростар мен арқандарды сынақтан өткізу ережелері; крандар элементтерін және басқа да машиналарды көтеру және олардың орнын ауыстыру ережелері.
177. ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІНІҢ МОНТАЖШЫСЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мұнаралық кранды буксирлі автомобильмен кранасты жолының рельстері арасына орнату. Кран мұнарасы астына монтаждық тірек орнату. Итермелі арбашықты бекітпеден босату және домалатып шығару немесе пневмодөңгелектерді алып тастау. Тірек-жүріс бөлігін итермелі арбашыққа немесе рельсті жолға орнату. Кран мұнарасын тік қалпына көтеру. Мұнарадағы жебені көтеріп жұмыс қалпына бекіту. Жебені жұмыс күйінен босату және төменге түсіру. Тік қалпынан инвентарлық ағаш атқа кран мұнараларын түсіру. Мұнараның телескоптық секцияларын алға шығару және түсіру кезінде электр шығырдың көмегімен секцияларды алға жылжыту (опус-канде). Монтаж ақаулықтарын сынамалау, жою, кран механизмдерін реттеу, сынақтан өткізу және пайдалануға тапсыру. Діңгектің биіктігі 10 м дейін болғанда оның өзінің шығырының көмегімен көтергіш діңгегінің секцияларын тігінен орнатып монтаждау; биіктігі 10 м артық болған кезде - қалған секцияларды монтаждық тіректің көмегімен жалғау. Жиналған қалпында оны көтеріп діңгекті монтаждау немесе қосалқы діңгектің көмегімен қосымша жалғау. Механизмдерді реттеп көтергілерді сынақтан өткізу және іске қосу. Діңгегінің биіктігі 10 м дейін болған жағдайда, өз шығырының көмегімен діңгекті көлденең қалпына түсіру, діңгегінің биіктігі 10 м асатын болғанда алып тастау. Көтергілердің тірек-бағыттаушы секцияларын демонтаждау. Қайталанбалы платформасы бар жылжымалы (арбашықты) құрылыс крандарының жүріс бөлігін орнату. Жылжымалы крандардың тростарын енгізу. Жебені платформада бекіту. Кранның жүріс бөлігін бұрылыс платформасынан алып тастау. Механизмді реттеу. Жылжымалы құрылыс крандарын сынақтан өткізу және оларды іске қосу. Электрқозғалтқыш орнатып, бетон араластырғыштардың, ерітінді араластырғыштардың, жуғыш-сұрыптағыш барабандардың, тас уатушы қондырғылардың, дөңгелек болатты түзету, кесу және бүгуге арналған станоктарының барлық бөліктері мен тораптарын зая жүрісі кезінде дұрыстаумен, реттеумен, сынамалаумен монтаждау және жұмыс қалпына келтіру. Барлық бөліктерді, тораптарды бөлшектеу, жоғарыда аталған машиналарды демонтаждау кезінде электрқозғалтқыштарды ажырату. Штукатурлық станцияларды орнату және іске қосу. Топырақ сорғыш снарядтарды монтаждау және штукатуралық станцияларды орнату. Өнімділігі сағатына 300 м* дейін баратын жер сорғыш снарядтарды және айдау қондырғыларын монтаждау. Шөмішінің сыйымдылығы 0,5-тен 1 м* дейін экскаваторлар механизмдерін монтаждау.
Білуге тиіс. Құрылыс машиналарын (сыймдылығы 5 т дейін мұнаралық крандарды, діңгекті көтергілерді, жылжымалы құрылыс крандарын, илемінің көлемі 750 л дейін бетон араластырғыштарды, еретінді араластырғыштарды, жуғыш-сұрыптағыш барабандарды, тас уатушы қондырғыларды, дірілді електерді, ұсақтағыштарды, дөңгелек болатты түзеуге, кесуге және бүгуге арналған станоктарды) монтаждау кезінде күрделі жұмыстарды орындау тәсілдері; монтаждалатын жабдықты және машиналар мен механизмдер бөліктерін теңгерімдеу, центрлеу, дұрыстау және реттеу тәсілдері; машиналар мен механизмдердің монтажына қойылатын техникалық талаптар; оларды іске қосуға қойылатын талаптар; түрлі жүк көтергіш механизмдер мен такелаждық құралдардың конструкциясы; оларды тасымалдау кезінде ауыр салмақты жүктерді ілмектеу ережелері мен тәсілдері; құрылыс машиналары мен механизмдерінің көтерілетін және тасымалданатын элементтері мен тораптарының салмақ түсетін центрін анықтау тәсілдері; тростарды, арқандарды, тізбектерді және арнайы айлабұйымдарды жүктің салмағына, габариттеріне және конфигурациясына қарамастан таңдау және сынамалау ережелері.
178. ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІНІҢ МОНТАЖШЫСЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кранның тірек-жүріс бөлігін жинау және рельс жолына орнату. Мұнараны жинау және оны тірек-жүріс бөлікпен жалғау. Мұнараны тірек-жүріс бөлігінен ағытып алып тік қалпынан инвентарлық ағаш атқа көтеру. Бастиекті мұнараға жалғау. Қарама қайшы консольдегі балластты көтеру және жалғау. Балластты қарама-қайшы консольге көтеру және бекіту. Жебені мұнараның бастиегінен ажыратып алу. Жебені жұмыс күйінен түсіру. Кранның тірек-жүріс бөлігін рельс жолдарынан бөлшектеу және ажырату. Мұнаралық крандарды буксирлік автомобильмен кран асты жолының рельстері арасынан орнату. Крандар мұнарасы астына монтаждық тірек орнату. Итермелі арбашаны ажыратып алу және домалатып шығару немесе пневмодөңгелектерді алып тастау. Кранның тірек-жүріс бөлігін итермелі арбашыққа немесе пневмодөңгелектерге орнату. Теңгерімдеу (жүріс) арбашаларын бекітпеден, шкворняларды тіркемеден босату және қақпақтарды ашу. Бұрылыс платформасынан автокран мен жүкшығыр көмегімен монтаждық тіректі арқандардың керілуіне шейін көтеру. Кранды монтаждық тірек домкраттары арқылы автомобиль-тягачтың тірегіне орнату. Сыртқа итермелеу механизмнінің жылжымалы құрсауын ажырату және алып тастау. Монтаждық подкос пен монтаждық тіректі орнату және алып тастау. Бұрылыс платформасына жүкшығыр мен жебе шығырын орнату. Бұрылыс флюгерлерін сақиналы жақтаумен қосу және оларды кран асты жолының рельстері бойынша ажыратып орнату. Жүріс арбашаларын флюгерлермен қосу. Бұрылыс платформасын жүріс бөлігінің сақиналы жақтауындағы шарикті тірек-бұрылыс шеңберімен қоса орнату және бекіту. Бұрылыс механизмін орнату және алып тастау. Портал ішіне жоғарғысымен қоса аралық секцияны орнату. Оголовокқа арқалықтар орнату және бекіту. Жебенің түбірлік секциясын орнату және оны порталға тіркеу. Распорканы жұмыс қалпына көтеру және жебелі полиспасттың слабинасын таңдау. Құрсауды порталмен жалғайтын тартқыштарды бәсеңдету. Диагоналды арқалықтардың арасын ашу және бекіту. Жиналған секцияларды түбірлі секцияның сырғалық тесіктеріне ілу және жебені мұнарадан толық түзелгенше алыстату. Жебенің түбірлік секциясын мұнарадан ағытып алу, арқанды тартқышты алып тастау. Жебелік расчалды керу және расчал ұштарын монтаждық сырғалық тесіктерге тіркеу. Монтаждық полиспастты шығыр мен блоктарға, жұмыс полиспастын - жүкшығыр мен блоктарға енгізу. Монтаждық арқанды мұнараның телескоптық секцияларын сыртқа жылжыту блогына енгізу, жебелік полиспаст арқанын енгізу. Арқандарды қайта енгізу. Ілеспе жұмыстарын атқарумен қатар, крандар мұнараларының биіктігін ұлғайту және кеміту. Арқандарды қайта енгізу. Крандар механизмдерін сынамалау, оларды монтаждаудың ақаулықтарын жою және реттеу. Крандарды сынақтау және крандар механизмдерін реттеу. Крандарды Проматомнадзордың талаптарына сәйкес сынақтан өткізу және пайдалануға қосу. Ұсату-уату қондырғысын жұмыс қалпына келтіріп орнату. Домкратта бастапқы және қайталама ұсату агрегаттарын шығару. Қондырғыны зая жүріс кезінде реттеу және сынамалау. Жұмыс аяқталысымен ұсату-сұрыптау қондырғысын алып тастау. Пневмобетоноломдарды және қадалық кескішті монтаждау. Шөмішінің сыйымдылығы 1м* артық экскаватор механизмдерін, өздігімен жүретін асфальтбетон төсеушілерін, жерсорғыш снарядтарды және өнімділігі сағатына 300 м* астам айдағыш қондырғыларды монтаждау.
Білуге тиіс. Құрылыс машиналарын (жүк көтергіштігі 5 т асатын мұнаралы крандарды, ұсату-сұрыптау қондырғыларын және т.б.) монтаждау және демонтаждау кезінде аса күрделі жұмыстарды орындау тәсілдері; реттеу және баптау тәсілдері; іске қосу кезінде оларды сынамалау ережелері.
Орта арнаулы (кәсіптік) білімнің болуы талап етіледі.
179. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ ЖӘНЕ ОНЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ МОНТАЖШЫСЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жабдықты бумадан және консервациядан босату. Жабдықты шаңнан, ластан және консервациялайтын жабындардан тазалау. Шыныдан жасалған жабдықты, шыны құбырларды және оларға қоса берілетін фасонды бөліктерді жуып-шаю. Құбырлар ұштарын консервациялау. Фундаменттердің тірек беттерін түзету, бедерлеу және тазартып сумен жуып-шаю. Нөмірлік тақтайшалар жасау және оларды аппараттар мен жабдыққа орнату. Жауапты емес жалғауларды бұрау және бұрандадан босату. Фундаментті бұрандамалардың бұрандалық бөлігін айдап өткізу.
Білуге тиіс. Жабдықты бумадан босату тәсілдері; ең қарапайым такелаждық айлабұйымдар түрлері және оларды қолдану ережелері; слесарлық аспаптың қолданылу мақсаты; жабдықтардың бөлшектерін майлау тәсілдері; қолданылатын майлар мен майламалардың сортаменті.
180. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ ЖӘНЕ ОНЫМЕН
БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ МОНТАЖШЫСЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді шаблон бойынша таңбалау. Қол және механикалық бұрғымен саңылаулар бұрғылау. Бұрандалық және ернемекті жалғауларды жинақтау. Бұранданы қолмен кесу. Төсемдер жасау. Бөлшектер мен метал құрылымдарын түзеу. Жіктерді монтаждық бұрандалармен бекіту. Жиналатын құрылымдардың жіктерін тегістеу. Құбыр ұяларын тегістеу, құбырлар ұштарын жібіту және өңдеу. Жиектерді дәнекерлеу үшін (тегістеу) егеп кесу. Блоктардың, домкраттардың және салмағы 10 т дейін шығырлардың көмегімен жабдықтың орнын ауыстыру. Жабдықты инвентарлық ілмектермен ілмектеу, жабдықты тасымалдау, төсеу және ілмектен босату. Қоршағыш қаптамалар мен торлар, көпбұрандалы қысқыштар, жай такелаждық жабдықтар орнату. Монтажға бекітпе бөлшектерін дайындау. Шойын мен шлактың стационарлық науаларын, шиберлерді, люктарды, шойын-плиталық төсемді, бүркігіштерді, астауларды және штуцерлерді, кермелі және жетекқондырғыларын, құбырларды уыттауға және жуып-шаюға арналған ванналарды монтаждау. Жабдықтың бөлшектері мен тораптарын ерітінділермен жуып-шаю және оларды кептіріп сүрту.
Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың сортаменті; күрделі емес монтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері; қолданылатын такелаждық құралдарының құрылғысы мен оларды пайдалану ережелері; металды коррозиядан қорғау тәсілдері; жай өлшеу аспабының құрылғысы.
181. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАБДЫҚТЫ ЖӘНЕ ОНЫМЕН
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Такелаждың әмбебап құралдарын және көтергі крандарын қолдану арқылы салмағы 25 т дейін жабдықты ілмектеу, орнын ауыстыру, төсеу және ілмектен босату. Жабдық монтаждалатын фундаменттердің күйін тексеру. Дұрыстаудың ең қарапайым әдістерін тексеру. Күрделілігі орташа бөлшектерді таңбалау. Сырт беттері бөлшектерін тегістеу. Диаметрі 100 мм дейін баратын нығыздағыш арматуралардың саңылауларын ашу, беттерін сүрту, сальниктерді қымтау. Төсемдерді фундаментке тығыздап қиюластыру, фундаменттік бұрандамаларды орнату. Құбырлар ұштарын вальцтеу. Жабдықтар жиектерін және құбырлар ұштарын дәнекерлеуге дайындау. Тұрақты бұрандамалық жалғауларды бекіту. Беріктігі жоғары бұрандамаларды орнату. Көлік таспалары мен белдеулерді бекіту. Бункерлер жапқыштарын, жай метал құрылымдарын: сатыларды, алаңшаларды, қоршауларды, тірек тұғырларын, кронштейндерді, мінбесатылар, төсемсатылар және т.б., сондай-ақ салмағы 5 т дейінқұрылымдарды: арқауларды, жүгіртпелерді, байланыстарды монтаждау. салмағы 3 т дейін сыйымдылықты аппаратураны, станоктарды, престерді, дірілді електерді, вальцтерді, елеуіштерді, екі білікті араластырғыштарды және салмағы 5 т дейін басқа да жабдықты монтаждау. Араластырғыш құрылғылары бар аппараттарды монтаждау. Диаметрі 50 мм дейін ысырмалар мен шиберлерді монтаждау. Көтергіш-көліктік механизмдерді монтаждау: жүк көтергіштігі 10 т дейін тораптарды, крандарды, жылжу және көтеру механизмдерін ірілетіп жинақтау. Орталықтанған майлау жүйелерін монтаждау. Салмағы 1т дейін компрессорларды, сорғыларды және желдеткіштерді жинау және монтаждау. Диаметрі 200 мм дейін технологиялық құбыржолдарын 4 МПа дейін шартты қысымға монтаждау. Диаметрі 25-тен 40 м дейін шыны құбырларды монтаждау. Полиэтилен және винипластты құбырларды пісіру. Цемент пештерінің жеке тораптарын, камералық электрпештерін, нығыздағыш құрылғыларды, шыңжырлы шымылдықтарды және т.б. монтаждау. Салқындату қондырғыларының, парақ кесуші машиналардың, баспа шағын форматты машиналарды, бір челнокты тігін станоктарын, жапқыш, сүрткіш, қамырбөлгіш машиналар мен басқа да жабдықтарды монтаждау. Май жинағыштардың, май бөлгіштердің, аммиякты конденсаторлардың, буландырғыштардың, промсосудтардың жеке тораптарын монтаждаудан бұрын ревизиялау. Бөлшектер мен аспаптарды монтаждық поршеньдік пистолеттер арқылы бекіту. Жабдықты жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см*) дейін бола тұра гидравликалық және пневматикалық сынақтардан өткізу.
Білуге тиіс. Құрастырылатын жабдықтың құрылғысы және оны құрастыру технологиясы; орташа күрделіліктегі жабдық іргетасының мөлшерін тексеру тәсілдері; қолданылатын бұйымдар, құрылымдар, материалдардың сұрыпталуы; жеке элементтерден құрылымдарды құрастыру және жинақтау; металл құрылымдардың элементтерін біріктіру және бекіту тәсілдері; құбыр жүйелерін жинақтау міндеті және тәсілдері; механизацияланған аспаптар мен такелажды айлабұйымдарды пайдалану құрылғысы және ережесі; ерітінділерді даярлау және бөлшектерді уыттау ережесі; гидравликалық және пневматикалық сынамаларды өткізу ережесі; жабдықтарды, тетіктерді және машиналарды жинақтауға ұсынылатын техникалық талаптар.
Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары