Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

 

182.  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ МОНТАЖШЫСЫ 

 

                                        5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 25-тен 60 тоннаға дейінгі жабдықтарды әмбебап такелажды айлабұйымдар мен көтергіш крандарды қолданып ілмектеу, орнын ауыстыру, қалау және ілмектен босату. Жабдықтардың бөлшектері мен тораптарды сызбалар мен егжей-тегжейлерге сәйкес  таңба бойынша жиынтықтау және сұрыптау. Күрделі іргетастардың геометриялық мөлшерін тексеру және оларды жинақтауға қабылдау. Іргетастардың жинақтау белгісі. Кез келген күрделіліктегі жабдықтардың жинақтау біліктерін белгілеу, орнату және көшіру. Бөлшектерді 0,01 мм-ге дейінгі дәлдікпен аралап кесу, қырғылау, тегістеу және қиюластыру. Бөлшектердің бетін 800 мм-ге дейін қырғылау. Жалпы салмағы 3-тен 10 тоннаға дейін және 10 МПа-ға дейінгі (100 кгс/см-ға дейін*) жұмыс қысымымен салмағы 10-нан 25 тоннаға дейін жиналғанда  түйінделіп немесе блокталып түсетін технологиялық жабдықтарды жинақтау.          16 метрге дейінгі биіктіктегі жабдықтарды жинақтау. Уату-үгіту жабдықтарын: 5 тоннадан асатын електерді, 10 тоннаға дейінгі уатқыштарды, дезинтегралдағыштарды, қажалағыштарды, сырғымаларды, диірмендерді, каландрларды және т.б. жинақтау. Жинақталған түрде келетін салмағы 1-ден 20 тоннаға дейінгі темір кесетін станоктар мен ұсталық-нығыздау жабдықтарын, механикалық және гидравликалық  нығыздарды, фрикциялық, бу-ауа, пневматикалық және рессорлық балғаларды жинақтау. Бөлшектелген түрінде келетін күрделі станоктар мен ұсталық-нығыздау жабдықтарын жинау. Қозғағыштарының қуаттылығы 10 кВт-тан асатын үздіксіз қимылдап тұратын көтергіш-көлік жабдықтарын, ұзындығы 80 метрге және ені 1 метрге дейінгі конвейерлердің барлық түрлерін, элеваторларды, шнектерді, аэронауаларды және басқаларды жинақтау. Жинақталған түрде келетін салмағы 1 тоннаға дейінгі компрессорлы және бұрғылау агрегаттарды, желдеткіштер мен түтінсорғыштарды, салмағы 0,72 тоннаға дейінгі сорғыларды, салмағы             0,5 тоннаға дейінгі электр қозғағыштардың сүзгіштерін жинақтау.  Цемент пештердің жеке тораптарын: қаңқа блоктарды, көмекші тартпаларды, жылу алмастыру қондырғыларын жинақтау. Домна, конвертор және мартен пештері, агломерациялау фабрикалары мен темір рудаларын: үрлеуіштерді, науаларды, ауа жылытқыштарды, тұндырғыштарды, сүзінділерді, металл қалыптарға және үрлеуіштерді беруге арналған арбаларды ауыстыру үшін механизацияланған алаңшаларды кесектеу фабрикаларының жабдықтарын жинақтау. Тоңазытқыш қондырғылардың: май жинағыштардың, май айырғыштардың, реттейтін станциялардың жабдықтарын жинақтау. Диаметрі 200 мм-ге дейінгі, 4-тен 9,8 МПа (40-тан асатыны 100 кгс/см*-ге дейін) шартты қысымдағы құбыржолдарды, диаметрі 40 мм-ден асатын әйнек құбыржолдарды жинақтау. Теңгермелерді, штуцерлерді, үштіктерді, қадабелгілерді, арматураларды және т.б. орнату. Қою және сұйық май автоматтандырылған орталықтандырылған  жүйелерін жинақтау. Жабдықтарды дұрыстау және май құюға тапсыру. Саңылаулар мен тісті іліністерді тексеру. Диаметрі 600 мм-ге дейінгі арматураларды тығыз қиюластыру. Құрастырылған жабдықтарды 20 МПа-ға дейін (200 кгс/см-ға дейін*) жұмыс қысымында гидравликалық және пневматикалық сынау. Галереялар мен этажеркалар құрылымдарын монтаждау. Металл шатыр тіреуіш және шатыр тіреуіш фермалар, ұстындар, жабындарды ірілендіріп құрастыру. Салмағы 15 тоннаға дейінгі болат ұстындарды құрастыру. Жабдықтар мен коммуникацияларды жөндеуге және пайдалану.

Білуге тиіс. Құрастырылған жабдықтардың құрылғысы және қолдану принципі; жабдықтар, құбыржолдар, құрылымдар, машиналар мен тетіктерді монтаждау технологиясы; іргетастарды және жабдықтарды орнату орындарын монтаждауды тексеру және қабылдау ережесі; монтажды біліктерді таңбалау, қондыру және көшіру тәсілдері; заманауи мұқият тексергіш жабдықтарды қолдану принципі және пайдалану ережесі; майлау жүйесінің құрылғысы және  қолданылу принципі; монтаждалатын жабдықты теңгеру, дұрыстау және реттеу; жабдықтар, галереялар, эстакадалар, этажеркаларға қызмет көрсетуге арналған бағана, арқалық, алаңшалардың құрылымдарын монтаждау тәсілдері; болат тіреу құрылымдарды, оның ішінде өндірістік пештердің құрылымдарын ірілендіріп құрастыру тәсілдері; жабдықтармен болат құрылымдардың жанасу тәсілдері: жабдықтар мен құрылымдарды монтаждауға қойылатын техникалық талаптар; жабдықтарды, желдеткіш және басқа монтаждалатын жабдықтың жүйелерін пайдалану ережесі.

 

183. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ МОНТАЖШЫСЫ 

 

 

                                                                                                              6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 60 тоннадан жоғары жабдықтарды әмбебап такелажды айлабұйымдар мен көтергіш крандарды қолданып ілмектеу, орнын ауыстыру, қалау және ілмектен босату. Ауданы 0,5 м*-дан асатын бөлшектердің бетін қырғылау. Диаметрі 800 мм-ден асатын бөлшектерді статистикалық теңгеру. Түйіндермен немесе блоктармен салмағы 10 т-дан асатын және 10 МПа-дан жоғары (100 кгс/см-дан жоғары *) жұмыс қысымында салмағы 25 т-дан жоғары жиынтықта технологиялық жабдықтарды монтаждау. Биіктігі 16 метрден жоғары бағана үлгідегі жабдықтарды монтаждау. Уату-тарту жабдықтарын: 10 тоннадан жоғары салмақтағы уатқыштарды, жұмырларды, аэробильдік, өзекше диірмендерді, сыныптауыштарды, сепараторларды, флотациялық машиналарды, тозаң тұтқыш қондырғыларды және т.с.с. монтаждау. Жинақталған түрде түсетін салмағы 20 тоннадан жоғары әртүрлі үлгідегі және мөлшердегі металл кесетін станоктар мен ұсталық-нығыздау жабдықтарды, сондай-ақ бөлшектенген түрде түсетін аса күрделі станоктар мен нығыздауыштарды монтаждау. Әртүрлі үлгідегі және мөлшердегі үздіксіз жұмыс істейтін көтергіш-көлік жабдықтарды, ұзындығы  80 метрден және ені 1 метрден асатын барлық үлгідегі конвейерлерді, демпферлік және бұрғылау қондырғыларын монтаждау. Барлық үлгідегі крандарды монтаждау және оларды сынамалау. Цемент пештерді, құбыр диірмендердің, шламдық қоспалауыштардың негізгі көтермелерін, подшипниктерін және барабандарын монтаждау және дұрыстау. Домна, мартен, конвертор және илемдеу цехтарының, агломерациялық кесектеу фабрикаларының жабдықтарын; бұру тетігі және алаңшасымен конверторларды; телескоптық, кептіру қондырғыларының көтергіштерін, домна пештерін, жентектеу арбаларын, горндарды, газбен жылыту және жүк түсіргіш қондырғыларды, суық және ыстық илемдеу стандарын және т.б. монтаждау. Кокс машиналарын, мұнара үлгідегі аппараттарды, дефлегматорларды, бу инжекциялары жүйесін, сатураторларды монтаждау. Тоңазытқыш қондырғылары жабдықтарын: аммиак конденсаторларды, буландырғыштарды, реттейтін станцияларды, ресиверларды монтаждау. Аммиак жүйесін зарядтау. Ауыл шаруашылығы жабдықтарын: су ағатын қондырғыларды, бу пастеризаторларын, күрделі сүт танкілерін, барлық түрдегі және жүйедегі инкубаторларды, механикалық электр қырқатын агрегаттарды, май даярлағыштарды және т.б. монтаждау. Диаметрі 200-ден 600 мм-ге дейінгі шартты қысымы 4-тен 9,8 МПа-ға дейінгі (40-тан 100 кгс/см-ге дейін *), қысымына қарамастан және диаметріне қарамастан шартты қысымы 9,8 МПа (100 кгс/см-дан жоғары*) құбыржолдарды монтаждау. Қою және сұйық майлаудың орталықтандырылған жүйесін монтаждау. Сыйымдылығы 1000 м-дан асатын металл және темір бетон цилиндр резервуарларды*, сыйымдылығына қарамастан өзгеше резервуарларды және газгольдерлерді монтаждау. Нивелир мен теодолит жабдықтарын мұқият тексеру. Жабдықтауға арналған металл құрылымдарды; элемент немесе блок салмағы 15 т-дан жоғары болат ұстындарды, кран астындағы арқалықтарды және басқа құрылымдарды, аралығы 24 м-ден асатын фермаларды орнату және тексеру.  Панель мен блоктан пештердің құрылымдарын ірілендіріп жинақтау, құбыржолдарды ірілендірілген блоктармен монтаждау. Технологиялық жабдықтарды байқап көру және дұрыстау және оны пайдалану.

Білуге тиіс. Аса күрделі агрегаттар мен технологиялық желілерді монтаждау, реттеу және дұрыстау тәсілдері, жабдықты дұрыстау тәсілдері; трасса мен төсемдерді, құбыржолдарды сызбалар мен макеттер бойынша қашықтату; дәнекерлеу жігін термоөңдеу тәсілдері; ірілендіріп құрастыру және жабдықтарды монтаждауға байланысты кез келген құрылымдарды монтаждау тәсілдері, күрделі нобайлар мен монтаждау тәсімдерін орындау ережесі; желдеткіш жүйелерін аэродинамикалық сынамалардан өткізу ережесі; агрегаттар мен машиналарды пайдалануға берерде байқау ережесі.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

 

184. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ МОНТАЖШЫСЫ 

 

 

 

                            7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрылымды стандартталмаған жабдықты монтаждау. ДКВР қазандықтарын монтаждау. Аустенитті сыныптың плакирленген және тотқа тұрақты болаттан жасалған құбыржолдарды монтаждау. Ірі ауқымды блоктардан жасалған құбыржолдарды монтаждау. Қабырғалары әртүрлі қалыңдықтағы түйістіре жалғамаларды құрастыру. 450*С және одан жоғары бу температурасында бу құбыржолдарын монтаждау. Сызбалар мен үлгілер бойынша басқару қалқаншасын құбыржолдармен орау. Бөлшектенген түрде келетін күрделі нығыздау жабдықтарын монтаждау. Салмағына қарамастан агрегирленбеген компрессорларды, сондай-ақ блоктай жеткізілетін желдеткіштер мен түтінсорғыштарды монтаждау. Жаңа аспаптар, құрал-саймандар мен құрылғыларды қолданып жоғары дәлдікпен орындауды талап ететін жаңа ерекше күрделі жабдықтарды монтаждау.

Білуге тиіс. Ерекше күрделі жабдықтарды, құбыржолдарды және олармен байланысты құрылымдарды монтаждау тәсілдері; плакирленген болат пен ірі ауқымды блоктардан жасалған құбыржолдарды монтаждау ережесі; құрастырылған жабдықтарды сынамадан өткізу тәсілдері; жабдықтарды монтаждау және пайдалану кезінде қойылатын талаптар.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

 

185. ТУРБОҚОНДЫРҒЫ МОНТАЖШЫСЫ

 

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалып бойынша бөлшектерді таңбалау. Шытырлауық және бұрғылап тесу. Бұрандалы және ернемек құраманы құрастыру. Астар және төсем даярлау. Жабдықтарды босату. Консервациялаудан алу. Блоктардың, көтергіштердің, қол шығырлардың көмегімен жабдықтардың орнын ауыстыру.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың сұрыптамасы; жабдықтарды босату тәсілдері; күрделі емес монтаждау жұмыстарын орындау тәсілдері; жай такелажды құралдарды қолдану қондырғылары; жабдықтардың бөлшектері мен тораптарын расконсервациялау тәсілдері.

 

186. ТУРБОҚОНДЫРҒЫ МОНТАЖШЫСЫ

 

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыналы көтергіштерді, жұп сыналарды, ұстап тұратын болттарды орнатуға іргетаста арнайы айлабұйымдарды, жұп сыналарды, ұстап тұратын болттарды, орындарын даярлау. Конденсатор құбыржолдарын орнатуға даярлау. Ажыратқыш цилиндрлердің болттарын орнату және созу. Генератор шықпалары қорабын орнату. Турбоқондырғыларға қызмет көрсету баспалдақтары мен алаңшаларын орнату.

Білуге тиіс. Құрастырылатын жабдықтың құрылымы; орташа күрделіліктегі жабдықтардың іргетасының мөлшерін тексеру тәсілдері мен осы жабдықты монтаждау әдістері; механизацияланған құралды пайдалану тәсілдері; құрастырылатын жабдықты дұрыстаудың жай тәсілдері;    гидравликалық сынау тәсілдері; жабдықтарды ілмектеу және орнын ауыстыру, сондай-ақ механизацияланған такелажды жабдықты пайдалану тәсілдері.

 

187. ТУРБОҚОНДЫРҒЫ МОНТАЖШЫСЫ

                  5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. ГТУ компрессорларын монтаждауға даярлау. Конденсат, сервомоторлар, қысым аккумуляторлары, өзгеретін диафрагманың жиынтығын монтаждау. Бақылау штифтері мен қашықтықтан болттарды орнату.  Датчиктерді және ротор, тахиметрлерді бақылау жүйесінің көрсеткіштерін орнату. Май бактарын және отқа төзімді сұйықтық, май суытқыштар, су және май сүзгілері, эжекторлар бактарын монтаждау. Конденсатор түтіктерін толтыру. Траверстер мен щетка ұстағыш аппаратын орнату. Статорға қалқан орнату. Жабдықтардың бетін қырғылау.

Білуге тиіс. Монтажды біліктерді таңбалау, орнату және көшіру тәсілдері;  іргетасты және жабдықты орнататын орынды монтаждауға тексеру және қабылдап алу ережесі;  күрделі жабдықты монтаждау тәсілдері; құрастырылатын жабдықты теңгеру, ортаға келтіру, дұрыстау және реттеу тәсілдері; майлау жүйесін қолдану құрылымы және принциптері; жабдықтарды монтаждауға қойылатын техникалық талаптар; оны пайдалану ережесі.

Цилиндрлер мен ағатын бөліктегі желілерді монтаждауға  даярлау.

 

188. ТУРБОҚОНДЫРҒЫ МОНТАЖШЫСЫ

                  6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Іргетас жақтаулары мен тақталарын орнату. Цилиндрлер, роторлар, ГТУ компрессорлары мен подшипниктерді монтаждау. ГТУ жану камераларын монтаждау. Генератор статоры мен роторы, қозғауышты монтаждау. Турбина роторына генератордың роторын ортаға келтіру. Газ салқындатқыштарды орнату. Статор мен ротордың герметикалығын тексеру. Конденсаторларды, жылу алмастырғыштарды монтаждау. Вакуум жүйесінің тығыздылығын тексеру, май айдау.

Білуге тиіс. Ерекше күрделі жабдықтарды монтаждау тәсілдері; жабдықтарды реттеу және жөндеу тәсілдері.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

 

189. ТУРБОҚОНДЫРҒЫ МОНТАЖШЫСЫ

                  7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы такелажды қондырғыларды қолданып екі және үш көтергіш крандармен оны көтеру және орнатумен ауыр салмақты жабдықтарды монтаждау. Генератор статорына роторды кіргізу. Бу реттейтін және бөлетін органдарды тексеру, жинау және орнату. Статордың монтажды біліктері мен генератор роторының қалпын тексеру. Турбоқондырғыларды түпкілікті дұрыстау. Жұмыс істемейтін турбиналарда реттеуді тексеру.

Білуге тиіс. Ерекше күрделі жабдықтарды монтаждау тәсілдері; бу және газ турбина қондырғыларын пайдалануға берерде сынамалау ережесі.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

 

190. ЖЕР БЕТІНДЕГІ ШАХТА ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ МОНТАЖШЫСЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жер бетіндегі шахталық жабдықтың және олармен байланысты құрылымдарды монтаждауда қарапайым жұмыстарды орындау. Жауапты емес бөлшектерді араластыру. Жабдықтарды босату. Аппараттар мен жабдықтардың нөмірімен тақтайшаларын әзірлеу және орнату.

Білуге тиіс. Жабдықтарды босату тәсілдері; қарапайым такелажды айлабұйымдардың түрі және оларды қолдану тәсілдері; жабдықтардың бөлшектерін майлау тәсілдері; слесарлық аспаптың міндеті.

 

191. ЖЕР БЕТІНДЕГІ ШАХТА ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ МОНТАЖШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалып бойынша бөлшектерді таңбалау. Шытырлауық және бұрғылап тесу. Бұрандалы және ернемек құраманы құрастыру. Бұранданы қолмен ою. Астар және төсем даярлау. Металл құрылымдарды түзету. Жіктерді монтажды болттармен бекіту. Құбыр ұяларын тазалау, құбыржолдардың шетін күйдіру және өңдеу.

Білуге тиіс. Қолданатын материалдардың сұрыптамасы; күрделі емес монтажды жұмыстарды орындау тәсілдері; қарапайым такелажды құралдарды пайдалану ережесі.

 

192. ЖЕР БЕТІНДЕГІ ШАХТА ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ МОНТАЖШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шығырларды кН (5 тс-ға дейін) ауырлық күші жиынтығымен орнату. Қарсы салмақ орнату.  Машиналар мен жабдықтарға қоршаулар және қаптар құрастыру және орнату. Ауа және май жүйесін өткізбеушілікке сынаудың жеке тораптарын тексеру.  Машиналар мен жабдықтардың  жекелеген тораптарын тексеру кезінде босату, тазалау және майлау.

Білуге тиіс. Құрастырылатын жабдықтардың құрылымы; орташа күрделіліктегі жабдықтарға іргетастардың мөлшерін тексеру тәсілдері және осы жабдықтарды монтаждау әдістері; механизацияланған аспапты пайдалану тәсілдері;  құрастырылатын жабдықты дұрыстаудың қарапайым тәсілдері; гидравликалық сынамалардың тәсілдері; жүктерді ілмектеудің және орнын ауыстырудың тәсілдері; механизацияланған такелажды жабдықтарды пайдалану ережесі.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары