Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:31, лекция
1. Социологияның әлеуметтік білім жүйесінде алатын орны.
2. Социологияның объектісі мен пәні.
3. Социологияның құрылымы.
4. Социологияның заңдары мен категориялары.
15 тақырып.Әлеуметтанудың зерттеу тәсілдері мен әдістері.
Дәріс жоспары:
1.Социологиялық зертттеудің мақсаты мен мәні
2.Социологиялық зетрреу әдістері
3.Социологиялық сауалнама
– социологиялық ақпарат
Дәріс мазмұны:
Социологиялық зерттеу – нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретеін теориялық және эмпирикалық рәсімдер жүйесі.
Социологияның өз саласында әр түрлі тұрғыда пайдаланатын сан алуан әдістері бар. Олардың бір бөлігі этнографиядан, статистикадан, психологиядан алынған, көпшілігі дербес әзірлегнен, бірақ барық пайдаланатын әдіске ол белсенді социологиялық танымдық іздестіру құралының сипатын дарытқан.
Эмпирикалық ақпаратты жинау мынадай әдістер арқылы жүргізіледі: құжаттарды талдау, бақылау, тәжірибе жасау, сауалнама жүргізу (ауызша – интервью, жазбаша – сауалнама беру, сараптамалық – құзыретті тұлғаларға сауалнама жзүргізу).
Құжаттарды талдау. Құжат - мәтінде, таспада, дискетте және с.с-да беогілінген ақпатаратты беру және сақтау үшін арнайы жасалған зат.
Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді: дәстүрлі және қалыпқа келтірілген.
Дәстүрлі талдау ретінде «құжатта белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылданған барлық ақыл-ой операциялары түсініледі... Іс жүзінде бұл құжаттың мазмұнын түсіндірудің, оын талқылаудың өзі.
Қалыпқа келтірілген әдіс – сапалы ақпаратты сандық көрсеткіштерге (қанша, уақыттың қандай кезеңіне) аудару, мұнда – контент-талдау – мәтіндік ақпатаратты ( газет, хат), фонетикалық ақпаратты (ТВ және радио хабарлары) сандық көрсеткіштерге аудару.
Бақылау – оқиға куәгерінің оқиға өтіп жатқан кездегі оқиғаны тікелей тіркеу әдісі. Ол статистика әлсіз, бастапқы таным пункті ретінде бағдарламаны жасау кезеңінде; индивид пен топтардың сөйлесу, мінез-құлық формаларын зертткку кезінде қолданылады.
Социологиялық ақпаратты жинаудың ең бір қиын және ерекше игерілетін әдістеріне эксперимент жатады. Эксперимент – (experimentum деген латын сөзінен шыққан – сынам, тәжірибе) бақыланатын және басқарылатын жағдайларда жаңа білім алудың ғылыми әдісі. Табиғи (далалық, лабораторилық) және ойша (үлгілік) түрлері болып көрсетіледі.
Сауалнамалар, егер олардың қоғамдық пікірді зерттеудің ғылыми әдісі формасын алған сәтті есептейтін болсақ, ол үш жылдық даму жолынан өтті.
Сауалнама нұсқалары:
1.Жеке немесе жанама түрде (таратылатын, почталық, телефон, баспасөз арқылы).
2.Жеке немес топтық
3.Еркін немесе қалыпқа келтірілген, шоғырландырылған (бағытталған).
4.Ауызша немесе жазбаша.
5.Тұтас немесе іріктеме.
6.Тұрғылықты жері немес жұмысы бойынша, уақытша мақсатты аудитория.
Бақылағыш сұрақ қоюға да болады (тапсырма: негізгі сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығын тексеру, бақылау сұрақтарының арасында 3-4 аралық сұрақ тұруы мүмкін).
Анкета (enquete деген француз сөзінен шыққан – зерттеу) – өзіндік ерекшелігі бойынша респондентпен әңгімелесу сценарийі, бұл осы әңгіменің (интервью) немес сырттай (анкета тарату) болуына байланыссыз болады.
Интервью (ағылш. Interview – әңгімелесу) – респондентпен тікелей диолог арқылы ақпарат алу әдңсң, мұның мақсаты – солциологиялық зерттеу бағдарламасында көзделген сұрақтарға жауап алу болып табылады.
Интервьюдің мынадай өзіндік ерекешеліктері бар:
1.Респонденттің психолгоиялық реакциясын бақылауға мүмкіндік береді
2.Интервьюердің респондентпен
жеке қарым-қатынасы
3.Жеке қарым-қатынас
Сөйтіп, социологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдастыру зерттеудің мақсатына жету – осы зерттеу мәніне қатысты жаңа білім алу үшін жүзеге асырылатын негізделген іс-шаралар кешенінен тұрады.