Социология ғылымы және оның құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:31, лекция

Краткое описание

1. Социологияның әлеуметтік білім жүйесінде алатын орны.
2. Социологияның объектісі мен пәні.
3. Социологияның құрылымы.
4. Социологияның заңдары мен категориялары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология лекциялары.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

У.Томас пен Ф.Знанецкий “ Европа мен Америкадағы прляк шаруасы” атты бес томдық еңбегінде материалдарды іріктеу, орналастыру жүйесі арқылы индивид психикасының, оның көқарасының рөлін, сондай-ақ әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты олардың эволюциясын дәлелдеді. Оқымыстылар әр индивидке балалық және жастық шақты қалыптасып, өмірдегі экономикалық, әлеуметтік және ғұмыры бойында сақталып қалатын тұрақты әлеуметтік мінез-құлық үлгісінің тән екендігін көрсетеді.

Осылайша түп негізінде тұрақтылық, индивидуум ұмтылысындағы өзгермеушілік жататын “әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты үлгісі” тұжырымдамасы жасалды. Бұл “әлеуметтік міне-құлықтың тұрақты бейнесі” тұжырымдамасы АҚШ-та қылмыс, нашақорлық, ішімдікке салыну сияқты құбылыстарды түсіндіру үшін кеңінен қолданылады.

Социологияның дамуының  жаңа кезеңі біріншіден эмпирикалық социологияның қалыптасуы және дамуымен, екіншіден, жаңа бағыт пен теорияның дамуымен, үшіншіден, эмпирикалық және теориялық социологиялық белгілі дәрежеде ұштастыру үшін ұмтылуымен байланысты. Бұл кезеңнің хранологиялыә кезеңі 70 жылды қамтиды, ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан осы уақытқа дейін. Бұл кезең үш мерзімнен тұрады. Бірінші (20-40 жылдар) мерзім эмпиризмнің үстемдігі үшін шабылуы мен сипатталады. Екінші мерзім (40-60 жылдар) теориялық-тәсілдемелік құрылымның күшеюімен сипатталады. Ақырында, үшінші мерзім (70 жылдардың басынан біздің уақытымызға дейін) теориялық және эмпирикалық зерттеуді макро және микро социологиялық қатынасты біріктіруі үшін күреспен сипатталады, екінші жағынан социология ғылымының жаңа дәрежеге қоғамдық құбылыстар мен процестерді теориялық ой қорытындысынан өткізуге көтеруімен сипатталады.

ХХ ғасырдағы социологиялыә прогрестің даму тенденциясының бірі – эмпиризмнің дамуы. Эмпирикалық социология деп нақтылы әлеуметтік факторларды жинау және қорытумен байланысты зерттеуді және арнаулы сұрау, социологиялық бақылау, эксперимент тәсілдерін пайдалануды түсінеміз. Мұндай зерттеулер 20-30 жылдарда АҚШ-та, содан кейін басқа елдерде жүргізіле бастады. Алғашқы социологиялық зерттеу тек қана ХХ ғасырда жүргізілді деп ойлауға болмайды. Олардың бай тарихы бар. Эмпирикалық социология әлеуметтік статикасыз дами алмайды. Оның негізін ХІХ ғасырда франко-белгия ғалымы Адольф Кетле табиғат заңының әсері мен шарттандырылған қылмысты қоғамға тән деген қорытындыға келді. Эмпиририкалық социологияның қалыптасуына көп еңбек сіңірген ағылшын зерттеушісі және кәсіпкер Чарльз Буту болды.

Эмпирикалық және теориялық социологияның ұштастыра отырып дамыту идеясы Роберт Мертонның (1910 ж. туған) еңбектерінде орталық орын алды. (“Социальная теория и социальная структура”). Дегенмен, эмпирикалық және теориялық социологияның қатар дамуына әлде де көп уаәыт қажет болды. Мертон өзінің фукционалдық қорыту теориясы арқылы бөл алшақты жеңуге бірсыпыра үлес әосты.

Батыс социологиясының 50-60 жылдарда дамуына Р.Мертон идеясы жағымды роль атқарады, ол эмпиризімнің орын тебуіне қарсы күрес жІргізді, зерттеушілерді теориялық мәселелерді зерттеуіне бағыт берді.

Белгілі орыс-американ  социологы Ц. Сорокин (1889-1968 жж) алғаш рет Ресейде маңызды еңбектер жазды, Ресейде 1922 жылға дейін тұрды, одан кейін Батысқа кетуге мәжбүр болды. Америкада жұмыс істей жүріп, эмпирикалық социологияның ұсақ тақырыптары үшін, теориялық концепцияларды қамти алмағандары үшін сынады, ол оның көмегімен әлемдегі өзгерістерді түсіндірмекші болды.

ХХ ғасырдағы социологияның екінші кезеңі белгілі америка социологы Т.Парсонстың (1902-1979 жж.) ғылыми жөмыстарымен сипатталады. Ол әлеуметтік әрекеттің теориясын жасады. Ол бойынша мақсаттан және ережеден тұратын кез-келген әлеуметтік іс-әрекет етуші адамның болуын, нақтылы ситуацияның, әрекеттің жағдайын көздейді.

Социологияның дамуының ХХ ғасырдың 70-80 жылдары осы мерзімге дейін ұштасып келе жатқан жаңа кезеңмен сипатталады. Бөл кезең немен сипатталады? Біріншіден, бөл кезеңнің ерекшелігі бөл ғылымның пәнін түсінумен байланысты. Екіншіден, макро және микро социологияның, теориялық және эмпирикалық социологияның байланыс сипатын ашуды жалғастырумен сипатталады.

Социология ғылымы туралы маңызды еңбек жазған американ социологы Н.Смелзер және ағылшын социологы Э.Гидденс авторлар социология ғылымына тұтас алғанда қоғам, әлеуметтік құрылым және салалар туралы ілім деген нақтылы анықтама берді.

Академик А.Ядов “Н. Смелзер – осы заманғы көрнекті социологтарының бірі”, - деген. Смелзер қоғамды тірі организіммен теңеп қарайды, әлеуметтік институттар әлеуметтік организмдегі қалыпты “физиологиялық” процестерді жақтаушы арнаулы органдар деп қараған.

70-80 жылдарда, бұрынғы Одақта қалыптасқан әртүрлі объективтік және субъективтік жағдайларға байланысты , социология оәқтыла бастады, факультеттер, орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары құрылды. Көптеген белгілі социологтар қалыптасты – Г.В. Осипов, А.Г. Харчев, В.А. Ядов, Ю.А. Леваде, Ж. Тощенко, Т.И. Засловская, Л.Н. Коган, А.А. Радугин, т.б. олар әлемдік социологияның бар екендігін мойындауға мәжбүр болды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 тақырып. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.

Дәріс жоспары:

1.  Қоғамның жүйелік ұғымдары мен принцитері.

2.Қоғамның типтері, белгілер және даму заңдары.

1.       Қоғамдық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар, қоғамның қызметі.

Дәріс мазмұны:

Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қоғамның адам сияқты жануарлар дүниесінен өзінің салалығымен және мінез-құлқымен түбегейлі ерекшелігін көрсетеді. Қоғам – адамзаттың қауымдастығы, оны адамдар құрайды және соның құрамында өздері өмір сүреді. Қоғам адамдардың кез-келген механикалық жиынтығы емес, керісінше, ол адамдардың тұрақты, орнықты және мейлінше тығыз өзара ықпалы мен өзара әрекеттерінің негізінде құралатын бірлестік. Күнделікті өмірде ұғымы жиі айтылып, әр түрлі мағынада қолданылады – адамдардың шағын тобынан бастап бүкіл адамзатқа дейін және кітап сүюшілер қоғамынан бастап Қазақстан қоғамына дейін қолданылады. Алайда, әлеуметтану ғылымында қоғам ретінде адамдардың ортақ мекен-жайы, өзін-өзі толықтыру, өзін-өзі қамтамассыз ету сияқтылармен сипатталатын адамдардың бірлестігі түсіндіріледі.

Әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықытама беретін болсақ, онда қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланыс пен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және төрақтылығымен төтастығы, өзін-өзі өндірумен, өзін-өзі толықтырумен, өзін-өзі реттеумен және өзін-өзі дамытумен сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен қөндылықтар пайда болып, мәдениет деңгейі жоғары болатын бірлестік. Ал тар мағынада француз, жапон, т.б. елдерде қоғам мағынасында айтылады. Бөл жерде қоғам деп тарихи, социомәдени және басқа да ерекшеліктермен көрінетін нақты қоғам түрі түсіндіріледі.

Қоғам адамдардың өзара әрекетінің жемісі екенін өткен және бүгінгі әлеуметтанушылар толығымен мойындағанымен адамдар қоғамға бірігуінің басты негізі не деген сауалға түрліше жауап береді. Мысалы, француз ғалымы Э.Дюркгейм рухани ақиқат, неміс ғалымы М.Вебер адамдардың өзара әрекеті, К.Маркс адамдар қатынастарының жиынтығы, америка әлеуметтанушысы Т.Парсонс адамдар арасындағы қатынастар жүйесі, өлттық шығу тегінің бір болуы деген.

Демек, қоғам ұғымының мазмұнын ашатын анықтамалардың бәрінде қоғамның төрақтылығын құрайтын жүйе элементтері қарастырылып, қоғамның бәрі бір тектес емес екендігін, көп жақты және әр түрлі сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді қосқанда олардың өзіндік ішкі қөрылымы және қөрамы бар екендігін, көп жақты және әр түрлі сипаттағы әлеуметтік қөбылыстар мен процестерді қосқанда олардың өзіндік ішкі құрылымы және құрамы бар екенін көрсетеді. Қоғамның құрамды элементтеріне адамдар, әлеуметтік байланыстар мен әрекеттер нормалар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар және қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар және т.б. жататынын айтуға болады. Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен өзара  байланысты болып, қоғамда ерекше орын алып, рөл атқарады. Сондықтан әлеуметтанудың міндеті – қоғам құрылымын анықтау оның ең маңызды элементтеріне ғылыми сұрыптау жасау, олардың өзара байланыстары мен өзара әрекетін анықтау, әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғамдағы олардың орны мен рөлін зерттеу. Түптеп келгенде, әлеуметтік ққрылым қоғамның жүйе ретіндегі тұрақтылығын анықтайды. Өйткені, қоғам индивидтердің қарапайым жиынтығы, олардың өзароа байланысы мен әрекеттері және қатынастары ғана емес, керісінше, ол тұтас жүйе, мұндай жиынтық жаңа интегралды, жүйелік жеке заңдар бойынша өмір сүретін және дамитын әлеуметтік организм.

Қоғамның жүйелілігін көрсететін өғымдар мен негізгі принциптері бар. Оларды жете түсіну үшін ең алдымен жүйе, құрылым, т.б. ұғымдарын сараптап, білу қажет. Жүйе деп өзара бір-бірімен байланыста болатын және тұрақтылықты құрайтын тәртіптелген элементтердің жиынтығын айтады. Бұл ұғымды түсінуде элемент сөзі маңызды роль атқарады. Элемент деп отырғанымыз – объект. Объектілердің тікелей қатысуымен жүйе құрылады және өмір сүреді. Объектілерсіз немесе элементтерсіз жүйе ешқашан өмір сүре алмайды. Бірақ жүйеге енген элементтер жүйеге тән қасиеттерді және тәртіп (реттілік) белгілерін қабылдайды. Құрылым – бұл жүйенің ретке келтіру, ұймдастырылуы. Бұл, дәлірек айтқанда, жүйе элементтерінің арасындағы байланыстар мен өзара әркеттердің тәсілі.

Әлеуметтік жүйе – тұтастықты құрастыратын жүйе болып табылады, оның негізгі элементіне адамдар, оладың арасындағы байланыстар, әрекеттер мен қатынастар жатады. Бұл байланыстар мен өзара әрекеттер және қатынастар тұрақты сипат алады, тарихи процесс барысында ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Сондықтан да, әлеуметтік жүйе қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның, адамдардың әрекет ету саласының жемісі болып табылады.

Әлеуметтік қатынастар – жеке адамдар мен әлеуметтік топтарда болатын тұрақты және өз алдына жеке байланыс. Демек, қоғам көптеп саналатын индивидтерден, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстардын, өзара қимыл-әрекеттерден және қатынастардан қөралады.

Қоғамға тұтас жүйе ретінде қарап, оған жүйелік төрғыдан талдау жасауды ұсынушылар қоғамды жеке адамдардың, олардың байланыстарының, өзара әрекетінің, қатынастарының қарапайым жиынтығы деп қараудан сақтандыра отырып, қоғамдақ деңгейде болатын индивидтердің әрекеті, байланыстары мен қатынастары жаңа сапаны сапалық тұтастық жүйені құрайтынын атап көрсетеді.

Әлеуметтік процесс – осы кез-келген әлеуметтік объектінің, әлеуметтік жүйеленген элементтердің дәйекті түрде ауысып тұратын қозғалысы немесе күйі. Әлеуметтік процесс мынадай белгілермен сипатталады: әлеуметтік процестің құрамды бөлшектерінің өзара әрекет ету белгісі, объектінің жағдайға сәйкес бағытталуы, мерзімдік белгісі.

Қоғамды жүйелілік деңгейде қарастыруда детерминистік және функционалдық көзқарастар маңызды рөл атқарады. Детерминистік тұрғыдан қарастыру марксизмде анық байқалады. Бұл ілім бойынша қоғам тұтас жүйе ретінде төмендегідей жүйешеден тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысы өзін жеке-жеке жүйе ретінде қарастыруға болады. Қоғамдық жүйеде жаңа функцияларды қалыпастыру еңбек бөлінісі негізінде іске асады.

Функционализм идеясы – көбіне англо-американ әлеуметтанушыларына тиесілі. Функционализмнің негізгі ережелерін ағылшын әлеуметтанушысы Г. Спенсер (1820-1903) өзінің үш томдық “Әлеуметтану негіздері” еңбегінде белгілесе, оны американдық әлеуметтанушылар А. Радкиф-Браун, Т. Парсонс дамыта түсті. Функционализм эмпирикалық ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылды.

Қорыта келгенде,  қоғам дегеніміз – бұл адамдардың бүкіл негізгі қажеттіліктерін, өзін-өзі реттеуді, ұдайы өсіп-өніп отыруды қамтамассыз ететін әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік өзара әрекеттерді ұйымдастырудың әмбебап тәсілі. Қоғам әлеуметтік байланыстардың реттелуімен, нығаюымен, бұл байланыстарды қолдап және дамытып отыратын ерекше институттардың, нормалардың қалыптасуы мен пайда болды. Зерттеушілер қоғамның жүйелілік принциптерімен қатар, оның типтерін, белгілерін және даму заңдылықтарын да анықтайды.   

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 тақырып. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

Дәріс жоспары:

1.Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік       стратификация ұғымдары олардың негізгі элементтері мен формалары.

2.  Әлеуметтік мобилдік.

1.       Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері.

Дәріс мазмұны:

Бұл дәрісте әлеуметтік құрылымның мазмұнына, әлеуметтік айырмашылыәтарға және әлеуметтік теңсіздікке, әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобилділік проблемасына кеңірек тоәталамыз.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы біздің өмір шындығымызды түсіндірудің негізі болып есептелінеді. Бұл құрылымын кең көлемде алғанда қоғамды оның негізгі элементтерінің (саяси, экономикалық, мәдени, т.б.) бірлігін және өзара қарым-қатынасын сипаттайды. Бұл элементтердің әрқайсысының өз мәртебесі, алатын орны, атқаратын қызметі бар.

Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы. Ол элементтер – белгілі мәртебесі бар және белгілі роль атқаратын жеке адам, ал осы жеке адамдар мәртебелік белгілеріне сәйкес топқа бірігеді: әлеуметтік, территориялық, этникалық, өлттық, демографиялық, таптық, топтық, т.б. Осы әлеуметтік құрылымның әрбір элементі өз тарапынан өзінің байланыстарына, қызметіне қарай күрделі элементтік жүйе.

Дәрісте қоғамның таптық құрылымына тоқталамыз, қазіргі қоғамдағы таптарға сипаттама беріледі. Бұл күрделі мәселе, себебі, философтарда, тарихшыларда бұл мәселеге жете мән бермейді.

Қоғамның әлеуметтік жүйесінің элементтері біртектес емес. Осы жерде табиғи және жасанды айрмашылықтарды атап, сипаттама береміз. Олардың басты себептері де, салалары да аталады.

Әлеуметтік стратификация әлеуметтанудың маңызды тақырыбы. Ол қоғамдағы теңсіздікті баяндайды. Сонымен қатар дәрісте таптарды тудыратын фактылармен негіздерге сипаттама беріледі: меншік, ондағы адамның орны, білімі кәсібі атақ - даңқы т.б. Ол қазір бар, қоғамдық өмірде  орын алып отыр. қоғам тек таптан тұрады деген Маркстік көзқарастың қателігі де сипатталады.

Информация о работе Социология ғылымы және оның құрылымы