Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:31, лекция
1. Социологияның әлеуметтік білім жүйесінде алатын орны.
2. Социологияның объектісі мен пәні.
3. Социологияның құрылымы.
4. Социологияның заңдары мен категориялары.
Мәдениеттің диалектикалық дамушы прогресс есебінде екі жағы бар. Бірі – төрақты, “консервативтік”, екіншісі – дамушылық жаңалық жағы. Мәдениеттің тұрақты жағы – мәдени дәстүр, соның арқасында тарихтағы адамзаттық тәжірибе жинақталады, әрбір жаңа ұрпақ жасаған тәжірибесіне сүйеніп, оны кемелдендіреді, дамытады.
Мәдениеттің элементтері. Мәдениеттің негізгі элементтеріне ең алдымен тіл жатады. Ол адамзат тәжірибесін сақтау мен болашақ ұрпаққа берудің объектьивтік формасы. Демек, тіл адамдардың қатынас құралы, ойлаудың тікелей шындығы бола отырып, олар туралы мәлімет берудің құралы болып табылады.
Мәдениеттің жетекші саласы, оның анықтайтын элементі құндылық, себебі мәдениет - әлемді құндылық тәсілі арқылы игереді.
Екіншіден, ұлттық мәдениетті және кез келген басқа мәдениеттің негізгі элементтеріне сенім мен білім жатады. Сенімде адамдардың шынайы бейімділігі, күнделікті қызметінде нені басшылыққа алатындығы айқындалады да, ол мінез-құлық үлгілерінен, нормалары мен дағдыларынан т.т. көрініс табады. Сенімдер табиғи обьектілермен және әлеуметтік жағдайлармен байланысты болады да, өз бойында белгілі бір ғылыми және дағдылы мәлеметтер мен ақпараттар енгізеді.
Үшіншіден, мәдениеттің құныдылық-танымдық жүйесі оның маңызды компоненті (құрамды бөлігі) болып алады. Құндылық дегеніміз – бұл белгілі бір қоғамдық заттың, құбылысың қажеттілігі, ынтаны, мүддені қанағатандыру қасиеті. Құндылықтар әлеуметтік субьекті өз қажеттерін саналы түрде сезінуі нәтижесінде, қоршаған ортамен олардың сәйкестігінде, демек, бағалау актісінде жүзеге асатын құндылық қатынасы нәтижесінде қлыптасады.
Әлеуметтік субьектінің құндылықтар жүйесіне олардың алуан түрі енуі мүмкін:
1.Өмірдің мәні (қайырымдылық пен қатігездік, бақыт, мақсат) туралы;
2.Әмбебеп құндылықтар: а)күнделікті өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, әл-ауқат, отбасы, туысқандар, білім, квалификация, құқық тәртібі;
ә)қоғамдық мойындау (еңбек сүйгіштік, әлеуметтік жай-күй, т.т.)
б)адамдар арасындағы қатынас (адалдық, риясыздық, айнамастық, қайырымдылық)
в)демократиялық (сөз, ар-ождан, партиялар бостандығы, ұлттық егемендік т.т.);
3.Азаматтық: а)туған жеріне, отбасына қарайлағыштық
ә)фетишимизмдер (соқыр сенімдер, құдайға сену, мәңгілікке ұмтылу т.т.)
Төртіншіден, мәдениеттің жинақталған, синтетикалық түрі, формасы, мінез-құлық үлгілері: ырымдар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады. Ырымдар дегеніміз бұл – өз бойына қандай да әлеуметтік идеяларды, түсініктерді, нормалар мен құндылықтарды топтастырған және белгілі бір ұжымдық сезімдерді оятатын ұжымдық әрекеттердің символикалық өлшемдерінің жиынтығы.
Ұлттық, конфессиональдық, кәсіби өзіндік мәдениеттерді, ұйымдардың, әлеуметтік топтасулардың т.т. өзіндік мәдениетерін бөліп көрсетуге болады. «Ұлттық мәдениет» термині қандай да бір елдегі, мемлекеттегі адам қауымдастығын сипаттайтын символдарды, наным-сенімдерді, құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін анықтау үшін қолданылады.
Социология үшін бұл өзіндік мәдениеттер араласа ма, қатар өмір сүр ме және бір-біріне шыдамдылықпен қатыса ма немесе мәдени жанжалдар орын ала ма дегенді маңызды деп айқындауға болады. Осы мемлекеттің экономикасының жай-күйі, әлеуметтік-саяси ахуалы және күллі әл-ауқаты дұрыс мәдениет саясатына тәуелді.
11 тақырып. Бiлiм социологиясы.
Дәріс жоспары:
1.Әлеуметтанудағы білімнің рөлі
2.Білім берудің қалыптасыуының тарихы
3.Қазақстандағы отандық білім беру жүйесі
Дәріс мазмұны:
Әлеуметтанудағы білім тұлғаның әлеуметтену процесі ретінде қарастырылады. Сондықтан білімді формальді процесс ретінде анықтауға болады,осының негізінде қоғам бір адамнан немесе топтан басқа біреуге құндылықтарды, дағдыларды және білімді береді. Фкнкционалистік теорияға сәйкес, білім мәдени құндылықтарды сақтауға және жаңа технологияларды енгізу менбар білімдерді бағалаумен байланысты әлеуметтік өзгерістерге ықпал етеді. «Адамдық капитал» теориясына сәйкес білім болашақта табыс алып келетін, капитал жинақтау көзі ретінде қарастырылады. Конфликт теориясын жақтаушылар білімді қолайсыз жағдайдағы топтардың қаналуына ықпал жасайды деп түсінеді.Білім бір уақытта практикалық және символдық мағынаға ие бола алады. Коллиниздің пайымдауынша, американдық білім жүйесінің жетілдірілуі түрлі беделдегі топтардың байлығын, билігін, мәртебесін сақтап қалуына, сонымен қатар басқалардың осы игіліктерге жету жоын шектейді. Осылайша білім бір ұрпақтан келесі бір ұрпақаа әлеуметтік тәжербиені беру механизмі ретінде және ұлттық мәдениеттердің дамуы мен сақталу факторы ретінде қарастырылады. Білім адамның жан-жақты дамыту құралы болып есептеледі. Білім саласында әлеуметтік болжамдардың өз принциптері бар.
Қазіргі білім берудің қалыптасуының ұзақ тарихы бар. Адамзат қоғамының әр түрлі даму кезеңдерінде нақты әлеуметтік-мәдени контекстке негізделген білім берудің әр түрлі үлгілері құрылған. Құл иеленушілік қоғам екі үлгімен көрінеді: антикалық және римдік. Бұлар әртүрлі үлгілер болды, олар үшін білім берудің элитарлығы жылпы болып табылды, ғылыммен және өнермен айналысу еркін туғандардың артықшылығы болып саналды.
Антикалық үлгіде ежелгі гректер білімнің практикалық қосымшасын лайықты емес сабақ деп қарастырған кезде әртүрлі өнер мен философияны оқуға басымдық берілді. Антикалық білім алуда білім алудың еріктілік пен еркінділік принциптеріне ерекше мән беріледі.
Білімнің римдік үлгісінің унитарлық сипаты болды және өзіндік нормативтік-құндылық бағдарымен ерекшеленді. Римдік білім беру тәртіп сияқты әлеуметтік нысанға мәжбүрлеп оқыту басымдығын берді. Білім берудің басты мақсаты әскери басшылар мен мемлекеттік қайраткерлерді даярлауға байланысты болды.
Орта ғасыр, әсіресе проблеманы зерттеушілер атап көрсеткендей, орта ғасырлардан Жаңа уақытқа өту кезеңі білім беру институтын дамытуға қомақты үлес қосты. Бастапқыда монастырь ретінде пайда болған университеттерді құру осы уақыт жетістіктерінің бірі болды.
Білім берудің қазіргі заманғы жүйесі XVIII ғасырдың соңында және XIX ғасырдың басында қалыптасты, ол классикалық деген атқа ие болды. Білім берудің классикалық парадигмасы еуропалық мәдениет пен өркениет жетістігінің кепілі болып табылады. Міндетті бастауыш және орта білім беру принципі әлемнің көптеген дамыған елдері үшін нақты факт болды.XX ғасырдың соңындағы әлем халқының 80 процентінің сауаты болуы факт болды.
Мамандар білім беруде байқалған қазіргі үрдістердің бірқатарын атап өтеді: білім берудің негізгі парадигмасын ауыстыру (білім берудің классикалық үлгісі мен жүйесінің дағдарысы, білім беру философиясы мен социологисының маңызды жаңа идеяларын әзірлеу, экспериментті және балама мектептер құрау және т. .б), білім беруді тереңдету, бұл оқытудың қарқынды әдістемелерін енгізуді жобалайтын ірі ақпарат массивінің және жинақталуының салдары болып табылады; білім беру интернационализациясы (бірлескен халықаралық ғылыми зерттеулер, студенттер мен оқытушылардың алмасуы); үздіксіз білім беруді дамыту (ақпараттық шу, сондықтан жоғарғы оқу орнында 4-5 жыл оқытумен шектелмеу керек). Тұтас алғанда білім беру адам өмірінің бөлігі сияқты оның ажырамас құқықтарының бірі ретінде танылады.
Адамдарға білім беру – білім берудің басты функциясы.
Орта мектеп өсіп келе жатқан козғалмалық үшін тепе-тң м.мкіндіктер мен жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, себебі бұл жерде оқудағы жетістіктер бойынша бағалайды.
XX ғасырда жоғары білім топтың артықшылығы болудан қалуы уақыттың белгісі болды. Статистикада жапон жұмысшыларының жұмысқа алғашқы орналасқандарының 93 процентінің толық орта және жоғары білідері бар екенін қуаттайды және олардың 38 проценті жоғары оқу орындарында білім алған. АҚШ-та барлық сатушылар мен жұмысшыларының 25 проценті – жоғары білімді адамдар.
Отындық білім әлемдік мәдениетке бірігу проблемасын шешеді, бұл оны гуманитарландыруды, компьтерлендіруді, жоғыры оқу орындарының дербестігін, мемлекеттікпен қатар мемлекеттік емес білім беру жүйесін дамытуды болжайды.
Қазақстанның жоғары оқу орындарына мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқуға қабылдау үш кезеңде жүзеге асылылады:
1.ҚР білім және
жоғары білім министрлігінің
Респрубликалық тестілеу
2.Тестілеу жөніндегі
республикалық комиссия
3.Комиссияның мемлекеттік
білім беру грантын немесе
мемлекеттік білім беру
Біздің еліміздегі жоғары оқу жүйесі екі дәрежелі оқыту сатысына көшті: бакалавриат және магистарура. Бірінші дәреже 4 жылда аяқталды және белгілі бір мамандық бойынша жоғарғы білім береді, екінші дәрежені бір жаым ішінде жоғары оқу орнын бітірушінің кәсіби білімін жоғарылату мақсатында оқиды және аяқтағаннан кейін өз саласында ғылыми қызметпен айналысуға құқық береді.
12 тақырып Дін әлеуметтануы.
Дәріс жоспары:
1 Дін әлеуметтік құбылыс ретінде.
2 Діннің генезисі, орны және қоғамдағы ролі.
3 Діннің тарихи және әлеуметтік түбірлері.
4 Діни сана және діни әлеуметтену.
Дәріс мазмұны:
Дін социологиясының ғылыми пән тұрғысында ХІХ ғасырдың ортасынан бастау алады. О.Конттың пайымдауынша дін адам қоғамы пайда болуынан-ақ оның құрамдас бөлімінде айналған.
Діннің пайда болу себептері. Ежелден келе жатқан мәдениеттің бірі – дін. Дін - қоғамдық сананың ертеден пайда болған формасы. Дін айналадағы шындықпен қатар одан да жоғары тұратын шындық - бір тылсым күштер бар деп есептейді.
Діннің мәні - қоғамдық болмыстың, адам өмірінің, суреттеп айтәанда, “төрт бұрышы түгел болмауына байланысты”, Өйткені тірі адамды мысалға алсақ, оның жас кезінде арман-тілегі көп болғанымен, бірақ оны орындауға тәжірибесі аз болады, ересек кезінде жоспарлары кӨп жасалынғанымен, бірақ олардың орындалуы көңіл толтырмайды, ал кәрі кезінде - өмір көрген тІстей сияқты ғана болса керек.
Адамзаттың барлық болмысын жетілдіре алатын ондай абсалют бұл дүниеде болуы мүмкін емес. Ол бұл дүниеден тысқары және жоғары тұратын тек құдай ғана болуы мүмкін. “құдай” ұғымы барлық діндердің, соның ішінде әлемдік діндер – Будда дінінің, христиан дінінің және Ислам дінінң ең басты ұғымы болып табылады.
Дін - тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлерде болған. Ол туралы мәліметтер жеткілікті.
Діннің пайда болуы мен қалыптасуының өз себептері, өз жолдары болған. Олардың ең біріншісі дін адамдардың көңіл-күйлеріне байланысты шыққандығы
Діннің пайда болуы мен қалыптасуының екінші жолы – адамдардың қоршаған табиғаттың - күннің күркіреуі, найзағайдың жарқылы, судың тасуы, жердің сілкінуі, өрт, жұт сияқты дүлей күштердің алдындағы дәрменсіздігі болып табылады.
Діннің пайда болуы мен кең таралуының үшінші себебі - адамдардың бұрынғы тапсыз қауымдастықтың өміріндегі қарапайым айырмашылықтардың әарама-әарсы таптардан саяси салалары бар айырмашылықтарға айналады.
Сонымен, діннің пайда болуымен таралуы кездейсоқтық емес. Олар адамзат тарихының дамуындағы заңды құбылыстар болып табылады. Ол заңдылықтар қоғамның ілгерлеп, кемелдену барысындағы үлкен-үлкен қажеттіліктерден туып отырған.
Діннің жүйесі өте күрделі келеді. Діннің жүйелілік құрылымы өте күрделі. Ол негізінен үш түрлі элементтерден құралады: діни санадан, діни мінажаттардан және діни ұйымдардан.
Діни сана діннің негізгі элементтерінің бірі екені белгілі. Діни сана қоғамдық сананың ежелгі формаларының бірі екендігі туралы және олардың ерекшеліктері қандай болатындығы туралы жоғарыда айтылған. Енді осы діни сананың өзіне, оның деңгейлеріне және оның қызметтеріне тоқталайық.
Діни сана екі деңгейдегі құбылыстардан құралады. Бірінші деңгейі діни психология құбылыстары, ал екінші деңгейі діни парасат, ақыл-ой құбылыстары, яғни діни идеология.
Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы. Гегель философиясының да, діннің де мақсаты біреу, ол абсолютті тану болып табылады. Ол үшін философия логикалық ұғымдарды пайдаланады, ал дін түсініктер мен образдарды пайдаланады дегеніндей, діни психологияның таным құралы негізінен нақты образдар болып табылады. Діни психология қалыптасқаннан кейін адамдардың жан дүниесінің үлкен күшіне айналады. Стихиялы түрде қалыптасқан діни психологияны, оның түсініктері мен бейнелерін өңдеу, жөндеу, бағыттау өте қиынға түседі.
Діни социология ғылымы дін иелерін адамның діни психологиясының осы табиғатын ұтымды пайдалануға шақырады.