Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:31, лекция
1. Социологияның әлеуметтік білім жүйесінде алатын орны.
2. Социологияның объектісі мен пәні.
3. Социологияның құрылымы.
4. Социологияның заңдары мен категориялары.
1 Модуль. Социология ғылым ретінде.
1 тақырып. Социология ғылымы және оның құрылымы.
Дәріс жоспары:
1. Социологияның әлеуметтік білім жүйесінде алатын орны.
2. Социологияның объектісі мен пәні.
3. Социологияның құрылымы.
4. Социологияның заңдары мен категориялары.
Дәріс мазмұны:
Социология ғылым төрғысында пайда болуының әлеуметтік-экономикалық және теориялық алғы шарттары бар, ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде капитализмнің дамуымен байланысты. Бұл жағдай қоғамдық дамуды социологиялық ілімнің назарына қойды. Осы тарихи кезеңдегі адамдар өмірі қарама қайшы көзәарастар туғызды. Әсіресе дамыған елдерде.
Социологияның ғылым ретінде тууы ХІХ ғысрдың ортасындағы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет “Социология” терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г.Сепенсер, К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер және т.б) кқптеген оқымыстылары айтарлықтай үлес қосқан.
Социология пәні мен нысанын негіздей отырып, О.Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түрінде түсінік берді, оның ойынша, бұл білімнің қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға жалпыдан өзіндік ерекшелікке қарапайым дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады. Білім дамуындағы әр басқыш, Конт бойынша, - өзінің адындағысын алғы шарт ретінде есептейтін – жоғарғы тәртіптегі ғылым болып саналады.
Онда негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше көрінеді: математика, астрономия, физика, химия, биология (соңғы термин де – О.Конттың үлесі) жіне социология.
ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарында социологиялық статиститкаға байланысты тәжрибелі зерттеулер пайда болды, шаруашылық санақ жІргізілді. Жаппай статистикалық сұрау техникасы жасалынды, демографияның негізі қаланылды.
Жаңа қоғамдық құбылыстар мен процесстерді ой елегінен өткізу үшін арнаулы ғылым қажет болды. Ол социология ғылымы еді.
Социологияның
Берілген сызбадан көрінетіндей, социология басқа да ғылымдардың заңдарына негізделеді. Конт социологияның өзіндік, бұл заңдарын түрін өзгертетіндей және индивидтердің бір-біріне өзара әсерінен шығатындай қасиеті бар екендігіне айрықша мән береді. Бұл өзара ісер адамат қауымында әр түрлі ұрпақтың келесісіне өтуі нәтижесінде күрделене түседі.
Социология ғылыми білімнің дамуын қорытындылай отырып, қай кезде де өмір сүрген нысандардың ең күрделісін зарттейді. Мұндай нысан қоғам және индивидтердің бі-біріне әсері болып табылады.
Социология – көп деңгейлі ғылым, ал абстракциялық және нақтылық формалардың бірлігін, макро және микро социологиялық қатынастың теориялық және эмпирикалық әқтынасының бірлігін қарастырған ғылым.
Социология – (латынның “cosіtos” - қоғам, гректің “logos” – ілім) төтас алғанда қоғамның, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық бірліктің өзара өмір сүруі және дамуы туралы ілім деген анықтама берілген. Демек социология қоғам туралы ілім, ұғым деген сөз.
Дәрісте социология ғылымына берілген бірнеше анықтамалар аталады: ағылшын ғалымы Р.Херт, социологияның Э. Гидденс, америка социологы Нейл Смелзер т.б.
Дәрісте функционалдылыә теориясына анықтама беріледі. Оның ғылым жүйесіндегі орны анықталады. Сонымен қатар, функционалистер – Талкот Парсонс, Мертон, Дэвис, Спенсер және Дюркгеймнің көзәарастары да аталады.
Осы дәрісте социологияның объектісі және пәніне кең түрде тоқталамыз. Онда социологияның объектісі мен пәні ұқсас па? Жоқ, сәйкеспейді, сондықтан олардың анықтамасы беріледі.
Социологияның басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшелігі оның құрылымдық теориясы бар, ол үш деңгейден тұрады. Социологияның заңдары мен заңдылыәтарына қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орнына, қызметіне сипаттама беріледі.
Осылайша, социология дегеніміз – біртұтас жүйе ретіндегі қоғамның дамуы мен өмір сүруінің жадпы заңдылықтары туралы әлеуметтік құбылыстарды өзара байланыстыра зерттейтін ғылым.
2 тақырып.
Дүниежүзілік социологияның
Дәріс жоспары:
1. Огюст Конт-позитивтік социологияны негіздеуші.
2. Г.Спенсердің социология жөніндегі ілімдері.
3. Маркстік социологияның негізгі ілімдері.
4. Э.Дюргейм мен В.Вебердің социология жөніндегі тұжырымдамалары.
Дәріс мазмұны:
Социолгия Еуропа елдерінде бір күнде туған жоқ. Қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық, рухани күйінде бір ғасырлардағы АҚШ-тағы сияқты әлеуметтік идеяларды сырттан қабылдауға немесе “өзіндік” әлеуметтік ойларын дамытуға дайын болуы керек еді. Сондықтан социологияның қалыптасуына қоғамдық-ғылыми дәстүрлер, нақты елдердегі рухани әрекет ерекшеліктері, мәселені қтю тәсілі мен мәдени құндылықтар сипаты маңызды роль атқарады. Сондықтан да неміс социология мектебі, француз социолгиясының дәстүрлері туралы айтылады.
Социологияның алғаш негізін қалаушы француз ойшылы Огюст Конт (1796-1857). Ол социология фактіге негізделуі керек және социологиялық құбылыстарды жаратылыс ғылымындай тәжірибелік және аналитикалық зерттеуі қажет деген. Бұл социологияның қияли, абстрактылық құрылымынан ауысып, тәжірибелік ғылым болуына мүмкіндік жасады. О.Конт қоғам туралы жағымды тәжірибелі ғылым жасауды қажет дей отырып, оның пәнін фундаменталдық заң деп есептеп, тіпті социологияны әлеуметтік физика деп те атады. Сондықтан да, социологияда әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамиканы бөлді, яғни осы концепцияның негізін салды. Біріншісі қоғамды, оның барлық элементтерін тұрақты және тепе-тең теңдік жағдайында зерттейді де және әлеуметтік үндестік (гормония) заңын негізгі деп есептейді. Екіншісі, қоғамдық даму, бір дәрежеден екіншіге өту жағдайында зерттейді. О.Конт социологиялық зерттеудің негізгі заңын бақылау және эксперимент деп тұжырымдады. О.Конт ғалымдар ұсынысын нақтылы тәжірбиелік тексеруден өткізу қажет деген тезисті көтерді. Сондықтан да, Конт философиясы “позитивизм” деген атақ алды. Бұл Конттың жаратылыстану ғылымы үлгісінде зерттелген ілім және зерттеу шын мәнісіндегі социологиялық деген орталық идеясына жауап береді. О.Конттың жұмысы социологияның одан әрі дамуына үлкен орын алды. Оны “социологияның атасы” деп атау кездейсоқ емес, ол оған ат және бағдарлама берді.
О. Конттың жөмыстарында нақтылы тәжірибелік зерттеуге өтуге алғышарттар бар. Ол (Дюркгейм және Парсонстың) социологиялық ойдың одан әрі дамуына маңызды әсер етті. Социологияның дамуына зор әсер еткен оның әлеуметтік фактілерді таңдау, сатқындық қияли қатынастан бас тарту керек деп қарау идеясы.
ХІХ ғ-ң екінші жартысында О.Конт өлгеннен кейін социологиялық ойдың бірнеше ағымдары пайда болды, олардың уәкілдері қоғамдық өмірдің критериясын одан тыс жағдайлардан іздеді. Бірінші кезекте, жараталыстану биологиялыә факторлардың дамуынан. Оған әсер еткен жаратылыстанудың әсері болды, әсіресе Дарвин ілімінің пайда болуы. Мұндай қатынастың ірі уәкілдерінің бірі, ағылшын ғалымы Герберт Спенсер болды (1820-1903).
Спенсердің социологиялық теориясы Дарвиннен қабылдаған екі принципке негізделді: қоғамды организм деп түсіну және әлеуметтік эволюция идеясы. Шын мәнісінде, қоғам төрт организмді (копирует) көшіріп алады және тудырады. Олай болса оған тән биологиялық заң деген қорытынды жұмсайды. Ол заң Спенсердің айтуы бойынша қоғамда сәйкестеніп бейімделеді.
ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың алдында басындағы ірі уәкілдердің бірі француз ғалымы Эмиль Дюркгейм болды. Э. Дюркгеймнің еңбектерінде (“О разделении общественного труда”, “Правила социологического метода”, “Самоубийство”, т.б.) жаңа социологиялық қатынастар берілген. Оның маңызы - әлеуметтік факторлардың жиынтығынан тұратын қоғамды әлеуметтік шындық деп түсіну. Оларды зерттеу социологияның пәнін құрайды. Э.Дюркгеймның “Социологизмі” оның теориясының негізі, ол әлеуметтік шындықтың ерекшелігін, біріншілігін, дербестігін мойындауға жеке адамның оған бағыныштылығын, екіншілігіне негізделген.
Э. Дюркгеймның шығармашылығының негізгі маңызы - социологияға жасалынған жүйе анықтамасын беруінде. Оның негізгі сипаттары: а) қоғамды құрылымды-функционалдық организм деп түсіну; б) қоғамдық тәртіпті қажетті жағдайы деп қорғау; в) әлеуметтік тәрбие институт қоғамның өмір сүруі үшін қажетті , маңызды механизімі деп түсіну.
Макс Вебер (1864-1920) Германияда туған экономика, құқық, философия, социология, тарих туралы еңбектер жазған. Алғашында К.Маркстың әсерінде болған, ал кейінен олардың көзәарастары ажырасқан, қайсыбір еңбектерінде Марксты сынаған. Ол қытай империясының, Индия және Таяу Шығысты зерттеген, дін социологиясына үлес қосқан. Вебердің маңызды еңбегінің бірі бюрократияны зерттеу болды. Бюрократия кең көлемдегі ұйым онда қызметкерлер рангаға бөлінеді дейді. Ол қала, құқық жүйесі, экономика тұрлері, таптар тарихы туралы зерттеуге үлес қосқан. Социологияның өзі туралы да еңбектер жазған. Ол Дюркгейм мен Марксқа қарағанда социология ғылым деп қарау керек деген талап қойған.
М. Вебер социологиялық ілімнің негізі – идеялдық тип туралы ілім. Идеялдық тип – бейне-схема, зерттеуші-социолог таныған, зерттеген нақты материалды тәртіпке келтіру және жүйелеу тәсілі. Вебердің идеялдық тип туралы ілімі социологияны түсінудің негізі. Бұл жерде социология бастауыш тип есебінде адамның немесе белгілі топтың тәртібін негізге алуы керектігі айтылады.
Вебер діни сенім капиталистік экономиканың дамуының ынталандыру негізі, себебі, ол еңбексүйгіштікті, үнемділікті, есепшілдікті, шыдамдылықты, жігерлікті қалыптастырады деп түсіндірмекші болды.
К.Маркс (1818-1883) ғылымның көп салалары мен айналысты. Еңбектерінің көпшілігі экономика проблемаларына арналды. Маркс социологияның мәселелеріне көп назар аударғанына қарамастан өзін социологтар қатарына жатқызбады.
К. Маркс ілімінің негізі тарихты материалистік тұрғыдан түсіну (“барлық атрих – таптар тартысы”), экономикалық және әлеуметтік детерминизм. Ол өз тұсындағы қоғам капитализмді терең зерттеді. Соған сәйкес ол капитализм оған дейінгі өндірістік жүйеден түбірінен өзгеше деп қорытты. Капитализмді зерттей отырып, Маркс тапқа анықтама берді. Оның көзәарасы бойынша капитализмнің орнына тапсыз социалистік қоғам орнауы керек, таптың жойылуына байланысты қоғамда барлық теңсіздік жойылуы керек.
К.Маркс негізгі таптар буржуазия және пролетариат болып бөлінеді деп есептеді. Буржуазыияның іщінде меншік иелері болады, олар әлеуметік иерархиядағы жағдайына байланысты өндірістің (фабрика, жердің) маңызды құралдарының иелерінен ерекшеленеді. Маркс люмпенпролетариат деп аталатын, қоғамнан шетке шыққан адамдардың болатынын айтты. Оның әлеуметтік құрылым теориясына пролетариаттың өзін пайдаланушыларға қарсы революциялық көтерілісін “басатындарға” яғни орта таптың орны мен роліне көңіл бөлінеді.
Маркстың еңбегі – қосымша құн теориясын жасауында. Маркс капитализмнің дамуына қарай буржуазияны байи, пролетариатты кедейлене түседі деп есептеді. Олардың арасындағы шиеленіс күшейе түседі де, жұмысшылар революция жасап, өз диктатурасын орнатады. Әділетсіз қоғамдық құрылыс ретінде каптализм құрып, бүкіл әлемдік деңгейде социолизмге өту басталды.
3 тақырып. Қазақ ойшылдарының әлеуметтанымдық көзқарастары.
Дәріс жоспары:
1. Ш.Ш.Уәлихановтың социология жөніндегі тұжырымдамалары.
2. Ы.Алтинсариннің социологиялыә көзқарастары.
3. Абайдың социологиялық ой-пікірлері.
4. А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановтың социологиясы жөніндегі көзқарастары.
Дәріс мазмұны:
Қазақстанда саяси әлеуметтік ой-пікірдің қалыптасуының алғы шарттарына осы дәріс арналады. Онда Ш. Уалихановтың, Ы.Алтынсарин, Абай, А. Байұөрсынов және Ә. Бөкейхановтың әлеуметтік-саяси көқәарастарына кеңінен тоқталамыз.
Ш. Уалиханов өз халқын сүйді, оның болашағына сенді, мақтанұ. Аз өмір сүрсе де, әлеуметтік ғылымға өз үлесін әосты. Ол қоғамда жүргізілген өзгерістер адам мүддесіне қажет екендігін атап көрсетті. өз тұсында қоғамда әлеуметтік таптар мен топтар арасында келіспес қарама-қарсылықтың бар екендігін түІсінді. Бүкіл ұлттың мүддесі, - деді Шоқан, - қатаң әділеттілікке жүгінгенде жеке қоғамның пайдасынан жоғары болуы керек. Ол өзінің бірнеше ғылыми еңбектерін жазды. “Баянауыл округі туралы”, “Сот реформасы жайындағы хат” т.б., бұл шығармаларда Шоқанның қоғамдық көзқарастары тұжырымдалған.
Ыбырай қоғам туралы асыл қазыналы ойға үлкен үлес қосты, ағартушы педагог, ақын, жазушы. Ол бар күшін, жігерін, уақытын жас түлектерді оқытуға жұмсады. Қазақстан қоғамында кәсіби білімнің негізін қалады. Торғайда бірнеше кәсіби мектептер ашты. Ол қазақ даласындағы әділетсіздікті, заңсыздықты көріп, жаны күйді, заңның әділетті болуын көкседі. қазақ халқын отырықшылыққа шақырды оның артықшылығын дәлелдеді.
Дәрісте Абайдың көзәарасына кең орын беріледі. Ол өзінің қоғамдық көзәарасында дүниенің объективтік заңдылығын мойындады, оны қара сөздерінде жан-жақты дәлелдеді. Абай адам неден тұрады деген сұраққа жауап берді, адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызды, оның бойындағы адал қасиеттерге сипаттама беріледі. “Адамды ақылдылығына қарай ардақта”,-дейді Абай. Ол: “талап, еңбек,терең ой, қанағат рахым ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз”. Бұл оның адамдық бағдарламасын бес тіреулі бес принципі. Сонымен қатар, дәрісте А.Байтөрсынов және Ә. БӨкейхановтың да әлеуметтік-саяси көзқарастарына тоқталамыз.
4 тақырып. ХХ ғасыр социологиясы.
Дәріс жоспары:
1. ХХ ғасырдың
бірінші жартысындағы
1. ХХ ғасырдың 70-шы жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі социологиялық теориялар мен негізгі ағымдар.
Дәріс мазмұны:
Қазіргі батыс социологиясы шартты түрде екі тең емес бөлктерге – эмперикалық және теориялық деп екіге бөлінеді. Кәсіби социологтардың көп бөлігі біріншісімен айналысады. Бұл бөліктердің әрқайсысының табиғаты, тарихы, динамикасы бар.
Эмперикалық социологияның негізін салушылар – Уильям Томас (1863-1947) пен Флориан Знанецкий (1882-1958). Олар тұңғыш рет нақты материалдар, жеке құжаттар, өмірбаяндар, интервью, сауалнамалар, бақылаулар негізінде толық талдау өткізіп, сандық әдісті қолданды. Бұл эмперикалық зерттеудің нәтижелерін лар бірігіп жазған “Еупопа мен Азиядағы поляк шаруасы” (1818-1920) еңбегінде баяндалды. Оқымыстылар социологияда эмперикалық мәліметтерден шығатын адам коэффициентін ескеру қажеттігін көрсетті. Жеке құжаттар (хаттар, өмірбаяндар, күнделіктер, естеліктер және т.б.) зерттеліп отырғандар туралы субьективті көзқарас пен құзырлы зерттеушілерге обьективтілікті, яғни олардың интерпретациясын (лат. Түсіндіру, баяндау) қамтамасыз етеді. Олардың жобасында шарулара хаттарын зерттеу, Польша эмиграциялық ұйымдарының 10 мың данадан астам газеттерін, олардың мұрағаттарын, сондай-ақ Польша эмигранттарының сот істерін зерттеу қарастырылады. Жиналған, талданған көп материалдар поляк эмигрантын жерсіндіру ісінің азабын көрсетуге мүмкіндік берді.