Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:31, лекция
1. Социологияның әлеуметтік білім жүйесінде алатын орны.
2. Социологияның объектісі мен пәні.
3. Социологияның құрылымы.
4. Социологияның заңдары мен категориялары.
Таптық құрылымның тұжырымдамасын Маркс Вебер де дамытты, ол “тап” санатын айқындау кезінде көп ретте К.Марскпен келісті, меншіктің рөлін және капитализмдегі теңсіздікті мойындады. Маркстен айырмашылығы, Вебер ресурстарды бөлу жөніндегі дауды шешілмейтін деп санады.
Вебер істің барлығы да байлықта есем екенін сезді. Ол теңсіздіктің екінші компонентін анықтады: адамдар тобы тең емес мөлшерде құрмет пен қадірге ие және беделдері де бірдей емес. Ол мәртебелік топтар ұғымын енгізді. Байлық маңызды рөл атқарады, бірақ беделдің де маңызы аз емес (кәсіпті құрметтеу, оның қоғам үшін маңыздылығы мағынасында) мафияның басшысы бай, бірақ әлеуметтік беделі төмен (өзінің аздаған тобын қоспағанда, мысалы кірісі батыстық өлшем бойынша көп емес және жылына 40 мың доллардан аспайтын колледж профессорының беделімен салыстыранда).
Вебер стратификациясының байлық пен беделден басқа үшінші факторын көрсетті. Әңгімеөзінің мәні бойынша саяси сипаты бар билік туралы болып отыр. Тіпті басқа адамдар мен топтар тарапынан қарсылыққа қарамастан адамның немесе топтың жоспары іске асыруға, іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір саясат жүргізуге қабілеттілігі түсіндіріледі. Вебер қоғамдағы билік жүйесін қалыптастырудағы жалпы мүдделері біріктірілген саяси партиялар мен топтардың маңызды рөлін ескерді. Осы үш фактордың барлығы да жиі, бірақ әрқашанда өзара әрекет жасамайды.
Г.Москаның, Р.Дарендорфтың, В.Паретоның тұжырымдамаларында таптың санаттары билікке қатысты айқындалады. Олар билігі бар (басқарушылар тобы) және билігі жоқ (басқарылатын топ) деп бөлуді ұсынды. Біріншісі, әдеттегідей көп емес, барлық саяси функцияларды жүзеге асырады, билікті монополизацииялайды және оған тиесілі артықтықшылықтарды пайдаланады, соынменқатар екінші ретінде, саны көп, біпінші азды-көпті заңды түрде басқарады және реттейді, оған саяси организмнің өмір сүруінеқажетті материалдық қолдау құралдарын жеткізеді.
Қоғамның біртекті еместігі, оның әр түрлі топтарға обьективті бөлінуі Питирим Соркиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік жылжу туралы теориясында өз көрінісін тапты. Осы теорияға сәйкес барлық қоғам әр түрлі топтар – страттарға бөлінеді, ладрың өзара кіріс деңгейі, қызмет түрлері, саяси көзқарастары, мәдени бағдарлары бойынша айырмашылығы болады. Ол бірнеше негізгі белгілерді ажыратты: экономикалық (кедей-бай), кәсіби (беделді-беделсіз), саяси(іс-қимылының билік жасайтын-бағынышты). Осы белгілер өзара тік әрекет жасайды.
Адам кәсібін немесе қызмет түрін, өзінің экономикалық жағдайын немесе саяси көзқарасын өзгерте отырып, бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтеді. Бұл процесс әлеуметтік жылжу деген атқа ие болды. Сорокин әлеуметтік жылжудың көлденең және тік болып бөлінетіндігі туралы айтады.
Көлденеі жылжу адамның тұтас алғанда әлеуметтік стратификацияның соол деңгейінде ьола тұра бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуін білдіреді.
Тік жылжу – бұл адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне иерархиялық тәртіппен, мысалы, қоғамның төменгі тобынан аса жоғары немесе керісінше – жоғары топтан төменгісіне өтуі.
Атап атқанда, адамдардың “кірістері айырмашылығында, өмір сүру деңгейінде, халықтың бай және кедей топтарының болуымен көрінетін экономикалық теңсіздік тік жылжудың обьективті жағы ретінде болады.
7 тақырып. Неке және отбасы әлеуметтануы.
Дәріс жоспары:
1. Отбасы социологиясының пәні мен функциялары.
2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері.
3. Некенің мотивтері мен ажырасудың себептері.
Дәріс мазмұны:
Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасының қалыптасуы үшін неке қалыптасуы қажет. Қазіргі шетелдік және республика социологтарының еңбекетерінде мәселені отбасы проблемасынан бастайды. Ол дұрыс та, бірақ отбасын құрғанға дейінгі объективтік және субъективтік жағдайдың қалыптасуын зерттемей бірден өз қызметін толық атқаруы жастардың отбасын құрғанға дейінгі түбірлі мәселені шешуіне тікелей байланысты.
Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке - отбасының заң негізгі, әйел мен еркектің өзара түсінісуі, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар, материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Себебі, жыныстық қатынас биологиялық-жыныстық сүйіспеншілік ғана емес, сонымен қатар, адамгершілік эстетикалық қатынас. Некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді. Некенің негізі – сүйіспеншілік.
Неке – махаббаттың іс жүзіне асуы, ал оған дейінгі қатынас жастардың бірін-бірі сүюіне, махаббатына байланысты. Сүю – сүйген адамыңның өмірімен өмір сүру, басқаның бақытынан жеке өзінің бақытын табу.
Бұл тақырыптың күрделі мәселесі отбасының мазмұны. Отбасы - әлеуметтік топ, ал оның мүшелері неке мен немесе қаны бір туыстығымен, ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі.
Отбасының қызметі деген бір сұрақ бар: ұрпақ жалғастыру қызметі, материалдық экономикалық және төрмыстық-шаруашылық, тәрбиелік, жақсы әдет- ғұрып, үлгі-өнеге, ауызбірлік, сүйіспеншілік, тұрмыстық салт т.б.
Некеге даярлық деген не? Отбасының тұрақтылығы да, бақыты некеге дейінгі жағдайларға байланысыты. Жақсы отбасын құрудың елеулі шарттары некенің адамгершілік, құқәықтық негіздерін түсіну, отбасын құруға деген психологиялық даярлықтың болуы, үй шаруашылығы мен айналысудың белгілі дағдыларын игеру болып табылады. Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірмейді, бірақ некеге тұрған адам неке заңдарына бағынуы тиіс. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: “Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқық теңдігіне негізделеді,” – деп көрсетілген.
Соңғы мәселе отбасының құрамы және қайшылықтары. Бұл мәселеде ажырасудың себептері де әңгіме болады. Әйел және отбасы деген сұрауда әйелдің, ананың өміріне тоқталамыз.
Отбасының мазмұны. Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуы мен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен және өзара адамгершілік жауапкешілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі, формасы өндірістік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық (бір некелік) отбасымен ауысады. Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі, ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Принципінде отбасы - тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі. Сондықтан да, қоғам некелік-отбасылық қатынастың нығаюына тікелей ынталы болып, соған қамәорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың ата-аналардың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.
Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет-ғұрыптар, әрбір жаңа отбасының адамдық, экономикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің қабілетін, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты.
Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты.
Отбасының қызметі деген түсінік оның қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады. Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелелерінің жергілігі мен еңбек сүйгіштігіне де тәуелді.
Отбасының негізгі қызметі. Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшінде маңызды қызмет болып келеді.
Отбасының екінші қызметі – материалдық экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бөл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді, себебеі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті.
Отбасының ең маңызды қызметінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті: оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен өұпақтың тәжрибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Отбасының құрамы. Отбасының құрамы деп олардың мүшелелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады. Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің болмаса күйеуінің бірге тұратын туыстары, немере-шөберелерден тұрады.
Жұбайлардың өзара билік бөлінісіне сәйкес отбасының екі түрі болады: 1) демократиялық; 2) традициялық немесе авторитарлық.
Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: 1)көп балалы (үш бала, одан да көп); 2)орташа (екі балалы); 3)бір баласы бар; 4)балалы отбасылар.
Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрі болады: 1) дәстүрлі отбасы; 2) ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның дамуына бағытталады; 3)жас отбасы.
Отбасының қайшылықтары. Ажырасудың негізгі себептері: 1)жұбайлардың мінез-құлқының, көзқарастарының сәйкеспеуі; 2)арақ ішу, әсіресе ерлер тарапынан, 3)үй жағдайының, әсіресе ерлер тарапынан; 3)үй жағдайының, әсіресе жастарда, қолайсыздығы; 4)жұбайлық опасыздық; 5)балалы болғысы келмеушілік; 6)жыныстық кемшілік.
қорыта айтқанда, осы күнгі неке-отбасы мәселесінде үш негізгі, басты проблеманы атап көрсетуге болады: 1)отбасының беріктік, тұрақтылық проблемасы; 2)бала табу, ұрпақ өсіру проблемасы; 3)отбасының тұрмыс жағдайындағы қиыншылықтар проблемасы. Дегенмен, ажырасудың жоғары деңгейі некенің қоғамдық институт ретіндегі маңызын жоймайды, отбасы дағдарысының жалпы көрсеткіші бола алмайды. Керісінше, отбасы адамзат қоғамының әлеуметтік негізі болып қала беретінін үлкенді-кішілі адамдардың бәрі мойындайды.
8 тақырып. Этнос социологиясы.
Дәріс жоспары:
1. Этнос қауымдастығы ұғымы.
2. Этностың негізгі белгілері мен даму кезеңдері.
3. Ұлттық этникалық қатынастар.
4. Қазіргі жағдайдағы ұлт мәселелері.
Дәріс мазмұны:
Этносоциология – этнография мен социологияның түйісуінен пайда болған жаңа ғылыми бағыт. XX ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысында Шығыс елдерінде этносоциология ілімінің дербес саласына айналды.Этносоциология термині екі сөзден тұрады: этнос (грекше, қоғам, топ, тайпа, халық) және социология (латынша қоғам жайлы ілім). Этносоциология – әртүрлі этностардың (тайпа, халық, ұлт) пайда болуын, мазмұнын және қызметін зерттейтін солциологияның саласы.
Этнос белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдениет және тіл белгілері, мінез-құлық, қоғам және басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және басқа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдениет компоненттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады. Этностың белгісі – мәдени құндылық. Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ – ұлттық топтасу. Ұлт дегеніміз территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көрінетін психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы. Халықтық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдасық еді. Оның негізгі белгілері территория, тіл және психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік, княздік, хандық-сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық қауымдастықтардың арасында тұрақты экономикалық қарым-катынас, бірлік болмады, сондықтан бытыраңқы шаруашылық негізінде ұлттық қауымдастық қалыптаса алмады.
Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт – капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халықтардың бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлінісін, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т.б. талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Еуразияның екі аймағының – Орта Азия мен Сібірдің арасында орналасқан ірі мемлекеттің бірі. Түркі әлеміндегі қазақ халқының қалыптасуына негіз болған этногенетикалық туыстықтың тамыры көне дәуірден басталады. Қазақ халқын құраған Қазақстан, мен Орта Азия шегінде біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген сақ, үйсін, қаңлы, түркі, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат т.б. көптеген ру-тайпалар еді. Қазақ халқының тамыры тереңде жатқан тарихи дамуының нәтижесінде XV – XVII ғасырларда оның қазіргі ұлттық аймағы қалыптасты. Қандай қиыншылықтар мен шапқыншылқтар болса да, қазақтар өз тілін, туып-өскен жерін сақтап қалды, этностық компонеттерді дамыта түсті.