Социология ғылымы және оның құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:31, лекция

Краткое описание

1. Социологияның әлеуметтік білім жүйесінде алатын орны.
2. Социологияның объектісі мен пәні.
3. Социологияның құрылымы.
4. Социологияның заңдары мен категориялары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология лекциялары.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

XVIII ғасырдың басынан бастап ( үш жүз жылға жуық уақыттан брі қарай), қазақ халқының тарихы ресей империясымен байланысты болды. Уақыт талабына қарай, қлы кезеңдерде бұл қарым-қатынас әртүрлі бағаланды.

Кеңес Одағы кезінде ұлт мәселесі шешілді, енді ұлттардың гүлденуі мен өзара жақындасу тенденциясы басталады деп уағыздап келді. Алайда халықтарды теңдігі мен еркіндігі заң жүзінде жарияланғанымен, шын мәнінде Ресей империясынң билігіде еді.    

Қазақстанда ұлт саясатының қалай «шешілендігін» дәлеледейтін фактілерге тоқтала кетейік. Нәтижесінде, 1916-1945 жылдар ішінде қазақтардың саны 3 миллион 150 мыңға кеміді. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, ақпан және қазан төңкерісі, азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың күйзеліске, ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ немес елде тұратындардың 18-19 проценті басқа елдерге қоныс аударды. Жасанды ұйымдастырылған аштықтың нәтижесінде голощекиндік зұлматтан Қазақстанда 2 миллионннан 300 мың қазақ өлді. Аштықтан және зұлматтан аман қалу үшін 900 мың қазақ шет аймаққа – шекаралас Ресейге, Орта Азияға, сондай-ақ Қытай, Монғолия, Ауғанстанға және Иранға қаша көшті. Өлгендерін және шет жерге көшкендерін қоса есептесек, қазіргі Қазақстан Республикасындағы жергілікті халық өзінің 70 процентіне жуығынан айырылған.

1937-1938 жылдарда террор  жаппай сипат алды. Бұл жылдарда Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуда қатысқандардың көбі: А.Асылбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Әйтиев, С.Арыншиев, Б.Алманов, Н.Төреқұлов, Ж.Сәдуақасов, Н.Сырғабеков, С.Шәріпов, М.Жәнібеков және т.б. халық жаулары деп жарияланды.

Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Д.Аспандияров, М.Төлепов және басқалар жазалау шараларының құрбаны болды.

Ұлт саясатындағы өзекті проблема – тіл мәселесі. Шындығына келгенде республикада орыстандыру саясаты жүргізілді. Орыс тіліндегі бала-бақшалар, мектептер көбейе түсті. Орыс тілін нашар білетін жоғары білімді азаматтар басқару қызметіне жоғарылатылмады, себебі орыс тілі мемлекеттік тіл болды. Рас, өазақ тілі мемлекеттік деп жарияланғанмен,бірақ төменнен жоғарыға дейінгі ұйымдарда іс қағаздары орыс тілінде жүргізіді.

 Ұлт саясатының жақсы  нәтижесін бірген бір саласы  – халыққа білім беру саласы.Халықтың  білімділігі жағынан біз бірқатар  дамыХалықтың білімділігі жағынан  біз бірқатар дамыған елдерден  кем емеспіз. Сауатыздық деген атымен жойылды.Жаппай жалпыға бірдей орта білім беруге көшкенбіз. Әрбір үш жарым адамның бірінің жоғары және орта арнаулы білімі болды. Жоғары потенциалды ғылымның берік негізі қаланды.

Ұлт саясатындағы маңызды мәселелердің бірі – азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету. Бұл келісім халықтардың экономикалық теңдігін, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз етеді.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан саясат – көп ұлтты халқымызды өзара жақындастыру, олардың қарым-қатынастарын, достығын нығайту.

Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қатынасты жан-жақты дамыта отырып, әрбір ұлттың, халықтың өзінің тарихи қалыптасқан дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, салт-сана жүйелерін байыта түсуге толық жағдай жасалынады. Мұны біздің республикамызды мекендеуші ұлттардың өкілдері өздерінің күнделікті тұрмысында сезінуде. Олардың өз тілінде оқуға, білім алуға, түрлі қоғамдық ұйымдарды құруға құқықты екені Конституциямызда былай жазылған: «Қазақстан республикасының азаматтарына, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік-қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік берілді. Азаматтарды кемсітушілктің кез келген түріне тыйым салынады», - делінген. Бұл қағидалар ұлтаралық мәдениеттің, оны жүргізудің бұлжымас негізі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 тақырып. Тұлға социологиясы.

Дәріс жоспары:

1. Тұлға - әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі.

2. Тұлғаның әлеуметтік  мәртебесі мен ролі.

3. Тұлғаның әлеуметтенуі.

4. Тұлғаның әлеуметттік  құрылымы және түрлері.

Дәріс мазмұны:

Дәрісте бұл тақырып бойынша қарастырылатын мәселелер. Тұлға мәні, әлеуметтік байланыс жүйесіндегі тұлға: әлеуметтік қызмет және мәртебе, әлеуметтік роль қоғамның өзара қатынасындағы механизмі, әлеуметтік рольдің және тұлғаның тәртібі, әлеуметтік роль жүйесіндегі тұлғаның мәртебесі, тұлғаның әлеуметтенуі: оның ролі, кезеңдері, формасы, нәтижесі.

Тұлға - қоғам мүшесі, әлеуметтік даралық санадағы адам, қоғамдық қатынастардың жиынтығын айқындайтын биоәлеуметтік өмір сүруі, әлеуметтік өмірде болып отырған құбылыстардың барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам. Дәрісте қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдардың орны ашылады: индивид, даралық, тұлға.

Тұлға және оның тәртібі, бағыты, эмоциясы және таңдауы бірнеше факторларға сәйкес анықталады: қоршаған орта, әлеуметтік байланыс жүйесіндегі жағдайы, тұлғаның ішкі ерекшелігі, оның рухани әлеуметтенуі. Адамның мәртебесіне сәйкес күтілген тәртібін әлеуметтік роль дейді. қоғам қандай жағдайда тұлғаға әсер етеді, оның ішкі әлемін ұмтылысын, тілегін қанағаттандырады т.б.

Индивид – бұл әлде бір тұтастықтың өкілі ретіндегі жеке кісі (адамзатқа қатысты бір адам, белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі). Жеке адам мәні жағынан, әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара адам. Даралық оның өзіндік әлемін айқындайды, өзіндік өмір жолын ерекшелейді.

Сәби – жеке адам. Дегенмен, ол - әзірше дара тұлға емес. Жеке адам қоғамда өз болмысында біршама дербестік алғаннан кейін ғана дара тұлғаға айналады. Жеке адам әрқашанда қоғаммен тығыз байланыста болады. Сондықтан да, жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде бойына жинақтайтын сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасқан күрделі және көп салалы қатынастарын анықтайды.

Белсенді, саналы іс-әрекет арқасында индивид (жеке адам) бірте-бірте жеке тұлғаға (личность) айналады. Адамның төлға ретінде дамуына қажетті алғы шарттарының бірі – оның табиғи қабілеттері болып табылады. Бұл негізінен қызмет объектісі болып табылатын адам өмір сүріп отырған қоғамда іске асады.

Тұлға негізінен отбасында қалыптасады. Одан әрі тұлғаның қалыптасуы отбасы – балабақша, отбасы – мектеп одақтарының ықпалымен өтеді. Тұлғаның қалыптасуына адамның (баланың) бос уақытын өткізетін ортасының, ол жүрген ұжымның әсері мол.

Қоғам, әлеуметік орта тұлғаның рольдік тәртіпті орындау механизімі жеткілікті түрде иеленеді. Бірақ тұлға өзінің дербестігін сақтайды.

Дәрісте тұлғаның әлеуметтенуіне, оның ішінде кезеңдеріне, формасы мен нәтижесіне кеңінен тоқталамыз. Әлеуметтендіру - қоғам және тұлғаның өміріндегі үлкен роль атқаратын процесс, оған қоршаған ортаның әлеуметтік жағдайдың әсері өте мол.

Әрбір жеке адамның биологиялық және психологиялық сипаты болады. Олар сол адамның тәртібін ғана анықтайды, оған даралық қасиет береді. Әлеуметтендіру нәтижесінде адам организімі адамдық тұлғаға айналады.

Зерттеушілер жеке тұлға құрылымы төмендегідей компоненттерден  тұратындығын көрсетеді:

Бірінші компонет – әр түрлі қасиеттер, өзара әсерлесетін қажеттіліктер мен мүдделер, идеялар, практикалық мақсаттар жүйесі енетін жеке тұлғаның бағыттылығы. Бұлардың ішінде біреуі жетекші мәнге ие, ал қалғагдары тірек болу рөлін атқарады. Мысалы, танымдық қажеттіліктердің жетекші рөлге ие болуы интеллектуалды әрекеттердің белсенділігін арттырады.

Екінші компонент – табысқа жетуде жеке тұлғаның мүмкіндіктері, оның қабілеттері. Қабілеттер өзара байланысты және бір-біріне әсер етеді. Мысалы, А.С.Пушкин өзін тарихшы, талантты суретші ретінде көрсете білсе де, оның ақындық дарыны басым.

Үшінші компонент – мінез, яғни адамның әлеуметтік ортадағы мінез-құлығының стилі. Мінез – адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасының бірлігінен тұратын күрделі синтетикалық білім беру. Мінез жеке тұлғаны бүтіндей көрсете алмаса да, қасиеттер, бағыттылық пен еріктер, интеллектуалды және эмоционалды сапалар, темпераменттерден (мысалы, сангвиник, холерик және т.б.) көрінетін типологиялық ерекшеліктердің күрделі жүйесін білдіреді. Мінездер жүйесінен жетекші қасиеттерді де көруге болады. Оған, бірінші кезекте, моральдік (адамдарға деген қайырымдылық не рақымсыздық, айналасындағыларға деген жауапкершілік, қарапайымдылық және т.б.) жатады, олар белгілі бір мінез-құлық стилі мен практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін шешеді.

Басқаларына сүйенетін төртінші компонент, әдетте «Мен» ұғымын білдіретін басқару жүйесі болып табылады.

«Мен» - жеке тұлғаның өзін тануы жөніндегі блім беру, ол өз-өзіне ақылау жасау және әрекеттер мен қылықтарды реттеу, өмірді жоспарлау.

Жеке тұлғаның шындық өмірмен байланысы психикалық процестерді қамтамасыз етеді, ол арқылы жеке тұлғаның қасиеті қалыптасады. Қалыптасқан қасиеттер өз кезегінде процесс ағымына әсер етеді. Жеке тұлғаның психикалық құрылымы күрделі, көп қырлы және қозғалыста болады. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара шарттас.

Қазіргі социологияда жеке тұлға типологиясын құндылық бағыттылығына айланысты бөлу кеңінен тарауда.

Дәстүрлі бағыттағылардың борыш, тәртіп, заң тыңдау, сол сияқты дербестік, тіл табысқыштық, өзін жүзеге асыру сияқты қасиетері неғұрлым төмен.

Идеалистердің, керісінше, дәстүрлі нормаларға, тәуелсіздік және беделге бой ұсынбау, қандай жағдайға болмасн, өзін дамытуға деген сындарлы көзқарасы айқын байқалады.

Жеке тұлғаның фрустирланған (сөзбе-сөз: қиындықта қалған) типі үшін өзін-өзі төмен бағалаушылық, жабырқаушылық, тұнжырау, өмір ағымынан өзін лақтырып тастағандай сиапт тән болады.

Реалистерде борыш пен жауапкершілік сезімін дамыту арқылы өзін жүзеге асыруға, өзіндік тәртіп пен өзін бақылауы басым салауатты скептицизмге ұмьылу басым болады.

Гедонистикалық (грек. – рахаттану) материалистер алдымен «осында және қазір» ләззат алуға бағытталады және бұл өмір рахатын алуға деген құштарлығы тұтынушылық тілегін қанағаттандыру формасына ие.

Жеке тұлғаның идеалды типі нақты жағдайларға бйланысты болмайды. Жеке тұлғаның бұл типі болашаққа тілек сияқты. Мысалы, К.Маркста жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға.

Жеке тұлғаның базистік типі қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдегі қажеттіліктерге жақсы үлгіде жауап беретіндер.

Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның әлеуметтік типі қоғамдық жүйенің адамның құндылық бағыттарына және олар арқылы нақты мінез-құлыққа әсер етуіне қарай бейнелену.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 тақырып. Мәдениет социологиясы.

Дәріс жоспары:

1. Мәдениет соцологиясы ұғымы, құрылымы және функциялары.

2. Мәдениетттің негізгі элементттері мен формалары.

3. Мәдениеттің әлеуметтік  қызметі.

4. Қазақстанның  қоғамның жаңару жағдайындағы  мәдени процестердің даму мәселелері  және оның зерттеудегі соцологиясы ғылымының ролі.

Дәріс мазмұны:

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекеті мен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен “мәдениет” деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетіледі. Мәдениет – адам жасаған “екінші табиғат”. Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.

Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.

Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біруге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, Өндіріс құралдары дамиды. Мысалы, бір кездері жазба әдебиеті болмады. Соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейініректе жазудың шығуына жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитафон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттілігі туды. Сөйтіп мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.

Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

Адам оның қызметі мен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ рухани мәдениет пен материалдық мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет .Материалдық мәдениет - өндірістің, рухани - өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі, материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері еңбек құралдыра және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет – субъектісі Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғөрыпқа сену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіру. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді.

Информация о работе Социология ғылымы және оның құрылымы