Социология ғылымы және оның құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:31, лекция

Краткое описание

1. Социологияның әлеуметтік білім жүйесінде алатын орны.
2. Социологияның объектісі мен пәні.
3. Социологияның құрылымы.
4. Социологияның заңдары мен категориялары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология лекциялары.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

Діни идеология дегеніміз белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген діни ойлардың жиынтығы. Діни идеология ғұламалардың, діни қайраткерлердің жасаған идеяларының жүйесі. Діни идеологияның қоғамдық болмысты, адамдарды қоршаған дүниені танудағы құралы негізінен діни мазмұнды түсініктер мен ұғымдар болып табылады. Будданың Бенарес уағызы, Иисус Христостың Нагорный уағызы және Мұхаммед Пайғамбардың «Мединедегі умма қауымдастығы жарғысы» логикалық сабақтастық пен өарама-қарсылыққа құрылған түсініктер мен ұғымдардан тұрады. Олар кейіннен ұлы діндердің негізгі шығармаларына арқау болды. Ұлы діндердің діни идеологиялырының жүйесі «Трипаитка», «Библия» және « Құранда» көрінеді. Діни сана қоғамдық болмысты, адамдарды қоршаған дүниені діни психологиядан гөрі тереңірек және толығырақ бейнелейді. Сондықтан ол діни сананың жоғарғы деңгейі болып табылады. 

Діннің анықтамасы және түрлері. Әртүрлі елдерде және әртүрлі мәдениетте діннің әртүрлі анықтамасы бар. Көптеген батыс елдеріндегі адамдар дінді христиандыәпен, ал сенімді - құдыретті күшті мойындаумен теңейді, тірі және өлгеннен кейінде бізді моральдық нормаларға сәйкес болуға мәжбүр етеді.

Американ социологы Р.Л.Джонструн дін дегеніміз – діни сенім мен ритуалдың жүйесі, оның көмегімен адамдар тобы табиғи және құдыретті күш дегендерді түсіндіреді және оның әсерін көрсетеді деп анықтама берген.

Дін тарихы. Әлемдік тарихта күшті әсері бар: Буддизм, христиан және ислам.

Буддизм - өте ертеде, бұдан 25 мың жыл бұрын пайда болған. Будда ілімінің мазмұны – имандылық саласындағы адамдық қалып және тәртіп қазіргі уақытта буддизм Үнді, қытай жарты аралдарында маңызды қоғамдық саяси және мәдени рөл атқаруда.

Христиан діні буддизм дінінен бес ғасырдан кейінен келген әлемдік діннің бірі, қазір ол ең көп тараған дін. Негізгі басшылыққа алатын заңы - қасиетті кітап (библия). Еуропа мен Америкада оған сенушілер 1024 миллион адамнан асады.

Ислам кейіннен пайда болған әлемдік дін. Бүгінгі әлемде 1,5 миллиардтан астам адам сенеді. Осыдан 1300 жылдан астам бұрын Мұхаммед құрған ісләм дінінің бұлжытпай орындауға тиісті заңы - қасиетті кітап болып есептелетін құранда сол діннің ерекшелігі анық көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 тақырып. Саясат әлеуметтануы.

Дәріс жоспары:

1. Саясат соцологиясының  мәні, заңдары, категориялары.

2. Саясат және саяси қызмет.

3. Саяси қатынастар  мен саяси мүдделер, саяси процесстер  мен саяси институттар.

4. Қоғамның саяси  жүйесі және саяси сана, олардың  негізгі элементтері, функциялары  мен формалары.

Дәріс мазмұны:

Саясат және саяси қызмет. Саясат соцологиясы – сасат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін соцология ғылымының бір саласы.

Оның пәндік құрылымы және саясаттың социологиялық көрінісін ежелгі грек ойшалдары Платон мен Аристотель анықтап көрсетіп берген. Мемелекеттік социология теориясының негізі мен идеясының қалыптасуына және кейбір саяси ғылымдары принциптерінің – саяси социологиялық пәндердің төркіндес жақтарының қалауына маңызды үлес қоқан адам – Аристотель. Алғашқы саяси социология екі пәннің проблематикасы мен тәсілін байланыстыратын ғылыми білім саласы ретінде көрінеді. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі ХХ ғасырдың 20-жылдарында Батыс соцологиясынан басталады, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарасмастан саясат социологиясының өз алдына ұғымдары, заңдары, т.б. ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Әлеуметтік – саяси қатынастар – саясат социологиясының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, өрпақтар, кәсіптік қөрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды.

Саясат социологиясы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдылықтарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық саласындағы саяси қызмет пен саясатқа талдау жасауға баса назар аударады. Саясат социологиясының пәніне – саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен қөрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, төлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар, олардың өйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Саясат социологиясы бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің көп түрлілігін ескере отырып, әлеуметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпы дүниежүзілік, жалпы адамзаттық заңдарын зерттеуге тиіс.

Осымен байланысты заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік-саяси өмірдің өмір сүру заңдары. Бұған әлеуметтік-саяси өмірдің әрекет ету заң, оның ұйымдастыру тәсілдері саяды. Өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әр түрлі элементтерінің, субъектілері мен объектілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну, заңы, әр түрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы, т.б.

Даму заңы – бөл әлеуметтік-саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар мен формаларын анықтайды. Мысалы, революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси қозғалыс, т.с.с.

Осы заңдарға сәйкес саяси социологияның категориялары да қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді: 1.Саяси өмірдің өмір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет, билік жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм, ереуілдер, т.с.с; 2.Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық, көппікірлік, саясаттандырылған төлға және т.б.

Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен өлттық қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе өзге де саяси қызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, өздері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы танылады. Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатынасты болады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.

Саяси қатынастарға қоғаманың әлеуметтік-саяси уклады, сондай-ақ оның өміріндегі моральдық-психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.

Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мүдделерінің тікелей ықпалы мен қалыптасады.

Саяси идеология аталмыш әлеуметтік-саяси күштердің мүдделері теориялары мен ғылыми төжырымдамалар деңгейінде көрінеді. Мұндайда бұл мүдделерді мейлінше терең түсінуге қолы жетеді, олардың мәні, мазмұны мен бағыт-бағдары ашылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 тақырып. Экономикалық әлеуметтану

Дәріс жоспары:

1.Еңбек, оның функциясы  мен мазмұны

2.Жұмыссыздық және әлеуметтік  құқық.

3.Ұйым социологиясы

 Дәріс мазмұны:

Еңбек  экономикасы өндірістік қатынастармен бірге өндірістік күштердің бірлігін: еңбекті бөлу мен ұйымдастыруды, оны нормалауды зертттейді.

Экономикалық социология қоғам өмірінің мынадай екі саласын зертттейді: экономикалық және әлеуметтік, қызметтірдің өндірістік аядағы мінез-құлқы, субьектінің өндірістің әлеуметтік тиімділігін арттырудағы рөлі, сонадй-ақ экономикалық мәдениет пен экономикалық мінез-құлық.

Экономикалық саланың әр түрлі екендігі негізінде әлеуметтік проблематика саласы да бөлек, экономикалық социологияның да ғылым ретінде құрылымы бар, яғни тақырыптық бөлімдер мен бағыттардан тұрады. Олардың негізгілері мыналар болып табылады:

  • еңбек социологиясы, кәсіптер мен істер;
  • бөлгіштік, мүліктік қатынастар социолгоиясы;
  • ұйымдастыру социологиясы;
  • басқару социологиясы;

Еңбек мынадай қарапайым сәттерден тұрады:

  • мақсатты қызмет немесе еңбектің өзі
  • еңбек мәні
  • еңбек құралдары
  • еңбек нәтижесі

Еңбек – жүзеге асу процесінде қоғамдық мәні бар белгілі бір материалдық және рухани құндылықтар жасалатын қызмет.

Қоғамдық еңбектің құрылымы мыналардан тұрады:

1.Өндірістік күштер, бұған  жекелік элементтер, яғни еңбектің  өзі (ойлап табуды және орындаудан  тұрады) және заттық құрамдас бөліктер (еңбек мәне мен еңбек құралдары) кіреді.

2.Мақсат. Еңбек мақсатты  болып табылғандықтан, қоғамдық  еңбек құрылымы міндетті түрде  мақсаттың жалғастырушылары болып  табылатын (мақсаттың жалғасытуршылар  әрқашан еңбекті жасаған адам болып табылады) элементтерден тұрады.

Маңызды категориялардың біріне қоғамдық еңбек функциясы жатады. Функция (латынша functio – жасау, орындау) – бұл құбылыстың қолданыстағы мәні.

Қоғамдық еңбектің ңфункциясы мен құрылымы еңбектің біртұтас мәнінің әр түрлі аспектілерін көрсетеді:

  • еңбек адам қажеттілігін қанағаттандыру тәсілі ретінде
  • еңбек қоғамдық байлықты жасаушы ретінде (адам сол арықылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып өз ішінде және табиғатпен зат алмасуды реттеуге және бақылауға бағытталған қызмет);
  • еңбек қоғамды тудырушы және қоғамдық прогресс факторы ретінде ( адамның қажеттіліктерін қанағаттандыра және байлықты жасай отыра еңбек барлық қоғамдық дамдың негізі болады);
  • еңбек адамның жасаушысы ретінде (адамзат тұрмысының құндылықтарын жасай отырып, қоғамдық даму субъектісі ретінде еңбекте жалпы қоғамның өзі дами отырып адам өзін-өзі дамытады);
  • еңбек адамзатқа еркіндік жолын беруші күш ретінде (адамдарға өздерінің әрекетінің алдын ала барынша қашықтағы табиғи және қоғамдық салдарларын ескеруге мүмкіндік беруші, бұл функция барлық алдыңғыларды түсіндіреді).

Еңбектің техникалық-ұйымдастырушылық мазмұны техникамен, технологимен, өндірісті ұйымдастырумен, еңбек мәнімен және жұмысшының  шеберлігімен қалыптасатн еңбек функцияларының сандық және сапалық анықтылығынан айқындалады. Ол еңбек процесінің өндірістік күштерін және өндірістің тұлғалық және заттық  элементерін біріктіру тәсілдерінің техникалық аспектісін сипаттайды.

Еңбектің әлеуметтік-экономикалық мазмұны индивидтің еңбегңі мен бүкіл қоғам еңбегі арасындағы байланыстарды жіне қатынастарды көрсетеді және еңбек жасалатын қоғамдық қатынастарға тән белгілерді сипаттайды.

Қазакстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, соған сай (24- бабының 1-тармағы) әрбір адам еңбек еркінідігіне, қызмет түрі мен мамандықты еркін таңдауға құқылы.

Бәсеке және жұмыс орындарының тапшылығы жайындағы құбылыстарға тоқталсақ, кез-келген кәсіп өкілдер: жұмыссыздықпен бетпе-бет келеді.

БҰҰ жанындағы халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарын сәйкес кез келген жұмыс істемейтін адам жұмыссыздар қаьарына жатқызылуы керек болса, керемет болар еді. Қажетті шарттарға жас мөлшері (16 жастан жоғары), жұмыс табу ниеті және оны белсенді түрде іздестіру жатады.

Ұйым – бұл мақсаттың, мазмұнның және еңбек шарттарының тұтастығына негізделген адамдар тобы. Адамдар « тараптардың белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты және еңбек шартттарының негізінде жұмыс беруші мен жұмысшы арасында» туындайтын еңбек қатынастарына түседі.(Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңының 1-тарауының, 1-бабын қараңыз).

Ұйым негізгі мақсат болып табылатын өндіріс үшін құрылады. Ол адам мән беретін және оның мінез-құлқына әсер ететін бірқатар әлеуметтік функцияларды да жанама түрде атқарады:

1.Әлеуметтік-экономикалық. Ұйым жалпы немесе  осы еңбектің  ниет тілген түрін және адамның  мүдделерін жұмыспен қамтуды  қамтамасыз етеді және реттейді.

2.Әлеуметтік-саяси. Ұйым  еңбек ұжымы ретінде саяси  өмірдің дербес субьектісі болып табылады және кейбір мүшелерге саяси қатысу шариты немесе институты болып табылады.

Әлеуметтік мәртебелік. Адам үшін өзінің қоғамдағы мәртебесі маңызды болып табылады, мұны тап осы ұйым атқарады.

4.Әлеуметтік қорғау.Ұйым  оған ресми, іскерлік және өзімшілдік қатынас тұрғысынан қарағанмен, нақты адамдарға қиын жағдайларда аз ба, көп пе, көмек көрстеуге қабілетті.

5.Әлеуметтік бірегейлену  және қажеттіліктер. Аадамның табиғи  қажеттіліктерінің бірі – басқа  адамдармен бірлікте болу, адамдардың  қандай да бір қауымға жатуы.

Ұйым, міне тап осындай қауым бола алады.

6.Әлеуметтік реттеу. Ұйым  еңбек ұжымы ретінде қызметкердің  мінех-құлқын тәртіпке келтіреді, мұнда ол өзінің жеке игіліктерін  де, олардың еңбек және экономикалық  мүделерін де ұмытпайды.

7.Әлеуметтену. Ұйымда адам өзінің әлеуметтік мінез-құлқын жетілдіреді, өзін жеке тұлға ретінде көрсетеді.

8.Қарым-қатынас. Ұйымдағы  қарым-қатынас адамға айрақша  әсер етеді. Кейде ол сенімділік  пен оның шегінің кемшілігін  толықтырады, жаңа таныстарға жол  ашады.

Информация о работе Социология ғылымы және оның құрылымы