Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Жас ерекшелік психологиясы психиканың жас мөлшеріне қарай даму динамикасын жеке тұлғаның психикалық даму үдерістерінің онтогенезін «жеке адамның психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері» және психологиялық сапаларын зерттейді. Бұл үдерістер (процестер) мен сапалар адамның жас мөлшеріне қарай өзгерту үстінде болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология китап.docx

— 237.50 Кб (Скачать документ)

Д.Б.Эльконин үшін дамудың  әлеуметтік ситуациясы, яғни баланың  басқа адамдармен қатынасы психикалық дамуды айқындайды. Бұл ең ортақ  ереже. Даму процесін психологиялық  талдау үшін оны нақтылау қажет. Әлеуметтік қатынастар үнемі іс әркет арқылы көрініс табады. Іс әрекетте субьектінің  болмысқа, оның өмірлік қажеттіліктернің нысанына қатынасы іске асады.

Кезеңдерге бөлу кезінде  психикалық даму талдаудың бірлігі  проблемасы, яғни аталмыш процесті құрылымдауға жәнее жас ерекшелік  кезеңдерін жеткізуді негіздеуге мүмкіндік  бередтін психологиялық тұрғыдағы  мазмұндық категорияларды бөлу проблемасы туындайды. Іс әркеттің жетекшң түрі ұғымы аталмыш проблеманы шешу үшін негіз болып табылады. әр жас кезінлегі  юбаланың өмірі іс әркеттің жетекші  түрлерінің жиынтығынан құралмайды, алайда олардың кейбіреулері алдыңға орынға шығады да, аталмыш кезеңде тұлғаның дамуында үлкен маңызға ие болады. Іс әркееттің жетекші түрі балағын психикалық дамуының басты жолын анықтайтын болмасықа, ақиқатөа деген қатынасын көосетеді. Ал оның алмасыуы психикалық дамуыдың бір сатысынан екіншісіне өтудің критерийі болып табылады. Жетекші іс әрекет бұл аталмыш жас кезеңдерінде бала психикасының қалыптасуы үшін айтарлықтай мәні бар іс әрекет Д.Б.Эльконин дамудың әр түрлі кезеңдерінде жетекші іс әркеттің заттық мазмұндық жағы өзгеретіндігіне назар аударады. Д.Б.Эльконин бойынша, ақыл ой дамуы тұлғалық дамумен бірлікте қарастыруы тиіс. Тек осы жағдайда ғана оқыту мен тәрбиенің арасындағы іс әркеттің мотивациялық қажеттілік пен операциялық техникалық сфералары арасында мүмкін болады. Баланың қоғаммен байланысы оқыту және тәрбиемен жанамаланады. Осыған қарай психикалық дасуды талдау кезінде баланың өзін емес «бала қоғамда» жүйесін қарасытыру қажет. Бала заттар мен әркет етудің қоғамдық өңдеоген тәсілдерін меңнереді. Алайда, ол заттарда онымен не істеу керектігі жазылып тұрмайды. Сондықтан затты меңгеру оның физикалық қасиеттеріне бейімделу жолымен емес, баланың затпен өзара әркеттесуінді меңгеретін қоғамдыұ үлгілірді, тәсілдерді ұсынатын ерсектер арқылы жүреді. Баланың қоғамдағы әлеуметтену процесінің мәні де осында.

Бала ересек адамды әрекеттер  тәсілдерін беруші ретінде ғана емес, сондай ақ қоғамда белгілі бір  орын алатын, белгілі бір әлеуметтіу міндеттерді шешетін белгілі  бір әлеуметтік нормаларды ұсынатын адам ретінде қабылдайды. Бала үшін ересек қоғамдық ісәркетті беруші.

Тұлғаның дамуы мен  идеалды формаларды интериоризациялау  үшін ересектердің мінез құлқын бақылау  жеткіліксіз. Ол үшін оларды бала өз іс әрекетінде қайта жаңғырту қажет.

Д.Б.Эльконин бала дамуының әр түрлі кезеңдеріне сәйкес іс әрекеттің  жетекші түрлерін бөліп көрсетті:

    1. тікелей эсоциялық қатынас
    2. заттық маниполятивті іс әрекет
    3. ойын
    4. оқу іс әрекеті
    5. тұлғалық қарым қатынас
    6. оқу кәсібі іс әрекет

Әрбір жас кезеңінде іс әрекеттің не мотивациялық мағыналық  сферасының не операциялық техникалық жағының дамуы үстем болады. Бұл  кезде іс әрекеттің қандайда бір  жағының дамуы үстем болуы  жетекші іс әрекет түрінің кезектесіп алмасуы кезінде жүреді. Мысалы, тікелей эмоциялық қарым қатынастың қалыптасуы кезінде мотивциялық  мағыналық сфераның заттық манипулятивті  іс әрекетте операциялық техникалық жағының дамуы басым болады. Даму бала іс әркетінің операциялық техникалық аясы деңгейінің мотивациялық жағының  деңгейіне сәйкес келуі арқылы жүреді, ал бұл жас дағдарыстарының пайда  болуына негіз болады.

 

 

V. ТАРАУ МЕКТЕПКЕ  ДЕИІНГІ КЕЗЕҢ

5.1. мектепке дейінгі   балалық шақтағы баланың

Дамуының психологиялық  ерекшеліктері.

Ойын-басты  іс-әрекет

Мктепке дейінгі балалық  шақта (3-7 жасқа дейін) ағзаның қарқынды жетілуі жалғаса түседі,бойы,салмағы, көлемі ұлғайады сүйек-бұлшықет жүйесі қатайады, тежеу процестері күшеиеді . Ми салмағы 1110-1350 грамға өседі. Үлкен  ми сыңарлары қабықтарының реттегіш рөлі

Мен оның ми қабығы астындағы  орталықтарды бақылауы арта түседі, шартты рефлекстердің пайда болуы жылдамдығы арта түседі,әсіресе екінші сигналдық  жүиесі дамиды.

Д.Б.Элькониннің айтуы  бойынша алғашқы даму кезеңінің  соңында бала әлеуметтік ортамен  тығыз байланысқа түседі,негізінде  үлкендермен қарым-қатынас жасау  шарты іштей қалыптасады. Алғашқы  мектепке деиінгі кезеңде баланың  үлкендермен қарым-қатынасы біріккен іс-әрекет деңгеиінен шығады. Үлкендерден  бөлініп өз бетінше дамуы басқа  ие болады.Бала үлкендердің бар екенін сезінеді,және оның алдында үлкендердің  күрделі өмірі паида болды.Осыған деиін бала үлкендермен бірігіп  өмір сүруге үйренген .Мектепке деиінгі  кезеңің елеулі ерекшелігі

Болып баланың құрдастарымен  жасайтын арнайы өзара қарым қатынысның пайда болуы. Мекткп жасына дейінгі  баланың басқа адамдарға қатынасы өзіндік ішкі позициясы өз << менін>> және өз қылықтарының  маңызын аңғарудың  арта түсуімен, үлкендкрдің ішкі дүниесіне, олардың іс әректіне мен өзара  қарым қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады .

Мектеп жасына деиінгі  бала дамуының әлуметтік жағдаят  ерекшеліктері оған тән іс әрекет түрлерінен,алдымен сюжеттік рөлдік ойындардан көрініп отырады.Рөлдік немесе шығармашылық ойын, мектепке дейінгі  кезеңде пайда болды. Бұл әрекетте балалар үлкендердің рөлін ойнап,ойын барысында олардың қарым-қатынасын  және әрекеттерін жаңғыртады. Бала белгілі бір рөлді таңдап,оны  орындайды: ана, дәрігер, жүргізуші, қарақшы  және олардың  әрекеттерінің үлгісін  келтіріп, сол обрызға кіреді. Ойынның  образдық жоспары өте маңызды,онсыз  ойын мүлдем болмайды. Бірәқ ойын қойылым  түрінде өтеділ ,ол эмоцияға бай  және бала үшін оның шын мәнді өміріне  айналады.Алдындағы тарауда айтып  өткендей ,ойын сәбилік кезеңнің  соңында заттық-манипулярлық әрекеттеп туындайды . Алғашында бала  затқа және оның қызметіне қызығушылық танытады. Заттық әрекеттердің керекті деңгеиде дамумен  қатар,ойының пайда болу үшін бала мен үлкендкр арасындағы қарым-қатынас түбегеилі өзгеруі керек.3жас шамасында бала әлде қайда дербес бола бастайды және оның жақын адамдармен бірлескен  әрекетті  әлсәрете бастайды.Балаға әртүрлі ойыншықтар,сонымен қатар, белгілі бір жүйесі жоқ,яғни бала олардың басқа нәрселер үшін де қолдана алатын заттар болу керек.

Д.Б .Эльконин: << бала үйге алып келген,анасының  көз қарасы бойынша,керек емес қоқыстарды тастауға болмайды.Оған арнайы бір бұрышқа  қорап қойып қойыңыз,бала қызықты  ойнап , өз қиялын дамытуға үлкен мүмеіндік  алады, > - дкиді.

Сонымен ,мектепке дейінгі  кезеңнің бастапқы кезінде бала ойынның  алғашқы түрлері пайд бола бастайды. Бұл бізге-белгілі режиссералық ойын.Сонымен қатар образдық рөлдік ойын пайда болды . Бұл кезде бала өзін әлде кімге немесе қандайда бір  нәрсеге ұқсатып және соған байланысты әрекет етеді. Бірақ мұндай ойынның  негізгі қозғаушысы –әсерлі көрініс ,ішкі толғаныс: баланы өзі көрген сурет  таңқалдырады және ол ойын әрекеттерінде  оның эмоцясын туғызған образды жаңғыртады.Жан  Пияже образдық-рөлдік ойынға байланысты бірнеше мысалдар келтіреді . Оның демалыс  кезінде ауылдағы қоңыраулар   орнатылған үйді  қызықтаған қызы қоңыраулы  дыбысты естіп алған, әсерінен  көпке деиін айяғы алмай жүреді. Ол әсіресе үстелінің жанына жақындап қимылдай тұрып,естіген шу  үнін ауызбен келтірілмек болды.<сен  маған кедергі жасап тұрсың ғой,мен  жұмыс істеп отырмын >>,-деген  әкесіне қызы.<менімен сөйлеспе>,<мен  шіркеумін >деп жауап береді.

Тағы бір жолы Ж.Пиаженің қызы асханаға кіріп,үстелдің үстінде  қауырсынды жұлынған үйректі көріп,үлкен  әсер алды. Кеше қызы өз төсегінен табады. Ол қймылдайды,сөйлмейді және сұрақтарға жауап бермеиді,ақырын ғана <<өліп қалған үйркпін >>деген дауыс  шығарады.

Режиссерлық және образды  –рөлдік ойындар ,мектепке дейінгі  кезеңнің орта кезеңінде көріне бастайтын  сюжетті-рөлдік ойынға түрткі болады.кешірек, ереже бойынша ойналтын ойындар  қалыптастырады . Ескерту кету,жаңа ойын түрлерінің пайда болуы бұрынғы  меңгерілген ескі  ойындар түгелдей ысырып тастайды,олардың барлығы  сақталып,жалғастырылады.сюжеттік-рөлдік ойында балалар адамдардың рөлдік және қарым-қатынасын жаңғыртады. Балалар бір-бірімен немесе қуыршақпен серіктес ретінде ойнайды.Ережелер ойндарда  рөл екінші  орынға

Ауысады да. Ойын тақырыптары  ережсінің  дұрыс орындалуы бірінші  болады: Негізінен бұл 

Жерде жарыстық  мотив,жеке топтық  ұту айқындалады . Бұл-көбінесе спорттық ойындар.

Әрбір ойында өз шарттары,қатысушылар  балалар ,қуыршақтар ,басқа ойыншықтар және заттар. Кіші мектепке дейінгі  кезең уақытындағы ойын заттармен  манипуляцияны еске түсіруші бір  әрекетті  қайталанушы сипатта  болып келеді.мысалы,3жасар бала кубиктар  мен тарелкаларды пайдалана  отырып ,<түскі ас> дайындайды. Егер,ойын барысында тағы да біреу қосылса(бала немесе қуыршақ ),керекті образдың пайда  болуына алып келеді де белгілі бір  мәнге ие болады.

Жанында отырған қуыршақты  тамақтандыру керектігін ұмытып кетсе  де,бала ас әзірлеп ойнай береді. Бірақ,бала бір өзі қалып ойыншықтар жинаулы тұрса,оны осы сюжктке  итермелеуші өзінің

Бастапқы мәнін жоғалтатын манипуляцяны жалғастыра береді.

Заттардың орнын ауыстырып ,қалпына немесе көлеміне қарай оларды бөліп  <кубикпен > немесе жай  ғана ойнап отырғандарын түсіндіреді. Ойын жағдайының өзгеруімен түскі  ас > ұмытылады.

Сюжет-ойын кезінде байқалатын шындық өмір көрініс.

Алғашында бала отбасымен  ғана шектелгендіктен ойындары негізгі  отбасылық образдармен және тұрмыстық  мәселелермен байланысты болады . кейінірек,өмірдің  жаңа салалары меңгере бастағанан кейін,ойында күрделірек сюжеттер,өндірістік ,әскери және т.б. тақырыбтар қолданыла бастайды.Сюжеттік  ойындар түрлеріне түседі айтар  болсақ: анасы мен қызы . сонымен  қатар,бір сюжетті қайталап ойнапберу  біртіндеп тұрақталып,ұзағырақ бола бастайды. Егер,3-4жасар бала ойынға 10-15 минут бөліп,одан кейін басқа  нәрсеге көңіл бөлетін болса, 4-5 жастар бір ойынның өзі 40-50 минутқа  созылады.Үлкен мектепте дейінгілер бір ойынды бірнеше сағат қатарынан  ойнауға қабілетті,ол олардың кейбір ойындарды бірнеше күнге созылады.

Үлкендердің іс-әрекетімен байланысты тақырыптар ойын мазмұнын құрайды. Кіші мектепке дейінгілер заттық әрекеттерге еліктейді : Нан кеседі,сәбіз турайды,ыдыс жуады.Олар әрекетінің  орындалуы  үрдісіне үңіледі, ал біраз уақыттан кейін ойын нәтижелерінің,кімге және не үшін орындаған ұмытып қалды.Балалардың әрекеті бір –бірімен сійкес келмейді,ойын кезінде кенеттен

Рөлдерін ауыстыра алмайды. Орта мектепке дейінгілердің негізгі  ойыны-адамдар арасында

Қарым-қатынасы. Сондықтан  да,5 жасар бала еш уақытта бірізділік әдетін ұмытпайды, алдымен түскі  ас,содан кейін ыдыс жуылады,яғни керісінше орындамайды. Қатар рөлдер болмайды,мысалы бір аюды бір уақытта  екі дәрігер қарамайды,бір поезды екі машинист айдамайды. Ортақ қарым-қатынасқа  түскен балалар өзара рөлдерді ойын бастамай отырып бөліп алды. Үлкен  мектепке дейінгілер үшін рөлдеріне  байланысты ережелерге бағыну маңызды,рөлдің дұрыс орындалуын олар қатты қадағалайды.

Ойын әрекеті біртіндеп  өзінің бастапқы мәніні келе бастайды. Негізінен заттық әрекеттер  қысқарып қортындыланады,ал кейде тіпті сөзбен алмасады (мен олардың қолын жудымғой,үстелге  отырамыз). Ойын сюжетті және мазмұны  рөлдерге ауысады. Мектепке дейінгі  кезеңдегі ойындағы рөлдер,ережелер және ойын әрекеттері мына бағытта  дамйды: әрекет жүйесі ашық ойыннан  және оларда жасырып тұрған рөлдермен  бітеді. Жоғары мектепке дейінгілерде  рөлдік ойындарға қарағанда ережелі  ойындар көп ойналады.

Осындай негізінде ойын өзгеріп,мектепке дейінгі кезеңнің соңында жоғары даму деңгейі жетеді. Ойын даму кезінде  екі негізгі деңгейлерге бөлінеді. Бірінші деңгей 3-5жас адамдар  әрекетін шынайы логикалық жаңғырту. Бұл кезеңде заттық әрекеттер  ойын мазмұны болып табылады. Екінші кезеңде 5-7 жас адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынас көрсетіледі 

Және ойын мазмұны қоғамдық қарым-қатынас және адамдардың іс-әрекетінің,ол бала дамуы маңызды үлесін қосады. Ең алдымен ойында балалар бір-бірімен  толыққанды қарым-қатынас жасауға  үйренді. Кіші мектепке дейінгілер өз құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас  жасауға үйренеді. Кіші мектепке дейінгілер өз құрбыларымен дұрыс қарым –қатынас орната алмайды. Мысалы, бала – бақшаның кішкентайлар тобында темір жол  ойны ойналады.тәрбиеші балаларға орындықтарын ұзын қатар жасап,жолаушылардың  өз орындарын табуына көмектеседі. Машинист жүргізуші болғысы келген екі бала қатардағы орындықтардың  соңғысында отырады да,уілдеп, поезді әр түрлі  жақтарға айдайды. Жүргізушілерді де,жолаушыларды да бұл жағдай алаңдатпайды және бір нәрсені талқылау тірліктерін оятпайды.Д.Б.Элькониннің пікірі бойынша,кіші мектепте дейінгілер< бірге емес, қатар ойнайды>.

Біртіндеп балалар арасындағы қарым-қатынас қарқынды және өнімді бола бастайды. 4 жасар екі қыздың арасындағы анық мақсатты және оған қол  жеткізудің сәтті әдістері көрінетін  диалогты мысалға келтіреиік :

Л :<Мынау өтіріктен менің  машинам болсын>

Д:<Жоқ>

Л:<Онда бұл машина өтіріктен  біздікі болсын >

Д:<Жарайды>

Л:<біздің машинаны айдай  тұрсам болама?>

Д:<болады> күліп машинасын  шығарады

Л: Машинаны айдап,мотор шуын бейнелейді.

Орта және кіші мектепке дейінгі кезеңднгі балалар өздерінің  өзімшілдіктеріне қарамастан,рөлдері  өзара келесі отырып бөлінеді,тіпті  ойын барысында да талас-тартысқа бармайды.

Бұл рөлдерге,ойын ержелеріне байланысты мәселелерді келісе отрып  шешуге,баллардың  қызықты ойынды ортақ ете білгендеріне байланысты.

Егер осындай күрделі  себптерге байланысты бірлескен  ойын бұзылса,қарым-қатынас үрдісі де бұзылады. Курт  Левиннің экспериментінде  мектепке деиінгі балалар тобын  бұзылған ойықтар бар(телефонның тұтқасы  жоқ, дөңгелегі жоқ машина және т.б.)бөлмеге  алып келеді. Мұндағы жетіспеушілік  терге қарамастан,баллар бір-бірімен  қуана ойнайды. Екінші күні фурстрация күні болды. Фурустрация-бұл мақсатқа жету жолында кездесетін қиындықтардан туындайтын жағдай.

Балалар сол бөлмеге кірген  кезде, ойыншықтар толық жиынтығы жатқан көршілес бөлменің есігі ашық тұрады, бірақ есікке тор тұтылған еді. Балалар  өздерін қызықтырып тұрған ойыншықтар ды көріп,бөлмені аралап кетті. Біреулерді торды сілкіп,ы біреулері еденде жатты,көпшілігі  ашуымне енді керек  емес ойыншықтардың  бір-бірімнен қатынасын  бұзды.

Информация о работе Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері