Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Жас ерекшелік психологиясы психиканың жас мөлшеріне қарай даму динамикасын жеке тұлғаның психикалық даму үдерістерінің онтогенезін «жеке адамның психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері» және психологиялық сапаларын зерттейді. Бұл үдерістер (процестер) мен сапалар адамның жас мөлшеріне қарай өзгерту үстінде болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология китап.docx

— 237.50 Кб (Скачать документ)

Х.Вернердің отрогенетикалық  концепкия. Онтогенезді талдау көптеген жаңа сұрақтар туындатты. Неге дамудың  бір сатысында жақсы бейімделген  организм келесі сатыға өтеді? Қалайша  организм өзіндік қасиетерін сақтай отырып, сапалық тұрғыдан өзгеріске  ұшырайды? Даму бұл үздіксіз үрдіспе  пе әлде ауыспалы ма? Х.Вернер ортогенетикалық  принципті қалыптастырады. Ортогенез  – тірі табиғаттың даму теориясы (термин мен теория авторы биолог Т.Эймер) бұл  теорияға сәйкес тірі табиғаттың дамуы  қатаң айқындалған бағыт бойынша  жүреді. Даму кезінде: 1)дифференция; 2)спецификация; 3)орталықтандыру; 4)иерархиялық интеграция үрдістері жүреді.

Психологиядық ортогенетикалық  ұстаным психикалық өмірді және оның дамуымен жалпы көлемде қамтуға  тырысты. Өмір бар жерде, өсу мен  даму тоқтаусыз жүреді деп атап көрсеткен  Х.Вернер. Сондықтан да жеке тұлға  психикасы және адамзат нәсілінің, жануар мен баланың психологиясы, сананың ерекше жағдайлардағы психопотологиясы мен психологиясы араларында ортақ  генетикалық негіз бар. Зерттеудің түрлі салаларында алынған мәліметтерді салыстыру Х.Вернердің тұжырымдауынша, дамудың жалпы заңдылықтары адам өмірінде тұтастай қолданылады.

Х.Вернер бұл тарапта генетикалық  спираль принципін ұсынды. Бұл  ұстаным бойынша әрбір жаңа орамда барлық психикалық процестер бір  жағынан көбірек дифференцияланған (әрталапталынған), екінші жағынан көбірек  интеграцияланған (шоғыроанған) күйге  түседі. Х.Вернердің пайымдауынша, даму үрдісінің кілті өзара әрекеттектік идеясында. Бұл идеяны сипаттау үшін ол «актер-сахна» метафарасын пайдаланды. Орта – бұл сахына, немесе огранизмнің  – актер немесе осы сахнадағы  оператор.

Даму барысында «сахна-актер» арасындағы әрекеттестікте актер жағына жылжу, ауытқу пайда болды. Дамудың  төменгі саласында «сахна» (психологиялық  орта) – өзара әрекеттестікті бастаушы. Бұдан жоғарырақ сатыларда өзара  әрекеттестік организм бастайды, ол осы  өзара әрекеттестіктегі өзінің іс-әрекетін көбінесе өзі алдын-ала айқындай бастайды.

Жас кезеңдері психологиясындағы  биогенетикалық конкепкия. Америкалық психолог С.Холл педагогиканы, психологияны физиологияны т.с.с.қамтитын, балалар  туралы кешенді ғылым – педагогиканы қалыптастыру идеясын ұсынды. Сонымен  қатар С.Холл – балалардың жас  кезеңдерін психологиялық сараптауды рекапитуляция теориясына сүйене отырып жасау идеясының авторы. Бұл теория бойынша бала өзінің жеке-дара дамуында бүкіл адамзат тегі жүріп өткен, даму тарихының негізгі кезеңдерін қысқаша қайталайды. Бұл қағида Э.Геккель  ұсынған биогенетикалық заң үлгісі бойыгша қалыптасқан. Ол заңның негізінде  жеке организм даму тарихы бұған дейінгі  барлық формалар дамуының негізгі сатыларын  қысқаша қайталап отыралы деген  ой жатыр.

ХХ ғасырдың басында биогенетикалық заң балалар психологиясындағы  негізгі концепциялардың бірі болды. Оны В.Штерн, Э.Клаперд және т.б.бірқатар ғалымдар түсіндіруші принцип ретінде қолданған болатын.

Рекапитуляция концепциясының шектеулілігі және тайыздығына карамастан, психологияға қандай да бір түбегейлі  заңды нақтау қажеттілігі бағытындағы  ізденістермен мағызды болды. С.Холл түрдің тарихи дамуы мен индивидуалды даму арасында байланыс бар екенін көрсетуге тырысты. Холл зерттеулерін А.Гезелл мен Л.Мермен жалғастырды.

А.Гезеллдің жетілу теориясы. 165 балаға жүргізілген бақылауларының нәтижелерін жалпылай отырып, А.Гезелл бала бастап белгілі бір уақыт  аралықтарында балалар бір-біріне ретімен алмастырып отыратын ерекше мінез-құлық формалары байқалады.

Бірақ әлеуметтік фактор маңызын  ескере отырып, А.Гезелл бала дамуының түрлі кесінділерін (3,6,9,12,18,24,36 айдан  т.с.с 18 жасқа дейін) тке сандық тұрғыдан салыстырды. Бала дамуының жалпы заңдылықтарын  қалыптастыру тырысып, А.Гезелл жас  өскен сайын даму жылдамдығының  бәсеңдейтінін байқады.

Нәтижесінде А.Гезелл дамудың  биологиялық моделіне бағдарланды, бірақ бұл бағыт шеңберңнде демудың  бәсеңдеуін түсіндіре алмайды. Дегенмен, балалар психологиясына Гезеллдің  қосқан үлесі зор. Ол баланың туғаннан жасөспңрңм жасқа дейінгі психикалық дамуының диагностикалау жүйесін қалыптастырды. Зерттеу объективтңлңгңн арттыру  үшін жартылай көріндейтін шыныны қолданды (әйгілі «Гезелл айнасы»). Психологияға лонгитюдті зерттеуді енгізді; жетілу мен үйрену арақыатынасын талдау үшін алғашқылардың бірі болып егіздер  әдісін қолданды.

Л.Терменнің нормативтік  бағыты. Термен психологиядағы ең ұзаққа созылған лонгитюдтік зерттеудің (50 жыл) бірін жүргізді. 1921 жылы 1500 дарынды  баланы іріктеп алып, олардың дамуын егжей-тегжейлі бақылады. Зерттеу 70-жылдардың  ортасына дейін созылып, Терменнің  өлімінен кейін аяқталды. Өкінішке орай, бұл жұмыс күрделі әтижелерге әкелмеді: Л.Терминнің пікірінше, «гений»  басқалармен салыстырғанда ӨӨӨӨӨӨӨӨ денсаулық, жоғары ақыл-ой дарындылығы, білім алудағы ӨӨӨӨӨӨӨ жетістіктермен ерекшеленеді.

А.Гезелл және Л.Терменнің  концепциялары тұқым құлаушылық факторының рөліне негізделгенмен балалар  психологясымен нормативтік пән  ретінде қалыптасуына бастма болды.

Бала дамуы зерттеуге  нормативтік бағытқа классикалық  американдық зерттеуді жатқызуға  болады. Бұл бағытта «рөлді қабылдау», «тұлғалық өсу», баланың жынысы, туу ретіне байланысты зерттеулер жүргізілді. ХХ ғасырдың 40-50 жылдары балалардың эмоциялық реакцияларын нормативтік  зерттеулер басталды. 70 жылдары әр жыныстағы  балалар салыстыра зерттелді. Ж.Пиаже, Дж.Флейвелл және т.б.зетрреулерін жартылай нормативтік деп айқындауға болады.

ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап нормативтік зерттеулер сапалық  өзгеріске ұшырады. Осыған дейін  психология балалардың мінез-құлқын сипаттауға мән берсе, енді мінез-құлық себептерір мен салдарын зерттеуге бағдарланды.

В.Штерн теориясы. Даму –  тұқымқуалаушылық па, әлде орта ма деген  пікір-талас екі фактор конвергенуиясы идеясының туындауына әкелді. Оның авторы В.Штерннің пікірінше, псхикалық  даму – туа берілетін факторлардың жетілуі ғана емес, сыртқы әсерлерді  қабылдау да емес, туа берілетін  нышандардың сыртқы орта шарттарымен  конвенциясының нәтижесі. В.Штерн орта фактор ерекше мән берді, себебі туа  берілетін қатар, Штерн баланың  тұқым құалаушылығының жүзеге асуында  белсенді болған сейын, қоршаған ортаны белсенді меңшерген сайын оның тұқымқуалаушылық факторының жүзеге асу мүмкіндігі де молырақ.

Даму үрдісі ортаға бейімделу  ретінде сипатталды. Рекапитуляция  концепциясының жақтаушысы бола отырып, Штерн баланың психикалық даму кезеңдерін жануарлар әлемі мен адамзаттық мәдениеттің даму кезеңдерін ұқсастырып қарастырды. Нәресте сүтқоректі деігейінде, бірінші жылының екінші жартысында заттарды ұстау және еліктеу қабілетіне байланысты маймыл деңгейде; тік жүру және сөйлеуді меңгергеннен кейін бала адамнық қалыптың алғашқы сатыларына жетеді; алғашқы бес жыл ойын және ертегі жасында алғашқы дәуір  халықтарының деңгейінде; мектепке бару жоғары әлеуметтік міндеттерді меңгерумен байланысты және ол Штерн бойынша  мәдениетке енуіне сей келді.

Психикалық дамуға бихевиористік көзқарас

Аталып өткен теориялармен қатар субьектіден ортаның басымдылығын жақтайтын, оларға қарама-қарсы бағыт  та қалыптасты. Бұл бағыт бойынша, орта белсенді, ал субьект, тұлға, организм – сырттан танылған қағидалар  бойынша өткізілетін ойын « сахнасы  » ғана. Адам дегеніміз – қоршаған орта жасаған туынды.Бұл бихевиоризмнің негізгі методологиялық ұстанымы.

Егер биогенетикалық бағыттарда психикалық даму ұғымы өсумен және дамумен шендестірілсе,бихевиоризмде  даму үйретумен үйлестіріледі. Богенетикалық  көзқарастың қалыптасуынша Ч.Дарвиннің  эволюция жөніндегі көп ықпал  етті, ал дамудың үйрету нәтижесі ретіндегі  ұстнымға И.П.Павловтың идеялары зор  әсерін тигізді.

Америкалық зерттеушілер И.П.Павловтың иттердіңшартты рефлексінің 0алыптасуын зеттейтін обьективті әдісімен қатар иемделу әрекеттері барлық тірі организмдерге тән деген  идеяны да басшылыққа алды. Шартты рефлекс  фономены талдап – сараптауға жеңіл,қарапайым  мінез-құлықтық құбылыс ретінде  қабылданды. Үйретуді зерттеудің бастапқы кезендеріндеынталандыру мен оған жауап ретінде іс-әрекеттің , шартты және шартты емес ынталандырулардың  үйлесуі басты назарда болды: осы байланыстың уақытша параметрі  айқындалды.Үйретудің ассоциативтік  концепциясы ( Дж.Уотсон, Э. Газри ) осылай пайда болды.

     Б.Скиннер теориясы. Жаңа ассоциативтік ынталандыру – реактивті байланысты айқындаудың шартсыз ынталандыру функциялары зерттеушілер назарын аударғанда үйрету концепциясы пайда болды. Мұнда бекіту мәніне басқа көңіл бөлінді. Бұл Э.Торндайк пен Б.Скиннердің концепциясы еді. И.П.Павловтың зертхана жағдайында жануардың бойында жаңа мінез-құлық формаларын қалыптастыру идеясы Б.Скиннердің « мінез-құлық технологиясы » идеясына ұласты, ол бойынша бекіту арқылы кез келген мінез-құлық типін қалыптастыруға болады.

     Б.скиннер дамуды  үйретумен теңестіреді, үйрету  мен дамудың бір ғана айырмашылығы  бар: егер үйрету қысқа мерзімді  қамтыса, даму ұзақ кезеңдерге  созылады. Басқаша айтқанда даму  үйретулердің жиынтығы. Б.Скиннер  бойынша мінез құлық толығымен  орта әсерінен туындайды.

     Б. Скиннер  теориясындағы негізгі ұғым –  « бекіту » ( подкрепление ), яғни  сәйкес мінез-құлық актысының  қайталануын ықтималды түрде  жоғарлату не төмендету.Бекіту  жағымды не жағымсыз болуы  мүмкін. Бала мінез құлқына қатысты  алғанда жағымды бекіту – бұл  кез келген формадағы ата-ананың  мақұлдауы, ал жағымсызы ата-ананы4  разы еместігі,олардың агрессиясынан  қорқу.

      Б.Скиннер  жағымды бекіту мен мадақтау  және жағымсыз бекіту және  жазалау бір емес екендігін  ескереді, бекітуді бастапқы және  шартты деп бөлінеді. Бастапқы  бекіту қорек, су, суық және  ыстық т.б. Шартты бекіту –  бастапқы бекітулермен бірлесе отырып,бекіту функциясына ие болған нейтралды стимулдар.

    Бихевиоризмнің  методологиялық кемшілігі адам  мінез-құлқын механикалық тұрғыда  түсінуінде,адам тұлғалығына мән  берілмеді. Бірақ Б.Скиннердің  қалыптастырған үйрету әдістері  қазіргі уақытта оқыту, тәрбиелеу  практикасында, психотерапияда кең  қолданылады.

      С.Бижу және Д.Баердың даму теориялары. Б.Скиннер идеяларын С.Бижу мен Д.Баер ары жетілдірді, олар да мінез-құлық және бекіту ұғымдарын қолданды. Мінез-құлық реактивті ( жауап ретіндегі ) және оперантты болуы мүмкін. Оперантты мінез-құлық алдымен жүзеге асырылады., содан кейін ғана бекітуге ие болады. Стимулдар физикалық, химиялық, ағзалық және әлеуметтік болуы мүмкін. Көбінесе жеке тітіркендіргіштер орнына тұтастай комплекстер ықпал етеді.

         Мінез-құлықтың жауаптық және  операнттық болып бөлінуі даму  психологиясы үшін өте мәнді.  Оперантты мінез-құлық стимулдарды  қалыптастырады, ал олар өз кезектерінде  жауаптық мінез-құлыққа әсер етеді.  Әсерлерді үш топқа бөлуге  болады: 1) қоршаған орта 2) индивид(организм)  және оның әдеттері 3) әсер етуші  қоршаған ортаға индивидтің өзгерген  әсерлері.

         Адамның өмір бойғы өзгерістерінің  себептерін түсіндіру мақсатында  С.Баер мен Д.Бижу өзара әрекеттестік  ұғымын енгізді.

          Авторлардың пікірінше, индивидуалды  даму келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Базалық кезең ( әмбебап немесе инфантильді деп те аталады) – биологиялық қажеттіліктердің қанағаттандырылуы, жауаптық және зерттеу мінез-құлқының басымдылығы, сөздік мінез-құлықтың туындауымен аяқталады.
  2. Негізгі кезең – ағзалық шектеулерден біртндеп арыла бастау (ұйқы азаяды, бұлшықет күші, икемділік көбейеді ), екінші сигналдық жүйе ретіндегі сөйлеудің пада болуы, қарым-қатынастың биологиялық мәнді тұлғалардан бүкіл отбасына дейін кеңеюі, бұл кезең бірнешеге бөлінеді.

А) ерте балалық: отбасылық  әлеуметтену, алғашқы өз беттіліктің  көрінуі

Б) орта балалық : бастауыш мектептегі әлеуметтену, әлеуметтік, интеллектуалды және қозғалыс іскерліктерінің дамуы

В) жасөспірімділік: гетеросексуалды  әлеуметтену

3) Әлеуметтік кезең –  ересек өмір, оның кезеңдері:

А) ересек жасы: мінез-құлық  тұрақтылығы,кәсіби,некелік және қоғамдық әлеуметтену

Б) қарттық жас: әлеуметтік, интеллектуалды және моторлық мүмкіндіктердің  баяулауы және компенсациялаушы мінез-құлықтың қалыптасуы.

      Осылайша, классикалық бихевиоризмде даму  мәселесіне ерекше екпін жасалмады,  онда тек бекітудің болуы не  болмауы негізіндегі үйрену мәселесі  ғана қарастырылады.

        Р.Сирс теориясы. Р.Сирс бала мен ата-ана қарым-қатынасын Фрейд идеяларының ықпалымен зерттеді. Б.Скиннер бойынша, бекіту белгілі бір мінез-құлықтың көріну ықтималдылығын арттыратын болса , К.Халал бойынша, бекіту ең алдымен мотивацияның төмендеуіне соқтырады.Сирс  Халл теориясына бағдарланды. Р.Сирс пікірінше бала дамуын тәрбиелеу практикасы анықтайды, сондықтан, ата-аналарға бұл жайлы мағлұмат беру маңызды.

       Р.Сирс  дамуды үш фазаға бөледі:

1. Рудименталдық мінез-құлық  фазасы, туа берілетін қажеттіліктер  мен ерте нәрестелік кезеңдегі  үйретуге негізделеді, алғашқы  мотивтердің дамуы – туғаннан 1,6 жасқа дейін

2.Екін ші реттік (әлеуметтендірілген) мотивациялық жүйелер фазасы, отбасы  шеңберіндегі үйренуге негізделеді  – 1,6 –дан 5 жасқадейін

3.Отбасынан тыс әлеуметтенуге  ( екінші реттік әлеуметтену) негізделген  екінші реттік мотивациялық жүйелер  фазасы

       Әр балада  әрекеттер жиынтығы болады,даму  барысында олар алмасып отырады.  Дұрыс даму кезінде рудиментарлы  мінез-құлық дидактикалық әлеуметтік  мінез-құлықпен біртіндеп алмастырылады.  Р.Сирс бойынша, үйретудің орталық  компоненті – тәуелділік. Диадалық  қатынас баланың анасына тәуелділігін  қалыптастырып, оны бекітеді. Бала  тәуелділігі, Р.Сирс бойынша, маңызды  қажеттілік, оны ескермеуге болмайды.

Информация о работе Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері