Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Жас ерекшелік психологиясы психиканың жас мөлшеріне қарай даму динамикасын жеке тұлғаның психикалық даму үдерістерінің онтогенезін «жеке адамның психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері» және психологиялық сапаларын зерттейді. Бұл үдерістер (процестер) мен сапалар адамның жас мөлшеріне қарай өзгерту үстінде болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология китап.docx

— 237.50 Кб (Скачать документ)

     Егермектепке  дейінгі кезеңде анализдік қабылдау  тән болса,бастауыш сыныптық кезеқнің  соңғы фазасында,оқытуға сәйкес  синтездік қабылдау пайда болады.Дамушы  интеллект элементпен қабылданушы  нәрсенің арасындағы байланысты  қалыптастыруға мүмкіндікк береді.Мұны  балардың суреті баяндау кезінде  байқауға болады.А.Бине мен В.Штерн  суретті қабылдау стадиясын 2-5 жас аралығын түгелдеп шығу  сатысы,ал 9-10 жастан кейін суретті  тұтас суреттеу,онда бейнеленген  құбылыстар менжағдайларды логикалық  тұрғыда түсіндіру,яғни талдау  сатысы қосылады дейді.Бұл кезеңде  көрнекі-образдық ойлаудың көп  мән беретіндігіне қарамастан,баланың  қабылдағаны оған ой жүргізіп  дұрыс тұжырым жасауға кедергі  келтірмейді.7-8 жаста Пиаже феномені  жойылады.Егер бұрын мектепке  дейінгі кезеңде ,негізгі дәлел,өз  пікірін қорғай білу мынандай  болса: «Мен мұны көрдім»- енді  ақыл-ой  операциялары оған заттар  туралы көрнекі жағдайдан тәуелді  заттар туралы мұндай қатаң  пікір айтуға мүмкіндік бермейді.

   Бастауыш сынып  оқушыларының есі.Бастауыш сынып  оқушыларының зердесі екі бағытта  – өз бетімен және саналы  түрде дамиды.Балалар олардың  қызығушылығын тудыратын,көрнекі құралдармен байланыстырып,ойын түрінде өткізілген оқу материалын еріксіз есте сақтайды.Бірақ мектепке дейінгілерге қарағанда,оларға қызық емес материалды да,мақсат бағытталған түрде ерікті есте сақтауға қабілетті.Жыл сайын оқудың көп түрі ерікті есте сақтауға сүйене отырып құрылады.Бастауыш сынып оқушылары да,мектепке дейінгі кезеңдегілердей механикалық түрде есте сақтайды.Олардың көпшілігі бастауыш сыныптық кезеңде оқу мәтіндерін механикалық түрде жаттап алады да,орта сыныптарда материал күрделеніп,көлемі де көбейген кезде қиындықтарға соқтығысады.Олар есте сақтағандарын сөзбе-сөз аударуға қабілетті.Бұл жаста мәнді есте сақтауды игергендерге мнемоникалық заттарды,яғни есте сақтаудың рациональді тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.Бала оқу материалын меңгеріп,түсінген кезде,ол оны сонымен қатар есінде сақтайды.Ақыл-ой жұмысы мнемоникалық ірекет болып табылады,ойлау және мәнді есте сақтауға бір-бірімен тығыз байланыста болады.Бастауыш сынып оқушылары жақсы есте сақтап және өздеріне түсініксіз мәтінді есіне түсіре алады.Сол себептен үлкендер нәтижесісін қадағалап қана қоймай ,оқушы оны қандай тәсілімен есте сақтағанын,яғни үрдісті қадағалауы керек.

 Бастауышсынып мұғалімінің  міндеттерінің бірі-оқушыларды арнайы  мнемоникалық тәсілдерді қолдана  білуге үйрету.Бұл ең алдымен  мәтінді мәнді бөліктерге бөлу.Нәтижесінде  оқу материалы түсінікті болып,бала  білетін жалпы білімдер жүйесіне  қосылып,ескілерімен байланысады.

   Бастауыш сынып  оқушыларының зейіні.Бастауыш сыныптық  кезеңде зейін дамиды.Бұл психикалық функция жеткілікті деңгейде дамымайынша оқу үрдісінің қалыптасуы мүмкін емес.Сабақ үстінде мұғалім оқушы зейінін оқу материалына аударады,оны ұзақ уақыт ұстап,жұмыстың бір түрімен екінші түріне ауысады.Мектепке дейінгілермен салыстырғанда бастауыш сыныптық кезеңдегі балалар зейіндірек.Олар қызық емес нәрсеге зейінін шоғырландыруға қабілетті,бірақ оларда әлі еріксіз зейін басымырақ.Олар үшін сыртқы әсерлер зейінін бөлетін күшті фактор болып табылады,олар күрделі түсініксіз материалдарға шоғырлана алмайды.Олардың зейіні көлемімен ерекшеленеді.Аз тұрақтанады,олар бір жұмыспен 10-20 минут қана айналыса алады.Оқу әрекеті кезінде баланың ерікті зейіні дамиды.Алғашқы кезде мұғалімнің жөн сілтеуімен,жұмысты әрдайым оның қадағалауымен орындау негізінде ол біртіндеп тапсырмаларды өз бетінше орындап, өз әрекеттерін  өзі қадағалап,мақсат қоя бастайды. Өз іс-әрекетәмен қадағалаудың өзі-оқушының ерікті зейіні болып табылады.Әр баланың зейәнә әртүрлі:зейін әртүрлі қасиеттерді игергеннен кейін,бұл қасиеттер жеке нұсқаларды жасай отырып,адекватты емес деңгейде дамиды.Бір оқушылардың зейіні тұрақты болғанымен,зейіннің басқа нәрсеге ауысуы нашар,олар ұзақ және мұқият бір тапсырманы орындайды,бірақ келесісіне көшу оларға қиынға соғады.

 

 

6.6 Бастауыш сынып  оқушыларының мінез-құлқындағы қиындықтар

         Бастауыш сынып оқушыларының  арасында мінез-құлқында қиындықтары  бар оқушылар көптеп кездесіп  жүр.Мектеп тәжірибесінде бұндай  оқушыларды «Мінез –құлқында  ауытқулары бар оқушылар», «қиын  тәрбиеленуші», «қиын балалар»  деп атайды.

Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?-деген сұрақ  туады?

Оларға –білім деңгейі  төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп  қалатын, мұғалім талабын көп  орындамайтын, адамгершілік деңгейі  төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі  жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар  қатарына жатқызуға болады.Қиын балалардың мінез-құлқындағы қиындықтар неден  пайда болатындығын білу үшін, оның себебін анықтауымыз керек.Біріншіден, оның жүйке мен психикасында ауытқушылық  бар жоғын анықтап алу қажет.

Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы  және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан пайда болады.Мәселен, кей  оқушылар  ата –ана тарапынан  ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі, өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу үстінде болса, ол жүйке ауруларына шалдықтырып, баланың ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсуіне әсер етеді.Екіншіден, балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай факторлар жағымсыз әсер ететінін анықтап алу үшін әңгімелер, бақылау, сауалнама жүргізу т.б. әдістер қолданылады.

Балалар мектепке мінез-құлқы  әлі толық қалыптаспаған күйде  келеді.Оларда әлі де болса, мектепке дейінгі жастағы балаларға тән  өзіндік белгілер бар.Бастауыш сынып  оқушылары тым әсершіл,  сондықтан  да оладың сезімі көп жағдайда ақыл-ой әрекетін билеп кетеді.Балалар жалпы  жарқын жүзділігімен, әр нәрсеге әуестілігімен, талмас күш-қуатымен ерекшеленеді.Олар  адамдармен  тез жұғысып, еріксіз  өздеріне деген сүйіспеншілік туғызады, олармен араласу көл-көсір қуаныш әкеледі.

Бастауыш сынып оқушыларының жағымсыз қасиеттері де жоқ емес.Мысалы, олардың кейбіреулері бір беттілігімен, ашушаңдығымен, енді біреулері жайбасарлығымен, немқұрайлығымен, ұяңдығымен немесе керісінше  шектен тыс белсенділігімен, ұшып-қонып  тұруымен, әдепсіздігімен,  тынымсыздығымен  ерекшеленеді, мұғалім бұл жағдайларды  дұрыс анықтап, қажетті шараларды  қолдануы тиіс.Бұл сапалардың көбісі әлі берік орнықпаған, тек уақытша  психикалық ерекшеліктері болуы  немесе келешекте олардың мінез-құлқына  сіңісіп кетуі де мүмкін.

Жеке адамның басты  қасиеті – белгілі бір мақсатқа талпынушылық, ал бастауыш сынып оқушыларында бұл қасиет әлі қалыптаспаған.Балалардың көбіне күнделікті әсер, сезім билейді, сондықтан да өз алдарына қандай да бір үлкен міндет қоймайды, басқа  адамдардың талабын орындап, күнделікті істі атқарып, өмір сүреді.Кейбір балаларда, әсіресе балалар бақшасына  бармаған және отбасының жалғыз болып өскендерде, әлі балалық өзіндік ерекшелік, басқалардың  ынта-ықыластарын түсіне алмаушылық болады.Мұндай балалар айналасындағылардан  өзін артықпын деп есептейді. (бұл- баланы  сонша ерке етіп өсірген отбасы тәрбиесінің  кемшілігі). Бірақ, мектеп ұжымы  арасына  түскен бала өзін-өзі қалай ұстау  керектігін үйрене бастайды, ұжымдық  жұмыстардың талаптармен есептесетін  болады, ойына не келсе, соны істемей, оқушы нені орындауға міндетті, соны әдеттене бастайды.Балалардың моральдық  бейнесін сипаттай отырып, олардың  әділ, шыншыл екендігін және жақыны үшін жаны ауратындығын  т.б. айтуымыз керек. Жат қылықтар сирек ұшырасады.Сонда  да болса кейбір оқушылардан адамгершілікке жат қылықтар көрініп қалады. Бұл  көбінесе отбасында дұрыс тәрбие бермеудің  салдарынан болуы мүмкін.Мысалы, бір қыз бала мектепте әрдайым  өте тәтті нәрселер әкеліп жүрді, бірақ ешкіммен бөліспейді, ал оның сараңдығын бетіне басқанда , ол апасының: «Жолдастарыңа берме» деп қатаң  тапсыратынын мойындады.Кейбір мектеп оқушылары өтірік айтуға бейім тұрады, бір нәрсені әсірелеп, әдемілеп, мақтанышпен сөйлейді. Мұның себебінің бірі – ойлап тапқанына өзін сенуге мәжбүр  ететін  баланың күшті қиялы болып табылады.Бірте-бірте бұл қасиет жоғалады.Кейде оқушы жасаған жағымсыз істерінің ізін жауып, өзін кінәлі санамай, жалған ұялушылық  сезімімен ғана біреуден кешірім сұраудан бас тартады. Осындай себепке байланысты бірбеттілік танытып, жан түпкірінде өзін  бұрыс деп есептесе де, өз айтқанынан қайтпайды.Өзінің «батырлығына» жолдастары тарапынан қолпаштау туғызу үшін немесе мұғалімді ашуландыру үшін, кейде тәртіп бұзатын жасөспірімдерден ерекшелігі –төменгі сынып оқушылары  өзінің нашар тәртібін қандай да бір ерекше мақсатқа бағыттамайды. Егер ол тәртіп бұза қалса, қара ниеттіліктен емес, бұл оларда еріксіз болуы мүмкін. Кейбір балалар өзінің импульстік әрекетін ұстауға әлі келмейді, өздерінің сезімдері мен қимылдарын (қимыл-қозғалысында деген қажеттіліктер оларда өте күшті) басқаруды әлі үйренбеген.

Балалардың мінез –  құлқына айналасындағылардың (мұғалімдердің, туған-туыстарының, ересек жолдастарының) ықпалы күшті.Бұдан балалар мінез- құлқының бірі –еліктегіштікті байқауға болады.

Баланың мінез-құлқындағы  қиындықтарды зерттеген психологтар  Л.С.Выготский, М.Г.Бреслав, Л.И.Божович, А.В.Запорожец т.б. еңбектерінен бұл  мәселенің күрделі екендігін  байқауға болады.Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылар сабақта өздерін  ұстай алмайды, соның салдарынан оқушыларда үлгермеушілік пайда  болуы мүмкін.Осы кезеңде (7-11жас) оқушылардың бойында еріктік  психикалық процестерінің қасиеттерінің  қалыптасуына және олардың өз мінез-құлықтарын басқара алуына, яғни мінез –құлық  қағидаларының қалыптасуына көп  көңіл бөлу керек (А.И.Леонтьев,Л.С.Выготский,А.В.Запорожец). Сонымен қатар, балалардың  мінез-құлқындағы қиындықтарды түзету жолдарын (М.И.Чистякова, Дж.Мишли), оның пайда болу себептерін (А.И.Захаров, А.А.Рояк) зерттеді.

Соңғы жылдардағы тәжірибелік  мәліметтер, бастауыш мектеп кезінде  баланың жеке басының дамуында  қарқынды үрдістің жүретінін, олардың  субъективті мінездері, сана –сезімі, өзіндік бағалауы, адамгершілік өрісінің құрылатынын дәлелдейді.Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының  мотивациялық өрісінің дамуы үстемді, түрткілердің алмасуы, жанама түрдегі түрткілердің өсу рөлі және қайтадан пайда болатын  мотивациялық құрылымның  тұрақтылығымен сипатталады, осыған  байланысты баланың  жеке дамуында және мінез-құлқында  үстемді мотивтерінің рөлі артады.

Психологтардың зерттеулері (А.И.Леонтьев,Л.С.Выготский , А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, Я.АПанаморев т.б.) оқу үрдісін тиімділеу, бастауыш сынып оқушыларының позитивті  әрекеттік  оқу мотивінің дамуын күшейтеді  деп көрсетеді.

Бастауыш мектеп жасын  психологтар көбінесе білімді меңгерудің, жинақтаудың, сіңірудің, жоғарғы қабылдаудың, зейінділіктің жасы деп есептейді, яғни танымдық  қабілеттерінің нағыз  өркендейтін кезеңі деп атайды, бірақ  та бұл жастағы мінез-құлқы қиын балалардың зейіні тұрақсыз, тез әлсірейді, қабылдаулары нашар, есі әлсіз, бірақ  қызығушылығын тудыратын хабарлар жақсы сақталады, ойлауы жақсы жетілмеген, төмендеу, сөздік қоры аз, ерік-жігері бұзықтық іс жасағанда қажырсыздық  көрсетуімен байқалады.Мінез-құлқы  қиын балалардың істеген істеріне, қылықтарына дұрыс баға бере алмайтынын байқауға болады.

Баланың мінез-құлқы, оның іс-әрекеті  үстінде дамиды, соның нәтижесінде  темпераменті анықталады, ал іс-қимылдың алғашқы іргетасы балалық кезеңде  қалыптасады.Яғни, баланың мінез-құлық  қалыптасу кезеңі отбасында өтеді.Адамның  болашақтағы мінез-құлқының алғашқы  нышаны , іргетасы тым жас кезінде-ақ көрінеді. Мектепке келгеннен кейін  оның адамгершілік дамуын одан әрі  дұрыс жолға қойып, тәрбиелеу  мұғалімдер мен үлкендердің , ата-аналардың  бірлескен әрекеті, міндетті болуы  тиіс, мұндай бірлескен істің болмауы, дұрыс жолға қойылмауы мінез-құлқы  «қиын» балалардың  пайда болуына  себепкер болып жатады.

В.В.Давыдовтың айтуы бойынша, «бастауыш сынып оқушысы» атану  бала өмірінде ерекше орын алады.Бастауыш сынып оқушылары жөнінде терең  және мазмұнды  тұжырымдар  Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов және олардың  ізбасарлары  (А.К.Дусавицкий, В.В.Рубцов,А.К.Маркова, Ю.А.Полулонов, В.В.Репкин, В.В.Рубцов, Г.А.Цукерман т.б.) еңбектеріне берілген.

Мектепке дейінгі кезеңнен бастап мектеп табалдырығын алғаш аттаған  оқушы қандай күйде болады?деген  сұраққа Д.Б.Эльконин: бала өмірінде көптеген өзгерістер болатынын айта келіп, мектепке дейінгі кезеңде  балада қарым –қатынастың екі  аймағы болады: баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас деп  түйіндейді.Бұл қарым-қатынас негізінен  ойын арқылы іске асырылады:

 

  


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет.Мектепке  дейінгі балалардың қарым –қатынасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал, балалар мектепке келгенде қарым-қатынастың  жаңа жүйесі қалыптаса  бастайды.

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет.Бастауыш  сынып оқушыларының қарым-қатынас  жүйесі.

 

Мұғалім мен бала арасындағы қарым –қатынас баланың ата –анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын  анықтай бастайды. Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, И.С.Славина бұны эксперименттік түрде  зерттеп көрсеткен.

Жақсы «бестік» тәртіп және бағалар баланың үлкендермен  және құрбыларымен  қарым-қатынасын  аңғарта бастайды. Үлкендер балаларына бірінші «сабақ үлгерімің қалай?»  деп сұрайды.Бала мен мұғалім  арасындағы қарым-қатынас бала өміріндегі болатын қарым-қатынастың орталығы.Регельдің  айтуы бойынша , мектепке келу баланың  қоғамдық ортаға келуі болып табылады.

Мектепке келгеннен бастап, оқушы мен мұғалім арасында қарым-қатынас  қалыптаса бастайды.Мұндай қарым-қатынасты  орындау оқушыға басында қиынға соғады.Мектептегі талап бәріне ортақ.Д.Б.Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста оқушылар өте байқампаз  болып келеді.Егер бала сыныпта мұғалімнің басқаларға қарағанда өзіне жақын  тартатын оқушысы бар екенін байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады.Алғашқы кезеңде оқушылар мұғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мұғалімнің айтқаны олар үшін заң.Егерде мұғалім  оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың мұғалімге көзқарасы  іштей бұзылады. Мұғалімнің өзгелерден өзіне жақын тартатын оқушысы  басқалардан өзін жоғары ұстайды  да, соның нәтижесінде «сөз тасығыш» балалар пайда болады. Мұғалім  мен бала арасындағы қарым-қатынас  баланың мінез-құлығының  қалыптасуына үлкен әсер етеді. Бала мектепке келгенде оның бойында оқуға деген қызығушылық  әлі толық қалыптаспаған.Оқу барысында  мұғалімнің міндеті-ең алдымен, баланы оқуға үйрету жәнежағымды мінез-құлықты  қалыптастыру.

Информация о работе Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері