Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Жас ерекшелік психологиясы психиканың жас мөлшеріне қарай даму динамикасын жеке тұлғаның психикалық даму үдерістерінің онтогенезін «жеке адамның психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері» және психологиялық сапаларын зерттейді. Бұл үдерістер (процестер) мен сапалар адамның жас мөлшеріне қарай өзгерту үстінде болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология китап.docx

— 237.50 Кб (Скачать документ)

  Жеткіншек жаста уақытты  жоспарлау өзгереді.Жеткіншек күн,  апта. Ай орнына жылдарға жоспар  құра бастайды. Уақыт перспективасын  құрылымдай отырып , жоспарларында  идеалды мақсаттар мен құндылықтар  ғана емес , олардың жүзеге асырылуы  мүмкіндіктерін де ескереді.

   Өзінің денесінің  өсуін жеткіншек тұлғасының қалыптасуына  қатысатын маңызды ішкі шарттардың  бірі болып табылады.Өзінің сырт  келбетін бағалау белгілі бір  көңіл күйді тудырып, басқа  адамдармен қарым қатынас сипатын  анықтауы мүмкін.Сырт келбетінің  ерекшеліктерін саналау көптеген  маңызды тұлғалық қасиеттердің  қалыптасуына әсер етеді ( мысалы, өзіне сенімділік, өмірге сүйіспеншілік  , тұйықтылық,индивуализм ).Жеткіншек  жетілуі ,дене бітімінің құрбылар  арасындағы қабылдаған стандарттарға  сай келуі оның топта қабылдануы  мен орнына әсер ететін негізгі   факторлардың бірі болып табылады.

    Ең жиі ескерілетін  сырт келбет белгілері бой,  шаш түсі, көздің түсі,мұрынның  формасы, меңдердің болуы, тыртық, беттің секпілі т.б.

    Қыздар мен  ұлдар арасында өзін қабылдау  бойынша ерекшеліктер бар. Физикалық  күш , спорттағы жетістіктер , бұлшықеттің дамуы ұлдар үшін  маңызды, ал қыздарға бұл белгілердің  болуы мәнді емес, олар бетке  ,дене бітімге және тері ерекшеліктеріне  көбірек мән береді.

   Өсіп жетілу процестерінің  тез өзгергіштігі және өзін  құрбылармен салыстыруға ұмтылыс  салдарынан жеткіншектердің өзіндік  бағалауы мен өзіндік құндылық  сезімінің төмендеуі байқалады.Өз  келбетін адекватты бағалай алмау  жүйке бұзылыстарына соқтыруы  мүмкін.

    Дене бітіміне  көңілі толмаушылық жеткіншекті  өзінің барлығы сияқты емес,ұсқынсыз  деген ойлар мазалайды.Өзін қарау,ұялшақтық  сезімдері пайда болады.Өзінің  физикалық келбетіне көңілі толмау  оны өзгертуге деген күшті  ұмтылыспен бірге жүреді.Медициналық  әдебиетте бұл,дисморфофобия синдромы  немесе дене бітіміндегі кемістік  сандырағы деп аталады.

   Жетіншек жастағы  өзіндік сана сезім.Когнитивті,эмоциялық,реттеуші  компоненттерден тұратын өзіндік  сана сезім құрылымының өзгерістері  осы жастағы  тұлғалық даму  ерекшеліктерін анықтайды.

   Д.И.Фельдштейн жетекшілігімен  өзіндік бағалауға жүргізілген  зерттеулері бойынша , жеткіншек  жастағы алғашқы кезеңінде ( 10-11 жас ) өзіне деген қатынас ерекше  болады. 34% ұл балалар және 26% қыздар  өздеріне толығымен жағымсыз  баға берген.Қалғандардың бағалауында  жағымды қасиеттер де болғанмен  жағымсыздары басым болды.Көптеген  жеткіншектердің жауаптарында кемшіліктерінің  көп екендігі « жақсы қасиетім  жалғыз ...» деген жауаптар басым  болған.Сонымен , кіші жеткіншектердін  өзіндік бағалауына жағымсыз  эмоциялық фон тән.Балалар өзіндік  бағалауды қатты қажет етпейді,  бірақ бағалай алмай қиналады.

      Жеткіншек  жастың екінші кезеңінде, 12-13 жаста,  жалпы өзін қабылдаумен қатар  , құрбыларының бағалауына тәуелді  жағдайлық теріс бағалаулар орын  алады.

    Үшінші кезеңде  , 14-15 жаста, жеткіншектердің қазіргі  шақтағы өзіне қатынасын білдіредін  « оперативті өзіндік бағалау  » туындайды.Бұл өзіндік бағалау  кезінде баланың өзіндік тұлғалық  ерекшеліктерін ,мінез құлықтарын  илеалдандырып нормалармен салыстыру  жүреді.

    Өзіндік бағалаудың  келесі бір маңызды механизмі  тұлғалық рефлексия-жеткіншектің  өзінің және басқалардың жан  дүниесін саралап,ұғыну формасы.

    Н.И.Гуткина зерттеулері  бойынша жеткіншек жастың бірінші  кезеңінде балалардың жеке қылықтары  рефлекцияланады,екінші кезеңде  өзіндік мінез қырлары мен  адамдармен қарым қатынас ерекшеліктері  рефлекцияға ұшырайды.Бұл кезеңде  тұлғалық рефлекция түр өзгертіп ,жеткіншектін өзін тәрбиеленуіне күрделі стимбул болады,сонымен қатар өзіне деген сыни көзқарастар күрт өседі.

    Жеткіншек кезенінің  соңында өзі туралы түсініктер  тұрақтанып , « Мен концепциясы»  қалыптасады .Жеткіншектердің біразында  « Мен концепциясы » жоғары  мектеп жасында  қалыптасуы  мүмкін. « Мен концепциясы »  қатысты түрде тұрақты ,сараланған,жеткіншектің  өзі туралы түсініктер жүйесі,оның  негізінде  жеткіншек басқа  адамдармен қарым- қатынас жасап  , өзіне деген қатынасын анықтайды.Оның  құраушылары : шынайы Мен ( қазіргі  уақыттағы өзі туралы ойлары ), идеалды Мен ( субъектінің өз  ойы бойынша ол қандай болу  керек ), динамикалық  Мен (субъектінің  қандай болу керектігін жоспарлаған  мені ), фантастикалық Мен ( субъектінің  мүмкіндік болса болуды қалайтын  Мені).

   Жеткіншек санасындағы  мен бейнелері өте көп түрлі.Өзінің  түрлі қырларын тану « Мен  концепцияның »танымдық компоненттерін  қалыптастырады.Бұл компонентпен  бағалаушы және мінез-құлықтық  компонент байланысты. Жеткіншек  үшін өзінің қандай екенін  білумен коса,жек ерекшеліктерінің  мәнділігін білу де маңызды  .Өзіндік қасиеттерді бағалау  ,негізінен ,отбасы және құрбылары  әсерінен қалыптасқан құндылықтар  жүйесіне байланысты.

    Жеткіншек –әлі  ересек тұлға емес.Оның жеке  қырлары өзара диссонанста,түрлі   Мен бейнелердің сійкестенуі  үйлесімсіз.И.С.Кон бойынша , бұл  кезеңдегі мен бейнесі бүтіндігін  жоғалтады.Индивид өзінің « Менінің  » қарама қайшылығын өткір  сезінеді.Ол талаптану дәрежесінің  анық еместігін және сыртқы  бағалаудан өзіндік бағалауға  бағдарланудың қиындығымен шартталады.

    Жеткіншек жастың  алғашғы және ортаңғы кезеңдеріндегі  рухани өмірдің тұрақсыздығы ,қозғалмалығы  өзі туралы түсініктердің де  өзгешеліктеріне әкеледі.Ал мен  бейнесі тұрақтанып ,маңызды адам  бағалауы және баланың өзінің  қылықтары оған қарама қайшы  келетін болса,психологиялық қорғаныс  механизмдері іске қосылады.

   Талаптану дәрежесі  жоғары ,біріқ өзінің мүмкіндіктерін  дұрыс ұғынбау кезінде идеалды  Менмен қаралады.Мен арасы алшақтайды.Бұл  айырма өзіне сенімсіздік тудырады,ол  өкпешілдікке ,қырсықтықта,агрессивтікте  көрінеді.Ал идеалды Мен қол  жетімді болғанда , ол өзін тәрбиелеуге  итермелейді.

     Жағымсыз «  Мен концепция» ( өзіне сенімділіктің  әлсіздігі ,жоқ деген жауап  алудан қорқу) мінез-құлықтың  одан әрі бұзылуына әкеледі.Х.Ремшидт  жағымсыз « Мен концепцияның»  әсерін көрсетті:

   1.Өзін силауы төмендейді.Оның  салдарынан әлеуметтік деградация , агрессивтік және қылмысқа бой  ұру туындайды.

  2.Күрделі жағдайлардағы  конформдық рекцилардың іске  қосылуы .Мұндай жеткіншектер  топ әсетіне тез бой алдырып  қылмыстық әрекеттерге  неіп  кетуі мүмкін.

3.Қабылдаудың өзгеруі.Өзіндік  бағалауы негативті жеткіншектер ,өздерінің үлгі мінез-құлық   атқарғанын әзер ұғынады,себебі  өздерін ол нәрсеге қабілетсіз  деп санайды.

     Жеткіншек  жастағы өзіндік бағалаудын тағы  бір ерекшелігі ол енді мінез-құлық  сипатына әсерін ұлғайта бастайды.

    7.3.Жеткіншек  пен ересектің өзара қарым  –қатынастары

  Д.Б,Эльконин жетекшілігімен  жүргізілген зерттеулер дәл осы  жеткіншек жастың басталуымен  қарым қатынастар саналған іс  әрекет ретінде ( дос іздеу,конфликтілер,арақатынастарды  анықтау) бөлінеді.Жаңа жетекші  іс әрекет жақын тұлғалық қарым  қатынас жүзеге асырылады.

   Адекватты жақын  тұлғалық қарым қатынас орната  алу қабілеті әлеуметтік интеллектіге  тәуелді.Әлеуметтік интеллект тұлғаға  әлеуметтік ортада бағдарлануға  мүмкіндік береді.

   Жеткіншектердің   құрбыларымен қарым қатынасы.Жеткіншек  қарым қатынастарды құрбылармен  қарым қатынас маңызды орынға  шығады.Достармен қарым қатынас  жасай отырып ,жеткіншектер әлеуметтік  мінез құлық нормаларын ,амалдарын  меңгереді,өзін және басқаларды  бағалау критерийлерін қалыптастырады,белсенді  түрде өзін тәрбиелеумен айналысады.

   Жеткіншектердің  коммуникативтік мінез құлқын  сыртқы көріністері қарама қайшылыққа :олар бір жағынан ,бәрімен  бірдей болуға ұмтылса,екінші  жағынан ,ерекшеленуге тырысады.

   Құрбылармен қарым  қатынаста жеткіншек өзінің тұлғалығын  жүзеге асыруға,қарым қатынастағы  мүмкіндіктерін анықтауға ұмтылыды.Бұл  ұмтылысты жүзеге асыру үшін  тұлғалық тәуелсіздік пен тұлғалық  жауапкершілік қажет.

  Жеткіншектердің ересектермен  қарым қатынасы.Жеткіншектердің  ересектермен қарым қатынасы  қарама қайшылықты.Олар бір жағынан  ,әлі ересекке еліктейді,қолдануын  қажетсінеді,беделін мойындайды.ал  екінші жағынан ,осы ескі қырлармен  қайшылыққа келетін тәуелсіздікке  ұмтылу,ересекке өзінің құқықтарын  мойындап,өзіне ересек адам сияқты  қарауларын қажет етеді.

   Жеткіншектің есеюге  деген реакцияларын отбасы типтерімен  байланыстыра қарастырайық:

1.Рефлекция және жауапкершілік  жоғары отбасыларда баланың есейіп  келе жатқанын ,онымен санасу  керек екенін,оған деген қатынас  стилін өзгерту керек екенін  түсінеді. Жеткіншектің есею сезімін  ескере отырып, қарым қатынас  өзгертіледі. Ата ана бала мәселелерін  талдауға дайын екендігін білдіреді.  Мұндай отбасыларда ата аналар  серіктестікке әрқашан даяр, олар  үшін баланың өзін силау сезімін  сақтап қалу маңызды. 

2. Араласпаушы отбасында   балаға кішкентай кезіндегідей  қарайды, оған қызығушылық танытпайды, жеткіншекпен қарым қатынастан  қашып арақашықтық ұстауға тырысады. Ата ана бала мінезін қалыптастыруға  ат салыспайды, нәтижесінде баланың  өзі де оқшауланып ешнәрсеге  араласпайды. Нәтижесінде кемшілік  комлексі көп болып қалыптасады.

3. Авторитарлы отбасында  жеткіншекті қатаң қадағалау  әлі де жалғасады. Мұндай отбасында  өскен жеткіншекте жалғыздық  сезімі, бақытсыздық және өзіне  сенімсіздікті бастан кешіреді.

4. Өз еркіне жіберілген  отбасында білгенін жасау принципі  жүзеге асады. Мұндай отбасындағы  жеткіншекте эгоизммен және конфликтіге  бейімділігімен ерекшеленеді.

5. Гиперқамқорлық көрсететін  отбасылар. Жеткіншек ата ананың  шектен тыс қамқорлығында өсті. Ата ана әлі де қамқорлықтан  босатпайды, сонымен қатар жеткіншектің  жан дүниесін де қадағалап  отырғысы келеді. Бала өзіне сенімсіз  болып өседі. Қажет кезде өзін  қорғай алмайды,өзі бастап жағымды  қатынастарды орната алмайды. 

 

 

7.4 Жеткіншектің  танымдық және жеке басының  дамуы

     Кіші мектеп  жасы мен жеткіншек жасы шекарасында  интеллектуалдық дамуда жаңа  сапа пайда болады. Жеткіншек  алдында тұрған міндеттер мен  тапсырмаларды шешуде белгілі мәліметтер арасындағы қатынастарды эксперимент және логикалық талдау арқылы түсінуге ұмтылады – бұл, гипотетико-дедуктивті ойлаудың пайда болғандығын білдіреді.

    Әлемді танудағы  гипотетико-дедуктивті амалдар жеткіншектің  рухани өмірін кеңейтеді: оның  ойлары идеалды конструкциялармен,  өзі туралы, қоршаған орта туралы, жалпы адамзат туралы гипотезалармен  толысады.

   Жеткіншек ойлауының  кем тұсы – аңқау идеализм  түріндегі эгоцентризм, ол әлемді  қайта құру, өз ойларына күмансіз  сенімділік және практикалық  іс-әрекетке бейжай қарауда көрінеді.

    Гипотетико-дедуктивті  ойлау комбинаторика мен пророзиционалды  операциялардың  дамуына сүйенеді.

   Заттық және көрнекі  ойлау төмендейді.Бала ұқсастық  пен теңдік негізінде  ғана  емес, біртекті емес объектілерді  жоғары ретті критерийлер бойынша  талдайды. Жеткіншек ойлауды көрнекі  шындықпен шектелмей, ойша түрлі  комбинациялармен жұмыс істейтін  болады.

   Жеткіншек кез-келген  жағдайды талдай алады, өз бетінше  болжам қалыптастырып, оларды  жүйелі тексеруге мүмкіндік алады.  Өз ойларын рефлексиялау пайда  болады. Ойлау формальды логикаға  бағына бастайды.

    Жеткіншек жаста  бала өз зейінін,қиялын және  есін толық игеріп,өз еркімен  басқара алады.Кіші мектеп жасында  ырықсыз зейін үстемдік етсе, енді жеткіншек  өз зейінін  қадағалап, өзі үшін қызықты  іс-әрекетке ырықты зейінін шоғырландырып,  саналы түрде қойылған мақсатқа  бағытталады. Жеткіншектің зейіні  физиологиялық күйіне тәуелді,  бұл организмдегі гармондық өзгерістерге  байланысты.

    Жеткіншектің  ес процесі. Жеткіншек ырықты  есте сақтауды басқара алады.  Есте сақтау ( 13-15-16 жас аралығы)  үздіксіз баяу жылдамдықпен жоғарлайды. Бұл жаста механикалық есте  сақтау мағыналық есте сақтаумен  алмастырылады. Мағыналық естің  өзі жанамаланған, логикалық сипатқа  ие болып, міндетті түрде ойлаумен  бірлеседі. Абстрактылы материалды  есте сақтау жетіледі.

     Қиял. Жеткіншек  жаста қиял тәуелсіз ішкі іс-әрекетке  айналады. Бала қиял мен ойлауды  біріктіре отырып, тілдік, матеметикалық  таңбаларды қолдана отырып ойша  есептер  шығара алады.

    Л.С.Выготский  пікірінше, баланың ойыны жеткіншек  қиялына адамдармен қарым-қатынас  жасау әлемін қалыптастырып, бір  сюжетті бірнеше рет бастан  кешіру арқылы өзінің ішкі  мәселелерін шешеді. Қоршаған әлеуметтік  ортада бала өзін әлі еркін  сезіне алмайды, ал қиялдағы  еркіндік баланың дамуын жылдамдатады.

    Қиялдың жеткіншектің  интеллектуалды дамуымен байланысты. Қиялдың теориялық ойлаумен жақындасуы  шығармашылыққа бастама болады. Жеткіншектің қиял өнімділігі, ересектермен  салыстырғанда төменірек болғанымен, фантазияға бай болады.

Информация о работе Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері