Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Жас ерекшелік психологиясы психиканың жас мөлшеріне қарай даму динамикасын жеке тұлғаның психикалық даму үдерістерінің онтогенезін «жеке адамның психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері» және психологиялық сапаларын зерттейді. Бұл үдерістер (процестер) мен сапалар адамның жас мөлшеріне қарай өзгерту үстінде болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология китап.docx

— 237.50 Кб (Скачать документ)

      Жас өспірімдердің рефлексивтік қабілеті. Бұл ұғымның мәнісі бұрынғы қолданған шешімдері мен атқарған істеріне сын көзімен қарай алатынын білдіреді. С.Л.Рубинштейн: « адамның өмір сүру тәслінің екі жолы бар: біреуі – әр адамның өз ортасымен тікелей байланыстылығы.Бұл жағдайда өмір тым бір сарынды болып өтеді. Өмірде айтарлықтай өзгеріс кездеспейді. Екінші тәсіл – бұл үздіксіз болып келе жатқан өмірге сын көзбен қарап, бұрынғы әдісті тоқтату болып саналады. Міне осыны рефлекция деп атаймыз деді ». Бұл жерде С.Л.Рубинштейн рефлекция деп күтпеген кедергіні жеңуге байланысты адамның  ойын айтып отыр. Бірақ рефлекцияны осылайша түсіну есеп т.б міндеттерді орындау үстінде де кездеседі. Мысалы, оқушы тиісті амалын қолданып, есеп шығарып отырғанда, осыдан нәтиже шықпаса, сол бір сарынды нәтиже бермейтін тәсілден бас тартып, өзге амалдардың түрін іздестіруі шарт. Егер өзге амал іздемей, бұрынғы тәсілін қайталай берсе, осының өзі сол жас өспірімнің рефлекциясының бар екенінің белгісі. Рефлекция тек есеп шығару т.с.с күрделі ой әрекетінде ғана кездеспейді. Үлкендер жас өспірімдердің оқу тапсырмасын қалай орындағанына сын көзімен қарап, үнемі тексеріп отыруының өзі олардың рефлексивтік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Жоғары сынып оқушыларының ойлау стилі оның жүйке жүйесінің типімен тығыз байланысты.

                  7.7 Жас өсіпірімдердің тұлғалық даму стадиясы

      Балаң жастық  – дүниетанымның қалыптасуындағы  шешуші кезең. Әлбетте, дүниеге  көзқарастың негіздері анағұрлым  ерте, балалық кезден қаланады. Мұның  өзі белгілі бір адамгершілік  әдеттерді, нұсқауларды, жағымды,  жағымсыз жайларды әс жүзінде  меңгеруден басталады, бұлар кейіннен  ұғынылып, мінез-құлықтың белгілі  бір нормалары мен принциптеріне  айналады. Алайда дамуының біршама  жоғары сатысында ғана онда  бұл принциптерді белгілі бір  тұтас жүйеге жинақтау қажеттігі  келіп шығады; ол оған айналысындағы  дүниені түсініп қана қоймай, оны бағалауға, оған деген өз  қатынасын анықтауға мүмкіндік  береді. Бұл дүниетанымдық ізденістер  айналадағы дүниенің қайсыбір  жағын немесе өзінің мінез-құлқын  болсын біршама асыра бағалаулаумен  қатар жүреді.

     Дүниетанымның  қалыптасуының бірінші көрсеткіші  – дүниенің неғұрлым жалпы  принциптеріне, табиғат пен адам  болмысының әмбебап заңдарын  танып білуге деген ынтасының  өсуі. Мұның өзі кейде « пәлсапа  соғу » түрінде болса да, жас  өспірімдердің де осы кезде  қалыптасқан бытыраңқы мәліметтер  мен фактілердің жиынтығын қорытуды  барынша қажетсінушілік болады.

     Балаң жастық  – әлеуметтік белсенділіктің  едәуір артатын кезеңі.  Жас  өспірімдердің субъективтік критерийлері  алуан түрлі, олардың ішінде  – білім алуды аяқтау, өз алдына еңбек өмірін бастау, әке-шешесінен материялдық тәуелсіздік, азаматтық, кәмелеттік,әскерде қызмет атқару,үйлену, тұңғыш баласының тууы бар, сондықтан адам өзінің ересек болғанын бірден емес,біртіндеп сезінеді.

     Жас өспірімдердің  оқу істері көп болса да, олар  оған  қанағаттанбай, қоғамдық  пайдалы еңбекке ұмтылады, оны  практикалық пайдасына қоса, өзін  орнықтырудың маңызды құралы  деп біледі.

     Жас өспірімдердің  қоғамдық белсенділігінің өз  психологиялық ерекшеліктері бар.  Жастық шаққа тән романтизм  жастарды көбінесе үлкен істерді  қолға алуға ұмтылдырады, үлкен  істің ұсақ-түйектен құралатынын  олар сырттан көмек болмайынша  әлі біле бермейді. Бірақ үлкен  қоғамдық бастамалардың  нәтижесі  көбінесе бірден емес, ұзақ уақыт  өткеннен кейін барып көрінеді. Ал жастарға өз еңбегінің нәтижесін  міндетті түрде өзі көріп, сезінуі  керек. Егер ондай нәтижелер  болмаса, оңай басталған елігу  дәл осылай тез басылып, оның  орнын немқұрайылық басады.

     Жас өспірім  қыздар мен балдардың  есеюін  жасанды түрде тежеу оларда  инфантализм, немқұрайылық пен  жауапсыздық сезімін туғызады, мұның  өзі ересек адамда ерекше қауіпті  болатын сапалар. Үнемі қамқорлыққа  дағдыланған жас өспірімдер тіпті  қажет болғанның өзінде жауапкершілікті  өзіне ала алмайтын болып шығады. Кейде мұндай жайттар бұзақылықтарын, терең ирроционалдық қарсылықтарын  туғызады.

     Өзіндік сана  – күрделі психологиялық құрылым,  ол ерекше компоненттер ретінде.  В.С.Мерлиннің осылай деп санайтынындай,  біріншіден, өзінің теңдестігін  ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл  негіз ретінде өз « менін  » ұғынуды, үшіншіден, өзінің  психикалық қасиеттері мен сапаларын  ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі  әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың  белгілі бір мезгілде қалыптаспайды.

     Дүниетанымның  қалыптасуы мен өмірлік ұстанымдар. Талай рет айтылып жүргендей жас өспірім тек балалар әлеміне ғана емес, үлкендер әлеміне де жатады. Содай-ақ, бұл кезде олар есеюі процесінде болып қана қоймай, өздерін үлкендер секілді ұстайды, тіптен үлкендер қатарында деп санауға болады. Әлеуметтік орнын анықтау процесі секілді есеюі процесі көп түрлі, көп өлшемді. Мұнда кедергі болатыны, жас өспірімнің өмір жолын таңдауында кездесетін қиындықтар мен кедергілер, еңбекке жіне моральдық мойындауына деген қарым-қатынасы болып табылады.

     «Әрбір жастық  кезеңде ерекше гүлдену кезеңі  болады» деп жазды И.А.Бунин.  Яғни жаңадан бітпес, ұзақ та  қызықты кезең басталғандай болып  көрінеді.

     Көптеген кездесулер, оқиғалар және қызықтың барлығы  осы алдағы уақытта секілді  болып көрінеді. Оның қандай да  бір істі бастауға деген құлшынысы  болып табылады.

      Әлеуметтік  өзін-өзі анықтау және өз орнын  іздеу – дүниетаным қалыптасуымен  тығыз байланысты.

     Дүниетаным  – әлемге түгел көзқарас өмірлік  философия мен оның барлық  білімінің бағасы мен қорытындысы.  Дүниетанымның танымдық бағыты  белгілі бір нақты маңызды  білімді үйрену жіне тұлғаның  абстрактылы теориялық ойлай  алу қабілеттілігі болып табылады. Дүниетаным – логикалық білімдер  жүйесі ғана емес, сонымен қатар  адамның әлемге деген көзқарасын  білдіретін ұстанымдар жүйесі. Жастық  шақ – дүниетаным қалыптасуындағы  шешуші кезең. Дәл осы кезде  оның танымдық және эмоционалды  – тұлғалық алғышарттары дамиды. Ерте жастық шақтағы дүниетанымдық  көзқарастар көбіне қарама-қарсы   болып келеді. Әр түрлі қарсылыққа  толы көптеген ақпараттар бозбаланың  қабылдауында түрліше қабылданады.  Үлкендер жағы бұндай кездерде  бірден оқу мен тәрбиенің жетіспеушілігінен  алға тартады. Шындығына келгенде, бұл ерте жастық шақтағы тән  қасиет. Өмірдің мәнін іздеу қанағаттанбаушылық  сезімінен туады. Адам қандай  да бір маңызды іспен шұғылданып  жүрген болса, онда бұндай сұрақ  тумас еді. Артқа оралу, құндылықтарға  сыни көзқарас барлығы өмірдің  мәнін іздеуге байланысты туады.  Міне, сондықтан да бұл мәселеге  өзін қызықтыратын шығармашылықпен  айналысу, қанағаттанушылық нағыз  тосқауыл бола алады. Алайда, бұдан  «артқа оралу» және « өзіндік  талдау» - адам психикасының ауытқушылығы  деп түсініп, одан тез арылу  керек деген көзқарас қалыптаспау  керек. Өзінің өмір жолын және  қоршаған әлеммен қарым-қатынасын  сыни бағалай отырып, тұлға өзін  шығармашылықтың субъектісі ретінде  сезінеді. Өмірдің мәні туралы  сұрақ ерте жастық шақта барлығына  ортақ болады. Жас өспірімдер  болашақ туралы айтқанда ең  алдымен өзінің жеке басына  қатыстыны айтады. Жалпы, болашақ  үшін еңбектену, оның тез арада  нәтиже беруін күту – адамның  моральды психологиялық кемелденуінің  негізгі көрінісі.

     Ерте жастыққа  тән сипат – өмірлік жоспарды  құру. Өмірде жоспар бір жағынан,  тұлғаның алдына қойған мақсаттарның  жалпы көрінісі. Яғни, үшбұрышты  «пирамиданың» құрылымы,мотивтері,  құндылықтардың негізінде өзінің жеке тұлғалық көзқарас қалыптасуы мүмкін. Екінші жағынан – нақты мақсат пен мотивтердің нәтижесі.

     Өмірде жоспар  – бір уақытта әлеуметтік және  этикалық нормалардың көрініс  беруі.

     Ерте жастық  шақтықтың даму кезеңінде «  Кім боламын?» , « Қандай боламын?»  деген сұрақтар әлі айқындалмайды.  Өмірлік жоспар нақты мағынасында  алғанда соңғы нәтижені ғана  емес, оған  жетудің жолын, жетістіктерін,  қажетті объективті және субъетивті  ресурстар жайлы да терең ойлану  қажет. Армандардан өмірлік жоспар  құрудың айырмашылығы, өмірлік жоспар  – бұл іс-әрекет жоспары болып  табылады. Оған жету үшін жас  өспірім кем  дегенде өз  алдына мынадай сұрақтар қоюы  тиіс:

  1. Жетістікке жету үшін өмірдің қай саласын таңдап, соған күш жұмсау керек?
  2. Өмірдің нақты қай кезеңінде белгілі бір іс-әрекет орындалуы тиіс.
  3. Алға қойылған мақсаттар қандай уақыт ішінде, қандай долмен орындалады.

    Көптеген балалардың  көп нәрсені қалауы қиындыққа,  еңбекке деген психологиялық   дайындықтың болмауынан туындайды.  Жоғары сынып өмірлік жоспарларының  орындалу мүскіндігіне қарай  белсендірек болады. Ал қыздар  ұлдарға қарағанда ерте жастан-ақ  өмірдің барлық саласында жетістікке  жетуді ойлайды, бірақ та олар  нақты қиындықтарға қарсы тұруға  әлі дайын емес.

                   7.8 Жас өспірім кезеңіндегі « дағдарыс» мәселесі

     Жас өспірімдік дағдарыс – балалық шақтан ересектік өмірге өту шегі. Дағдарыс қанағаттандырылуы күрделі жаңа қажеттіліктердің туындауымен сипатталады.

      Дағдарыс себептері:

  1. Сыртқы факторлар: ересектердің үздіксіз бақылауы, қамқорлығы, ал жас өспірім мәселелерін өзбетті шешуге ұмтылады.
  2. Ішкі факторлар: ойлағанына қол жеткізуде кедергі жасайтын әдеттер мен мінез-сапалары ( тыйымдар,әдеттер, ересектерге бағыну әдеті )

    Жас өспірімдердің  физиологиялық тәуелділік белгілері:  бақылаудың болмауы, әуестенуін  тежей алмауы, ішімдікті қабылдаудан  өзін ұстай алу мүмкіндігінің  жоқтығы және т.б жағдайлар  оларды аддиктивті мінез-құлыққа  әкеледі. 17 жас дағдарысы үйреншікті  мектептік және ересек өмірдің  қиылысу кезінде пайда болады. 17 жас дағдарысын қатты уайымдағандарға өзіндік әр түрлі қорқыныштар тән. Өзінің және туыстарының алдындағы  жауапты таңдау, осы уақыттағы маңызды жетістік – енді үлкен салмақ.

      Жаңа өмірлік  жағдай оған бейімделуді қажет  етеді: маңызды екі факторға  бейімделуге көмектеседі. Отбасының  қолдауы, өзіне-өзі және сана-сезіміне  сенуі.

      Жас өспірімдік  кезеңдегі әлеуметтік ситуациялардың  дамуы ( үлкен сынып жасындағы  сияқты ) , бұл кезеңде  16-17 жаста  ойланған жоспарлар жүзеге асырыла  бастайды. Таңдауларының кейбірі  сәтті қанағаттанарлықтай  болса,  кейбірі қателіктерге толы таңдауларға  жетелейді. Бұл кезде жіберілген  қателік  мектептердегі екілік  емес, мұнда жылдарды жоғалтып, бәрін  қайтадан бастауға тура келеді. 19-20 жастағы жастар өз өміріндегі  негізгі қиындықтарды бұрын болмаған  жауапкершіліктің пайда болуымен  байланыстырады. Сонымен қатар олар  өз жастарын бағалайды, өйткені  бұл жас  жаға мәселелермен  қатар жаңа кең мүмкіндіктер  ұсынады. Жас өспірімдік  шаққа  өмір жолының негізгі үш нұсқасы  тән, бұл жоғарға оқу өмірдің  стилі және жоғары оқу орындырына  түсу мотивін анықтайды. Ата-анасы  оқуға жетелеп апарып оқуын  төлеп қойса оның балалық шағы  жалғаса бермек, өмірлік таңдауы  айқындалмай оқу әрекеті өнімсіз  болады. Ол дәрістер кітапханада  болудан гөрі жаңа достармен  араласып сол деңгейде көңіл  көтеруді жөн көреді.  Отандық  және шетел зерттеулері көрсеткендей , некеге отыру жасы қаншалықты  кіші болса, соншалықты айырылысу  мүмкіндігі де көп болады. Әсіресе  екіқабат болу себебінен, сонымен  қатар ерте үйленген құрбыларына  еліктеу үстінде олардан қалмау, өз мүмкіндігін жіберу және  жалғыз қалмау үшін құрылған  отбасылар осал болады.

      Ішімдікті  қолдану эффектісі жан-жақты:  көңіл-күйді көтереді, босаңсу, рахат  алу эффектісі, армандау сферасынан  кету, қиялдауға ұмтылады, шындықтан,  шешім шығарудан қол үзу.

      Жас өспірімдердің   аддиктивті мінез-құлқының дамуында  мотивация маңызды рөл атқарады.

       Атарактикалық мотивация – эмоциялық жайсыздықты, мазасыздықты, көңіл-күйдің түсу құбылысын жою үшін немесе соны жеңілдету мақсатымен ішімдікті қабылдауға ұмтылу.

      Субмиссивтік мотивация – қоршаған ортаның пікіріне тәуелді болудан және бағынудан құтылу үшін, адамдарды ренжіткісі келмей, ішімдікті қабылдауы.

      Гиперактивациямен мінез-құлық мотивациясы – ішімдікті қозу үшін пайдаланатын аддиктивті  тұлға.

     Жалған мәдениеттілік мотивациясы – қоршаған ортада сирек және қымбат ішімдік сусындарын ұстап, жариялап, яғни « таңдаулы талғаммен» әсер етуге ұмтылу.

     Девианттық мінез-құлық – қоғамда қабылданған құқықтармен адамгершілік нормаларға қарсы келетін жағымсыз қылықтар жүйесі.

     Жас өспірімнің психологиялық тәуелділігі – есірткіні қабылдауға ұмтылу және сол арқылы әсерленген сезімін қайта бастан кешіру немесе психолошиялық жайсыздық құбылысын жою.

     Кешендік аддикция. Жас өспірімдер ішімдікті еш уақытта жалғыз қолданбайды. Ц.П.Корленко, Н.В.Дмитриеваның зерттеулерінде кешенді аддикция ішімдіктік және ішімдіксіз бөлімдерден тұрады. Аддикцияның ішімдіктік бөлімі сана түбіндегі ойға жақын, санадан ығыстырылған  және оған жиі көңіл қоймайды. Аддикцияның бұл формасы жасырын болып табылады. Олар өздерін ашық жарияламайды. Мұндай компаниялардағы психологиялық жағдай ішімдік әрекетімен байланысты суперэго бақылауынан кетуге  және кедергілерден құтылуға, жеңілденуге байланысты болады. Ал аддикцияның ішімдіксіз бөлімі уақытын топтарда, компанияларда өткізуге ұмтылады. Жас өспірімдер уақытын бірігіп өткізу үшін белгіленген орынға жиналады, бұдан жалпы қызығушылықтары қалыптасады.

      Жас өспірімдердің темекі тартуға әсер ететін психологиялық факторлар – құмарлық, эксперимент жасауға,күшті болып көрінуге, « мерзімінен бұрын » ересек болуға қажеттілігі.

     Жас өспірімдердің темекі тартуға әсер ететін әлеуметтік факторлар – қоршаған орта, ата-аналарынан, үлкен аға-апаларынан алған үлгілері, құрбыларының қысым жасуы, маңызды тұлғалардың ( оқытушы және т.б ) көрсеткен үлгісі.

     Қоғамнан  қашу – тағы бір жас өспірімжасындағы организациялық нұсқасы. Жас өспірім жұмыс істеу немесе оқу жолын таңдауы мүмкін: релегиялық секторлар, өз-өзіне нарцистік ауыртпашылықтар тілеу және т.б егер жаман ой бойын билеп алса жұмыста оқуда артта қалады. Бұл нұсқаны саналы өмірдің таңдауы деп айтуға болмайды. Қандай да бір жағдайда өз-өзін анықтау тапсырмасы шешілмейді және көптеген ізденіс сәтсіздікке ұшырайды немесе ауасыз кеңістікте болумен тең. Балалық шақ бітті, үлкен деп өзіңді сезінбейсің немесе не істеріңді білмейсің. Көңілсіздік, жаңа ляззат алуға талпыныс, бұлыңғыр өмірді ұмытып, еңбек етуге қызықпаушылық.

Информация о работе Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері