Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Жас ерекшелік психологиясы психиканың жас мөлшеріне қарай даму динамикасын жеке тұлғаның психикалық даму үдерістерінің онтогенезін «жеке адамның психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері» және психологиялық сапаларын зерттейді. Бұл үдерістер (процестер) мен сапалар адамның жас мөлшеріне қарай өзгерту үстінде болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология китап.docx

— 237.50 Кб (Скачать документ)

                            VII тарау.ЖАСТЫҚ ШАҚ ЖӘНЕ КЕМЕЛ ЖАС КЕЗЕҢДЕРІ

 

                               8.1.Жастық шақ кезеңіне жалпы  сипаттама

 

 

       Ерте  жастық-бұл өмірлік жол таңдау  уақыты.Бұл жастағылар ересектік  шақта орындалуға тиіс жоспарлар  құрады.Алдына қойылған мақсаттарын  іске асырады,яғни таңдалған мамандығы  бойынша жұмыс істеу,жоғары оқу  орнында білім алу,отбасын құру.

Ерте жастық шақ  -   ересектік өмірдің басталуы.Өмірдің  алда екендігін сезіну,бір нәрсені  көріп,қателесіп және іздеуге мүмкіндік  береді.Бірақ «осы уақытта біздің таңдаған жолымыз әдетте өмірдегі көп  нәрсені анықтайды.Ерте жастық шақта  ойлаудың философиялық бағыттылығы  көрініс береді және ол формальды  логикалық операциялар мен эмоциялық  ерекшеліктердің дамуына негізделген.Бұл  жастағы ер балаларға абстрактілі  ойлау тән болса,қыз балаларға  нақты ойлау тән.Сондықтан да әдетте қыз балалар абстрактілі  тапсырмаларға қаоағанда нақты  тапсырмаларды жақсы орындайды.Табиғи  -   ғылыми қызығушылықтарға қарағанда  көркемдік    гуманитарлық қызығушылықтары  басым болады.

       Осы  жастағылардың көпшілігі өздерінің  қабілеттерін,білімдерін,ақыл  -    ой мүмкіндіктерін,асырып айтуға  бейім келеді.Ерте жастық шақта  зейіннің көлемі ұлғаяды.Сонымен  қатар онығ қарқындылығы мен  бір заттан келесі затқа ауыса  білу қабілеттер де артады.Бірақ  зейін бұл жаста таңдамалы  және қызығушылықтарының бағыттарына  байланысты болады.Шығармашылық  қабілеттері дамида.Сондықтан да  осы жастағы ер балалармен  қыз балалар мәліметтерді тек  қана ұғып қана қоймай,жаңа  нәрселер жасайды.Шығармашыл дарынды  адамның тұлғалық қасиеттері  әр түрлі ,ол дарындылық пайда  болған іс   - әрекет  сферасына  байланысты.Зерттеушілердің айтуынша  шығармашыл дарынды адам оқу  іс -  әрекеиінде қарапайым нәтижелер  көрсетуі мүмкін.Жоғарғы сынып  оқушыларының білімді жинақтау  мен интеллектінің кейбір қасиеттерін  өзгерту нәтижесінде ақыл   ойлар дамиды.Сонымен қатар ақыл    ой іс -   әрекетінің жеке  стилі  қалыптасады.Н.Коганның  айтуынша,танымдық үрдісте ақыл   ой іс    әрекетінің жеке  стилі ойлау стилі қабылдау,есте  сақтау және ойлау тәсілдеріндегі  жеке варияциялардың тұрақты  жиынтығы ретінде көрініс береді.Бұл  жастағы  интеллектуалдық даму  мүмкіндігі мәтінмен,әдебиетпен  жұмыс істеу ,формальды   - логикалық  операцияларды орындау кезіндегі  оқу біліктерін дамыту арқылы  жүзеге асады.Зерттеушілердің айтуы  бойынша,ерте жастық шақ тұлға  дамуындағы екінші аумалы кезең болып есептеледі.Жастар жеткіншектер сияқты әліде болса ересек адамдар қатарына жатпайды.Ерте жастық шақпен білімді жалғастыру мен мамандықты игеру байланысты.Психологиялық тұрғыдан алғанда жастық шақ өзін анықтау және ересек адамдар арасындағы интеграция міндетін шешеді.

      Ерте жастық  шақтағы әлеуметік жағдай  -  өмірлік жол таңдау.Бала кезде  жас ерекшелік кезеңдер көрініп  тұрады.Балалық шақ артта қалған  кезде барлық психикалық қызметтер  және тұлғаның тұрақталуы басталады.Сонымен  17 жастағы дағдарыс пайда болдаы..Кейінгі  жылдары жеткіншектер мектеп  қабырғасын  9 сыныптан соң тастап  кетеді.Оқуға деген қызығушылықтың  жоқтығынан  және үлгерімдерінің  төмендігінен олар техникалық  колледждерге  баруға тырыспайды;кейбіреулері  конкурсқа ілінбей қалады.Олардың  көпшілігі кешкі мектептерге  барып,жұмыс істейді.Егер де жеткіншек  өзі үшін осы жолды таңдаса  онда дағадарыс көрініс береді.Мұндай  жеткіншектер бүгінгі күнмен  өмір сүріп болашағын жоспарламайды.

    19- 20  жастағы  жастар өз өмірлеріндегі қиындықтарды  бұдан бұрын болмаған жауапкершілікпен  байланыстырады..Олар бұл жаста  пайда болатын жаңа мәселелер  мен қоса үлкен мүмкіндіктер  де пайда болатын осы жасты  бағалайды.Жасиар үшін өмірлік  жолдың  3 нұсқасы тән:жоғарғы  оқу орнында білім алу,жұмыс  іздеу,ер балаларға әскерге бару.

      Жоғары оқу орнында білім.Көптеген мектеп бітірушілер білім алуды жалғастыруды қалайды.Кейбіреулері өзін қызықтыратын білімді алуға тырысса.кейбіреулері ата- аналарының тілегі бойынша немесе жолдастарына еліктеп барады.Қазіргі студенттер жоғары оқу орнына білім алудың келесідей артықшылықтарын аттайды: жоғары оқу орны оқу орны қажетті білім біліктерді береді,яғни белгілі мамандық беріп «ересектік өмірге»дайындайды,таңдайу жасауға мүмкіндік береді.Бірақ жастар білім алуды жалғастыра отырып практикалық тәжірибеге ие болмай ата -аналарына тәуелді болып қалады.Соңғы жылдары студенттер оқуды жұмыспен араластырады,яғни азды көпті ақша табады.Жастардың нақты жоғарғы оқу орнын таңдауы олардың тұлғалық бағыттылықтарына ,мотивтеріне ,құндылықтарына байланысты.

      Жастық  шақ ерте жастық шақтың аяқталуы  мен шамамен 30 жасқа дейінгі  аралықты қамтиды.Кейбір авторлар  мұны  жасқа - дейін созады.Жастық  шақ біріншіден  -  бұл отбасы  құру,таңдалған мамандықты игеру  ,қоғамдық өмірге деген өзінің  қатынасы мен ондағы рөлін  анықтау кезеңі болып табылады.

      Жастық  шаққа оптимизм тән.Мұндай жаста  адамның күші мен энергиясы  көп,өзінің мақсаты мен  идеяларын  іске асыруға кіріседі.Осы жас  кезеңде танымдық психикалық  үрдістер біркелкі дамымайды.Адамның  интеллектуалдық дамуы тұлғаның  қалыптасуымен өзара әрекетте  іске асады.Психофизикалық функциялардың  даму 20 жаста тоқтағанмен де,интеллектуалдық  дамуы көптеген жылдарға жалғаса  береді.Адам өзінің интеллектуалдық  дамуының барысын өз бетімен  басқара біліп,еңбек және шығармашылықпен байланысты үлкен нәтижелерге көп жеткізеді.Адамның жетістігі оның дарындылығының ,білімінің деңгейіне ,іс әрекетті дұрыс таңдауына байланысты.Яғни адамның когнитивті сферасының дамуы ерекше дербес сипатқа ие.Эмоциялық сферадағы ең басты мәселе өз шешімн табуды талап ететін идентивтілік пен жақындыққа қол жеткізу.Адамдар арасындағы эмоциялық жақындық махаббат негізі ретінде көрініс береді.Негізінен бұл жастағы адамдардың эмоциялық сферасы қалыптасқан және тұрақты болып табылады.

     Мотивациялық  сфераның рөлі ерекше,себебі осы  кезеңде адам ересектік өмірге  араласып,отбасы құру,дүниеге сәби  әкелу,мамандық таңдау сияқты  мәселелерді шешуіне тур \а  келеді.

    Өзіндік  санаға,өзін   өзі бағалауға , «Мен   -  концепциясына»  келесідей факторлар әсер етеді:тұлғпның  сексуалды серіктесі    жары,ата   ана,маман және азамат ретінде  өзін анықтауы.

     Осы кезеңде  30 -  33 жастағы нормативті дағдарыс  басталады.Ол адамның өмірлік  жоспарлары мен шынайы мүмкіндіктерінің  арасындағы сәйкессіздіктен пайда  болды.Бұл жаста өмірлік құндылықтар  қайта қаралып,мәнсіздері артта  қалады.

    Жастық шақ  кәсіби іс әрекетті меңгерумен,дамытуын,отбасы  құрумен,бала тәрбиелеумен бос  уақытын ұйымдастыру кезеңдерімен  ерекшеленеді.Сонымен,адам белсенділігінің  әрбір сферасы іс-   әрекет  пен қарым  қатынастың ерекше  сипаттарымен ерекшеленеді:еңбек  қоғамдық пайдалы іс-  әрекет,еңбасты  тұлғааралық қарым қатынастардың  концентрациясы,бос уақыт   тұлғалық  потенциалды іске асыру.

     Бұл жас  кезеңіндегі жетекші фактор еңбек  іс -  әрекеті болса, еңбасты  міндет өзін -  өзі анықтау мен  отбасы құру болып табылады.

 

    Махаббат  және отбасы.Жастық шақты көбінесе махаббат жасы деп атайды.Бұл кезең жыныстық белсенділік ,сонымен қатар қыз балалардың организмі дүниеге сәби әкеліге дайын болғандықтан,көптеген адамдар некеге тұрады.Жастық шақта адамдар танысып, бір  бірін оңай тани алады,бірлескен өмір салтына жылдам бейімделеді.

      

   Әрине, ер адам  мен әйел адам арасындағы махаббаттек  қана жастық шаққа ғана тән  емес.

    Махаббаттың   өзге де түрлері бар.Олар:ата   нан мен бала,аға мен қарындам  арасындағы махаббат,достық байланыс,оө  ісіне деген,өнердің бір түріне  деген махаббат.Ер мен әйел  арасындағы махаббат оларды толыққанды  етеді.Әрбір адам махаббаты қайталанбас  және оның тұлғасына байланысты  болады.Отбасы құру тұлғалық таму  үшін өте маңызды.Адам дүниеге  сәби әкелу мен болашақ ұрпақты  тәрбиелеу жауапкершілімен байланысты  жаңа қоғамдық статусқа ие  болады.Отбасылық өмірдің жақсы  болуы адамның жалпы дамуына   оның рухани өсуіне,қабілеттерінің  дамуына байланысты.Дүниеге сәби  әкелудің үлкен маңызы бар.Баланы  дүниеге әкелгеннен кейін ата    ана тек қана әйел мент еркек   болып қана қоймай,ана менәке болады.Отбасылық өмірдің құрылымы өзгеріп,ерлі   зайыптыларды жаңа міндеттер,өздері дүниеге әкелген адам өмірі үшін ортақ жауакершілік пайда болады.

   Кәсіби іс -  әрекет.Жастық  шақтың ерекшелігі жар таңдау  және отбасы құрумен аяқталады.Осы  кезеңдегі дамудың бір әлеуметтік  жағы - таңдаған мамандығын игеру.Бұл  кезеңде адам кәсіби шеберлікке  ие болып,кәсіби дайындық аяқталады.Таңдалған  мамандыққа қажетті білім,білік,дағдылар  жеңіл меңгеріліп,арнайы тұлғалық  және функционалдық сапалы дамиды.

       Егер  жастық шақта өмірлік жол дұрыс  таңдалса, адам өз мамандығында  үлкен жетістіктерге жетеді.Ал  ғылыми жолын таңдағандар ғылыми  кандидаты болады.Кәсіби шеберлікпен  бірге кәсіби компетенттілік  дамиды.

      Достық.Жастық шақта достық байланыстарды орнату мен дамыту маңызды болып табылады.Психологтардың пікірлерінше,достық осы кезеңде,махаббат сияқты жаңа сапалы ддеңгейі көтеріледі.Достықтың жай жолдастық қарым   қатынастарынан айырмашылығы ,онда рухани жақындық болады.Достық  -  өзара сенім мен ортақ қызығушылықтарға негізделген жақын қатынас.

 

                           8.2.КЕМЕЛ ЖАС

 

Кемел жас -   адамдардың көпшілігі үшін ең ұзақ жас кезеңі болып табылады. Бұл жас кезеңді  зейнеткерлікке шығумен байланыстырады.Осы  жасқа дейін адамдар өте бай  кәсібиөмірлік тәжірибе жинақтайды.Балалары өсіп,оларға деген қатынасы өзгеріп,өзге сипатқа ие болады.Адам организмін осы жасқа тән физиологиялық  өзгерістер жүреді.Олар көруі нашарлап,реакциялары  баяулап ер адамдардың сексуалдық потенциялары әлсірейді,әйелдер климаксты басынан  кешіреді.Психофизикалық функциялар төмендейді,дегенмен де бұл адамның когнитивті сферасына  әсерін тигізбейді.Еңбекке қабілеттілік сол деңгейде қалып,еңбек және шығармашылық белсенділікті сақтауға мүмкіндік  береді.Бұл жас адамдар стресске,депрессияға  бейім келіп жалғыздықты сезінеді.Кемел  жас кезеңге өмірдің ең маңызды  жағы кісіби іс-   әрекетпен  отбасылық  қарым қатынас болып табылады.Кемел  шақты ең басты ерекшелігі өз өмірінің мазмұны үшін өзгелердің алдындағы  жауапкершілікті сезіну.Кемел жас  шақтағы көптеген адамдарды 40 жастағы  дағдарыс болады. Бұл өмірдің мәніне байланысты дағдарыс болып табылады.Адам өз өміріне деген қанағатсыздықты  уайымдайды.Өмірлік жоспары мен  олардың іске арасындағы алшақтықты сезінеді.Бұл уақытта олардың  балалары бөлек өмір сүре бастайды,жақын  адамдары мен туысқандары қайтыс болады.40 жастық дағадарыста адам өзінің өміріндегі ойларын қайта құрып, «Мен  -   концепциясын» қайта  жасауына тура келеді.

    Кәсіби жетістікке  жету мәселесін көптеген психологтар   «акмэ» ұғымымен байланыстырады.Ол  дегеніміз шыңға жету.Психолог  Э.Клапередтің айтуынша кемел  жас шаққа келген адам кәсіби  жетістіктің шығына жеткеннен  кейін өзінің дамуын баяулатуы  мүмкін.Өзінің кәсіби шеберлігін  шығармашылық птенциалын жоғарылатпайды.Осыдан барып,көптеген адамдарды өмірлік белсенділік төмендейді.Бұл жастағы психикалық функцияларында инволюциондық процестер басталады.Бұл биологиялық қартаюдың баслуымен байланысты.Кемел жас шақтың ерте және орта кезеңде бірінші фаза,яғи функциялардың жалпы қасиеттердің прогрессивті даму фазасы жалғаса береді.Дегенмен де,прогрессивті дамудың екінші фазасы да бар,ол кәсіби іс-  әрекет үрдісіндегі психикалық функциялардың ерекшелігімен байланысты.Кәсіби іс-   әрекеииің барлық түрлері,шеберлік,білім және тәжірибе адамның жоғары деңгейдегі физикалық және функционалдық дайындығы мен бірге жүріп отыру керек.Осы кезеңде көптеген адамдарда кәсіби шыңға жету төмендейді.Бұл әрине таңдалған мамандықтың ерекшелігіне байланысты мысалы,дәрігер мамандардың кәсіби шеберліктері физикалық және функционалдық дайындыққа тәуелді емес,бұнда кәсіби шеберлік зейнеткерлікке кеткенге дейін,тіпті,еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі кезінде сақталады.

        Сонымен,жетекші  іс -   әрекет еңбек болып  табылады,балаларға көмектесу,отбасындағы  қарым   қатынас мәселелері  бірінші жоспарға шығып,тұрақты  сипатқа ие болады.Кемеліне келу  белсенді еңбек ету кезеңі  болғандықтан,адам өзінің барлық  бос уақытын жұмысқа арнайды.

БАЛАЛАРМЕН  ҚАРЫМ   ҚАТЫНАС.Ересек адамның ең басты  міндеті  -  өз баласын тәрбиелеп,өсіру.Өсіп келе жатқан балалармен қарым   қатынас  жасау ерекшелігі жағдайға байланысты ата   аналар да әр түрлі болады.Ол жағдайлардың ең жетекші түрі ата  ананың балаға деген эмоциялық қатынасы.Оның 3 түрін қарастыруға болады:эмоциялық,оның негізі сөзсіз махаббат шартты махаббат және баланы қабылдамау.Аналық сөзсіз махаббатты Э.Фронн сипаттап берген: «Аналық махаббат –бала өмірі  мен оның қажеттіліктері үшін сөзсіз берілу.

Аналық махаббат ең жоғары тұратын махаббат. »Баланы оның әдемілігіне  немесе қабілеттілігіне,қазір немесе болашақта әкелетін қайғысына байланысты жақсы көрмейді,яғни баланы сол күйінде  қабылдау.Шартты махаббат шынайы емес махаббат.Мұнда бала тек ата   ананың талаптарына жауап бергенде ғана жауап береді. Бала тіл алғыш  болып,қиындық тудырмай,жақсы оқығандығы үшін жақсы көреді.Осы талаптарға қаншалықты жауап берсе ол соншалықты махаббатқа ие болады.Осындай шартсыз  махаббат салдарынан балада сенімсіздік,мазасыздық пайда болады,өзін   өзін бағалау  деңгейі төмендейді.Баланы қабылдамау әр отбасында әр түрлі болады.Оны  ата-   ана сезінуі немесе саналы түсінбеуі де мүмкін.Оның себептері  әр түрлі.Мысалы:ұл баланы күтіп еді  дүниеге қыз бала келді.Мамасы әдемі,ал оның қызы тұйық,көріксіз және осы қасиеттері мен атасын ашуландырады.Немесе әкесі  математик,ал баласында математикалық  қабілеттер жоқ.

     Балалар шартсыз  махаббат пен ата  - аналардың  тарапынан оны қаламаушылықты  сезінеді.Ал,бұл отбасындағы қатынасқа  әсер етеді.Баланығ тұйықтығы  немесе  «көшеге» кетуі негізінде  жеткіншектік кезде басталады.

      Ата-   ана мен бала арасындағы қарым    қатынастың ерекшелігі эмоциялық  негізбен ғана емес,сонымен қатар  тәрбие стилімен де анықталады.Тәрбиенің  негізгі стильдері шектен тыс  қамқорлық жаасу, «отбасы кумирын»  тәрбиелеу,немқұрайлы тәрбие,баоаны  қабылдамау.Ата  - анамен бала  арасындағы қатынастар және оның  тұлғалық ерекшеліктеріне де  байланысты.Балалардың дербес ерекшеліктерін  тәрбие мен оқыту үрдісінді  ескеру керек.

    Ата   - анамен  бала арасында симбиотикалық  қатынас болады.Мұндай қатынас  анасының баланы жалғыз тәрбиелеген  кезінде пайда болады.Симбиотикалық  қатынас табиғи түрде кенеттен  пайда болады.

Информация о работе Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері