Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Жас ерекшелік психологиясы психиканың жас мөлшеріне қарай даму динамикасын жеке тұлғаның психикалық даму үдерістерінің онтогенезін «жеке адамның психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері» және психологиялық сапаларын зерттейді. Бұл үдерістер (процестер) мен сапалар адамның жас мөлшеріне қарай өзгерту үстінде болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология китап.docx

— 237.50 Кб (Скачать документ)

      3.Кемел  жас кезінде адам оның психологиялық  жасының динамикасымен тығыз  байланысты.Оны бір -  бірімен  өзара байланысты,бірақ бір  - біріне сәйкес келмейтін 3 түрін  бөліп көрсетуге болады:

1.Хронологиялық жас;

2.Биологиялық жас;

3.Психологиялық жас

   Адамның сыртқы  келбеті оның хронологиялық жасын  ерекшелеп тұрады.Мысалы:40 жастағы  адам өзінің жасына қарағанда  жас көрінуі мүмкін немесе  керісінше кәрі көрінуі мүмкін.

    Психологиялық  жас адамның өзінің қалай сезінетіндіігн  көрсетеді. Психологиялық жас  бұл жастық идентификация.Бұл  ойға байланысты сана -  сезім  аспектісі.Уақытты қабылдау,жас  туралы ойды қалыптастыру,мысалы,3 жастағы бала қазіргі уақытпен  өмір сүреді,тікелей қабылдағандарына  ғана эмоциялық жауап қайтарады.Есте  сақтау мен қиял мектепке дейінгі  жастан бастап маңызды бола  бастайды.3-   4 жастан бастап  бірінші балалық шақтары естерінде  қалады.Бала қазіргі шақпен қоса  өткен шақпен болашақты ,яғни  келешек уақытты меңгереді.Психологиялық  өткен шақ пен болашақ адам  әрекеттеріне ықпал етеді.Жас  есейген майын болашаққа деген  көзқарас кеңейе түседі,уақыт  құндылығы өзгереді, «өз уақыты»  сана    сезімінің дамуына  байланысты маңызды бола түседі.

    Психологиялық  жас адамда пайда болған келешекке  деген көзқарасына тікелей байланысты ,ал ол одан тыс өмір сүре  алмайды.Кемел жас кезеңінде психологиялық  жас көбінесе адамның дербес  ерекшеліктеріне оның бағыттылығына  ,өмірлік мақсатына байланысты  болады.Кемел жас шаққа психологиялық  жастың барлық 3 түрі де тән.Кемел  жас кезеңінде жағдай күрделірек  және біртектес.Бұл биологиялық  қартаюдың басталуымен байланысты.Хронологиялық  жасты психологиялық жастың басып  озуы ерте қартаюды білдіреді.Бұл  көбінесе өмірлік мақсаттардың  орындалуына байланысты.Сонымен  қатар ерте қартаю бақытсыздық  пен жақын адамнан айырылумен,аурумен,табиғи  және әлеуметтік апаттармен (оның  ішінде жер сілкінісі және  соғыс ) де байланысты болады.

    Махабббат ,шығармашылық  жетістікке жету,жақын дамның  үлкен жетістікке қол жеткізуі  немесе тамаша мансапқа жету  психологиялық жасаруға әкеледі.

   Психологиялық жастың  хронологиялық жастан қалып қоюы  әр түрлі сипатта болады.Мысалы:мұндай  жағдайда адам есее отырып  пассивті,күнделікті жақын адамынан  қамқорлықты талап ететін болады.

   Мұндай жағдайда  психологиялық жастығ қалып қоюы  тұлғаның инфантильды бағдарының  іске асуына себеп болады,ал  қалыптасқан стереотиптерге деген  бағадар қорғаныс механизміне  ие болады.

    Келесі бір  ерекшелік іс    әрекетшіл  шығармашыл адамдардың өздерін  жас сезінуі,бұл жердегі жастық  сезімнің сақталуы шынайы нәтижелі  жұмыспен байланысты.Өз ісіне  деген шығармашылық қатынас кезінде  адам алдынан жаңа ізденістер  ашылады,себебі  шығармашылық үрдіс  шексіз.Осы екінші жағдайда ,яғни  психологиялық жастың хронологиялық  жастан қалып қоюы кемістік  болып санамайды.Жастықтығ сақталуы  психологиялық жастың адекваттылығын  жоққа шығармайды.

   Сонымен,кемел жас  адам өміріндегі ең ұзақ та  маңызды кезең болып атбылады.Кемел  жас даму мақсатын көздейді.Кемел  жастық кезең кейбір адамдар  үшін жай ғана хронологиялық  ұғым болса,келесілері белгілі  бір мақсатқа жетіп,өздерінің  өмірлік белсенділіктерін баяулатады.Үшіншілері  өздерінің өмірлік ұстанымдарын  үнемі кеңейте отырып дамуды  жалғастырады. 

 

IX ТАРАУ. ҚАРТАЮ  ЖӘНЕ ҚАРТТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  СИПАТТАМА.

9.1. Қартаю кезеңі.

          Әдетте адам өмірінің соңғы  кезеңін кәрілік деп атайды. Көптеген  ғалымдар 60 жастан жоғары кезеңді  геронтогенез деп атайды. Ал бұл  жасты зерттеумен геронтология  ғылымы айналысады. Геронтология  – адамның қартаю үрдісін зерттейтін  ғылым. Кәрілік психологиясына  тән нышандарға мыналар жатады: уайымшылдық, мақтаншақтық, өткен  өмірінің мәнсіз сәттеріне өкіну,  жастарды, шуды жақтырмау, тыныштық  іздеу, ұйқының азаюынан мазасыз  болу, сөздері мен істерін қайталай  беру, белгілі бір деңгейде писсимизм,  түңілу. Кәрілік әр адамда әр  түрлі өтеді. Шығармашылықпен  айналысатын адам өзінің белгілі  идеяларын іске асырып немесе  жазып қалдыру үшін барын салуы  мүмкін. Өмір бойы белсенді қызмет  атқарған адам зейнетке шығуды  ауыр қабылдайды, жанталасып мамандығы  бойынша жұмыс істей бергісі  келеді. Ал көп азап көріп, бейнеті  мол еңбек еткендер зейнетке  шығуды қанағатпен қабылдап, күнделікті  тіршілікпен өмір сүре береді. Кәрілік адам өмірінің ең соңғы  кезеңі болып табылады. Осы жасқа  жеткен адамдар үш топқа бөлінеді:

  1. Кемел жастағы адамдар.
  2. Қартайған адамдар.
  3. Ұзақ өмір сүретіндер.

          Қартаю кезеңі ересектік жастан  кәрілікке өту кезеңі болып  табылады. Генетикалық бағдарланған  қартаю үрдісі осы кезеңнің  ең негізгі ерекшелігі болып  табылады. Бұл жастағы адам физикалық  жағынан әлсіз болады. Энергиялық  қоры азаяды. Қан тамырлары мен  иммундық жүйесінің қызметі нашарлайды, яғни организмнің жалпы қартаюы  жүреді.

          Сенсорлық қызметтердің көпшілігі  нашарлап, соның салдарының когнетивті  жүйенің дамуында өзгерістер  болады. Біріншіден интеллектуалдық  қызметтері зардап шегеді. Бұл  үрдістердің динамикасы субъективті  факторларға, тұлғаның ерекшелігіне, оның кәсібіне байланысты.

          Есте сақтауы ойлаумен тығыз  байланысты логикалық байланыстарға  негізделеді, сондықтанда қарт  адамның ойлауы өзге таңымдық  үрдістерге қарағанда жоғары  дамыған. 

          Эмоциялық сфераларында басқаруға  келмейтін күшті аффективті реакциялар (күшті жүйкелік қозу) көрініс  береді. Адам эгоцетрлі болады. Күрделі  жағдайлармен күресу қабілеттері  төмендейді. Еркектер – пассивті  болса, әйелдер – агрессивті  билікке құштар болады. Қарт адамдар  өлім туралы көп ойлайды. Қарттық  кезеңде «мен концепциясы» өзгерістерге  ұшырайды. Адам өзінің өткен шағын,  қазіргі уақытын және болашағын  салыстыруға тырысады.

          Қарттық жастағылардың жалпы мінез-құлқы. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психологиясы зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерін (қимыл белсенділігінің баяулауы, күш қуаты азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларының (зерде, ес, зейін және т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоциялдық ішкі әлемге кету, өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюдың тек регрессивті құбылыс деп қарамау керек. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі төмен болады. Мысалы, қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі. Қарт адамның шығармашылық белсенділігі жоғары болғандығы жиі байқалады. Қартаюдың психологиялық ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударса, геронтология ғылымы пән ретінде егде жастағы адамның көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгерулеріне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болады. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдармен белсенді әрі толық өмір сүру, амалдарын зерттеу т.б. жатады.

          Геронтолог ғалымдар кәрілік  бұл – биологиялық феномен,  яғни бұл психологиялық өзгеріспен  бірге жүреді деп санайды. Көптеген  зерттеушілер оның барлық жоғарлау  жиынтығы – экономикалық, әлеуметтік, индивидуалдық болады, яғни бұл  даму кезеңіндегі автономия болуы  мүмкін.

          Сондай-ақ қарттар мәселесі –  биологиялық жүйенің функционалдық  сәйкестігі, яғни өзіне лайықты  психологиялық және өзін қоршаған  әлеуметтік кеңістігіне бейімделуінсіз  бұл орындалмайды. Қартаю – бұл  жаңа әлеуметтік рөлге көшу, яғни  жаңа топпен өзіндік қарым-қатынас  орнайды. Дәл қазіргі уақытта  кәрілік кезеңіне ғылыми қызығушылық  тууда. Геронтопсихология – бұл  қазіргі даму психологиясының  ең жас бөлімі болып табылады.

          Қарттық кезеңнің өзіндік ерекшеліктері. Қарт кісілерге әлеуметтік көмек жүйесін ұсыну қажет. Даму психологиясының геронтопсихологиясына көп үлес қосқан ғалымдардың бірі Э. Эриксон. Оның теориясы өзгеде ғалымдардың қызығушылығын тудырады. Р. Пэкон мен Р. Пэк бұл кезеңді «сәтті қарттық» деп атады, яғни адам өзіндік дамуында негізгі үш тапсырманы орындау, ол «Эго» дифференциясына қарсы рөл. Адамдар өздерін тек қана өзінің жұмысына және отбасына арнайды, бұл зейнетке шығар жол, жұмыс ауысымы немесе балалардың үйден кетуі оларда жағымсыз эмоция тудырады. Екіншіден, бұл трасцсендация, бұл дегеніміз жан дүниесіне қарсыласу. Соңғы трансценденция «Эго» - «Эго» өзгерісіне қарсы, негізгісін меңгеруші, маңызды белгілер көрсетіледі.

          Әр түрлі формадағы жүріс-тұрысы, адамдардың бір типтегі ситуациялары  өзіндік ерекшеліктерімен, қарттық  кезеңге деген қабілетін көрсетеді.  Қарттық кезеңді Ф. Гизе былай  деп көрсеткен:

  1. Қарт – негативист. Өз бойында байқалатын қандайда қарттық белгілерін мойындамайды.
  2. Қарт – экстравер. Сыртқы ықпалдар және айналысындағы шындықты бақылау жолымен, әсіресе зейнеткерлік демалысқа шығу (жастардың өсуі, көзқарастары мен қызығушылықтарындағы айырмашылықтар, дос және жақын адамдарының қайтыс болуы, техникалық және әлеуметтік өмірдегі жаңалықтар, отбасындағы жаңа орны) арқылы қарттық кезеңді мойындайды.
  3. Қарт – интраверт. Қартаю үрдісін қатты уайыммен қарсы алады. Жаңңаға қызығушылық танытпайды, өткенін көп ойлайды, есіне түсіреді, эмоциясы әлсірейді, тыныштыққа ұмтылады.

          Қарт адамдарда гипоксия ауруының  дамуы байқалады. Қан тамырының  серпімділігі азайып, оларда атеросклероз  дамиды. Кәрілік адам өміріндегі  соңғы кезең болғандықтан өлім  мен оған деген қатынас туралы  бірнеше мәселелер туындайды.  Өлімге дайындалу керек пе? Оны  адам қалай уайымдайды. Өлім әрқашанда  қайғылы ма? немесе табиғи үрдіс  болып табылады ма? Өлім мәселесі  – философиялық және діни мәселелермен  байланыста болғанмен де психологиялық  мәселе болып табылады. Танатология -  (грек тілінен аударғанда «танатос» - өлім, ажал) өлімді зерттеуге бағытталған бағыт. Өлім – бұл адам өмірінде орын алатын соңғы кезең. Физиологиялық тұрғыда өлім дегеніміз барлық өмірлік функциялардың тоқтауы. Психологиялық жағынан туыстарына, жақын адамдарына және өлушінің өзіне де жеке маңыздылығы. Өлімге деген қатынасқа антикалық замандағы философтардың өздері көңіл бөлген.

          Жан жүйесі қатты күйзелген  күйде не психологиялық аурудың  ықпалымен адамның өз-өзіне қол  жұмсауы суицид (ағылш. Suicide – өзін-өзі өлтіру) деп аталады.

          Сонымен, кәрілік жас – адамның  орта жастан кейін келетін  қоғамдық еңбектен босап, еңбегінің  зейнетін көретін материалдық  қамтамасыз етілетін құрметті  демалысқа шығатын жасы. Шартты  түрде кәрілік адамның зейнетке  шығуы жасына жетуінен басталады  деп есептеледі. Кәрілік жаста  адамның ақыл-ойының сарқылуы  байқалады. Қазақта мұны алжу  дейді.

          Кәрі жастағы адамдардың психофизиологиялық ерекшеліктері. Геронтогенез уақытында ағза түрлі өзгерістерге тап болады. Адамның сенсорлық мүмкіндіктері әлсірейді. Есту қабілеті де нашарлайды – әсіресе ер адамдарда кездесетін құбылыс. Нақты айтқанда, есту қабілетінің нашарлауы қартайған адамдардың өмірін қиындатады. Оған қоса жасы келе «с», «ш», «ч», «ф» дыбыстары кездесетін сөздері есту қабілеті төмендейді. Қартайған кезде көру қабілетінің төмендеуі кеңінен таралған. Кәрі кісілерде көз өткірлігі – ұсақ заттарды танып-білу мүмкіндігі төмендейді. Кейде бұл құбылыс көз бұршағының икемділігінің жоғалуына немесе тор рецепторларының нашарлауына байланысты. Сонымен қатар, кәрі кісілерге мәні жоқ қоздырғыштарды анықтау қиынға тиеді. Мысалы, осы уақытта керекті жол белгісін басқаларының арасынан табуы қиын. Дәм түйсіктері қартайған кезде қатты өзгермейді, тәттіні сезіну мүмкіндігі сақталады.

           Қартайған кезде бұлшық ет салмағы азаяды. Оған қоса, күш пен төзімділік төмендейді. Бұлшық еттің азаюына қарай, дене салмағының төмендеуі мүмкін. Жас кезінде қарағанда, қартайғанда адамның бойы 3-5 см төмен болады. Сүйектер нәзік, үзілгіш жиі сынып, ұзақ уақыт өспей қалады. Мұндай құбылыстарға әсіресе кәрі әйелдер тап болады, өйткені репродуктивтік кезеңнің соңынан олардың қолындағы эстрогендердің мөлшері азаяды.

          Иммундық жүйеде де өзгерістер  байқалады. Кейбір адамдар, кәрі  кісілер есінен адасады, деп  ойлайды. Ол рас па? Интеллектуалдық  әрекеттің төмендеуіне байланысты  көнтеген қайшылықтар туындайды.  Қалай болғанымен де, ақыл әдеттерінің  көбісі есте сақталып қалады. Кәрі кісілердің есімен байланысты  проблемалардың шешімі жоқ деуге  болмайды, олар геронтогенездің  ақыры емес. Олар басқа факторларға  байланысты, мысалы, депрессия, дәрі-дәрмектердің  әсері немесе белсенділік әрекетінің  төмендеуі. 

          Кәрілік кезеңіндегі тану белсенділігінің  төмендеуі тікелей және жанама  себептерден болуы мүмкін. Тікелей  себептерге албцгеймер ауруы  және мидың зақымдануы жатады. Парасаттылықтың төмендеуінің себептері  денсаулықтың нашарлауы, білімнің  деңгейінің төмендеуі. 

Информация о работе Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері