Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:11, курсовая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 318.50 Кб (Скачать документ)

      Ғылыми матералистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс - әрекет, қарым – қатынас, еңбектің , қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады. Бұл жағынан келгенде мынадай төрт жүйені атап көрсеткен жөн: 
1. Психикалық жаратылыс қасиеттері – жас ерекшеліктеріне қарай дамуы,         темпераменті, болмыс бітімінің жетілуі.

2. Психикалық үрдіс – зейін, ес, ерік, ойлауы т.б.

3. Тәжірибенің өрістеуі – дағды, білік, әділет.

4. Танымдық бағдар алуы – көзқарас, қызығушылық, ынта – ықылас т.б.

      Адам - жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс - әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым – қатынас иесі. Демек, оның іс - әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық – тарихи жағдайға да тәуелді. Осы орайдан тәрбие беру мақсатын айқындап,оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе.Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең танып, өзінің оған деген қарым – қатынасын белгілеуге жол ашады.

      Тұлғаның нышандарын дамытуда діни тәрбие де айтарлықтай қызмет атқарады. Ілгеріде өткен бабаларымыз кейінгі ұрпағына баға жетпес мол мұра қалдырса, оны тұтынған бір кездегі отырарлық Әбу Нәсір әл – Фараби бастаған ғұламалардың ұлы дәстүрі өзінің жалғасын табуда. Аталарымыз осыдан мыңдаған жыл бұрын ислам дінін таңдаса, кейінгі ұрпақ оны жалғастырып қана қоймай, зерттеп, қастерлеп, рухани тәрбиеге айналдыра бастады.  
      Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б.жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы». 
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. 
      Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

      Жеке  адам психологиясының неге бағытталғандығын  көрсететін негізгі компоненттердің  бірі – адамның дүниетанымы  мен сенімі. Дүниетаным – адамның  табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика және идеялизмге жат, дәйекті ғылыми – материалистік дүниетаным.

     

 

  

 

     

     

 

     

 

       

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

                                   

                                       

 

 

 

 

 

 

                                    ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Сонымен,  психология дегеніміз - психиканың  айғақтарын, заңдылықтарын және  механизмдерін зерттейтін ғылым.  Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес.

      Психологияның  жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі  негізгі қызметінің мағынасы  мынада: ғылыми білімнің басқа  аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді.

      Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы және қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

    1. Жарықбаев Қ. «Жантану негіздері», Алматы -2002.
    2. Намазбаева Ж.И. «Психология», Алматы-2005.
    3. Алдамұратов А. «Жалпы психология», Алматы-1996.
    4. Тәжібаев Т. «Жалпы психология», Алматы-1993.
    5. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. «Педагогика», Алматы-2002.
    6. «Педагогикалық психология»,Алматы-1995. 
    7. Педагогика және психология сөздігі, Алматы-2002.
    8. Юрчук В.В. Современный словарь по психологии, М.«Современное слово»-1998.
    9. Кордуэлл М. Психология. А-Я.: Словарь – справочник. – М.: Фаир-Пресс, 1999.
    10. Немов Р.С. «Психология», М.: Владос-1995.
    11. Сәбет Балтаұлы Бап-Баба «Жантану негіздері», Алматы- 2006.
    12. Ниетжан Берікұлы «Жантану», Ақтөбе-2006.
    13. Маклаков А.Г. «Общая психология», Питер-2006.
    14. Узнадзе Д.Н. «Общая психология»,М. Питер-2004.
    15. Немов Р.С. «Общая психология», Питер-2006.
    16. А.В.Карпова «Общая психология», М. Гардарики-2005.
    17. Е.Г.Рогов «Общая психология», М. Владос-2000.
    18. Сейталиев К. «Жалпы психология», Алматы-2007.

 

 

 

 

    

 

 

 




Информация о работе Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны