Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:11, курсовая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 318.50 Кб (Скачать документ)

 

1.2. Психологияның зерттеу әдістері

 

      Ғылым – алдымен зерттеу болып табылады, сондықтан ғылымның пәнін анықтау, оның сипаттамасын жоққа шығармайды, оған оның әдістерін анықтау да енеді. Әдістер – ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер. Психология – жеке әдістері немесе әдістемелері бар біртұтас жүйе. Ғылым әдістері заңдылықтарды ашады, бірақ олардың өздері ғылым пәнінің негізгі заңдылықтарына сүйенеді. Сондықтан ғылымның даму барысында оның әдістері дамып, түрленіп отырады.

      Зерттеу әдісі әрқашанда қандай да бір әдістемені білдіреді. Ғылым, ғылыми психологиялық зерттеудің объективтілігіне жалпы талаптар қояды:

  1. Психологиялық объективтік зерттеудің принципі, зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне тәуелді болатын, әр түрлі әдістемелік амалдар арқылы жүзеге асырылады. Психика мен сана ішкі және сыртқы көріністерімен бірге зерттеледі.
  2. Біздің психология психикалық пен физикалықтың теңдігін емес, бірлігін көрсетеді, сондықтан, кейде психологиялық үрдістердің физиологиялық зерттеуге енсе де, психологиялық зерттеу оған енбейді.
  3. Біз психиканың материалдық негіздерінің оның органикалық негіздеріне теңелмейтінін байқадық, адамдардың ойының үлгісін олардың өмір үлгісі, адамдардың санасын – қоғамдық тәжірибе көрсетеді.
  4. Психологиялық заңдылықтар даму үрдісі барысында ашылады. Дамуды зерттеу арнайы саласы ғана емес, сонымен қатар психологиялық зерттеудің арнайы үрдісі болып табылады.

      Психология, кез – келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас  жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.

      1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс ( жас ерекшелік, іс - әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру ); лонгитюдтік әдіс ( бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу ), кешендік әдіс ( зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатысады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді ).

      2. Эмперикалық  әдістер. Оған бақылау және  өзін - өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тесттер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс - әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.

      3. Мәліметтерді  өңдеу әдістері: сандық ( статистикалық ) және сапалық ( материалдарды топтарға бөлу, талдау ).

      4. Коррекциялық әдістер:  аутотренинг, топтағы тренинг,  психотерапевтикалық әсер ету  әдістері, оқыту.

 

                  Ұйымдастыру әдістері

 

      Зерттеудің екі негізгі түрі арқылы психика дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын білуге болады: көлденең және бойлық ( лонгитюдтік ). Екеуінің де бірқатар ерекшеліктері мен кемшіліктері бар. Қазіргі лонгитюдтік зерттеулер баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді.

      Р.Готтштальдт  егіздерге 20 жыл бойы лонгитюдтік  психологиялық зерттеулер жасады. Конституциялық және әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу үшін, егіздер ыңғайлы модель болып табылады. Бұл мәселе егіздер әдісі деп аталатын, лонгитюдтік зерттеуді егіздерге қолдануды талап етті.

      Көлденең  кескін әдісіне қарағанда, лонгитюдтік  әдістің ерекшеліктері көбірек:

  • лонгитюдтік зерттеу жекелеген жас кезеңдері бойынша мәліметтерді көлденең өңдеуге мүмкіндік береді;
  • ол екі кезең арасындағы дамудың әзгеріс шамаларын айқынырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Лонгитюдтік зерттеулер әрбір баланың дамуының жеке динамикасы мен құрылымын анықтайды;
  • тек лонгитюдтік зерттеу ғана, дамушы тұлғаның жеке компоненттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды талдауға, дамудың дағдарыс кезеңдерінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

      Лонгитюдтік  зерттеудің басты кемшілігі: оларды ұйымдастыруға және жасауға көп уақыт қажет.

      Психикалық дамуды  көлденең немесе кескінді зерттеулердің  мәні мынада: дамудың ерекшеліктері  туралы қорытындылар, әр түрлі  жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр түлі тұлғалық ерекшеліктері,  клиникалық реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жасалады. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы – қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.

        Алайда, таза көлденең кескіндегі зерттеулер статикалық болып қалып, даму үрдісінің динамикасы, оның үздіксіздігі жайлы қорытындылар жасауға мүмкіндік бермейді, ал осылайша алынған көптеген даму заңдылықтары жуық шамада ғана болады.

      Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен мінез – құлық механизмдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен салыстыру. Бұл әдіс зоопсихология мен бала психологиясында кең таралған. Бұл әдіс “ салыстырмалы генетикалық ” деген атаққа ие болып, В.А.Вагнердің, Л.С.Выготскийдің психологиялық ілімдерінен ерекше орын алады. Выготский жоғары психикалық функциялардың тарихын зерттей отырып, салаыстырмалы генетикалық әдісті жас шамасының психологиясы мен жалпы психология (әсіресе, тіл мен ойлауды зерттегнде) мәселелерін шешуде қолданды.

 

            Психологиядағы эмперикалық әдістер

 

      Психология жеке ғылым ретінде қалыптасқаннан бері психологияның эпирикалық әдістерінің тобы негізгі болып саналады. Эмпирикалық әдіс өзіне бақылау және өзін - өзі бақылау, эксперименталдық әдістерін енгізеді.

      Белгілі бір жоспар  бойынша әдейі ниетпен, жүйелі  түрде және мақсатқа бағытталған  адамның психикалық ерекшеліктерін  қарым-қатынас және іс-әрекет  үстінде зерттеу үшін қолданылады.  Алдымен гипотеза (болжам) белгілеу керек және оны тексеру керек. Бақылау табиғи жағдайда зерттелушінің әрекетін сыттай байқау қажет. Оны зерттелуші байқамағаны жөн. Бұл әдіс нақтылы мақсатты алға қоюды талап етеді. Зерттелетін проблема анықталады. Алынған деректер хатталады және аспаптар қолданылады. Суретке, киноға түсіріледі, дыбыс аппаратына жазылады. Бақылау әдісінің зертейтін проблемалары: оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу, оқушының сабаққа дайындалу процесін зерттеу, ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін ашу т.б.

      Зерттеу үстінде  алынған деректерге ғылыми талдау  жасалады. Олардың табиғаты түсіндіріледі. 

      Бақылаудың психологияда  екі негізгі түрі болады: өзін - өзі бақылау немесе интроспекция  және сыртқы, немесе объективтік  бақылау. Дәстүрлі интроспекциялық психология өзін - өзі бақылауды психологиядағы жалғыз немесе негізгі әдіс деп есептеледі. Бұл психиканы өз - өзіне тұйықталған ішкі әлемге айналдыратын жалпы принциптің зерттеу әдістерінде қолданылуымен байланысты болды.

      Өзін - өзі бақылау  арқылы өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, өзін - өзі бақылауды психологиялық танымның негізгі немесе жалғыз әдісіне айналдыру орынсыз болып табылады. Психологиядағы бақылаудың объективтік әдістер арқылы жүргізілгені жөн.

      Объективтік бақылау. Бақылау әдісінің қолданылуы ішкі мен сыртқының, объективтілік пен субъективтіліктің бірлігінен басталуы қажет. Бұл психологиядағы барлық объективтік әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы және кең қолданылатындығы. Бақылау ғылыми әдіс болуы үшін жалпы негізгі шарттардың орындалуы тиіс.

      Бірінші негізгі  талап – нақты мақсаттың болуы:  нақты мақсат бақылаушыны басқаруы  керек. Мақсатқа байланысты, үлгі  арқылы көрсетілген, бақылау жобасы  болуы тиіс. Бақылаудың жобалануы және жүйеленуі, оны ғылыми әдіс ретінде сипаттайды.

 

                              Бақылау әдісі

 

      Бақылау айғақтарды тіркеумен ғана шектелмей, қайта бақылаулар арқылы жорамалдарды қалыптастыратындықтан, ғылыми танымдық әдіс болып табылады.

      Объективтік  бақылау әдісінің басты ерекшелігі: психикалық үрдістерді табиғи  жағдайларда зерттеуге мүмкіндік  береді. Бірақ бұл әдіс зерттеудің  басқа әдістерімен толықтырылуы  керек. Бақылау тәртібіне төмендегідеі  талаптар қойылады:

  1. мақсат пен міндетті анықтау;
  2. объектіні және жағдайды таңдау;
  3. зерттелетін объектіге барынша аз әсер ететін және қажетті ақпаратты жинауды қамтамасыз ететін бақылау әдісін таңдау;
  4. бақыланатын объектіні тіркеу әдісін таңдау;
  5. алынған ақпаратты өңдеу және нәтижелеу;

      Бақылау әдісінің негізгі кемшіліктері: бақылаушының көзқарасы, мақсаты, психологиялық күйі, тұлғалық ерекшеліктері бақылау нәтижесіне ықпал етуі мүмкін; мәліметтерді қорытындылау қиындық тудырады; бақылау көп уақытты қажет етеді.

     

                       Эксперименттік әдіс

 

      Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент болып табылады. Ол психологияда таяуда қолданыла бастады. Экспериментті қолдану нәтижесінде психологияның дербес жеке ғылым екендігі мойындалды. Эксперимент ілкі кезде түйсіктерді және оның заңдылықтарын, атап айтқанда сезімталдық табалдырығын, адаптацияны, сезім органдарының өзара әрәкеттесуін тағы басқаларын зерттеуге арналды. Бұны XIX ғ. Орта кезінде М.Вебер мен Г.Фехнер жүргізді. Олар “Элементы психофизики” (1860 ж.) кітабын шығарды.

      Эксперименталды  психологияның пайда болуының  бастауы психометрия болды. Психометрияның  негізгі пәні – психикалық  процестердің, атап айтқанда түйсіктің,  қабылдаудың, қарапайым ассоциялардың,  т.б. өту жылдамдығын өлшеу.      

      Эксперимент – себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:

  1. Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.
  2. Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады.
  3. Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.
  4. Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.

      Экспериментті  ғылыми әрекет ретінде қарастырғанда  қажетті зерттеу кезеңдері мен  міндеттерінің жүйесін белгілеуге  болады:

      I – зерттеудің теориялық кезеңі. Бұл кезеңде төмендегідей мәселелер шешіледі:

      a) зерттеудің тақырыбы мен мәселесін айқындау,

      ә) зерттеудің пәні мен объектісін анықтау,

      б) зерттеудің міндеттері мен жорамалдарын анықтау.

      Пән  зерттеулерінің шегін анықтау кезінде төмендегілерді ескеру керек: 1)  зерттеудің мақсаты мен міндеттерін; 2) зерттеу объектісін; 3) эксперименттің материалдық және уақыт мүмкіншіліктерін; 4) жеке түсініктемелік теорияда көрсетілген мәселені ғылыми өңдеудің нәтижелерін.

      II – зерттеудің әдістемелік кезеңі. Бұл кезеңде эксперименттің әдістемесі мен эксперименттік жоба жасалады. Эксперимент әдістемесі зерттеу тақырыбын эксперименттік жағдайдың айнымалысы ретінде көрсетуі керек. Экспериментте екі айнымалы болады: тәуелді және тәуелсіз.

      Эксперимент  жасаушы өзгертетін фактор тәуелсіз; өзгерісін тәуелсіз айнымалы  тудыратын фактор тәуелді айнымалы  деп аталады.

      Эксперимент жобасы  мыналарды сипаттайды: 1) эксперимент бағдарламасын құруы; 2) эксперименттік мәліметтерді өңдеудің математикалық жобасы.

      III – эксперименттік кезең. Бұл кезеңде эксперименттік жағдайға, бақылауға, эксперимент жүрісін басқаруға, сыналушының реакциясын өзгертуге байланысты тәжірибелер тікелей жасалады.

      IV – аналитикалық кезең. Бұл кезеңде нәтижелерді сандық талдау, алынған айғақтарды ғылыми жинақтау, жаңа ғылыми жорамалдарды және тәжірибелік нұсқауларды қалыптастыру жүзеге асырылады.

      Эксперимент психология  әдісі ретінде психофизика мен  психофизиология саласында пайда  болып, психологияда кең таралды. Эксперименттің қолданылуы қарапайым түйсік үрлістерінен бастап жоғары психикалық үрдістерге дейін таралды. Эксперимент сипаты да өзгерді: жеке физикалық тітіркендіргіш пен оған сәйкес психикалық үрдістің қатынасын зерттеуден нақты объективтік жағдайлардағы психикалық үрдістердің өздерінің жүру заңдылықтарын зерттеуге ауысты.

      Эксперимент негізінен лабораториялық және табиғи болып екі түрлі болады.

                           

 

                                Лабораториялық эксперимент

      XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832 - 1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879).

      Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін дәл әлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы А.Бине (1857 - 1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың I-ші дүниежүзілік конгресінде II (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін XX ғасырдың басында орыс психологы Г.И.Челпанов (1862 - 1936) ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалығ ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылыми-зерттеу институты мен Ресей ғылым академиясына қарасты психология институтуының (Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.

Информация о работе Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны