Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:11, курсовая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 318.50 Кб (Скачать документ)

                              Кіріспе

     

      Психология – психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

      Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатырған білім салаларының бірі. Оның дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. 
      Зерттеу жұмысының өзектілігі:

      Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік-жікке ажырату жіктеу деп аталады. Психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннің зерттейтін объектісін, екінші, адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырмыз.

      Психологиялық білімдердің іздеріне тән ерекшеліктері. Психология жануар мен адамдардың іс-әрекетіндегі психикалық бейнелеудің құрылымы мен пайда болуы туралы ғылым ретінде. Психика тіршілік иелерін объективті болмысты бейнелеу формаларының бірі екендігі жайлы жалпы түсінік. Тірі және өлі дүниені бейнелеу формалары. Психикалық бейнелеу объективті дүниенің субъективті бейнесі ретінде. Психиканың бағдарлаушы және реттеуші функциялары.

      Жалпы психология - өзінің даму тарихы, пәні мен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі..

      Жалпы психология антикалық кезеңнен бастау алып, философия аясында психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыптасты. ХХ ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды.  
Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне – бұл оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көпқырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.  
      Пәннің мақсаты:

      Жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.

      Пәннің міндеттері:

1) оқытылған психологиялық  құбылыстардың заңдылықтары негізінде  психологияның әр салалары бойынша  студенттерде білімдерді жүйелендіру;

2) әр – түрлі психологиялық  фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;

3) Дүние жүзілік және  Отандық психология ғылымдарының  негізгі принциптерімен, бағыттарымен  және идеяларымен таныстыру.

      Зерттеудің пәні:

Психология ғылымы

      Зерттеудің объектісі:

Балалар, жасөспірімдер  және ересектер.

      Зерттеу жұмысының методологиялық негізі:

      Зерттеу жұмысында С.Л.Рубинштейн, Г.Эббингауз, В. Вундт, Дж.Уотсон, Б.Ф. Ломов, И.П.Павлов, А.Ф.Лазурский, З.Фрейд осы ғалымдардың көзқарастары, теориялары қарастырылады.

      Зерттеулердің әдістері:

      Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік береді.

      Ғылыми психология адамның ой-өрісі, сана-сезім дәрежесі іс-әрекеттен, оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекетің бағыт-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланыста. Сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді.  
Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады. Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдісі, эксперимент, лабораториялық тәжірибе, табиғи эксперимент, қосалық әдістер жатады.

      Зерттеу жұмысының құрылымы:

      Курстық жұмыс кіріспе, I тарау 1,2,3,4 бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Психологияның адамтану ғылымдарының

                  арасынан алатын орны

I . Психология  ғылымының мән – мағынасы және  зерттеу саласы.

1.1. Психология пәні, міндеттері

      Жалпы психология - өзінің даму тарихы, пәні мен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі...

      Жалпы психология антикалық кезеңнен бастау алып, философия аясында психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыптасты. ХХ ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды.

      Жалпы психологияның  қазіргі даму кезеңіндегі өзекті  мәселелеріне – бұл оның теориялық-әдіснамалық  негіздерін бекіту және кеңейту;  зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көп қырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.

      Пәннің мақсаты:  жалпы психология курсында алған  білімдері мен зерттеу дағдылары  негізінде психологиялық ойлауын  дамыту, семинар және практикалық  сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.

      Пәннің міндеттері: 1) оқытылған психологиялық құбылыстардың  заңдылықтары негізінде психологияның  әр салалары бойынша студенттерде  білімдерді жүйелендіру; 2) әр –  түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту; 3) Дүние жүзілік және Отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру.

      Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...". Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды.  
      Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен түбегейлі айырмашылықта болатыны айдан анық. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда - адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған.  
      Адамның психика туралы нақтылы көзқарасын оның жеке өмір тәжірибесі қалыптастырады. Қоғамдық және жеке тәжірибелерден алынған психологиялық қарапайым мәліметтер, бірлесіп еңбек ету үрдісінде, бірлесіп өмір сүру кезінде басқа адамның әрекеттері мен қылықтарына дұрыс жауап қайтаруға қажетті шарттар болып саналатын, ғылымға дейінгі психологиялық ілімдерді құрайды. Бұл ілімдер қоршаған адамдардың мінез-құлықтарына бағыт-бағдар беруге дұрыс ықпал етуі мүмкін. Алайда, олар дәлелсіз, тереңдетілмеген жүйесіз болып табылады. Біз оларды тек өз тәжірибеміз арқылы ғана емес, сонымен қатар көркем әдебиет, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, мысалдар арқылы меңгереміз. Міне, осылар қазіргі заманғы психологияның барлық психологиялық теориялары мен салаларының бастаулары болып саналады.

      Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі.

      XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Бұл XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.

      Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-жан, логос-ілім) жан туралы ілім дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады және жаратылысты - жалпы, жанды - жеке деп санайтын мифологиялық нанымдары бар дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды зерттеу және түсіндіру - психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне - материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың арақатынасына байланысты болған.

      Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: идеалистік және материалистік. Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болатын, бірінші болатын құбылыс ретінде қарастырады. Материалдық түсінік психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді.

      Идеалистік философия өкілдері материядан тәуелсіз ерекше рухани бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, тумайтын әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады. Ал барлық материалдық заттар мен үрдістерді сезімдер мен түсініктер ретінде немесе қандайда бір "абсолютті рух", "жаратылыстық ерік", "идеялар" сияқты жұмбақ құбылыстар ретінде қарастырады. Адамдар психикалық құбылыстарды ерекше, тылсым күштердің - адам туған кезде тәніне еніп, ал өлгенде ұшып кететін жан мен рухтың әрекеттері деп тәннің құрылысы мен қызметі туралы қате көзқараста болған кезде идеализм пайда болды. Алғашқыда жан әр түрлі ағзаларда болатын жіңішке ерекше дене немесе тіршілік иесі деп түсіндірілді. Дін пайда болған кезде, жан тәннің өзіндік көшірмесі, адамды тастап кеткеннен соң мәңгі өмір сүретін қандай да бір "басқа дүниемен" байланыста болатын, денесіз және өлмейтін рухани тіршілік иесі ретінде ұғыныла бастады. Осының негізінде идея, рух, сана-бірінші, барлық тіршіліктің қайнар бұлағы, ал табиғат, материя - екінші, идеядан, санадан, рухтан туындайды деп тұжырымдайтын философияның әр түрлі идеалистік жүйелері пайда болды.

      Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалистік философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де, жанды өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды. Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті - оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс. Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тәуелсіз екі субстанцияның - материя мен рухтың - бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім "дуализм" (латын тілінен duaIіs - "қосалқы") деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарасы бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт объективтік идеализм деген атқа ие болды.

      Дуалистік ілімдердің негізінде XIX ғасырдағы психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас - өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен таралды. Психологиядағы бұл бағыттың басты өкілдері - Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Бине, Джемс және басқалар.

      Шамамен, осы уақыттан бастап психология пәні туралы жаңа түсініктер пайда болады. Сезіну, ойлау, қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен психика санаға теңестірілді. Жан психологиясы орнына сана психологиясы келеді. Алайда, сана ұзақ уақыт бойы басқа табиғи үрдістерден оқшауланған ерекше құбылыс ретінде түсінілді. Философтар сананы құрайтын қарапайым "элементтері" бар, субъективті сезінудің нәтижесі немесе құдайдың ісі деп санай отырып, саналы өмір жайында әр түрлі тұжырымдарды айтты. Бірақ барлық идеалист-философтарды "психикалық өмір - өзін-өзі бақылау арқылы ғана танылатын және себебін түсіндіруге объективтік ғылыми талдаудың шамасы келмейтін субъективті ерекше жаратылыстың көрінісі" деген ортақ пікір біріктірді. Мұндай түсінік кең таралды, ал көзқарас сананың интроспективтік ұғымы арқылы белгілі болды. Осы дәстүр бойынша психика санаға теңестіріледі. Осы ұғымның салдарынан сана өзімен-өзі шектелді. Бұл психиканы объективтік тұрмыстан және субъектінің өзінен түбегейлі алшақтауын білдірді.

      Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы және зерттеудің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұштасты. Бірақ XIX ғасырдың соңындағы теориялардың барлығы және XX ғасырдың теорияларының бір бөлігі сананың интроспективтік психологиясының төңірегінде жасалды. Бұл теория психологиялық зерттеулер пәнінің шынайы қоршаған ортадан және адамдардың практикалық әрекеттерінен тыс қаралатын, адамға түсінікті уайымдар аумағының шектелеуімен сипатталады. Сана мен мидың ара қатынасы туралы мәселе дуализм ұстанымының басымшылығымен осы теориялар арқылы шешімін табады.

Информация о работе Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны