Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:11, курсовая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 318.50 Кб (Скачать документ)

      Ғылыми психология  психикалық құбылыстардың физиологиялық  негіздерін ашуды басты мәселенің  бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И.П.Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген физиологиялық және психологиялық лабораторияларда И.П.Павловтың шәкірттері бұл әдістің әр түрлі нұсқаларымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде. Мысалы, осы әдіс арқылы профессор Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі Жүйке қызметінің даму жолдарының, прфессор А.Г.Иванов – Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.

      Тәжірибе жүргізу  үшін арнаулы лабораториялық  мекемелер қажет болатынын айттық. Енді кейбір қарапайым аспаптардың атымен таныстырайық. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін – эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін – тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін – аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін – эргографты пайдаланады. Бұлардан басқа құрылысы әлдеқайда күрделі құрал-жабдықтар да толып жатыр. Экспериментті лабораторияда құралдар қолдану арқылы жүргізеді.

                          

 

                                    

 

                               Табиғи эксперимент

      Тәжірибенің  екінші бір түрі – табиғи  эксперимент деп аталынады. Табиғи  экспериментті психологияға тұңғыш  енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А.Ф.Лазурский (1874 - 1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелер бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын мұғалімдер үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы (оқыту,констатациялау эксперименттері т.б.) оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгерімі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады.

      Эксперимент  пен бақылау арасындағы аралықты  білдіретін эксперименттің өзіндік  бір нұсқасы болып, орыс ғалымы  А.Ф.Лазурский (1910) ұсынған, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі тенденциясы – зерттеулердің эксперименттігін жағдайдың ақиқатпен қиылыстыру. Бұл әдістің мәні мынада. Зерттелетін әрекет жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Психологиялық – педагогикалық зерттеулердің мәселелерін шешетін табиғи экспериментті психологиялық – педагогикалық эксперимент деп атайды.

      Адам  психологиясын өзгертетін жіне  оған әсер ететін амал ретіндегі  эксперимент эксперименттік әдісіне  кіреді. Оның мұндай түрі қалыптастырушы  эксперимент деп аталады. Қалыптастырушы эксперимент психикалық жаңа құрылымдардың психологиялық – педагогикалық амалдардың қалыптасуының жобасы мен моделінің мазмұнын және оларды қалыптастыру жолдарын болжайды. Балалармен оқу-танымдық жұмыс жасау үрдісі кезіндегі сәйкес психикалық жаңа құрылымдардың шығу заңдылықтары мен шарттары зерттеледі. Қалыптастырушы эксперимент – балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дамушы эксперименттік әдісі.

      Бір  тәжірибеде III – IV  сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды, осы текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Тәжірибе жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын оқушылардың қысқаша және жалпылай баяндай алуын, сурет бойынша елестер туғыза алу мүмкіншілігін, сондай-ақ нақтылы образдарды қайта жаңғырту текстің мазмұнын толық түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.

                                 

                             Психологиялық тестілер

 

      КСРО-да ( ал психодиагностика бұл кезеңде көбінесе тестология ретінде дамыды ) тестілерге деген көзқарастар жан-жақты болды. Бір жағынан, диагностикаға қызығушылық өте зор болып, психологтар бұл мәселемен құлшына айналысты, екінші жағынан, ережелер мен көзқарастардың көпшілігі сыни қатынастың пайда болуына әкелді. Л.С.Выготский “интеллект” ұғымының айқын емес екендігін атай отырып, тестілердің “ өзекті дамуды ” ғана диагностикалауға бағытталғаны үшін сынға алды. Ол психиканың жаңа құрылымын, сапалық өзгерістерін диагностикалауының қажеттілігін белгілей отырып, оларды Бине шкаласы арқылы жасауға мүмкін болмайтынын айтты. С.Л.Рубинштейн “ сыналушылардың барлығына ортақ мәселенің шешілуінің бір сәтіне біртұтас үрдісті теңестіре ” отырып, тестілер тұрақты, олар “ үрдістің, операцияның жүру барысын бөлшектеп ” көруге мүмкіндік бермейді деп санады. Сондай-ақ, тестілердің мазмұнында теориялық негіз жоқ деп сыналды. Тест тапсырмаларының құрамы қандай да бір теориялық түйсіктер бойынша емес, бұрынғыдай, тест авторларының конструкторлық ойларының кездейсоқ әсері бойынша анықталды. Тестілердің көмегімен жүргізілген зерттеулердің барлығы, тест жетістіктері сыналушылардың белгілі бір әлеуметтік – экономикалық деңгейіне байланысты болатыны туралы қорытындыны дәлелдеді.

      Тест  деген ағылшын сөзі “ сынақ ” деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды американдық ғалым Дж.Кэттел өткен ғасырдың аяғында енгізді. А.Бине мен Т.Симонмен бірге балалардың ақыл ойының дамуын анықтау үшін өз жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең тарала бастады. Тест дегеніміз не? Тест – күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ. Тест әдісі бастапқыда бірқатар теріс көзқарастар туғызды. Олардың біреуінің мәні мынада: егер екі адам бірдей тестіні шешсе немесе шешпесе, онда бұл айғақтың психологиялық мәні әр түрлі болуы мүмкін – бірдей жетістік әр түрлі психологиялық үрдістер салдарынан болуы мүмкін. Тестінің шешілуінің немесе шешілмеуінің сыртқы айғағы сәйкес психикалық актілердің ішкі табиғатын әлі айқындамайды. Алғашқыда тесттер арқылы сыртқы мәліметтерді статистикалық өңдеудің негізінде тұлға туралы қорытындылар жасауға тырысты. Дамудың әр түрлі жолдарынан өткен және әр түрлі жағдайларда қалыптасқан жеке адамдарға бірдей стандарттық тестілерді ұсына отырып, олардың шешіміне байланысты бұл сыңалушы адамдардың қабілеттілігі туралы тұжырым жасаған кезде, нәтижелердің даму жағдайларына байланысты болатынын ескермей, қателік жіберген.

      Дегенмен  мұның бәрі тестілеудің зерттеуде  тиімсіз екенін білдірмейді. Қазіргі уақытта тестілеу әдісін басқа әдістермен бірге психологияда қолданады. Оның көмегімен белгілі бір қабілеттілікті, іскерлікті, икемділікті анықтауға, тұлғаның кейбір қасиеттерін тура сипаттауға, қандай салада жұмыс істеуге бейім екенін анықтауға және т.б. жүзеге асуда.

      Тестінің  диагностикалық құндылығы ғылыми  эксперимент деңгейіне және психологиялық  айғақтың растығына байланысты  болады. Жеткілікті негізделмеген  және тексерілмеген психологиялық  тестілер педагогикалық тәжірибені шығынға ұшырататын маңыздық қателіктердің себебі болуы мүмкін.

 

         Сауалнама, сұхбат, анкеталық әдістері

 

      Сауалнама мақсаты: сұралушылардан объективтік және субъективтік айғақтар туралы ақпарат алу.

      Психологиялық  зерттелулерге қолданылатын сауалнама әдістері екі негізгі түрге бөлінеді: 1) “ бетпе-бет ” сауалнама алу – белгілі бір жоба бойынша зерттеуші жүргізетін сұхбат; 2) сырттай сауалнама алу - өз бетінше арналған анкеталар. Ауызша сауалнама алу психологиялық зерттеулерде дәстүрлі қолданылатын әдіс болып табылады, әр түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың психологтары ертеден бері пайдалануда.

      Сауалнамалар  қолданылатын психологиялық зерттеулер  аумағы:

      - зерттеудің  алғашқы кезеңдерінде, барлау жобасы  бойынша жұмыс үрдісінде, сұхбат ғана қолданылады. Сұхбат мәліметтері арқылы зерттелетін мәселеге қатысты айнымалылар белгіленіп, жұмыс жорамалдары ұсынылады;

      - сауалнама  зерттелетін айнымалылардың байланысын  өлшеуге мүмкіндік беретін мәліметтерді  алу үшін, бастапқы ақпараттарды жинаудың негізгі амалы болады;

      - басқа  әдістер, сауалнаманың басқа бір  түрі арқылы алынған мәліметтерді  ұлғайту және қадағалау, нақтылау  үшін сауалнама қолданылады.

      Сұхбат  екі түрге бөлінеді: стандартты  және стандартты емес. Стандартты сұхбаттың сауалдары мен олардың реті алдын ала анықталады, олар барлық сұралушылар үшін бірдей. Зерттеуші сауалдарды өзгерте алмайды. Ал стандартты емес сұхбатта, керісінше, сауалдарды өзгерте беруге болады.

      Анкеталық ( сырттай сауалнама алу ) әдістің өз ерекшеліктері бар. Сыртқы сауалнама әдісін көпшіліктің пікірі мен көзқарасын білу үшін қолданады. Анкета сұхбатқа қарағанда құпиялықты және ашық жауапты қамтамасыз етеді. Алайда белгілі бір жұмыс жорамалдары болмаса, анкеталық әдісті жүргізуге болмайды. Сұхбат әдісіне соншалықты қатаң талаптар қойылмайды. Стандартты емес сұхбаттың ерекшелігі – неғұрлым терең ақпарат алу, сауалнаманың құбылмалылығында; кемшілігі – сұралушылардың санының аздығы. Әдетте, анкеталық әдіс пен сұхбатты бірге жүргізу ұсынылады, өйткені бұл әдістеме сұралушылардың көпшілігін қамти отырып, талдауға қажетті материалды қысқа мерзім ішінде алуға мүмкіндік береді.

 

                         

 

                                Әңгімелесу

 

      Әңгімелесу әдісі – зерттелетін мәселені толықтыру үшін қолданылатын қосымша амал. Әңгімелесу зерттеу міндеттеріне байланысты жобалы түрде ұйымдастырылуы қажет. Әңгімелесуде қойылатын сауалдар, зерттелетін үрдістердің сапалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған тапсырмалар түрінде болуы мүмкін. Алайда, мұндай тапсырмалар неғұрлым табиғи, әрі стандартты емес болуы қажет.Әңгімелесу жобалы бола тұрып, шаблонды-стандартты сипатта болмай, ол әрқашанда неғұрлым идеялы болып, басқа объективтік әдістермен үйлесуі керек.

      Алдына  қойылған мақсатқа жету үшін тиісті сұрақтар алдын – ала әзірленеді. Көбіне әңгімелесу әдісі адамның мінезін, темпераментін қызығуын және қабілетін зерттеуге қолданылыды. Нәтижеге толығырақ жету үшін тікелей емес, жанама сұрақтар қою керек. Әңгіменің мазмұнын зерттеушінің өзі, не жәрдемшісі жазып отырады. Зерттеуге қызықты мағлұматтарды адамдардың қызметінің өнімдері беріп отырады, олардың күнделіктері, шығармалары, бақылау жұмыстары, салған суреттері – қызмет өнімдері болып табылады. Осы өнімдерді өндіруші адам туралы және жұмыстың орындалу процесі туралы пікір айтуға мүмкіндік береді.

      Психология  зерттеулерде кейде математикалық модельдендіру әдісі қолданылады. Оның мәнісі – оригинал ұқсас модель жасау. Олар психофизикалық тәуелділіктер және ес процестерін зерттеуге байланысты болды. Бұндай әдіс психологияда XX ғ. 50-60 жылдарында кибернетиканың дамуына сәйкес кеңінен қолданылды. Соның арқасында тіршілік иелерінің мақсатқа бағытталған іс-әрекеттерінің модельдері жасалынды. Кейінірек мінез-құлық кибернетикалық модельдері, оқытудың математикалық модельдері, естің, қабылдаудың, зейіннің, т.б. ақпараттық модельдері жасалды.

      Ақыл-ой  қызметінің күрделірек түрлері,  мысалы шахмат ойнау, әртүрлі  күрделі тапсырмаларды шешу сияқтылар  модельдендіруге енгізілді.

      Психикалық және психофизикалық функциялардың модельдері – бұлар арнаулы машиналы бағдарламалар, олардың жүзеге асырылуы бағдарламалаудың тіліне тәелді. Психикалық және психофизикалық процестерді табысты модельдендірудің көптеген мысалдары бар. Дегенмен қандай болмасын психологиялық теорияларды жасау үшін осы әдістің бір өзін қолдану жеткіліксіз етеді. Өйткені. Жай модельдер алынған мағлғматтардың толық мағынасын жазып алуға мүмкіндік бермейді. Бұл мағлұматтарды талдаудың еркіндігі – осы әдістің негізгі кемшілігі.

 

  Биографиялық (өмірбаян) және коррекциялық әдістер

 

      Биографиялық әдістің материалы ретінде хаттар, күнделіктер, өмір баяны, бала шығармашылығының туындылары, қолтаңбалары және тағы басқа қолданылады. Көптеген жағдайларда психологиялық зерттеу мақсатымен бір емес, психикалық әрекеттердің жаңа жақтарын аша отырып, бір-бірін толықтыратын бірнеше әдістерді пайдаланады.

      Қазіргі  кезеңдегі психология әр түрлі  жолдар арқылы адамның практикалық  әрекетіне ықпал етеді. Психологиялық  көмек, тек объективтілік бар жағдайда ғана емес, сондай-ақ субъективтілік сәтсіздіктерді уайымдау жағдайларында да көбірек көрсетіледі және тиімді болады. Бұл уайымдар өте өткір болуы мүмкін және адам өз-өзінен, қоршаған ортадан, жалпы өмірден түңілгенде шығады. Мұндай жағдайларда тек кеңес беру ғана емес, сондай-ақ психотерапевтік көмекті қажет етеді. Егерде адамның уайым-қайғысы ауруға айналса, дәрігер көмегіне жүгінуге тура келеді. Алайда, көп жағдайда медициналық емес психотерапевтік көмек қажет етеді. А.А.Бодалев пен В.В.Столин жазғандай мұндай көмек медициналық көмектен екі түрлі айырмашылығы бар: 1) сәтсіздік табиғаты адам ағзасында болатын ауру үрдістерінде емес, оның тұлғалық ерекшеліктерінде, өмір жағдайының ерекшелігінде және айналасындағылармен қарым-қатынасының сипатында болады; 2) көмек сұраушылар объективті тұрғыдан ауру емес, субъективті тұрғыдан өздерінің ауру екенін мойындамайды.

Информация о работе Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны