Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:11, курсовая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 318.50 Кб (Скачать документ)

      Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы - интероепективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады. Ереже бойынша, сипаттамалардың біреуі жетекші ретінде айқындалды. Әдетте, осының негізінде сананың идеалистік психологиясының бес түрін атап көрсету қажет:

      -  сана элементтерінің теориясы, негізін салушылар В. Вундт және Э.Титченер, Вюрцбургск психология мектебінің кейбіреуінің осыған қатысы бар:  
      - сана актілерінің психологиясы, Франц Брентаноның атымен байланысты;  
      -     сана ағымының теориясы, Уильям Джемс жасаған;

      -     ештальт психология - ерекше аумақтар теориясы;

      -    Дительдің сипаттамалық психологиясы.

      Қоршаған жаратылыспен белсенді әрекеттесетін нақты адамның орнына сананың қойылуы осы теориялардың ортақтығы болып табылады; шынайы адам осының ішіне еніп кетеді. Барлық іс-әрекеттер сананың белсенділігіне келіп тіреледі.

      Осы кезде психологияда эксперименталдық әдіс бола тұрса да, психикаға ұғымдық емес, сипаттамалық көзқараспен қарау - барлық аталған теориялардың негізгі ерекшелігі болып саналады. Вундт 1879 жылы Лейпцигте алғашқы экспериментальды психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Сана психологиясында төмендегідей мағынадағы эксперимент жасалуы мүмкін. Зерттеуші нақтылы сыртқы жағдайларды жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын бақылайды. Алайда, адамның өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы түріндегі бұл бақылаулар интроспекция ("ішке үңілу") әдісі деген атқа ие болып, арнайы сипатта болады. Мұндай бақылауда басты ғылыми талап - объективтілік болмайды. Осының нәтижесінде XX ғасырдың басында, біріншіден, ғылыми объективтік білімнің дамуы сұрауларының салдарынан және әлеуметтік-экономикалық талаптардың салдарынан, екіншіден, - интроспектив-тік психологияның дағдарысқа ұшырайтыны белгілі болды.

      Адамның мінез-құлқын қадағалауға мүмкіндік беретін құралдарды жасауды талап етуші, капиталистік өндіріс әдісінің дамуына байланысты пайда болған, көптеген практикалық мәселелер алдында "сана психологиясы" әлсіз болды. Бұл XX ғасырдың екінші онжылдығындағы пайда болған психологияның жаңа бағытына әкелді. Бұл бағыттың өкілдері психологиялық ғылымның жаңа мағынасын жариялады. Оған психика да емес, сана да емес сырттан бақыланбайтын, адамның қозғаушы жауап қайтаруларының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мінез-құлық енді. Бұл бағыт "бихевиоризм" (ағылшын тілінен Ьеһаvіоиг-"мінез-құлық") деген атқа ие болды. Бұл психология пәні жайлы көзқарастардың дамуының үшінші кезеңі еді. Бихевиоризм негізін салушы Дж.Уотсон қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің мінез-құлқын зерттеуді психология міндеті деп білді. Бір онжылдық ішінде ғана бихевиоризм бүкіл әлемге таралды жэне психология ғылымының ең басты ықпал етуші бағыттарының біріне айналды. Сонымен, психология алғашқыда - жан туралы ғылым, содан соң психология - жансыз ғылым, соңында психология - санадан тыс ғылым.

      Психология пәнін осылайша түсіну келесі дағдарысқа тез алып келді. Расында, мінез-құлықты бақылай отырып, біз шындығында объективті фактілерді зерттейміз, бірақ мұндай объективтік алдамшы немесе біздің әрбір қылығымыздың, мінез-құлық актілеріміздің артында біздің ойымыз, сезіміміз, тілектеріміз тұрады. Ойды, сезімді, ниетті білмей тұрып, мінез-құлықты білу мүмкін емес.

      Психология пәнін түсінудегі дағдарыстардың себебі болып аталған теорияларды қалыптастырған философияның әдістемелік ұстанымдары саналады. Осылайша сана психологиясы тұрмыс пен сана арасындағы, объективтік пен субъективтік арасындағы қатынастардың негізгі мәселелерін идеализм принципі тұрғысынан шешті. Бихевиористер бұл проблемаларды вульгарлық материализм принципі тұрғысынан шешті. Олар үшін материалдық пен психикалық арасында айырмашылық болмады. Осылай, жалған бастапқы философиялық принциптер психология пәнін айқындауға жол бермеді.

      Осы тығырықтан диалектикалық материализм философиясы шығарды. Диалектикалық материализм барлық тіршіліктің бір ғана көзін - материяны мойындайды, ал психиканы, ойлауды, сананы материядан туындайтын, екінші ретінде қарастырады. Осылайша, философиялық материализм монистикалық ілім, материалистік монизм (грек тілінен: "монос" - жалғыз) болып табылады. Ол ғылым мен тәжірибенің мәліметтеріне сүйене отырып, олардың дамуына байланысты өзінің қорытындыларын анықтай түседі және тереңдетеді.  
      Диалектикалық материализм көзқарасы бойынша материя бірінші болып саналады; психика, сана - бұл екінші, объективтік шындықтың мида бейнеленуі. Бұлайша материалдылылық (шынайы заттар мен құбылыстар) пен идеалдылылық (олардың сезімдер, ойлар және басқалар түрінде бейнеленуі) өзара қарама-қайшы болады. Егер ақиқаттың мидағы бейнеленуінің физиологиялық механизмін қарастырсақ, онда сезімдер, ойлар, түйсінулер және т.б. мидың - материалдық мүшенің - қызметі, сыртқы тітіркену қуатының сана айғағына айналуының нәтижесі болғандықтан, идеалдылылық пен материалдылылық айырмашылығы абсолюттік сипатта емес, салыстырмалы сипатта болады. Психика мен сана ми қызметінен бөлінбейді және де басқа ешқандай амалмен білінуі мүмкін емес.

      Психиканы, сананы және материяны осылайша түсіну дүниенің материалдылығы туралы диалектикалық материализмнің бастапқы бабымен тұтастай келіседі. Дүниеде мәңгілік қозғалыста болатын және әр түрлі қасиеттері бар мәңгілік материядан басқа ешқандай бастау жоқ. Сонымен қатар, материя қозғалысы дегеніміз тек орын ауыстыру ғана емес, оның кез келген өзгеріске ұшырауы. Бұған материяның дамуы да, оның жаңа қасиеттерінің пайда болуы да жатады.

      Материяның дамуы дегеніміз - оның төменгі түрлерінен жоғары түрлеріне өтуі, материя қозғалысының төменгі түрінен жоғары түріне өтуі. Алғашқыда тек қана органикалықсыз материя, өлі табиғат болды. Материяның белгілі бір даму сатысында, оның ұзақ та көп жылғы эволюциясының нәтижесінде органикалық материя пайда болды, материя қозғалысының жаңа түрі, оның жаңа қасиеті - өмір пайда болды. Материя дамуының үрдісінде өсімдіктер, жануарлар және ақырында адам өзінің санасымен - материяның ең жоғары туындысымен пайда болды.

      Кеңес психологиясына сүйенетін, диалектикалық материализм дәрежелерінің жүйесіндегі бейнелеу дәрежесі негізгі мағынаға ие болады. Дәл осы дәреже арқылы психиканың неғұрлым жалпы және маңызды сипаттамасы айқындалады: психикалық құбылыстар объективтік шындықтың әр түрлі формалар мен субъективтік деңгейлер түрінде бейнелеу ретінде қарастырылады. Психологиядағы бейнелеу теориясы тұжырымдамалар, түсініктемелер, фактілер лабиринтінде жол табуға, психология ғылымының пәнін анықтауға, зерттеудің әдістерін жасауға мүмкіндік беретін жалпы әдістемелік бағытының рөлін атқарады.

      Органикалық материяның қасиеті ретіндегі психиканың сапалық ерекшелігін не құрайды?

      Материя тұтасымен бейнелеу қасиетіне ие. Психика мидың қызметі, материяның қасиеті бола тұра, бейнелеудің ерекше түрі ретінде, психиканың дамуының шарты ретінде білінеді. Бейнелеудің арнайы түрі болып, психика, материяның даму үрдісі кезінде, оның қозғалысының бір түрінен басқа түріне ауыса отырып пайда болады. Биологиялық эволюция барысында заң жүзінде пайда болған психика оның маңызды факторы болып табылады. Бейнелеу ағзаның ортамен неғұрлым кең көлемді көптеген байланысқа түсуін қамтамасыз етеді.

      Сыртқы, физикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни өзінен тәуелсіз әрі тысқары объективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ. Кез келген психикалық акт - бұл шынайы шындықтың бөлшегі: біреуі болмаса басқасы, біреуі де, басқасы да. Психиканың өзіндік ерекшелігі болып оның болмысының шынайы жағы да, оның бейнесі де болуы есептеледі.

      Сонымен, психиканың қызметі шындықтың қасиеттері мен байланыстарын бейнелеуден және осының негізінде адамның әрекеті мен мінез-құлқын реттеуден құралады. Психикаға диалектикалық-материалдық көзқараспен қарау, психиканың шындықтан ажыратылған және оған ешқандай қатысы жоқ тұйық дүние емес екендігін көрсетеді.

      Диалектикалық материализм принципінің тұрғысынан қарағанда психологиядағы ғылыми ілімнің пәнін не құрайды? Бұған алдымен, психикалық өмірдің нақты айғақтары жатады. Психикалық өмір айғағы ретінде есті, яғни адамның жеке тәжірибелерді жинақтау қабілеттілігін алайық. Бірақ психология ғылымы психологиялық айғақты сипаттаумен ғана шектелуі мүмкін емес - оны түсіндіру қажет, яғни осы айғақтар, осы құбылыстар бағынатын заңдылықтарды ашу керек. Теориялық және эксперименталдық зерттеулер дәл осы мақсатқа бағындырылған. Ғылыми таным құбылыстар арасындағы қайталанатын, маңызды, тұрақты, қажетті байланыстарды (қатынастарды) анықтаудан тұрады. Сонымен, ес қызметінің өз заңдылықтары болады. Естің көптеген түрлері болатыны белгілі. Мәселен, материалды қайталау есте сақтауға ықпал етеді, ал құрылымы жақсы жасалған материал, байланыссызға қарағанда, оңай әрі тез есте сақталады.

      Психика заңдылықтарын анықтау, заңды деп санауға болатын байланыстар мен қатынастарды анықтау міндеті ғылымдағы күрделі міндеттердің қатарына жатады. Қатаң ғылыми көзқарас объективтік заңдылықты анықтауды ғана емес, оның әрекеттерінің саласын, сонымен бірге оның әрекет жасай алатын ғана жағдайларын табуды талап етеді. Сондықтан психологиялық айғақтармен бірге психологиялық заңдылықтар да психологиядағы зерттеудің тақырыбы болып саналады.

      Бірақ заңды байланыстарды білу, заңдылықтарды айқындауға себепші болатын нақтылы механизмдерді өздігінен ашпайды. Психология міндетіне психологиялық айғақтар және заңдылықтармен қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін орнықтыру да кіреді. Ал механизмдер осы немесе басқа психологиялық үрдісті жүзеге асыратын нақтылы анатомо-физиологиялық аппараттардың жұмысын қажет ететін болғандықтан, психология бұл механизмдердің табиғаты мен әрекетін басқа ғылымдармен бірге зерттейді. Мәселен, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді естің негізіне әр түрлі механизмдер жататыны белгілі.

      Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.

  
              Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері

 

       Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды.

      Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Б.Ф. Ломов "Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары" деген еңбегінде қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта "психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда" деп айтты. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі — сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген, ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеумен ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйенсе, онда теориялық білімнің эмпирикалықпен алмастырылуының қаупі туады.

       Психикалық құбылыстардың мағынасын түсінудегі диалектикалық материализм дәрежесінің рөлі маңызды болады. Б.Ф. Ломовтың аталған еңбегінде психологиялық ғылымдардың негізгі дәрежелері анықталып, олардың жүйелік өзара байланысы, әрқайсысының жалпыға ортақтығы, сондай-ақ, бір-біріне келтірілмейтіндігі көрсетілген. Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері бөлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгейі бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл "әлеуметтік" және "биологиялық" ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи қасиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау - ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді. Алдыңғы онжылдықтардағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды өзгеріске ұшыратады. Шешілуі психологиялық құзырды талап ететін, адам факторының рөлінің көтерілуімен анықталатын мәселелер қоғам өмірінің барлық салаларында әр түрлі түрде пайда болады.

       "Адам факторы" деп адамдардың нақтылы әрекеттерінен көрінетін адам бойындағы әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасиеттердің кең шеңберін түсінуге болады. Бұл жерде біз психология алдына қоғамдық тәжірибе (олардың саны өте көп, өйткені адам бар жердің бәрінде шешілуі "адам факторын" қажет ететін мәселелер бар) қойып отырған барлық міндеттерді атап айтпаймыз, бала психикасының дамуын түсінудегі психологияның маңыздылығына қысқаша тоқталамыз.

       Халық ағарту жүйесінің барлық қатарларында психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік заңдылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор. Психология ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде жэне ғылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластырылуда.

Информация о работе Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны