Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:11, курсовая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 318.50 Кб (Скачать документ)

      Детерменизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні,,яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі,қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі коцепцияға негіз болады. психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен. Детерминизм – психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды.

      Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарыстырылмаған еді.50-жылдары С.Л.Рубинштейн бұл принцип рөліне баса мән беріп оның әдіснамалық маңызы барын тұжырымдап ,алға тартты.Ғалым детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып,психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзар байланысты қарастырады.

      2.Даму принципі. Даму идеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала,кеін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналады.Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады.Барша заңдылықтар ,соның ішінде психикалық та,даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады /С.Л.Рубинштейн/.

      Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие,себебі оның зерттейтін объектісі психика-өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады.Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады,жасайды және өзгереді/Б.Ф.Ломов/. 
      3.Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Бұл принцип психология ғылымының өзекті категориялары.Аталған принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейін .Ғалым ”Іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес.Олар табиғи біртұтас;теңдік емес,бірлік”-деп жазған.

      Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді.Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын ,психиканы-ішкі құбылыс ,ал әрекетті – сыртқы деп түсіндіретін.Ал сана мен әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ,шынында да,психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды.Осылайша ,әрекет те тек тысқы көріністермен танылып қалмай ,өзіне тән ішкі мазмұнға да ие,бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды.Сана мен әрекет бірлігінің мәні:тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей,сол әрекет процесінде қалыптасады. 
      Адамның ішкі де,сыртқы да әлемнің бастауы мен барша мазмұны осы іс-әрекетте.Осындай пайымдаудан ,сана мен психика әрекеттің ішкі сипатын құрап,ал әрекеттің сырттан бақылауға келетін әртүрлі қылық формасында көріну қасиеті сол психиканың мазмұн сипаты ретінде қарастырылуы әбден ықтимал/Л.С.Рубинштейн/. 
      Демек,психика ішкі де,сыртқы да сипаттамаларына ие біртұтас жүе,ал іс-әрекет болса,осы психикалық жүйені өзіне қамтып,оның қызмет атқаруына мүмкіндік береді.

 

                  Психологияның категориялары

     

      Психология пәні ғылыми категориялық жүйесі қызметінің арқасында сапқа тұра алады. Бүгінге шейін теориялық психология ғылыми білімнің толыққанды саласы ретінде қалыптаспаған. Ол психологиялық ұғымдардың жиынтықтары ғана болып келді, оның категориялық жүйесі жинақталмады.

Теориялық психологияның  ашатыны және зерттейтіні:

  • психологиялық категориялық құрылымы;
  • психологияның түсіндірмелік принциптері (детерминизм, жүйелілік, даму);
  • тетікті проблемалар (психофизикалық, психогностикалық т.б.);
  • психологиялық таным іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде.

      Теориялық  психологияның қайнар көзі А.В.Петровский, В.А.Петровский және М.Г.Ярошевскийлер  жасаған категориялық жүйесі  болып табылады. Категориялық құрылым  базис ретінде сипатталады, онда  негізгі психологиялық ұғымдар дамиды. М.Г.Ярошевский 1971 жылы «Психология в XX столетии» еңбегінде психологияның категориялық құрылымы деген ұғымды енгізді. Базистік категорияға жататындар: образ (бейне), мотив, әрекет, қатынас, сана, құндылық, іс-әрекет, қарым-қатынас.

      Психологияда  әр түрлі категориялар әр кезеңде  шықты. Жаңа концепциялар мен теориялардың пайда болуы психологияның категориялық аппаратын байыта түсті. Гештальтпсихология (немісше гештальт – бейне, құрылым, бір тұтас форма) – XX ғ. Бас кезінде Германияда пайда болған психологиялық бағыт. Олар «бейне» категориясын жасады. Басқалары «әрекет», «тұлға», «қатынас», «мотив» категорияларын жасады, бірақ теориялық ойлауды жасап шығарғанмен, олар әрқайсысын байыта алмады. Бейне категориясын танытуда В.Вунд және оның шәкірттері үлкен үлес қосты. Сенсорлық (сезімге байланысты) және ойлау бейнелері бөлініп көрсетілді. Осыған сәйкес заттардың сапасы тұрмысқа қатысына қарай онтологиялық (болмыс туралы ілім), танымдылығына қарай гнесеологиялық (таным туралы ілім), танымдық механизміне қарай психологиялық болып және олардың тиісінше шығаратын өніміне қарай бөлініп жіберілді.

      Осыған  ұқсас жағдай бихевиоризмде орын  алды. Бихевиористер «әрекет» категориясын  байытты, бірақ категориялық аппараттың  басқа құрылымдарын байыта алмады.

      Олардың  бәрін алып қарағанда, XIX – XX ғасырлардың аралығында сананы өзінің пәні деп есептейтін жас психология бірнеше күшті соққыға тап болды, тіпті оның ғылымдықтан дәмеленуіне зиян келтірді.

      Психикалық  процестің басталу және өрісі болып табылатын санаға мінез-құлық қарсы қойылды. Бихевиористер сананың сыртқы дүниені бейнелейтін мидың нақты қызметі екенін жоққа шығарды. Бихевиоризм теориясының негізін Э.Торндайк қалады, Терминін енгізген Дж.Уотсон. Мінез-құлық психологиясы сана туралы субъективтік психологияны агрессорлық жолмен кейін шегеріп, психологиялық білімге соққы берді.

      Психолог  В.М.Мясищев қалыптастырған «қатынас»  категориясы өзінің шығу тарихында  ерекшелігі бар. Оның көзқарасына  сәйкес бұл категорияға мыналар тән: субъектіге берілген психикалық актының векторизациялығы (сан жөнінен ғана емес, амал бағытының дұрыстығы), таңдамалығы, бағалау, іс-әрекеттің белгілі түріне жорамал және дайындық жасау.

      Психология  категорияларының әрқайсысы да қалыптасудың ұзақ жолынан өтті. Мотив (лат. – қозғаймын, қазақша - түрткі) категориясы адам мінез-құлқының себептері туралы мәселе туындаған шақтан бастау алған. Мотив – сол адам нені қозғайды? Бұл – сол не үшін? Ол өзінің өмірлік күшін неге жұмсайды? сұрақтарына жауап береді. Мотив категориясына австриялық психолог З.Фрейд күшін топтастырған. З.Фрейдтің психоанализі – дәстүрлі сна туралы көзқарасқа қарсылық білдіру. Оның тұжырымы: адам ісінің, әрекетінің бәрі санадан тыс өзі сезе бермейтін бейсанадағы ықпалдар жетегінде жүреді. Санада ешқандай күш жоқ. Адамның қылығын сна басқармайды. Адам әрекетінің бәрін басқару, тәрбиемен өзгерту мүмкін емес деген теріс идеяны ұстанады.

      М.Г.Ярошевскийдің айтуынша, мотив кез-келген әрекеттің сөзсіз тұтандырғышы және оның «жанар – жағар материалы» болып саналады.

      А.В.Петровский, В.А.Петровский және М.Г.Ярошевский  көзқарастарына сәйкес, психикалық  танымның категориялық жүйесін  категорияның төрт деңгейі құрайды:  протопсихологиялық, базистік, метапсихологиялық  және экстрапсихологиялық. Бұлар барлық психоөрісті тұтас қамтиды және психология ғылымының бүкіл танымдық ақпаратын тудырады. 

     

1.4. Психологияның  зерттелу тарихы

 

      Әлемдік психологиялық ой-пікірлердің даму тарихы екі кезеңге бөлінеді. Мұның бірінші шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы Аристотельдің (348-322) басталатын ілкі тарих.

      Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғұламалар, атап айтқанда Герофильд, Эрасизт, Гиппократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Руссо, Дидро, Кант, Гегель және т.б. психологияның өз алдына дербес отау тігіп, ғылым ретінде өте беріде, яғни 1879 жылдан басталады.

      Сол жылы неміс ғалымы Вильгелм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына жол ашты.

      Жан құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тлеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді тағы басқа ақын-жыраулар мен ғұлама – ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады.

      Қазақстандағы  психология ғылымы, әсіресе ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық институтында тұңғыш рет психология кафедрасы, 1947 жылы қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды.

      Соңғы  50 жыл ішінде көптеген ғылыми  еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары  жарық көрді. Солардың қатарына  М. Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі», Қ. Жарықбаевтың «Қазақ психологиясының  тарихы», Т. Жүкештің «Ұлттық  психологияның сипаты»тағы басқа  толып жатқан еңбектерді жатқызуға болады.

      Қазіргі  кезде психологиялық зерттеулердің  кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра  жүргізудің маңызы артып отыр.

      Психология – психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

      Психикалық құбылыстар бізді  қоршап тұрған сыртқы дүние  заттары мен құбылыстарының мидағы  әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек,  қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқвндауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатырған білім салаларының бірі. Оның дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс.

      Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель ( б.з.д. 384-322) есімімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал – жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832-1920) болды.

      Психология ғылымының тарихы  да біріне –бірі қарама –  қарсы жоғарыда аталған аталған  екі бағыттың үздіксіз ой – пікір, талас – тартыстарына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.з.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады. 
      Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл- Фараби (870-950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді. 
      Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс - әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.

      Ғылыми психология адамның ой - өрісі, сана – сезім дәрежесі іс-әрекеттен оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы сиптта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін, басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді. Осы айтылғанға орай психологиясын нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу-ғылыми психологияның ең негізгі принципі.

      Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. 
      Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. 
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым- қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді. 
      Сөйтіп, қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализаторлардың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.

      Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. 
      Ес - күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.

      Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанамаитүрде сөз арқылы бейнеленуі.

      Тіл арқылы ойымызды біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу – пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. 
Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.

      Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды.

      Тұлғаның ғылым әлеміне, мәдениет кеңістігіне кіруі, тағылым алуы, адамгершілік жағынан жетілуі тәрбие ісімен де шарттас. Адамның дамуы, қалыптасуы жайлы әр түрлі пікірлер мен теориялар бар. Қажетті нышандарды табиғат беретіндігі,әлеуметтік ортаның ықпалы, тәрбие ісін ұйымдастыруды үлестіре білу баланың ынтасы мен бейімділігін, қабілеті мен дарындылығын дамытудағы мәні зор мәселе.

Информация о работе Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны