Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:11, курсовая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 318.50 Кб (Скачать документ)

      Мұндай  жағдайларда, психологиялық көмек  қандай түрде жасалса да, ол  жалпы сипатымен - өз бағытының  жекелігімен ерекшеленеді және  көмек сұраушының тұлғасына – оның сезіміне, уайымына, көзқарасына, әлем көрінісіне, айналасындағылармен қарым-қатынасының құрылымына терең үңілуіне негізделеді. Бұл үңілу, арнайы психодиагностикалық әдістерді қажет етеді. Алайда, психодиагностика өздігінен мағынасыз, оның мәліметтері баланың өміріне немесе дамуына ыңғайлы жағдайлар жасау үшін, психологқа тұтынушымен немесе баламен ары қарайғы жұмыс бағдарламасын анықтауға мүмкіндік беру үшін қажет. Осы жерде психолог жұмысының коррекциялық әдістері туралы айту керек. Психокоррекциялық жұмыстың негізгі бағыттарын сипаттайық.

      Аутотренинг. Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі неміс психотерапевті И.Г.Шульцтің атымен байланысты. Аутогендік жаттығу – психогигиена мен психопрафилактиканың, сондай-ақ төтенше жағдайлардағы адам күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдылығы өмір жылдамдығына, адамның жүйке жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына байланысты болады.

      Аутогендік  жаттығуларда жүйке жүйесінің  жағдайына ықпал етудің үш негізгі жолы қолданылатыны жайлы белгілі психотерапевт Л.Л.Примак жазды.

      Бірінші  жол қаңқаның бұлшық еттері  мен демалу тонусының орталық  жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктерімен  байланысты. Жүйке жүйесі мен  тонус арасындағы байланыс бұлшық  еттердің тонусын саналы өзгерту арқылы психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Адамның сергектік күйі әрқашанда бұлшық еттің жоғары тонусын қалыпты түрде ұстап тұруымен байланысты болады. Әрекеттің күшеюіне байланысты тонус та көтеріледі. Бұл маңызды физиологиялық заңдылық аутогендік жаттығулардың барлық жүйесінің негізіне жатады. Аутотренингті меңгеру үшін дененің бұлшық еттерін толық босатуды алдын ала үйрену керек.

      Жүйке  жүйесіне ықпал етудің екінші  жолы сезім бейнелері мен елестетуді пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі – бұл адам денсаулығы мен психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал.

      Ағзаның  психофизиологиялық функцияларына  ықпал етудің үшінші жолы айтылып  қана қоймай, сондай-ақ ойдағы  сөздің реттеуші және бағдарламалаушы рөлімен байланысты болады. Ішкі сөздің бұл қасиеті жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау үшін спортта ертеден қолданылады.

      Қиын  жағдай туған кезде, ауытқыған  функциялардың орнын толықтыру  үшін, жүйке жүйесі тұрақты адам ағзасы бұл резервтерді өздігінен белсенді қозғалтады. Алайда, көптеген жағдайларда бұл болмайды, өйткені адам өзінің жүйке жүйесінің зор мүмкіншіліктерін білмейді. Аутотренинг жаттығулары адамның резервтік мүмкіншіліктерінің өсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар мидың бағдарламалаушы механизмдерінің қызметін тұрақты жетілдіріп отырады.

      Топтық тренинг. Топтық немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас саласындағы білім беру және іскерлікке үйретудің өзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция түрлерін түсіндіруге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін мәселелер шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі болады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің барлық түрлерін екі үлкен топқа бөлуге болады:

      - әлеуметтік  икемділікті дамытуға бағытталған (мәселен, пікір сайысын жүргізе білу, тұлғааралық дау-дамайларды шешу);

      - қарым-қатынас  жасау жағдайын талдау тәжірибесін  тереңдетуге мақсатталған;

      Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістері екі үлкен салаға бөлінеді: топтық пікір сайыс және ойындар. Топтық пікір сайыс әдісі көбінесе белгілі бір жағдайларды, топтың өзін-өзі талдау түрінде пайдаланылады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің ойын әдістерінің ішіндегі рөлдік ойындар әдісі кең тараған. Аталған әдістердің әр біреуі жеке қолданылуы мүмкін, бірақ олар көбінесе, бірнеше әдістер жиынтықтары енетін кешендік бағдарламалардың құрамдық бөлігі болады.

      Біріншіден, Топтық тренингтің барлық әдістері топтық ықпалдың үйрету тиімділігін қолдануға бағытталуымен сипатталады.

      Екіншіден  бұл әдістер үйренушінің белсенділік  принципін зерттеу элементтерін  үйретуге енгізу арқылы жүзеге  асырады.

      Қазіргі  уақыттағы топтық тренинг тәжірибесі  қолданбалы психологияның қарқынды дамушы саласы болып табылады. Әлеуметтік психологиялық тренинг әр түрлі саладағы кәсіби мамандарды даярлауда қолданылады: жетекшілерді, мұғалімдерді дәрігерлерді психологтарды және т.б. Ол ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер динамикасын коррекция жасауға, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды жақсарту, жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық биімделуін коррекция жасауға және т.б. пайдаланылады.

 

1.3. Психологияның принциптері, категориялары

 

                       Детерминизм принципі

 

      Детерминизм  – психика өмір сүру үлгісімен  анықталып, өмір сүру үлгісі  өзгерсе, ол да өзгереді дегенді  білдіреді. Жануар психикасын  – табиғи сұрыптау, ал адам  санасының дамуын – қоғамдық  даму заңдары, өндіріс әдісінің  даму заңдары анықтайды.

      Детерминизм  психикалық құбылыстар және олардың  мағынасы туралы сауалдармен  байланысты. Психологиядағы детерминистік  көзқарас диалектикалық-материалистік  дүниетанымды меңгеру үрдісі  кезінде дамыды. XX ғасырдың басындағы философиялық күресте детерминизм мәселесі өзекті болды. Детерминистік көзқарас интроспективтік әдістемені және оған сай психологиялық зерттеу ұйымдарын ығыстырды. Өзін-өзі бақылаудың орнына объективтік әдіс ие болды. Объективтік әдіс – адамға не әсер ететінін анық білуге, осы әсерлерге сапалық және сандық сипаттама беруге сыртқы реакцияларды, көрінетін мінез-құлықты тіркеуге, тітіркендіргіштерді салыстыруға мүмкіндік беретін психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру.

      Детерминизм  принципін жүзеге асырудағы басты  кезең болып Выготскийдің тарихи-мәдени концепцияны жасауы саналады. Бұл концепцияның мағынасы мынада: психикалық үрдістердің табиғи механизмдері адамның онтогенетикалық дамуы барысында тарихи-қоғамдық факторлардың ықпалынан, адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында түрленеді.

      Қоршаған  ортамен арақатынастар кезінде  сыртқы дүниені қабылдайтын және  оған қарсы тұратын саналы  жай адам ғана емес, сонымен  қатар объективтік шындықты белсенді  қабылдайтын және оны түрлендіретін,  әрекетті адам болатыны туралы идея детерминизм ұстанымын жүзеге асырудағы екінші кезең болды. Психикалық құбылыстардың қалыптасуындағы іс-әрекет рөлінің мағынасын С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев және т.б. атап көрсеткен.

      Детерминизм  ұстанымы психологияның теориясы  мен тәжірибесінде тағы бір мәселені – психикалық дамуды, оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.

      Психикалық  дамудың қозғаушы күштерін сипаттау үшін, детерминизді кезекпен пайдалану үрдісі кезінде – психологтарды үнемі психика дамуындағы биологиялылық пен әлеуметтіліктің ара-қатынасы, ішкі заңдылықтар мен сырқы әсерлердің қатынасы, даму мен оқытудың ара-қатынасы және т.б. жайлы сауалдар қызықтырды.

      Психологиядағы  детерминистік көзқарасты жүзеге  асыру жолдарының бірі болып  психиканың ми әрекетіне қатынасының  мәселесін шешу болып табылады. Детерминизм бұл кезеңде психикалық құбылыстарды түсінудегі физиологиялық заңдылықтарды қолдану түрінде көрінді.

      Рубинштейн 50-жылдары бұл принциптің әдіснамалық  ұстаным мағынасында болатынын  атап көрсетті. Рубинштейн детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданды, ол оларды материалдық дүние құбылыстарының жалпы өзара байланыстарында қарастырады.

 

            Іс-әрекет пен сана бірлігінің принципі

 

      Сана мен әрекет ұғымдары – психология ғылымының негізгі дәрежелері. Бұл принцип 30-жылдары жүйелі түрде жасала бастады. (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Б.Г.Ананьев, Б.М.Теплов және т.б.)

      Әрекеттің  мінез-құлықтың және сананың бірлігі  туралы ережені алғаш рет Рубинштейн  ұсынды. Ол былай деп жазды: “Әрекет пен сана – екі түрлі жаққа бағытталған аспектілер емес, олар теңдікті емес, бірлікті – органикалық біртұтастықты құрайды”.

      Бұл  принцип маңызды әдістемелік  мағынаға тез ие болды. Онда  сананың іс-әрекетсіз және іс-әрекеттің  санадан тыс болуы мүмкін еместігі атап айтылды. Осылайша сананы әрекет арқылы зерттеуге мүмкіншілік пайда болып, сана мен психиканы объективті зерттеуге жол ашылды. Сонымен, сана мен әрекет бірлігінің принципі психологияның барлық объективтік әдістерінің негізі болды.

      Бұл  принципті енгізу, әрекеттің құрамы  мен құрылымын ашуда теориялық  және әдіснамалық мәселелерді  тудырды. Сана психологиясындағы “психика – бұл ішкі, ал әрекет - сыртқы” деген көзқарастқа тойтарыс беру керек болды. Шынында да психика, сана іштегі бір нәрсе емес, сондай-ақ әрекетті де, тек қана сыртқы деуге болмайды: ол сыртқы түрде болады, бірақ оның бұл түрі әрекетті біркелкі сипаттамайды. Жеке адамның барлық психикалық ерекшеліктері мен санасы әрекетте көрініп қана қоймай, сонда қалыптасады: тұлғаның психикалық қасиеттері – оның мінез-құлқының нәтижесі, әрі алғы оның шарттары. Бұл сана мен әрекеттің бірлігін білдіреді.

      Рубинштейннің  анықтамасы бойынша, әрекеттің  өзі сыртқы мен ішкінің бірлігі  болып табылады. Бұл кезде сана  мен психика әрекеттің ішкі сипаттамалары болады, ал әрекеттің ерекшелігі – іштен бақыланатын мінез-құлық түрінде болуы – психиканың өзінің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сонымен, психолог психика туралы айта отырып, жеке құбылыстың ғана емес, сонымен қатар әрекеттің жақтарын немесе бөлінбейтін бөлігін меңзейді. Психика туралы айтқанда, әрә іштей, әрі сырттай сипатталатын біртұтас жүйе елестейді. Сана мен әрекет бірлігінің принципі ғалымдарға мінез-құлықты, іс-әрекетті зерттей отырып, әрекетті мақсатқа жүгізетін ішкі психологиялық механизмдерді анықтауға, яғни психиканың объективтік заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді.

                                          Даму принципі

 

      Дамудың  дәрежесі, философия негізі бола  тұрып, психология ғылымының ұғымдар  жүйесінде де жетекші болып саналады. Даму идеясы психологияға Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен енді және баланың, ал кейінірек ересек адамның психологиясының қалыптасуына негіз болды. Рубинштейн былай деп жазды: “Психиканың дамуы біз үшін – зерттеудің тек қызықты саласы болып қана қоймай, сонымен қатар психологияның барлық мәселелерін зерттеудің әдісі немесе жалпы принципі де болады. Енді барлық құбылыстардың заңдылықтары олардың дамуында, олардың қозғалуы және өзгеруі, пайда болуы және жойылуы үрдістерінде ғана танылады”.

      Психология  үшін даму принципі ерекше  маңызды, өйткені ол зерттейтін  құбылыстар, Ломовтың айтуынша, “ерекше жоғары динамикалығымен” айрықшаланады. Психикалық құбылыс шынайы даму үрдісі кезінде пайда болып, өзгереді.

      Психикалық  құбылыстарды зерттеу бірқатар әдіснамалық принциптерге негізделеді. Ең маңыздысы адам психикасы мен санасын олардың сыртқы және ішкі көріністерінің  бірлігінде деп ұғынуға негізделген принцип – психологиялық зерттеулердің объективтік принципі болып табылады.

      Психологиялық зерттеулерде психофизикалық бірлігінің жалпы принципі жүзеге асырылады, соған сәйкес олардың бірлігі бекітіледі, бірақ психикалық пен физиологиялық пара-пар емес, тепе-тең деуге болмайды. Адамды психологиялық тану адамның әрекетін (қызметін) әлеуметтік-тарихи талдауға негізделеді. Бұл дегеніміз адам ойларының бейнесі оның өмір бейнесімен, ал оның санасы – қоғамдық практикамен анықталады.

      Психологияда  қолданылатын зерттеу әдістерінің  әр қайсысы дербестендіру (индивидуализация) принципін ескереді. Өйткені, психология шындықтағы тәуелділікті ашуға мүмкіндік беретін нақты дербес жағдайды талдайды. Дербес жағдайды зерттеу деген объект не сала емес, таным құралы болады. Дербес жағдайды оның әртүрлі варианттарында (нұсқаларында) зерттеу жалпы және ең негізгі заңдылықтарды белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл қазіргі психологияның принципиалдық ұстанымы болып табылады.

      Психологиялық  зерттеулерді жүргізуде маңызды  принциптің бірі – тұқымқуалаушылық (генетикалық) принцип болып табылады. Психология адамның писхикалық шындығының өрісін (динамикасын) және дамуының қозғаушы күштерін зерттейді.

      Психология  психикалық дамудың әр бөлек  кезеңдеріндегі мағлұматтарды жинаумен  және жазумен ғана қанағаттанбайды.  Сондықтан негізгі психологиялық  заңдылықтардың дамуын, бір деңгейден басқаға ауысуын зерттеуі қажет.

      Психикалық  дамудың бір деңгейден басқа деңгейге ауысуы оқыту процесі арқылы жүзеге асады. Психологиялық зерттеулер генетикалық және дербестендіру принциптерінен басқа педагогизациялаумен толықтырылады, яғни оқыту процесінде адамды зерттеу қажеттігі туындайды. К.Д.Ушинскийдің: «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет» дейтіні осыдан шығады.

      Бұл  принцип психикалық құбылыстарды  ғылыми зерттеумен және оларға  шындықта практикалық әсер етумен арадағы нақты байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      Психологиялық  зерттеу жүргізілгенде нақты  тұлға нақтылы жағдайда (ситуацияда), яғни нақтылы шындықта зерттеледі.

 

        Қазіргі психологияның негізгі методологиялық                        

                               принциптері

 

Қазіргі психологияның негізгі методологиялық принциптері:

      1.Детерменизм принципі бойынша әр түрлі психикалық құбылыс өмір салты,қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады,тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді.

Информация о работе Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны