Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2015 в 03:52, реферат

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық даярлықтан өту және мамандық шеберлікті шыңдау қарым-қатынас барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан қарым-қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарыс-қатынас мәселелерінің көкейкестілігі жеткіншек жасындағы оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары..............................................5

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері..........13

Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ...............22


2 бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫТИЖЕЛЕРІ

Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері...........................................37

Қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті....................................................................................................................48

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................63

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................65

ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................68

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Оқушыларының-қарым-қатынасты-зерттеу-мен-қалыптастыру.doc

— 747.00 Кб (Скачать документ)

  4 жаттығу «Қолды есте сақта»

Топпен қатынас ойындары ұйымдастырылады. Бөлмеде барлығы емін-ерккін жүріп, кездескендер бір-бірінің қолын алып амандасады, амандасу кезінде бір-біріне жылы сөздер айтады, айтылған сөздерді есте сақтайды. Одан кейін барлығы шеңбер бойымен тұрады да, ортаға бір адам шығып, көзін жұмып, қолды алға керіп тұрып өзінің қолын «тыңдайды». Одан кейін бұл адамға кім қандай сөзбен сезімін білдіргенін есіне түсіріп, қолын сипаған адам кім екендігін анықтап, оған сипаттама береді. 

5 жаттығу  «Қолды тыңдаймын» 

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.

Барлығы қол ұстасып, көздерін жұмып тұрады (тыныш ойналады) жүргізуші: «Тыңдаңыздар» Сіздер ұстап тұрған көршілеріңіздің қолдарына, оң қолыңыздағы қолға назар аударыңыздар. Ол қандай? (кішкентай және нәзік, батыл немесе  суық және т.б.) Бұл саусақтар қандай ақпаратты сізге беретіндігін «Тыңдаңыздар». Енді назарды  сол қолға айдарып, оны тыңдаңыздар. Енді көздеріңізді ашып өздеріңіздің сезімдеріңіз туралы айтыңыздар, қолдарыңыз бір-біріне тигенде не сездіңіздер?

6 жаттығу  «Сыйлық сыйла» 

Барлығы шеңбер бойымен бөлмеде тұрады (әсем ән ойналады). Жүргізуші ортаға шығады. Ол көзін жұмып тұрып, сіздің кіммен тұрғаныныңызды  көрсетеді. Сізді  кімде кім жақсы көреді және ол Сізге қандай сыйлықтар ұсынады. Осыны көзіңізге елестетіңіз. Сізге қандай сыйлықтар сыйлағанды қалар едіңіз, оның себебі қандай? Басқа қатысушылар қатарымен көздерін жұмып тұрады. Барлығы өздерінің ойын қиялымен бейнелейді. Сонан соң барлығы көздерін ашады.

Тапсырма: бір-біріңізге назар салып қараңыздар. Бір-біріңізден қандай да бір сыйлықты алғанды қалар едіңіз. Енді шеңбер бойынша бір-біріңізге сыйлықтар сыйлаңыздар, ол қиялдағы сый (сөзсіз, тілдеспестен, ыммен). Сыйды қабыл алу керек, оны қалай көрсетесіз, түсіндіресіз (сөзсіз, әрекетпен) және жаныңызда келесі кім сый сыйлайды. Ойын сол сияқты жалғастырылады.

7 жаттығу «Көпір».

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық сызып, ойынның мәнін былай түсіндіреді: "Бұл сызық - тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол. Одан тек бір адам ғана өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам - екі ұлттың өкілі. Олар бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жүру керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі".

Талқылау:

-     Тапсырма ненің көмегімен  орындалады?

-     Қатысушылар бір-біріне  көмектесті ме?

-   Осы  жағдайда  қарым-қатынастың  қандай  құралдары (вербалды немесе  вербалды емес) маңызды?

-   Қай ұлттың   вербалды  емес  қарым-қатынасы   Сізге жақын және түсінікті көрінді?

8  жаттығу  «Мен –  кіммін?» 

Мен - концепция. Бұл жаттығуды бірнеше кезеңде жүргізуге болады. Бірінші кезеңде әр адам өзін бір көріністе ұсынады. Мысалы: «Мен –планета», «Мен –идеалды және реалды», «Мен-символ», «Мен–гүл», «Мен-ай», «Мен-космос», «Мен эмоиональды қызу қарым қатынас мүшесі» т.б.

Әрбір қатысушылар қағаз бетінде «Мен?» атты тапсырмада  сурет салады және онда планетаның немесе адамдардың қызу қарым–қатынас жасауын бейнелейді. Сурет салағанда өзін символ ретінде немесе шынайы бейнесінде және  т . б.  Түрінде түсіреді.

Одан кейін жұптармен жұмыс басталады. Әрқайқысы бір-біріне өзінің  салған суреттерін түсіндіріп айтып береді (суреттерін бір-бірімен ауыстырып алуға болады, әрқайсысы не салғысы келгенін түсіндіріп беруіне болады).

Келесі кезеңде шеңбер бойынша жұптарының салған сүреттерін талқылағаннан кейін әрқайсысы өзінің басқаларға деген байқағанын  сезімін, қатынасын басқаларға айтып береді.

9 жаттығу  «Музыканы  тыңдап, сурет саламын»

«Жалғыз қойшы», «Космостық опера», «Скрипка мен дауысқа арналған концерт» т.б. музыкалық шығармалар ұсынылады. Осы әуендерді тыңдағанда өзін билеген көңіл-күйін, сезімін тыңдап, оның суретін салады.

10 жаттығу «Арман аралында»

«Үш арман», «Армандар аралы», «Менің дұшпаным», «Менің арманым», «Иделады серіктес», «Менің жақсылығым және жамандығым», «Әйел және еркек» және басқа да тақырыптарда сурет салады.

Суреттерді еденге жайып қойып, оларды кім салғанын айтып береді (суретке автордың аты жазылмайды). Суретті талдағанда әрбір қатысушы суреттің мазмұнын шеңбер бойында тұрған адамдарға жеткізгенде автордың сезімін, арманын қалай түсінгенін көрсетеді. Сурет салған адам басқаларға өзінің арманын өзінің суреті арқылы айтып жеткізуге мүмкіншілігі болады. Басқалар оны жақсы түсіне алғаны топтағылар арасында бір-бірін түсінгендігі және жылы сезімдік қатынастың орналасқанын білдіреді.

  1. жаттығу  «Бұзылған телефон»

Бұл жаттыңуды жүргізудің көптеген нұқалары бар.

А – варианты. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші өзінің сол жағындағы отырғанның құлағына бір сөз айтады, ол сөзді шеңбер бойымен бір-біріне сыбырлап айтады. Бұл сөз шеңбер бойын жағалап жүргізушінің құлағына қайта оралып айтылғанда қандай болып келгені айтылады. Егер айтылған сөз өзгерген болса, қатысушылардың әрбірі кері ретпен не естігенін айтады. «Телефонның» тетігі қай жерде бұзылғанын тауып алып, «бұзушыға» «жаза» қолданылады. Жаза ретінде қызықта тапсырмалар беріледі. Оны дұрыс орындаудан бұрын басқаларға күлкілі етіп орындщағаны қызық болады.

Б– варианты.  Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші өзінің сол жағындағы отырғанның құлағына бір сөз айтады, ол сөзді шеңбер бойымен бір-біріне сыбырлап айтақанда мағнасын өзгерту керек. Бұл сөз шеңбер бойын жағалап жүргізуші құлағына келгенде мағнасы қандай болғанын, ол сөз шеңбер бойы қандай ассоциациялар туғызғанын әрқайсысының естіген сөздерін талдау арқылы талданады.

  12 жаттығу  «Бұл кішкене  доп емес»

Шеңберге кішкене доп белгілеп, басқалары басқа затты ұсынып, оның іс әрекетін атап көрсетеді. Мысалы: бұл кішкене доп емес, бұл мысықты сипау сияқты.

13 жаттығу. «Телеграф»

Шеңбер бойынша барлық қатысушылар бір-бірінің қолдарын алып тұрады. Ортаға жүргізуші шығып «біз Исаға досының жіберген жолдауын жеткіземіз»-дейді де сол жағында тұрған адамның қолын қатты қысады.  Ол алған «мәліметін» келесі адамның қолын қысып, «телеграф»ты одан әрі жалғастыруы керек. Барлығы қол қысуды жалғастыру арқылы осы хабар Исаға жеткізіледі. Жүргізуші барлығының қимылын байқап тұрады. Егер қол қысу тоқталып қалса, жүргізуші оны «үзілген сымтетікті» жөндеуді талап етеді. Қате жіберуші шеңбер бойынша телеграф жұмысын қайта жүргізіп жібереді.

14 жаттығу. «Мафия»

Топта 1-12 одан да көп болады. Ойынның шарты: кеспе қағазы таратылып беріледі. Ол қағазда кімнің кім екенінің таңба белгілері бар (мұндағы М-мафия, (3 кеспе қағаз) К-полиция комиссары, ешқандай белгісі жоқ кеспе қағаздар - бейбіт тұрғындар.

Ешкім көршісінің кеспе қағазындағы белгіні көрмеуі керек, әркім тек өзінінің қағазындағы белгі бойынша ролін орындауға дайындалады. (Бұл жиналмалы қағаз болуы мүмкін. Сондықтан кеспе қағазды жинап алып, қатысушылардан тығып қоюға болады).

Жүргізуші ойын ережесімен таныстырады. Қатысушылардың барлығы кіші қалада тұрады. Олардың ішінде мафия, полиция комиссары және бейбіт тұрғындар бар. Мафия бейбіт тұрғындардың барлығын құртып, қаланы жаулап алуға ұмытылады. Бейбіт тұрғындардың мақсаты – тезірек мафия қойып отырған талаптармен келіп, тыныштық өмірге оралу.

Бұл жаттығу келесі ретпенен ұйымдастырылады.

  1. Қатысушылардың барлығы көздерін жұмады. Сөз жүргізушіге беріледі. Ол мафия мүшелерін шақырады. Мафия көзін ашып, 30 секунд ішінде өздері жасайтын і- әрекеттерінің жоспарымен танысып алады. Сонан соң көздерін жұмып қатарға тұрады.
  2. Полиция комиссары көздерін ашады. Комиссар» сөзсіз» жүргізушіден кім мафия екендігін сұрайды. Жүргізуші бұл сұраққа, «ешнәрсе білмеймін» деп жауап береді.
  3. Қатысушылардың барлығы көздерін ашып, кім мафия екендігін талқылайды.
  4. «Мафиоздар» деп өздері бұл ролге кандидатурасын анықтайды. Оларға деген оқталған сөздерін айтады.
  5. Көпшіліктің шешімі бойынша мафия деп табылғандар қатысушылар анықтаған жазаға бұйырылады.
  6. «Жазалану» алдында қатысушы ол қандай адам екендігін және ол кімді мафия деп қуаіптеніп жүрген екендігін басқаларға айтып, сақ болуды тапсырады.
  7. Ойын жалғасады. Түн. Жұртттың барлығы ұйықтағанада тек мафия ұйықтамайды, олар қаланы жаулап алу үшін қастандық шаралар ойлап жүреді де бейбіт тұрғындарды ұйықтап жатқан жерінде өлтіру бір-бірімен келіседі. Жүргізуші барлық қатысушыларды шеңбер бойымен есепке алады.  Егер мафия мүшелері бір-бірімен келіспестен жүргізуші есебін бастағанда дауыс бере алмаса («мафия» мүшелерінің барлығы бірдей оң қолының сұқ саусағын жоғары көтеруі керек), онда қала тұрғындарының барлығы аман қалады. Мафия мүшелері бір мәрте ғана дауыс беруге құқығы бар. Барлығы бірдей дауыс беріп үлгерсе онда мафия қаланы жаулап алғаны. Егер осы құқықты пайдалана алмаса олар «мафия» атағынан айырылады.
  8. Комиссар уақыты. Таң атып, тұрғындардың барлығы оянады. Түнімен мафия әрекеттенген болса комиссар өз жұмысына кіріседі.

Ойын аяқталғаннан соң қайтадан талқылау жүргізіледі. Мафия кім екендігі анықталмаса 7 пункті қайталанады. Әлі мафия жеңілмейді. Екінші қайталау қажет болса бейбіт тұрғындарға жүргізуші мафия кім екенін ашық жариялауды, «отқа май құйғандай». Кейде қорқыныш билеуі мүмкін.

15 жаттығу  «Бос емес  кресло».

Бір қатысушы креслода отырады, басқалары оның арқасында тұрады. Бір орын бос, бірақ оның қасында жүргізуші тұрады. Ол орындарынан түрегеп тұрғандадың біреуіне көзімен креслоға көпсетіп немесе бас изеп, креслоға отыруға шақырады. Ол адамның алдында тұрғандар шақырылған адамды жеңіп, бос креслоға өзі отырып алуға ұмтылады. Басқалар оған көмектеседі. Егер қарсылық едеуір болса жолын бөгеттеушілер оны жібере салады. Ойынға қатысушылардың барлығы екінші бос креслоға жүгіреді. Ол креслоғада талас басталады (ойын көңілді өтуі тиіс).

16 жаттығу «Шатақтар».

Барлығы көзін жұмып бөлме ішіне тарап кетеді де өзінің құшағын ашып алдындағы адамды ұстап алады. Бұл жаттығуды ән ойнағанда бірдей көздерін жұмып бастайды. Ұстаған адамына оң қолын береді, одан кейін сол қолымен басқа адамның қолын іздейді. Біртіндеп қатысушылардың барлығы шатасқан тізбек құруы керек. Ән тоқтаған кезде әркім өзінің оң қолымен ұстаған қол кімнің қолы екендігін тауып айтады. Кім екенін көзді ашпай анықтау керек.

17 жаттығы «Шағын топта  жұпты таңдау».

Топтағылар жұптарға бөлінуі керек. Әр қатысушы өз жұбын ойын барысында іздеп тауып алуы келесі жолмен жүргізіледі.

  1. Қатысушылардың біреуі кіммен қалағысы келетіні бойынша тілегін ашық айтады.
  2. Барлығы шеңбер бойымен көздерін жұмып тұрады. Бастадық, деген бұйрық бойынша барлығы шеңберден шағып, бөлме ішінде емін-еркін жүреді. «Бір, екі, үш» деген шотта барлығы тоқтай қалып көздерін ашады. Көзін ашқан кезде алдындағы адам өзінің қалауына сәйкес келген жұп ортаға шығады, олар келесі жаттығуды осы серігімен бір жұпта болып жалғастырады. Қалғандары көздерін жұмып, жаттығуды басынан бастап, өздері таңдаған адамдарымен қарама-қарсы тұрып кездесуді іздеуді жалғастырады.
  3. Жұптасқандар бұлақ басына серуенге шығу, аялдамада көлік күтіп тұру, серіктерімен саябақта серуендеу жағдайындағы көріністерді ойнайды.
  4. Жұмулы көзімен жұбын тауып алудың көптеген басқа нұсқасын ойлап  табуға болады. Олар: «Басшыны таңдау», қатысушылардың өздері кезекпен  өздерінің командасына басшыны таңдайды; жұптар келесі ойынды екі жұп арасындағы сайыс ретінде өткізу үшін өздеріне қарсы команда ретінде өнер көрсететін жұпты таңдайды; топтағылардың ішінен өмір бойы қатынас жасап тұратын ең жақын адамын таңдайды; керісінше «алыс» емес адамдар арасынан ең «алысын» таңдайды және онымен жақындасу жолдарын іздейді.

5. Кіші топты біріктіруге арналған  басқа да жаттығуларды орындау:

А) саусақтардың санын бірдей етіп бір уақытта ашып тастайды. Алдын ала келіп алуға болмайды.

Б) Барлығы қатарласып шеңбер бойынша отырғанда екінші, үшінші, бесінші адамдардың тұруы талап етіледі. Олар бір қызықты тапсырманы орындайды. «Ауа шарында ұшу», «Адам тұрмайтын құрлықтағы өмір», «Қара және қызыл», «Су астындағы қайық», «Қайнар бұлақ» сияқты ойындар ойналады. Әрбірі ойын әртүрлі мақсатты көздейді (топқа жіктелу, жаттығудың комплекстілігін қамтамасыз еру, дене шынықтыру, артық жиналған эмоцияны шығару, тынығуға арналған).

Психокоррекциялық ойындар нәтижесінде балалардың қарым-қатынаста бір-біріне деген көзқарасы, тілтабысуға деген құштарлығы жоғарылағаны байқалды. Бұл жұмыстардан соң жүргізілген шығыс диагностикасы диагностикалау тестерінің варианттарымен жүргізілді. Бұл зерттеу жағдайдың аз да болса оңға бет бұрғанын байқатты. Сондықтан коррекциялық іс-шаралар оқушылармен жүргізетін жұмыста өз орнын табу керек екендігі дәлелденді.

Мектеп тәжірибесінде ең қажетті және кеңінен пайдаланылатын тренингтер - өз-өзін реттеу тренингтері болғандықтан оларды оқушыларға психологиялық қызмет көрсету барысында кеңінен пайдалану қажет екендігін анықтадық. Өйткені педагогтар барлық уақытта балалармен белсенді қарым-қатынас үстінде болып, осы қатынас барысында олардың іс-әрекеттерін бағалау және өзінің сезімі арқылы олардың жетістігін бағалау қатынасында болу олардан өз-өзін барлық уақытта өте жоғары қадағалауды талап етеді. Бұл шаралар педагогтардың психологиялық сауаттылығын жоғарылатуымен қатар педагогтардың кәсіби қызметінде өте қажетті эмоционалдық жағынан жағымды болу қасиеттерін қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 «Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында жүргізген дипломдық зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық. 

1. Қарым-қатынас әлеуметтік ортада  мәлімет алмасудың және барлық іс-әрекеттерді үйренудің негізгі құралы. Сондықтан психологияда қарым-қатынас проблемаларын зерттеуге үлкен мән беріледі. Қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін зерттегендер Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.И.Божович,  А.Б.Добрович, Я.Л.Коломинский, И.С.Кон, Т.Н.Мальковская, Л.А.Петровская, В.В.Столин, Н.И.Шеврандин т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Берн, Дж.Морено, Д.Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар Н.И. Козлов, И.С.Кон т.б. ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып қарым-қатынас мәдениетіне келесі анықтама бердік: Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз-адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табу. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасу деңгейін, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжиребелік мәселелердің тиімді шешлгені қарым-қатынастың барлық қатынасқан субъектілері үшін оң жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілікті сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізуге байланысты болғанда ғана қарым-қатынас мәдениеті сақталғаны анық байқалады.

Информация о работе Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру