Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2015 в 03:52, реферат

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық даярлықтан өту және мамандық шеберлікті шыңдау қарым-қатынас барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан қарым-қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарыс-қатынас мәселелерінің көкейкестілігі жеткіншек жасындағы оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары..............................................5

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері..........13

Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ...............22


2 бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫТИЖЕЛЕРІ

Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері...........................................37

Қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті....................................................................................................................48

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................63

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................65

ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................68

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Оқушыларының-қарым-қатынасты-зерттеу-мен-қалыптастыру.doc

— 747.00 Кб (Скачать документ)

Әр оқушының ұжымжағы мәртебесін және жағдайын тереңірек зерттеу үшін социометриялық өлшеу әдістемесімен талдау жүргізілді. Бүл әдістемені қолдану Морено үсынған вариантымен жүргізілді /52/. Тесті орындау алдында оларға жауап парақпен мыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Жауап бланкісі алдын-ала даярланады.

Орындау ережесі: «Мен сіздерге сұрақтары бар парақ таратып беремін. Әр сұраққа терең ойланып, дұрыс жауап беруге тырыңыздар».

Жауап беру бланкісі.

Аты жөні 

Оқитын сыныбы 

Төмендегі сұрақтардың әрқайсысына сыныпта бірге оқитын оқушылардың үшеуінің атын жазыңыз.

1. Мектепті      бітіргеннен      соң      кіммен      достық 
қарым-қатынаста боғыңыз келеді?

 

2. Туған күнінің кімді шақырғыңыз  келеді? 
Жиналған         материалдырды         матрица         және социограмма жасап талдадық.

 

Топтың ұжымшылдығын, татулығын формула бойынша анықтағанда, оның коэффициенті өте жоғары (0,75) болды.

өзара таңдау            38

Р = ------------------- = ------------ = 0,75

         Таңдау саны           57

 

Барлық материалдарды талдау бірнеше матрицалар мен социограммалар жасауды талап етті. Олардың жалпы көрсеткіштері бір-біріне сәйкес келгендіктен бүл жерде мысал ретінде тек екеуін ғана көрсеттік. Жоғарыда талдағанымыз гимназиялық 9 сынып, ал енді көрсететініміз – 5 сынып.

Әртүрлі сыныптардағы оқушылардың ұжымшылдығын, татулығын салыстырып көру үшін социометриалық талдауды бесінші  сыныпта жүргіздік. Бұл сыны мектептегі ең нашар оқитын, ең бұзық, ешқандай мектептен тыс іс-шараларға қатыспайтын т.с.с. теріс мінездемеге шомылып жүрген балалар оқиды. Социометриялық талдау жүргізу үшін оқушыларға: «Туған күніңе кімді шақырар едің, өз сыныбыңнан үш адамды таңдап алып, солардың атын жазып бер», деген тапсырма ұсынылды. Зерттеу нәтижесін социоматрица және социограмма жасап талдадық.

Социоматрица бойынша талдау нәтижесінде зерттелінген сыныптағы балалардың біреуі «жұлдыз», алтауы «қалаулылар», он бала «қалаусыздар», ал екеуі «шектеулілер» қатарына жатқызылды. Осы көрсеткіштердің өзі сынып ұжымында ауызбіршілік, татулық әлі қалыптаспағандығының белгісі болып отыр.

Зерттеу нәтижелерін социограммаға түсіру арқылы сыныптағы балалардың қалаулары мен бірін-бірі қалауының жалпы көрінісін байқадық. Социограмма көрсеткіші бойынша ұлдар мен қыз балалар арасында байланыс нашар екені байқалды.

Социоматрица мен социограмма №1 және №2 қосымшаларда берілген.

Топтың ұжымшылдығын анықтау үшін барлық таңдаулар санын өзара таңдау санына бөлу керек. Бұл сыныпта ұжымшылдық, татулық өте төмен болып шықты.

         өзара таңдау             8

Р = -------------------  = ------------ = 0,15

         Таңдау саны           57

 

Социометриялық талдау нәтижесінде оқушылардың ұжымшылдығы да өте төмен болып шықты. Себебін талдағанда сынып оқушыларының басым көпшілігі бесіншіге дейін басқа балалармен, басқа сыныптарда, басқа мектептерде оқыған, ал осы топта оқып жүрген кезде өздерімен достасқысы келген балаларды таба алмағаны анықталды. Сондықтан балаларға психологиялық көмек ретінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру тренингін өткізу керек болды.

 

 

    1. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған қоррекция жүргізу жолдары

 

Зерттелінген ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін трениг жүргізілді. Балалардың жас және жеке даралық ерекшеліктерін ескере отырыпойын тренингтерін жүргізу тиімді болатынын анықтадық

 Психокоррекциялық ойындар  жеке тұлғалық, интеллектуалдық  даму проблемаларымен байланысты  жүргізілетін коррекцияның негізгі  әдісі болып табылады. Жеке тұлғалық  қасиеттерді өңдеу және жетілдіру  мақсатында ұйымдастырылған психокоррекциялық ойындар барысында әр адамның өз тәжірибесінде қалыптасқан, дағды болып қалған әлеуметтік ролдерін орындау стереотиптері қайта құрылады.

 Қарым-қатынас мәдениетін үйрету  коррекциялық тобының жұмысын  ұйымдастыру өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Коррекциялық топты ұйымдастыру мақсаты баларға қай ортада болсын өзін емін-еркін ұстауға, басқаларға жылы шырайлы болуға үйрету.

Бұл тренинг 5 кезеңнен тұрады.

  1. Ритуалдық іс-әрекеттерді меңгерту.

а) Танысу ритуалы

б) Топтық ән ұранды орындау (Ән ұранды таңдап алу). Оны тренинг тобының әр кездесуі басталғанда және аяқталғанда орындау барлық қатысушылардың эмоционалдық тонусын көтеріп, қарым-қатынас жасауға жол ашады және топты нығайтады.

в) Ритуальдық сәлемдесу мен қоштасу. Сәлемдесу барысында топ мүшелері бір-біріне жылы сөздер айтып, дене терапиясы элементтері пайдаланады (қол алысу, құшақтасу, сипалау т.с.с.), сонан соң кешегі күні болған оқиғалар, ондағы қарым-қатынас барысының ерекшеліктері мен әсерлілігін еске түсіріп, оң-теріс жағы қысқаша талданады, топтық қарым-қатынас ережелері еске түсіріледі. Бұл тәсіл қатысушылардың барлығын өз ойларын басқаларға жеткізіп айтуға, болған оқиғаларды бағалауға үйрету үшін жүргізіледі.

2. Топтық шешім қабылдауға үйрету.

Бүгін жүргізілетін жұмыс жоспары талданып, ойындар іріктелініп, оларды жүргізу реті анықталады, іс-әрекетің әрқайсысына берілетін уақыт нықтыланады. Ойындардың басым көпшілігі рольдік-сюжеттік, сондықтан кім қандай роль атқаратынын топтың өзі шешеді. Ойын аяқталғаннан соң әр қатысушының топтық тасырманы орындауға қосқан үлесі талданып, олардың өз міндетін орындағанын топ және өзі бағалайды.

 3. Топтың дербестігін қалыптастыру.

Бұл тәсіл психологтың топтан «шығып» оларды өз бетімен барлық іс-әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қолданылады. Топ жұмысын ұйымдастыру реті, пайдаланылатын тәсілдер тізімі бойынша ешкімнен кеңес сұрауына болмайды. (балалар тобында олар өзідері барлық мәселені үлкендерден көмек сұрамай шешуі керек, үлкендер тобына да осы талап қойылады). Дербес топ өз өмірлерін ұйымдастыру туралы шешімдердің барлығын өздері қабылдауы керек. Бұл тәсіл топтағылардың ашық жарқындығын қалыптастырып, белсенділік көрсетуге тәрбиеледі, қабілеттілікті ашуға әсерін тигізеді және жетілдіреді.

Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу тобының жұмысы 4-7 күн.

4 - басқаларды түсіну, аяу, жан ашу сезімін тереңдету кезеңі. Ол үшін бір-бірін тыңдауды керек ететін әрекеттер кеңінен пайдаланылады:

а) Кешіккенге, келмегенге болған оқиғаны толық айтқызу (ассистент келмей қалады, сондықтан оның орнында болуды өтініш жасау арқылы, біртіндеп өз еркімен мейрімділік көрсетуге баулиды). Келмеген адамға жанашырлық білдірудің түрі ретінде пайдаланады.

б) Өз ойын, сезімін басқаларға айтып түсіндіру.

в) Басқалардың сөзін тыңдату және өз пікірін айтқызу.

г) Басқалардың сезімін сыйлауға үйрету.

д) Әр адамның басынан өткен оқиғаларды талдау.

5 - эмоционалдық жағдайды шылықтырып  әсер тигізу кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты эмоцианың теріс көріністерін шақырып, клиенттің ашуына тиетін және керісінше жауап беруге алып келетін жағдай жасау арқылы оның өзіне мінезінің күшті жақтарын көрсету, оған эмоционалдық қолдау көрсету. Қандай жағдай болсада оның өзін-өзі тұрақты ұстауға шамасы келетініне сенім білдіру. Осы жаттығу барысында ұстамдылық тағы басқа оң қасиеттер көрсетуге шақырып, осы ұстамлылығын жоғары бағалау арқылы басқалармен есептесу тәжірибесін қалыптастыру.

Психокоррекция жүргізу мақсатымен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:

1. Нормативтерді құру коррекциясы.

2. Адамның даралық мүмкіндіктерін  дамыту коррекциясы. Бұл мәселе  «Тәжірибелік психология» оқулығының  келесі бөлімінде қарастырылады. Өйткені бұл екі бағыт бір-біріне тәуелсіз жүзеге асырылады.

Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді.

Сонымен қатар әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рольдер репертуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Мектепке дейінгі жас кезеңдегілердің негізгі проблемасы мектепте оқытуға даярлығымен байланысты екендігі жоғарыда айтылған. Сондықтан бұл жас кезеңіндегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процестерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалыптастыру, қысқаша айтқанда оның барлық көрсеткіштері бойынша  мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.

 Жеткіншек жас кезеңіндегілермен  жүргізетін психокоррекция, басқа  жас кезеңдегілерден жиірек орын  алады. Оның себебі осы жас  кезеңінің  көптеген ерекшеліктерімен  байланысты. Балалардың өтпелі жас  кезеңінде басынан кештін қиындықтары психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудің негізгі себетері болып табылады. Жеткіншектерде жиі кездесетін акцентуация, агрессия, дидоктогенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигііп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйкеліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланың ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық жағдайының бұзылуына алып келуі мүмкін. Невроз - тұлғалық дамудың ауруы. Мектеп неврозының көріну шеңбері тым кең. Бірақ олардың невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары, мазасыздану, әуреге түсу және баланың жанының жарақаттануы. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса, адаптациялық қасиеттерін тұрақты етуге дер кезінде көмек көрсетілсе, ол кісіде психогендік ауытқулардың дамуын тоқтатуға болады.

Баланың жан дүниесінің жарақаттануына отбасындағы жағдайы да өз үлесін қосуы сирек емес. А.С.Спиваковская отбасындағы және мектептегі  қарым-қатынастардың ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде олардың балаға позитивті және негативті әсерлерін зерттеу нәтижесінде отбасылық психологиялық климатты сыныптастырып, оларды «театр», «санатория», «қамал», «вулкан», «маскарад» деп атаған /53/. Осы жағдайлар балалардың мінез-құлқында көптеген ауытқулар тудыруы мүмкін. Олар келесі кең тараған себептерге байланысты болуы мүмкін:

-   отбасындағы психологиялық  жағдайдың теріс мағнадалығы;

- балалардың созылмалы соматикалық  ауруларға ұшырағандығы және  оларға айналасындағылар, отбасындағылар  уақытылы қолдау көрсетіп дұрыс тәрбие бере алмасағанымен байланысты оларда өз-өзін төмен бағалау, «жарыместік», «сапалы еместік» сезімнің орын алуы;

- мектепке қабылданған кезде  мектеп режиміне адаптациядан  өте алмағандығына байланысты  мектептік мазасызданудың орын алуы;

-  жеткіншектің қатарларымен  достық, жолдастық қатынасты дұрыс  құра алмауы, нәтижесінде оларда  дараланып аномалды дамуы т.с.с. себептер.

Осы проблемаларды шешуге психологиялық көмек көрсету, психопрофилактика, психокоррекция жасау және басқа мұқтаждарға  көмектесетін шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Оның ішінде баланың дамуын диагностикалау, оның барлық мүмкіндіктерін ашу және балалармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде коррекциялық көмек көрсету қажет.

Психокоррекция жүргізудегі ойынның орны ерекше.

Топтық психокоррекцияны адам өмірінде үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Балалық шақтан бастап барлық уақытта маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары болатын ойын әрекетінің ролі өте үлкен. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әллеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалаық „Менін“ шақырып, басқа адамдардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен пайдаланылады.

Ойын теориясын көптеген атақты психологтар (Л.С.Выготский /54/, А.Н.Леонтьев /55/, Б.Д.Эльконин /56/) зерттеген. Олардың ілімі бойынша эволюциялық даму барысында ойын әрекеті тұқымқуалаушылық құрылымдарда орын алғаны дәлелденген және оның ерекшеліктері жеке тұлға дамуындағы жас кезеңдеріне байланысты көрініс береді деген. Сонымен қатар ойын биологиялық даму заңдалақтары бағдарламасына тәуелді болғанымен, жоғары әлеуметтенген іс-әрекет түрі болып табылады. Оның үйретушілік, дамытушылық және коррекциялық мәні өте терең. Ойын арқылы қимыл әрекеттер меңгеріліп, оны жетілдіру жаттығулары жүргізіледі, қоршаған ортамен танысу және әрекеттесуге негіз болатын әрекеттер комплексі қалыптасады. Сонымен қатар, ойын барысында әлеуметтік қатынас элементтері меңгеріліп, жеке тұлға мінезінің ең маңызды көріністері жаттығады.

Ойынның дамытушылық мәні оның екі жақтылығымен түсіндіріледі. Біріншіден, ойын шынайы іс-әрекеттің түрі болғандықтан оны орындау нақты мәселерді шешуді талап етеді, екінші жағынан – ойынның көптеген сәттері шартты болады да, шынайы жағдайлар мен жауапкершіліктерден ойнаушылар құтылып, олардың  қөңілддері басқа жаққа, ойынның шарттарына аударылады.

Информация о работе Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру