Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2015 в 03:52, реферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық даярлықтан өту және мамандық шеберлікті шыңдау қарым-қатынас барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан қарым-қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарыс-қатынас мәселелерінің көкейкестілігі жеткіншек жасындағы оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі.
КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары..............................................5
1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері..........13
Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ...............22
2 бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫТИЖЕЛЕРІ
Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері...........................................37
Қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті....................................................................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................65
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................68
Құралымдық жағынан ойынға үш ерекшелік тән:
К.Гросстың «Сақтандыру теориясында» ойынның дамытушылық функциясын жас ағзалардың өз-өзін жетілдіру формасы деп түсіндірген /57/. В.Штерн /58/, З.Фрейд /59/ және оның шәкірттері ойынды адамның терең жатқан инстинктерінің көрінісі деп тауып, оны бейсаналылыққа жатқызған. Бұл тұжырымдамаға негіз болатын бір нәрсе бар. Барлық ойындар негізгі үш тақырыпта дамиды: «жыртқыш-құрбан» (ойынаушылардың біреуі қашып жасырынады, екіншісі оны қуалап немесе іздеп жүріп ұстайды); «некелік- серіктестік» (танысу ритуалдары, үй салу, егін егу, мал бағу); «ата-ана мен бала» (қамқорлық көрсету, қоректендіру). Ойын барысында өмірлік тәжірибені меңгеру - оның әлеуметтік мәні барлығын дәлелдейді. Ойынның өте тиімді психодиагностикалық және психокоррекциялық әдіс болуына оның осы екі жақтылығы негіз болады.
Күнделікті өмірде адам көптеген теріс эмоциялық сезімдерге бөленіп жүретін кездері болады. Олар ішкі үйлесімсіздіктерден немесе тұлғааралық қатынастан туған мазасызданудың нәтижесі болады. Осы проблемаларды адамдардың басым көпшілігі өзбетімен шеше алмайтын болғандықтан олардың жағдайына сай келетін психологиялық көмек психокоррекция ретінде көрсетіледі. Коррекция жүргізу жолдары өте көп. Коррекцияның адамға тигізетін әсері мен пайдаланылатын әдістемелерді зерттеушілер ойын коррекциясына ерекше көңіл аударады.
Ойын коррекциясының жеке тұлғалық қасиеттер мен эмоционалдық жағдайды түзетудегі мүмкіндіктері өте мол. Ойын терапиясының адамды негативтік эмоционалдық күйден шығару үшін пайдалану жолдарын анықтауға К.Левин /60/ тобының жүргізген зерттеуі маңызды үлес қосты. Шынайы өмірде орын алған қиын жағдайлардан ойын арқылы арылу үшін адам жалған, жорамалданған рольде болып, сол жалған жағдайды талдау және жорамалданған жағдайдың ерекшеліктеріне түсіну арқылы өз өміріндегі мәселеге түсіну жеңілірек екенін Л.С.Выготский дәлелдеген /61/.
Психотерапевттер жасаған коррекциялық ойындар әдістері көмегімен адамда орын алған қорқыныш сезімнің әсерін төмендету, мазасызданудан, депрессиядан шығару, басқа да невроз сырқаттары, эмоционалдық дүниесінің тапшылығы байқалатындар және дені мен жаны сау адамдардың бейадекваттық реакцияларын реттеу үшін жүргізілетін коррекциялық жұмыстарда, көптеген шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. Ойын барысындағы мінез-құлық оның құрылымына сай болуға тиіс. Үлкендер ойнаған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта құруы керек. Осы қайта құруды алты типте көрініс береді.
Сонымен қатар ойын барысында нешетүрлі себептермен байланысты әрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады. Ойынның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер ойнға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады: әрекеттерінің бағыттылығы, қозғалу шабытын, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтығын, қоқақтығы мен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері ойынға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ойынның түзету-дамытулық функциясы күшті деп айтуға болады.
Әр ойын көп функция атқарады: бір адамға өзін-өзі бағалауын жоғарылату жолы; екіншілерге – сергіту, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге – көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Осы үш функциясы негізгілері болып саналады. Сонымен қатар әр адамның праблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияны ойынның барлық түрлеріне осы ортақ көрсеткіштерін ескеріп жүргізу қажет.
Коррекциялық ойын барысында келесі мәселелер шешіледі.
- Ойын барысында қатысушылар
өз сезімін өзгелерге
- Басқа адамдарға, үлкен, кішілер
және құрбыларына, өзіне деген
көзқарасы ақиқатқа
- Өзіне деген сенімі нығайады.
- Құрбы-құрдастарымен және
- Ойын қатысушыларды іскерлікке,
қарым-қатынастың жаңа
- Балаларды сыйлап олардың өз проблемаларын дербес, қажетті мәселелерді өз бетімен шешуге шамасы келетініне сендіреді.
Коррекциялық ойындардың көптеген ортақ көрсеткіштерімен қатар әрқайсысының өзіндік сипаттары бар. Сондықтан оны ұйымдастырған ортаның коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті. Ол ерекшеліктерді бернеше талаптар ретінде көрсетуге болады.
Осы кезеңде қатысушылардың мінез-құлқының нормативтік көрсеткіштеріне ерекше көңіл аудару керек.
Бұл жерде бір сыныпты зерттеу нәтижесіне сүйене отырып пайдаланған бірнеше жаттығуларды көрсетеміз.
Танысу кезеңі
Мақсаты: балаларды өздеріне ыңғайлы сезінетін жағдайға келтіру және тренинг тобында барлығын толық бостандық беріліп, емін-еркін қарым-қатынас жасайтын жағдай жасау.
Бірінші машықта қатынасушылар өздеріне есім таңдап алады да сол атымен тренингтің соңына дейін аталатындығы түсіндіріледі. Бұл тәсілді қолдану арқылы бала өзінің атымен байланысты өз өміріндегі өзіне ұнамайтын жағдайлардан шығып кетуіне психологиялық негіз болады. Өз есімі ретінде өзіне ұнайтын адамның атын, өсімдіктер мен жануарлардың атауларын таңдап алуына болады.
Психологта өз атын немесе басқа бір атты таңдап алуына болады. Осы жерда айтатын бір мәселе, тренинг барсында барлығы бір-біріне Сен немесе Сіз деп айтуын келісіп алуы қажет. Егер балалардың жасы кіші, ал психолог олардан көп үлкен болса, балалардың оны Сен деп атауы өте қиын, қажеті де жоқ. Сондықтан бүл мәселенің басын ашып алу керек.
Барлық қатынасушылар бір-бірінің жаңа атын есте сақтап қалу үшін сол аттарымен атауға арналған жүгіртпе ойындар ұйымдастырылады (допты бір-біріне бергенде өз патрнерының атын атап, оған бір ұнамды сөз айту, жаңа танысқан досын презентация жасау т.б.) Бірнеше жаттығуларға тоқтап өтейік.
Қарым-қатынасқа икемділікті тәрбиелеуге арналған келесі коммуникативті ойындар кеңінен пайдаланылды.
1-ші жаттығу. «Амандасу».
Бұл жаттығуды екі вариантта өткізуге болады.
Бірінші варианты. Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), вербалды әрекеттерді қолданбай, амандасу қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, фильмдердегі кездесетін амандасу төсілдерін еске түсіру керек.
Екінші варианты. Қатысушылар бір-бірімен қол беріп, құшақтасып, әр амандасқан адамына жылы сөздер айтып шыгады. Қанша адамға жылы шырай білдіріп, көңілін көтеруге үлес қоссаң, сонша өзіңнің де көңіл-күйің көтеріңкі болады деген ұранмен жүреді.
2-ші жаттығу. «Тұсаукесер» (презентация).
Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: "Ыммен, қол қимылы, дене қимылы арқылы, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында өзіңізді қандай адам тұрғысында сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдайтынын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз"- деп түсіндіреді. Психолог өз сөзінен кейін топқа өзі туралы мағлұмат береді. Содан кейін әр қатысушы сағат тілі бойынша шеңбер бойымен өзін басқаларға таныстырады.
Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.
Психолог келесі сұрақтарды қояды:
- Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді?
- Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?
- Кімнің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді?
- Кімнің айтқан ойы Сізге
түсініксіз немесе таң
- Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар?
Бұл сұрақтардың көмегімен балалардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады. Барлық сұрақтарды талдап алғаннан соң келесі жаттығуды немесе ойынды балалардың ұсынысы бойынша ұйымдастырған дұрыс.
«Айналы бөлме» жаттығуы.
Жұптар бір-бірінің алдына қарама-қарсы тұрады. Жұптардың бірінші сандағылары айна алдындағы адам, ал екіншілері оның айнадағы бейнесі болып, айна алдындағы не істесе, оның айнадағы бейнесі оригиналдың барлық қимылдарын бұлжытпай қайталауы керек. Ортада тұрған жүргізуші белгісі бойынша жұптар орындарын ауыстырып, бірінші реттегілер екіншілердің айнадағы бейнесі ролін атқарады. да, оның барлық қозғалысын қайталайды.
3 жаттығу «Мен күштімін».
Жеткіншек жасындағылардың бір жағынан күші тасып жүреді де, екінші жағынан тез шаршайтын кездері болады. Күш көрсету - адамның қорғаныс функцияларының бірі, адам қиналғанда бұлшық еттер ширығып, бұлшық еттер сауыты пайда болады. Ол тыныс алудың қиындауы арқылы көрініс беретінін дәлелдеген. Жеткіншектердің агрессивті мінезі осы қорғаныс функциямен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан олармен жүргізілген тренингтерде міндетті түрде дене терапиясының элементтері пайдаланылып, бұлшық еттер сауыты тиянақтың мықты екенін сезіндірудің мағнасы кең. Денедегі энергияның өз бетімен жүретін ағымына күнделікті тосқауыл қою адамның дене қалпына, жүріс-тұрысына, физикалық құрылымына әсер етеді. Осы физикалық құбылыстар мен жеке тұлғаның мінез-құлық құрылымы, тұлғалық типі тығыз байланыстылығы дәлелденген
Дене терапиясы топтарында ағзадағы энегия ағымын үйлесімді жүргізуге ықпалы өте күшті тыныс алу жаттығулары кеңінен пайдаланылады. Ерекше зорлануды талап ететін дене қалыптары мен өзінше сипаттағы қимыл әрекеттер жасайтын жаттығулар да кеңінен пайдаланылады. Бұлшық еттер сауытынан босатуға және қарапайым сезімдерді реттеуге тыныс алу жаттығулары, физикалық түйісі (күресу, уқалау) элементтері қолданылады.
Бұл жаттығуды бірнеше вариантта өткізуге болады.
Дене күшін нығайтуға арналған жаттығулар жасату. Жаттығуларды орындау үшін қатысушылар жұптасып алады.
А) «Қайырылып қарау». Әр жұптағылар бір–біріне арқасын қаратып тұрады, бір-біріне бұрылап қарап, екі қолының саусақтарын бір-біріне тигізеді. Сонан соң екінші жағына бұрылып жаттығуды қайталайды.
Б) «Уқалау». Жұптағылардың біріншісі екіншісінің арқасын, қолдарын, мойнын, басын уқалайды. Сонан соң екіншісі біріншісін тап солай уқалап шығады.
В) «Еркін күрес». Жұптағылар аяқтарын орнықты етіп алады да оларды орнынан қозғалтпай, қолдарымен бір–бірінқатты тіреп итереді, бар күшімен күресді, қарсыласын орнынан жылжыту керек.
Г) «Арқа күресі». Жұптар бір-біріне арқаларынмен тіреліп, итерісіп күреседі, аяқты орынынан қазғалтуға болмайды. Екінші варианты. Ыңғайлы күйде тұрып, арқамен серігіңді қағып, орнынан жылжытуға тырысу керек.
Д) «Тачка айдау». Жұптың біреуі екі қолдың алақанымен жерді тіреп упорға тұрады, ал екіншісі оның аяқтарын сирағынан ұстап бөксесіне дейін екі жанына көтереді де, упордағыны «тачка» секілді алдына салып қолымен жүргізеді. Бір айналғаннан кейін жұптағылар орындарын ауыстырады.
Е) «Қызумен табу». Барлығы көздерін жұмып жүріп өз жұбын «дене қызуын өлшеу» арқылы алақанының жылуын сезі арқылы тауып алады.
Ж) «Түсінісу». Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), алысып, сүзісіп вербалды әрекеттерді қолданбай, амандасуы қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, жануарларда кездесетін тәсілдерін еске түсіру керек. Қатысушылар бір-бірімен қол беріп, құшақтасып, әр амандасқан адамына жылы сөздер айтып шығады. Қанша адамға жылы шырай білдіріп, көңілін көтеруге үлес қоссаң, сонша өзіңнің де көңіл-күйің көтеріңкі болады деген ұранмен жүреді.
З) «Кішкене паравоз». Барлығы бірінің белінен бірі ұстап ұзын тізбек құрады. Алда тұрған біреуінің көздері ашық, ол паравоз болады. Ал қалғандары көздерін жауып алған, олар тізбектегі вагондар болып, барлығы ұзын поезді құрады. Барлығы жетекшінің жүргізген жолын қайталап сандалу үстінде болады. Бұрылыстарда вагондар арасындағы қосылыстар үзіліп кетуі мүмкін. Үзілгеннің үстіне артынан келе жатқандар үймелеп құлап қалады. Оларды «құтқарушылар» ретке келтіріп, тағы да бір кішкене паравоз тауып беруіне болады. Бірнеше поездар ерсең-қарсаң жүргенде олардың қозғалыстарына байланысты неше түрлі «оқиғалар» орын алады. Үзілгендерді кез келген паравоздың құрамын ұлғайтуға пайдалануға болады. Соңында қай «паровоз» «құрамына» көп «вагондарды» тіркеп алса сол келесі ойынды жүргізеді.
Информация о работе Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру