Оқушылардың оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 16:00, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында мектептерде тәрбиелеу бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Бала қабілеттерін жетілдіруге бағытталған тереңдетіп оқыту сыныптарының, лицей, гимназиялардың ашылуы, қазіргі танда оқушылар қабілетін психолого-педагогикалық диагностикалау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Мұның өзі мектептерді психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Содержание

КIРIСПЕ ………………………………………………....................……….3

1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1.Бастауыш мектеп оқушыларында ес процесінің
даму ерекшеліктері. .…...............................................................................6

1 .2.Қабілеттіліктің танымдық процестермен
/ес/ байланысына түсінік......................................................................…11
1.3. Қабілеттердің классификациясы факторларының
ерекшеліктері.................................................................................................26

2-ТАРАУ. мектеп оқушыларының қабілеттерін оқу іс-Әрекетінде диагностикалау
2.1. Зерттеудің барысы, мақсат- міндеттері. .........................................…43
2.2.Зерттеудің классикалық әдістері...........................................................49

2.3. Зерттеудің әдістерін талдап, өңдеу. ...................................................56

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….....................................……….63
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI...……………………………………......................................…..66
ҚОСЫМША…………………………………………………......................................….68

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ОҚУШЫЛАРДЫҢ-ОҚУҒА-ҚАБІЛЕТТІЛІГІ-МЕН-ЕСТЕ-САҚТАУ-ПРОЦЕСІНІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-НЕГІЗДЕРІ.doc

— 359.50 Кб (Скачать документ)

Біздің мақсатымыз бен  көрсетілген талаптарды қанағаттандыру тұрғысынан есті зерттеудің классикалық  әдістерін талдасақ, естi зерттеудің классикалық әдістері қабілеттерді емес процестердi қарастырады. Бұдан бұл әдістердің стандартты "нормаға" ие еместігi шығады.

Енді классикалық әдістерді  шынайы оку іс-әрекеті жағдайына  сәйкестігі тұрғысынан қарастырсақ, зерттеу  әдісінің астарында эксперимент  схемасы жатыр. Ал эксперимент схемасының құрамына:

  1. берілген   процедура   нені   өлшейді   немесе   эксперимент мақсаты;
  2. эксперимент материалы;
  3. зерттеу      процедурасы,      оған      экспериментатор      мен сыналушының мінез-құлқының сипаттамасы кіреді;
  4. зерттеу нәтижелерін өңдеу тәсілдері.

Эксперименталды  зерттеудің  мәні  сыналушының  іс-әрекетіне тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды айқындау жолымен моделдеу және олардың өзара әрекетін қатаң қадағалау мен қосалқы айнымалылар әсерінен тазалау болып табылады. Мұндай жасанды айнымалыларды бөліп көрсету зерттеушілер назар аударған іс әрекеттің табиғи жағдайдан ауытқуына әкеледі. Басқаша айтқанда бүкіл зерттеудің жасанды болуына әкеледі. Мұндай тәуелсіз анықтауға  "Сөз  аудармасынсыз"   субтесі жүргізілді. Зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері 2 кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Зерттеудің  әдістерін талдап, өңдеу.

 Тест материалын бірінші және екінші көрсету бойынша алынған нәтижелер.

Бұл субтест бойынша  мнемикалық қабілеттердің функционалды механиздерінің өнімділік көрсеткіштері дұрыс есте сақталған сөздер саны бойынша анықталды. Тест материалын бірінші көрсету кезеңінде уақыт тест материалын бір-ақ оқитындай шектеулі болды (25 сек). Нәтижесінде функционалды механизмдер көрсеткіші сынып өскен сайын артқанын байқауға болады. Сондай-ақ бастауыштың алғашқы жылдарында функционалды механизмдер көрсеткіштері арсындағы айырмашылықтар аз болса 18,7 және 25,8, бастауыштың соңына қарай көрсеткіштер арасындағы айырма арта түседі 36 және 59. Бұл бастауыш мектептің алғашында оқушыларының ес көлемінің аздығын көрсетеді. Субтест көрсеткіштерінің диаграммасы Б қосымшасында кескінделген.

Субтестің 2-ші кезеңінде  тест материалын оку уақыты көбейтіліп, оқушыларға материалды бір емес бірнеше  қайталап оқу ұсынылды.

Есте сақтауға берілген уақытты кебейту көрсеткіштер санын  арттырды. Оның ішінде 1-ші сыныптағылардың есте сақтаулары бәрінен көп (2 есеге) жоғарлады. Тестілеу барысында байқағанымыздай 1-ші, 2-ші сынып оқушылары материалды тек хаттауға ұмтылса, 3-ші және 4-ші сынып оқушылары түсінбеген сәздерін мұғалімнен сұрап алуға тырысты. Бұл бастауыштың басында окушылар тек механикалы түрде жаттаса, соңына қарай материалдан логикалық байланыс іздеуге деген талпыныстарының барлығын, байқатады. Сонымен субтест нәтижесінде мнемикалық қабілеттер өнімділігінің артуына берілген уақытты көбейту өзінің оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар осы  субтест нәтижелері бойынша операционалды  және функционалды механизмдер өнімділік  көрсеткіштері есте сақталған сөздердің  ұзындығының орта мәні арқылы   есептелінді    Нәтижелер көрсеткіші 3-ші кестеде берілген.

 

Тест материалын бірінші  және екінші көрсету бойынша есте сақталған сөздер ұзындығының көрсеткіштері

Бұл көрсеткіштер бойынша  бірінші және үшінші сынып көрсеткіштерінің артуы жоғары болса, керісінше екінші сыныптағылардың көрсеткіштері  төмендеген, ал төртінші сыныптағыларда өсу көрсеткіші аса мәнді емес, яғни бұл көрсеткіштер мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдерінің бастауыш сыныпта дамуының әр келкілігін көрсетеді.

Алға қойған зерттеу  міндеттеріне сай мнемикалық қабілеттердің 
операционалды механизмдерін диагностикалау үшін "Сөз аудармасымен"

субтесі жүргізідді. Бұл субтесте тест материалын бірінші көрсету бойынша дұрыс қайта жаңғыртылған – орыс - сөздері арқылы функционалды механизмдер өнімділігінің қосымша көрсеткіші алынды. Екінші көрсету бойынша мнемикалық қабілеттердің негізгі көрсеткіші дұрыс қайта жаңғыртылған сөздер жұбымен анықталды. Бастауыштың алғашқы жылдарында механикалық есте сақтау жоғары екендігі байқалады. Тек аудармасыз орыс сөздерін қайта жаңғырту көрсеткіштері сөздер жұбын жаңғырту көрсеткіштерінен жоғары. Бастауыштың сондарында операционалды механизмдер көрсеткіші жоғары.

Тестілеу барысында  бақылағанымыздай үшінші және төртінші сынып оқушылары бірінші және екінші сынып оқушыларына қарағанда  материалды тек қана жаттамай, оны реттеуге, жүйелеуге тырысты. Мысалы, кейбір окушылар сабақ соңынан "Берілген сөздерді қалай жаттадыңдар, олар сендердің естеріңде қалай қалып қойды?" деген сүрақтарға "отын жанса түтін шығады" деп екіншілері сөздерді оқып отырып көз алдарына сөздерге байланысты бейнелерді елестетулері оларға сөздерді жақсы жадтарында сақтауға көмектескендіктерін айтты. Айтылғандардан бастауыштың соңына қарай оқушылар мнемикалық операцияларды мақсатты түрде пайдаланатынын байқауға болады. Бұл мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдерінің қалыптасуын көрсетеді.Вербалды және вербалды емес материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртудағы мнемикалық қабілеттердің даму деңгейі анықтауға "Сөйлем суреттерімен" субтесі жүргізілді. Зерттеу нәтижелері кестеге салсақ (4 кесте).

  1. қате тандалған сөздер саны;
  2. қате таңдалған суреттер саны;
  3. суреттерден сөйлем ретін кұрастырудағы қате саны;
  4. ескерілмеген суреттер саны.

Кестеден көріп отырғанымыздай вербалды емес материалды вербалды жаңғырту барысында төртінші сыныптағылардың  тест есептерін орындаудағы сәттіліктерін аңғаруға болады. Бұл зерттеу барысында орын сынып окушыларының тест материалына үлкен ыждаһаттылықпен қарап, тесті орындаудағы белсенділіктерінің жемісі. Олар дұрыс суреттерді таңдағанда суреттердің санына, формасына, бояуына мән беріп қараса, дұрыс сөздерді тандауда көбіне орыс сөздеріндегі "ь", "о", "а" сияқты әріптерге көңіл аударып, қайта жаңғырту барысында соларға сүйенеді. Ал бірінші сынып оқушылары сөздерден көрі суреттерге көбірек назар аударады. Сондықтан да олардың суреттерге қарағанда тандаған сөздерінде қате саны артық болды. Суреттерден дұрыс сөйлем ретін құрастыруда да бірінші сыныптағылар көп мелшерде қате жіберді. Олар төртінші сыныптағылардай мнемикалық операцияларды орындауға көп уақыт жібермеді. Суретке бір қарайды да "ол сурет біреу болған" немесе "жапырағы екеу" деп ойындағы сурет кезіккенде басқа суреттерге назар салмайды. Экспериментатордың "суретпен қоса суреттегі жазылған сөздерге де көңіл аудар" деген ескертулері көбіне сәтсіз болады.

Екінші және үшінші сынып оқушылары карточкадағы сөйлемді жаттап алу үшін материалды бір оқығаннан кейін көздерін жұмып іштей қайталауға көшеді. Сондықтан да оларда суреттердің ретін құруда да, суреттерді ескеруде де қателер аз.

Осы субтест нәтижесінде  оқушылардың мнемикалық қабілеттері бастауыштың басында негізінен функционалды механизмдерге сүйенсе, біртіндеп операционалды механизмдердің пайда болуымен, бастауыштың соңында бастауыш мектеп оқушыларының мнемикалық қабілеттерінің операционалды механизмдері қалыптасатынын айтуға болады.

Тесті сенімділікке, сыртқы және критериалық валедтілікке тексеру.

Тест   нәтижелерін   сенімділікке   тексеру   үшін    Пирсонның корреляция коэффициенті мына формуламен есептелінді:

 

                         

        

                          

                    

 

 

 

Мұндағы:

 

Ху – корреляцияланған мән;

М - орташа мән;

n – корреляцияланған белгілердің жұптық сандық мәнінің   саны; (5 кесте)

 

 

Пирсонның  корреляция коэффициенті

 

Тесттік сенімділікке барлығы 4 көрсеткіш тексерілді:

1.   қабілеттердің функционалды механизмдер 
өнімділігінің негізгі көрсеткіші (Аудармасынсыз сөз).

2.     қабілеттердің     операционалды     механизмдер өнімділігінің негізгі көрсеткіші (Аудармасымен сөз).

3.    қабілеттердің     функционалды     механизмдер өнімділігінің қосымша көрсеткіші (Аудармасынсыз сөз).

4.   қабілеттердің   операционалды механизмдер өнімділігінің  қосымша көрсеткіші (Аудармасымен  сөз).

Операционалды механизмдер  өнімділігінің сенімділік көрсеткіші біршама жоғары. Функционалды механизмдер өнімділігінің сенімділік көрсеткіші операционалды механизмдерден төмен. Бұл функционалды механизмдер өнімділігіне организмнің функционалды жағдайлары (шаршау, сергектік т.б) әсер ететінімен түсіндіріледі. Бүл көрсеткіш көбіне сыналушы көңіл-күйіне байланысты.

Сыртқы валидизация

Бастауыш мектеп оқушыларының индивидуалды тестілеу нәтижелері сыртқы валедтілікке тексерілді. Сыртқы валедтілік ретінде оқушылардың орыс тілі сабағының  тоқсандық бағасы алынды. Тестілеуде үш субтест қолданылды: "Аудармасынсыз  сөз", ''Аудармасымен сөз", "Сөйлем суреттерімен". Тестілеу Алматы қаласының Мiржақып Дулатов атындағы №136-шы мектеп оқушыларына (барлығы 98 бастауыш мектеп оқушылары) жүргізілді. Мнемикалық қабілет тесінің нәтижесі мен тоқсандық бағалар арасындағы корреляция коэффициенті есептелінді.

 

Зерттеу қорытындысы

Бастауыш сынып оқушыларын тестілеуі берген оқу материалында мнемикалық қабілеттерді диагностикалау тесінің жекелеген көрсеткіштері  бойынша көрсеткіштердің сыртқы валедизациясын қарастырайық. Мнемикалық қабілетердің функционалды механизмдерінің негізгі көрсеткіші оқушылардың тоқсандық бағаларымен байланысты емес болды. Сондай-ақ функционалды механизмдердің қосымша көрсеткіштерінде де тоқсандық бағамен байланыс байқалмады. Нәтижелер төмендегі кестеде көрсетілген. Оперативті механизмдердің негізгі көрсеткіштері оқушылардың орыс тілі пәнінің тоқсандық бағасымен байланыстылығын көрсетті. Мүнда 1-3-ші сыныптарда орташа байланыста болса, ал 4-ші сыныпта мәнді, жеткілікті байланысқа (корреляция коэффициенті 0,55-ке тең) ие болады. Операционалды механизмдердің қосымша көрсеткішінде оқушылардың тоқсандық бағалары 1-ші сыныпта орташа байланысқа (корреляция коэффициенті 0,42) ие болса, 2-4-ші сыныптарда мәнді, жеткілікті байланысқа (корреляция коэффициенті 0,53; 0,59; 0,02) ие екенін көруге болады.

Тест нәтижелерінің  корреляция коэффициенті

Ескерту: кестедегі Ф.М. –   қабілеттердің  функционалды  механизмдері; О.М. – қабілеттердің операционалды механизмдері; Ф.М.Қ. – функционалды механизмдердің қосымша көрсеткіші; О.М.Қ. – операционалды механизмдердің қосымша көрсеткіші.

        Ал, "Сөйлем суреттерімен" субтесінің  көрсеткіштерінің ішінде орыс  тілі сабағының тоқсандық бағасымен  сөздерді тандау (корреляция коэффициенті 0,85), суреттерді таңдау (корреляция  коэффициенті 0,42) және суреттерді толығынан қайта жаңғырту (корреляция коэффициенті 0,59) байланысты болды, яғни сөздердегі, суреттердегі қателер орыс тілі сабағының бағасымен байланысты. Қалған бір көрсеткіш оқу үлгерімімен мәнді байланысты көрсетпеді.

        Бастауыш мектеп окушыларының тестілеу нәтижесінің сыртқы валедтілігінің әркелкі болуы таңдамалының біртекті болмауымен байланысты. Жалпы алғанда оқу іс-әрекетінде  қабілеттерді диагностикалау нәтижесі мәнді сыртқы валедтілікке ие деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі уақытта оқушылардың  қабілетін психолого-педагогикалық  диагностикалау мәселесі дифференцасияланған  оқыту идеясының, "теңестіру" топтарын құру, гимназия мектептерінде белгілі  бір пәндерді тереңдетіп оқыту, техникалық немесе гуманитарлық бағыттағы мектеп, лицейлердің біртіндеп өмірге енуіне байланысты аса өзекті бола түсуде.

Бұл жұмыста табиғи оқу  іс-әрекеті барысында оқушылардың  қабілеттерін диагностикалау "табиғи" эксперимент әдісімен біріктіріліп жүргізілді. Табиғи тестілеу тікелей табиғи оқу іс-әрекеті барысында, оның мақсаты, міндеттерімен бірге оқу іс-әрекетінің бір элементі ретінде мұғаліммен жүргізілді.

Қабілеттердің "табиғи" тесі – табиғи эксперимент (табиғи оқу іс-әрекеті барысында мақсатты әсер ету) пен психологиялық тестің «объективтілік, стандарттылық) жақсы жақтарын өзінде біріктіретін психологиялық өлшеу әдісі. Тест материалы мен тестілеу процедурасы оқыту жағдайының формасы мен мазмұнына сай келеді. Мұнда оқу іс-әрекеті жағдайдайы тестілеу жағдайы болса, ал оқу материалының мазмұны тест материалы бола алады.

 Қабілеттерді тестілеу процедурасы мен материалды эксперименталды негіздеу төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  1. Орыс тілі сабағының оку іс-әрекеті   оқушылардың қабілеттерін диагностикалауға мүмкіндік береді.
  2. Тестілеу  барысында  есте  сақтау уақытын  көбейту  есте  сақтау процесіне   операционды  механизмдердің  қосылуына  оң  әсерін тигізеді.
  3. Материал құрылымын ұйымдастыру есте сақтауда операционды механизмдерді пайдалануға тікелей әсер етеді.
  4. Қабілеттердің функционалды    механизмдерін 
    диагностикалау материалды есте сақтауға аз уақытқа көрсетілуге 
    негізделуі керек.
  5. Қабілеттердің операционалды механизмдерін 
    диагностикалау   материалды   есте   сақтау   уақытын   көбейтуге 
    негізделуі керек.
  6. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетіндегі мнемикалық қабілетерін   жалпы   білім   беретін   орта   мектептің   орыс   тілі сабағында     диагностикалау     үш     субтестен     тұрады: "Сөз аудармасынсыз", "Сөз аудармасымен", "Сөйлем суреттерімен". 
    "Сөз аудармасынсыз" мнемикалық қабілеттердің функционалды механизмдер өнімділігін диагностикалауға арналған.

Информация о работе Оқушылардың оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері