Оқушылардың оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 16:00, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында мектептерде тәрбиелеу бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Бала қабілеттерін жетілдіруге бағытталған тереңдетіп оқыту сыныптарының, лицей, гимназиялардың ашылуы, қазіргі танда оқушылар қабілетін психолого-педагогикалық диагностикалау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Мұның өзі мектептерді психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Содержание

КIРIСПЕ ………………………………………………....................……….3

1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1.Бастауыш мектеп оқушыларында ес процесінің
даму ерекшеліктері. .…...............................................................................6

1 .2.Қабілеттіліктің танымдық процестермен
/ес/ байланысына түсінік......................................................................…11
1.3. Қабілеттердің классификациясы факторларының
ерекшеліктері.................................................................................................26

2-ТАРАУ. мектеп оқушыларының қабілеттерін оқу іс-Әрекетінде диагностикалау
2.1. Зерттеудің барысы, мақсат- міндеттері. .........................................…43
2.2.Зерттеудің классикалық әдістері...........................................................49

2.3. Зерттеудің әдістерін талдап, өңдеу. ...................................................56

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….....................................……….63
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI...……………………………………......................................…..66
ҚОСЫМША…………………………………………………......................................….68

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ОҚУШЫЛАРДЫҢ-ОҚУҒА-ҚАБІЛЕТТІЛІГІ-МЕН-ЕСТЕ-САҚТАУ-ПРОЦЕСІНІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-НЕГІЗДЕРІ.doc

— 359.50 Кб (Скачать документ)

3. Материалды    құрылымдық   ұйымдастыру    механизмдерді  қолдану деңгейіне тікелей әсер ететiндігі туралы қорытындыға 
келді.

Қабілеттерді құрылымдық тұрғысынан қарағанда Б.Г.Ананьевтің психикалық функциялар механизмін комплексті қарастыру туралы идеясы үлкен қызығушылыққа ие. Оның схемасы бойынша кұрылымдардың дамуы функционалды, операционалды мотивтер механизмінің дамуы ретінде көрінеді. Функционалды механизмдердің пайда болуының ең ерте кезінде филогенетикалық программаларды жүзеге асырып, операционалды механизмдердің пайда болуына қарай қалыптасады. Әр психикалық функцияның өз операционалды механизмдері қалыптасады. Функционалды механизмдер мен операционалды механизмдер арасында күрделі өзара әрекеттер бар. Операционалды механизмдердің дамуы үшін функционалды дамудың белгілі бір деңгейі талап етіледі. Өз кезегінде операционалды механизмдерді дамуы функционалды механизмдердің жаңа даму фазасына ауыстырады, олардың мүмкіңдіктері прогрессивті өседі. Жүйелік деңгейі жоғарылайды.

Б.Г.Ананьев жасаған  психикалық функция механизмі концепциясында биологиялық және әлеуметтік негіздерді сәйкестендіру мәселесін шешуге қадамдар жасалған. Функционалды механизмдер  индивидтің онтогенетикалық эволюциясы мен адамзаттың табиғи ұйымдасуымен детерминацияланған. Операционалды механизмдер сананың субстраты – мидың  құрамында емес, олар индивидті тәрбиелеу, оқу, оның жалпы әлеуметтену процесінде игеріліп, нақтылы тарихи сипатқа ие болады. Қабілеттердің дамуы осы және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жүйенің дамуы, бұл системогенез жүйесі.

Естің индивидуалды айырмашылықтарын сипаттау үшін  есте сақтаудың нақтылығын, жылдамдығын және беріктігін индивидуалды ерекшелік ретінде анықтап, ғылымға алғаш мнемикалық қабілет ұғымын А.А.Смирнов енгізді.

В.Д. Шадриков берген анықтама бойынша, қабілеттілік-әрекеттің өзіндік сапалы орындалуының сәттілігінде көрінетін, айқын индивидуалды өлшемге ие, ақпаратты есте тұту, есте саққау, ұмыту функцияларын атқаратын жүйе қасиеті ретінде анықтауға болады.

Әдебиеттердегі мәліметтерге қарасақ, қабілеттілік функцияларының қалыптасуы мектептегі оқу кезінде жүреді. Расында да, мектепке дейінгі кезде ес эмоционалды толғаныстар мен көрнекті образдарға сүйенсе, ал мектеп жылдарында әртүрлі ойлау операцияларын меңгерумен ол айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Б.Г. Ананьев бойынша  қабілеттердің дамуы функционалды механизмдердің, операционалды механизмдердің, реттеуші механизмдердің дамуының көрінісі. Қабілеттердің жалпы системогенезін былай көрсетуге болады:

- функционалды механизмдердің дамуы,

- операционалды механизмдердің пайда болуы және дамуы,

- функционалды,операционалды    механизмдер   арасындағы байланыстардың дамуы,

- реттеуші механизмдердің   пайда болуы және дамуы,

- функционалды, операционалды,  реттеуші механизмдер жүйесінің дамуы.

Қабілеттердің дамуын сызықты етіп көрсетуге 
болмайды. Операционалды механизмдер қалыптаса отырып 
функционалды механизмдердің дамуына жағдай жасайды, ал ол өз 
кезегінде жаңа сапалық деңгейге көтеріле отырып операционалды 
механизмдердің басқаша жетілуін, дамуын стимулдайды. Адамның өз есін игере алуы функционалды механизмдердің тоқтағанын 
білдірмейді.Қабілеттер процесі үздіксіз, әрі әр келкі 
және гетерохронды. Мнемикалық функциялардың қайта  құрылуы,     оның эффективтілігіне қойылатын талаптарға негізделген. Оның жоғары деңгейі оку іс-әрекетінде пайда болатын әр түрлі мнемикалық есептерді шешуде қажет. Естің оку барысындағы маңызын П.П.Блонский "оқушының негізгі қызметі ойлана отырып меңгеру, және осы жастағы негізгі функциясы ойлаушы ес, яғни нені қалай есте сақтау, ойланумен бірге жүретін есте сақтау, және нені қашан еске түсіру, ойлаумен бірге жүретін еске түсіру" деп атап көрсеткен.

Э.А. Голубеваның  бірқатар зерттеулері балалар мен жасөспірімдердің ырықты және ырықсыз ес өнімділікгеріне әсер етуші фактор ретінде нерв жүйесінің құрылымының мәні бекітілді. Э.А.Голубеваның өзі экспериментті түрде ес алғы шарттары арасында нерв жүйесінің икемділігі мен тұрақтылығының айтарлықтай мәнге ие екенін дәлелдеді. Нерв жүйесі күшінің ролі есте сақтаудың қиын жағдайларында айтарлықтай көрінеді. Салыстырмалы түрде кең көлемді материалды есте сақтаған обьектілерді вербалды классификациялау мүмкіндігі жағдайында жоғары маторлы естің жетістігін көрсетеді.

Нерв жүйесінің лабилділік-инерттілік көрсеткіштерін ес өнімділігі көрсеткіштерімен салыстырғанда ырықты және ырықсыз есте сақтау жағдайында физиологиялық және психологиялық айнымалылар арасында анық та, айқын статистикалық айырмашылық байқалады.

Әртүрлі материалды қолдануда лабилді сыналушылар ырықсыз есте сақтауда жоғары ес өнімділігін көрсетсе, ырықты есте сақтауда негізінен инерттілер жақсы   ес  өнімділігін  көрсетеді.

Б.М.Тепловтың    "инерттілік жүйелер      байланыстардың беріктігін қамтамасыз етуі мүмкін", деген гипотезасы расқа шықты.

Қабілеттерді талдау ең алдымен ақпаратты есте ұстау, есте сақтау және қайта жаңғырту функцияларының жүзеге асуын қамтамасыз ететін ішкі психологиялық механизмдерді қарауды көздейді. Функциялардың жүзеге асуына мүмкіндік жасайтын ішкі психикалық механизмдер онтогенездің өте ерте кезінде "тұрақтылық аралдары" түрінде, яғни ең қарапайым мнемикалық кұрылымдар шоғырлары ретінде жинақталынады. Ары қарай ішкі функционалды механизмдердің, олардың өнімділікгерінің дамуы тікелей психиканың индивидуалды ерекшеліктерімен анықталады. Сондықтан естің әр түрінің нерв жүйесінің жеке құрылымдарына тәуелділігі зерттеледі.

Қабілеттердің дамуы мен олардың  құрылысын талдай отырып мынандай қорытындыға  келуге болады: ақпаратты ұйымдастыру, оны өңдеу немесе кодтау тәсілдерінің бірі мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдері ретінде көрінуі мүмкін. Ақпаратты ұйымдастыру тәсілдерінде, функционалды механизмдермен қатарласа, өзара әрекеттесе жұмыс істеген жағдайда ғана мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдері ретінде айтуға болады.

Қабілеттердің функционалды, операционалды механизмдер жүйесінің  динамикалық дамуы және жаңа операционалды  механизмдердің жаңа құрылымдарының пайда  болуына қатысты ашық түрде болуы, оның құрамдас бөліктерінің даму деңгейі мен олардың операционалды механизмдердің мүмкін жиынымен өзара әрекет дәрежесімен анықталады.

Л.В. Черомошкина  өз жұмысында, қазіргі  уақыттағы мнемикалық қабілеттердің  операционалды механизмдерін зерттеудің бірнеше бағыттарын көрсетеді:

1. Жоғары   психикалық   функциялардың   даму   механизмі  ретінде,    психикалық    функциялардың    жанамалылығы (Л.С. Выготский, А.Н.Леонтьев);

2. Естің    интерфункционалды     байланыстары     (өте    көп фактілер мен заңдылықтар  жинаған керемет үлкен бағыт 
болғанымен, көбіне тек психикалық функциялар арасындағы 
байланыстарды нақтылап қана қояды);

3. Мнемикалық тәсілдер (А.А.Смирнов).

Ақпаратты өңдеу тәсілдері  ретінде Л.В.Черемошкина  мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдерінің  мына түрлерін көрсетеді: топтастыру, тірек пунктерін бөліп көрсету, мнемикалық жоспар, классификация, құрылымдау, жүйелеу, схемалау, аналогия, мнемотехникалық тәсілдер, қайта кодтау, есте сақтау материалын толықтыру, материалды сериялы ұйымдастыру, ассоциация, қайталау.

Қазіргі ғылыми мәліметтер естің операционалды механизмдерінің  кұрылымының күрделілігін көрсетеді. В.Я.Ляудис мнемикалық әрекеттердің толық  кұрамын анықтауға бағытталған  зерттеулерінде оның төрт операциясын  көрсетеді. Олар: категориялау, топтарды бөліп көрсету және оларды негіздеу, топ аралық байланыстарды бөліп көрсету, топ іші байланыстарды бөліп көрсету.

В.Д.Шадриков, Л.В.Черемошкина, В.Я.Ляудис және т.б. зерттеушілердің  еңбектеріне сүйене отырып мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдерінің  құрылымын былай сипаттауға болатынын көрсетеді: категориялау, топтарды бөліп көрсету және оларды негіздеу, қабылдау мен есте сақтау шарттарын сипаттау, шешім қабылдау, антиципация,есте сақтау мен қайта жаңғырту бағдарламасы туралы түсінік қалыптастыру, ақпаратты сақтауда топ аралық байланыстарды бөліп көрсету, топ іші байланыстарды бөліп көрсету, есте сақтау мен қайта жаңғыртуды қадағалау .

Қабілеттер құрылымында  операционалды механизмдердің пайда  болуы принципиалды мәнге ие. Белгілі бір өндірістік құралдар жиынын меңгеру, иңдивидтердің өзінің белгілі бір қабілеттерінің дамуына тең,- деген идея ес психологиясында кеңінен таралған. Бұл процесті Л.С. Выготский мінез-құлықтың социогенезінің жоғары формасы деп атаған, ал А.Н.Леонтьев оны тура естің жанама еске ауысуы ретінде жазған. А.Н.Леонтьев бұл процестегі принципиалды ролді есте сақтау процесiнде пайда болатын стимулды-құралдарға бердi. Бастапқыда бұл қосымша функцияларды сыртқы тітіркендіргіштер орындаса, соның әсерінен субъектінің өзі қандай да бір әрекеттерді орындайды. А.Н. Леонтъев ес даму процесінің үш сатысын көрсетеді. "Естің бірінші даму сатысы — бұл оның есте қалдыру мен қайта жаңғыртуы деген табиғи қабілеті. Бұл саты қалыпты жағдайда мектеп жасына дейін аяқталуы ықтимал. Алғашқы мектеп жасына тән келесі саты — сыртқы ортаның басым әсерінен өтетін есте сақтау процесінің құрылымының жанамалылыққа өзгеруімен сипатталады. Өз кезегінде жанама есте сақтау екі жолмен дамиды: сырттан әсер етуші тітіркендіргіштер формасында қала беретін қосымша құралдарды даму мен жетілу тәсілдерінде пайдалану және сыртқы құралдардан ішкі құралдарға ауысу жолы. Мұндай ес тәжиірбенің ішкі артықшылықтары бар элементтерін құралды пайдалану жоғарғы дамыған қабілеттің негізгісі және оның ең жоғарғы дамыған сатысы" .

А.Н.Леонтьев ес даму сатыларын реалды ес даму процесінің барлық күрделілігін көрсете отырып алдыңғы схема деп атады. Расында да ес дамуында жанама есте сақтаудың пайда болуымен "есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың табиғи қабілетінің" дамуы тоқтайды деуге болмайды. Есте тұту адам дамуымен тоқтамайды және жоғалмайды. Ес жүйесінде тек оның орны өзгереді, енді басты орынға есте сақтаудың жанама процестері келеді.

Бұл жағдайда "есте қалдыру  мен қайта жаңғыртуға деген табиғи қабілеттердің" дамуы ес жүйесіндегі  құрамдас бөліктерінің қайта пайда болған байланыстарының нығайыуы арқылы жүзеге асады.

Операционалды механизмдердің дамуы екі бағытта жүреді: ақпаратты өндеу тәсілдерінің өсуі мен оларды пайдалана білудің өсу жағына қарай. Екеуінің де мәні операционалды механизмдердің ақпаратты перцептивті өңдеуден түсініктер деңгейіне, есте, қиялда, ойда өңдеуге күрделенуі болып табылады. Көрсетілген мнемикалық тәсілдердің көпшілігі әртүрлі деңгейде жүзеге асуы мүмкін. Операционалды механизмдердің кұрылуында есте сақталар материалдың өңделуінің перцептивті және ойлау деңгейінде жүзеге асуына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Естің принципиалды даму кезінде, мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдерінің ойлау деңгейінде пайда болуы, осы кезеңде бірқатар фактілерге, оның ішінде ойлаудың басқа төменде жатқан деңгейлерге реттеушілік әрекетіне негізделіп, ес жүйе ретінде қызмет атқара бастайды.

Егер осыған дейін, реттеу, айтарлықтай дәрежеде есте сақталатын материалға негізделсе, енді операционалды механизмдер құрылымының дамуымен есте сақтау процесін реттеу субъект жақтан реттеуге айналады, басқаша айтқанда, субъект пен объектінің өзара әрекеттерінің сипаты, субъекгінің доминантты ролі жағынан сапалы өзгереді. Есте сақталғанды ойлау деңгейінде өңдеудің пайда болуымен функционалды механизмдік, операционалды механизмдік, реттеушілік механизмдік жүйелер интеграцияланады.

Интеграция процесімен қатар көп қырлы, иерархиялы ұйымдасқан жүйе ретінде естің дифференциация процесі де өтеді. Иңтеграция мен  дифференциация мнемикалық қабілеттердің  функционалды жүйесінің қалыптасуының салдары болғанда ол өз феноменологиясына ие: бұл әртүрлі эффектіліктегі естің көптүрлілігі. Сонымен қатар қандай да бір мнемикалық механизмдердің үлесінен алынған нәтижелерді түсіндіру қиындықгар туғызады.

Қабілеттердің ойлау  деңгейінде операционалдық механизмнің пайда болуымен есте сақтау мағыналы, әрі ырықты басқарылатын, бола бастайды. Операционалды механизмдердің осы және басқа бағыттарда дамуы, әр түрлі мнемикалық тәсілдердің тең дәрежеде емес екендігін көрсетеді. Есте сақталатынды өңдеудің перцептивті деңгейде жүзеге асатын аздаған мағыналық өңдеу тәсілдері бар (тірек пунктерін бөліп көрсету, топтастыру, реттіліктерді бөліп көрсету, ассоциациялар). Мнемикалық тәсілдердің келесі тобы айтарлықтай мөлшерде ес, елес, қиялдың қызметімен сипатталады (қайта кодтау, мнемотехникалық тәсілдер). Есте сақтау мақсатында ақпаратты өңдеудің ең күрделісі ойлау өңдеуінің басым болуымен жүзеге асуы (аналогия, жүйелеу, құрылымдау) болып табылады.

Операционалды механизмдер  дамыған түрде өзінің белгілі бір мнемикалық тәсілдерді жүзеге асыру мақсаты бар танымдық іс-әрекетті көрсетеді. Мнемикалық тәсіл перцептивті-мнемикалық-ойдың- қиялдың іс-әрекеттің соңғы звеносы болып табылады. Қабілеттердің операционалды механизмдерінің дамуы әр бағыттағы тенденциялардың, субъект жақтан да, іс-әрекет жағынан да өзара әрекет нәтижесі, деп қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар әр индивидуалды, өзіндік есте сақтау тәсілі "жоғарыдан" субъектінің танымдық іс-әрекетінің ерекшелігі әсерінен, яғни ойлау жағынан және "төменнен", яғни қабылдау жағынан жүреді.

Реттеуші механизмдер  қабілеттерге қатысты сыртқы реттеулерден дамиды, яғни мотивация жағынан (мүмкін бұл жерде мотивациямен бірге  еріктік және эмоционалды компоненттер де көрінер).

Қабілеттердің көру есте сақтаулары мидың сенсорлы облысында өлшенген көру іздерінің табиғи құрылымына өте тәуелді. Қабілеттердің материалды мағыналы өңдеумен байланысты, негізінен мидың реттеуші бөліктерінің параметрімен анықталады.

Информация о работе Оқушылардың оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері