Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 16:00, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында мектептерде тәрбиелеу бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Бала қабілеттерін жетілдіруге бағытталған тереңдетіп оқыту сыныптарының, лицей, гимназиялардың ашылуы, қазіргі танда оқушылар қабілетін психолого-педагогикалық диагностикалау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Мұның өзі мектептерді психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.
КIРIСПЕ ………………………………………………....................……….3
1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1.Бастауыш мектеп оқушыларында ес процесінің
даму ерекшеліктері. .…...............................................................................6
1 .2.Қабілеттіліктің танымдық процестермен
/ес/ байланысына түсінік......................................................................…11
1.3. Қабілеттердің классификациясы факторларының
ерекшеліктері.................................................................................................26
2-ТАРАУ. мектеп оқушыларының қабілеттерін оқу іс-Әрекетінде диагностикалау
2.1. Зерттеудің барысы, мақсат- міндеттері. .........................................…43
2.2.Зерттеудің классикалық әдістері...........................................................49
2.3. Зерттеудің әдістерін талдап, өңдеу. ...................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….....................................……….63
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI...……………………………………......................................…..66
ҚОСЫМША…………………………………………………......................................….68
"Сөз аудармасынсыз " I субтесті
Мнемикалық қабілеттердің функционалды механизмдерінің өнімділігін диагностикалауға арналған.
Эксперимент материалы: тест материалы бар карточкалар (қосымша А), секундомер, таза бланкiлер.
Топты тестілеу процедурасы. Ең алдымен мұғалім оқушыларға алдағы тапсырманы қалай орындау керектігін айтады. "Бүгін біз әртүрлі сөздермен жұмыс істейміз. Қазір әрқайсың таза қағаз бен аударылмаған орыс сөздері жазылған карточкалар аласыңдар. Мен сендердің бұл сөздерді қалай есте сақтап, қалай жазатындарыңды қараймын. Қағазға аты-жөндеріңді, сыныптарынды жазыңдар. Тапсырма уақытқа беріледі. Менің белгім бойынша карточканы оң қаратып, оны бір-ақ рет оқисыңдар. Одан көп оқуға болмайды. Карточканы оқып болған соң, оны шетке қойып қолын көтереді. Окуға 25 секунд беріледі. Сонан соң менің белгім бойынша таза қағазға естеріңде қалған сөздерді жазасыңдар. Бір дегеннен барлық сөздер естерінде қалмауы мүмкін, сондықтан оған қам жемеңдер. Менің белгім бойынша бастап, менің белгім бойынша аяқтайсыңдар. Бәрі түсінікті ме? Мұғалім түсінбеген сүрақтарға жауап берген соң, алдымен таза парақтар таратылып беріледі. Сонан соң әр оқушыға тест материалы төмен қаратылып таратылған соң ғана тестілеу жүргізіледі" Екі сәтке аса назар аудару керек: 1) әр оқушы сөзді тек бір рет оқуы керек. Егер уақытқа үлгермей жатса, барлық сөзді оқып болғанша тосу керек; 2) Окушының сөзді тек бір рет оқуын және қайталап оқымауын, қайталамауын қадағалау керек. Басты шарт сөздерді тек бір рет оқу, көз жүгіртіп оқу болуы керек.
Нәтижелерді өңдеу. Функционалды механизмдердің өнімділігінің көрсеткіші – ес бойынша дұрыс жазылған сөздер саны. Әр дұрыс есте сақталған сөзге бір балл беріледі. Алынған балдар жинақталады. Жинақталған балл алдыңғы баға болып есептелінеді. Субтестің алдыңғы бағасы жас шкаласы мен тестілеу жағдайының шкаласы арқылы мектеп (стандартты) бағаға аударылады. Функционалды механизмдердің өнімділігінің стандартты бағасын берілген көрсеткіш бойынша стандартты нормамен салыстыруға болады.
Тағы бір көрсеткіш
есте сақталған сөздердің
Тест жүргізудің жалпы ережелері.
Мысалы, тестілеуді аяқтағаннан соң "Сөз аудармасымен" субтесі негізінде басқа да оқу тапсырмаларын құруға болады:
а) жаттаған сөздермен сөйлемдер құрастыру;
б) жаттаған сөздерді жаңа грамматикалық құрылымдармен танысқанда немесе алдыңғы грамматикалық құрылымдарды қайталауда қолдануға болады;
в) жаттаған сөздерді үй тапсырмасын
орындауда пайдалану,
мысалы, "есте қалған сөздерді қолдана
отырып белгілі бір
грамматикалық құрылымда сөйлемдер құрастыру".
"Сөз аудармасынсыз"
субтесі негізінде үй
"Сөйлем суреттерімен" субтесі негізінде "Сендер тағы да қандай қызыл түсті жеміс-жидектерді білесіңдер, қандай шеңбер, төртбүрыш, дөңгелек формалы заттарды білесіндер?" деген тапсырмалар беруге болады.
"Сөз аудармасынсыз", "Сөз аудармасымен"
субтестері жеке
де, топпен де жүргізуге
болады. "Сөйлем суреттерімен"
субтесі тек жеке жүргізіледі.
Тестілеу барысында
оқушыларда экзамен бергендей
пікір
қалыптаспауы керек.
Топпен тестілеу
барысында окушыларға әртүрлі субтест
материалын береді
немесе оларды
мүмкіндігінше шашыратып
отырғызады. Оқушылардың
бір-бірінен көшірмеуін қадағалау керек.
Топпен тестілеуде
әр оқушыға тест материалы
мен таза
парақтар дайындалады.
2.2 Зерттеудің классикалық әдістері
Оқу іс-әрекеті материалындағы оқушылардың мнемикалық қабілеттерін диагностикалау тесті үш субтестен тұрады:
3. "Сөйлем суреттерімен"
мнемикалық қабілеттердің даму
деңгейін сапалы талдауға
Жалпы қабілеттердің дәстүрлі классикалық әдістері қарастырылатын феноменнің теориялық концепциясына негізделіп, тесті валедтеуде ғана оның қолдану облсы ескеріледі. Реалды іс-әрекет жағдайы тестен "шығарылып тасталған". Стандартты бағалау жас топтарына қолдануға есептелінгенiмен, бірақ әр түрлі типтегі жағдайларға есептелмеген. Жалпы қабілеттерді тестілеу жасанды жағдайда өтеді. Тест эксперименттің бір түрі болғандықтан, тест жасанды эксперименттің бір түріне жатады деп толықтыруға да болады. Қосымша айнымалылардың әсерін ысыру арқылы реалды өмірді "жақсартатын" жасанды экспериментің артықшылықтарымен бірге оның "ахиллестік дағы" бар: жасанды эксперимент жағдайында сыртқы валедтілік жоғалтылады, "ал сыртқы валедтілікке ие емес эксперимент дұрыс емес, қойылған болжамға сай келмейді деп саналмайды"
Осылайша, психологиялық теске қатысты айтылғандарды қорыта келіп, оған төмендегідей сипаттама беруге болады.
Тест жеке адамның функционалдық сипаттары мен оларды сандық бағалау және индивидтер аралық сапалар айырмашылығын, жағдайларын диагностикалауға арналған қысқы, объективті (сенімді және валедті) стандартталған психологиялық өлшеу әдісі. Тесті орындау нәтижесі негізінде психологиялық диагноз қойылады. Тест психологиялық әдіс ретінде жасандылықпен сипатталады, яғни тест тапсырмалары, материалы және барлық өлшеу процедурасын жасау қандайда бір" нақтылы реалды жағдайға, табиғи іс-әрекетке қатыссыз.
Сондықтан, жоғарыда айтылғаннан, біздің жүргізілетін мнемикалық қабілеттерді диагностикалау әдісіміз реалды оқу іс-әрекетіне сай келуі керек.
Қойылған мақсатты шешу үшін тест психологиялық өлшеу әдісі ретінде есті зерттеудің ғылыми-зерттеу әдістерімен салыстырғанда бірқатар артықшылытарға ие, ең алдымен: 1) тест әдісі теориялық емес практикалық сипаттағы мәселелерді шешеді; 2) есті қабілет ретінде диагностикалай алады; 3) барлық параметрлер бойынша стандартталған; 4) тесті орындау нәтижесінің стандартты "нормасына" ие.
Барлық аталған параметрлер
бойынша тест, психологиялық өлшеу
құралы ретінде оқу іс-әрекетін диагностикалау
әдісін құрастыруға қойылатын
А.Анастази тесті "объективті және стандартталған таңдамалы мінез-құлықгы өлшеу" ретінде анықтайды. Тестерді объективті бағалау ең алдымен олардың нақтылы жағдайда сенімділігi мен валедтілігін анықтауды білдіреді. Стандарттау тест орындалуын бағалау және мінез-құлық процедурасының біртектілігін байқатады. Тестілеу жағдайында жалғыз тәуелсіз айнымалы тестіленетін индивид болып табылады. Стандарттау ауызша инструкцияны, уақытты, материалды, сондай-ақ айналадағы обстановканы қарастырады, қозғайды. А.Анастази "тестілеу үшін лайықты жәйді іздеуге аса көңіл аудару керектігін ... Оның көңіл аударатынның бәрінен ауаша болуы керектігін, оның ыңғайлы жарықтандыруды, желдетуді, сыналушының жұмыс орынын және ыңғайлы отыруын қамтамасыз ету керектігін" баса айтқан. Сондай-ақ тестілеу барысында бөгет жасамауды алдын алу керек /20/.
Тест материалы мінез-құлықпен ұқсастығына құрылуы шарт емес. Тест таңдамалысы мен болжамды мінез-құлық арасындағы ұқсастық деңгейі барынша ырықты, бұл жерде олар мен мінез-құлық арасында эмпирикалық байланыстың бар болуы маңызды. Сондықтан да тест материалы ретінде жалпы реалды іс-әрекетте қолданатын материалға ұқсастығы жоқ абстрактілі, жасанды материалдар пайдаланылады. Мысалы, Векслер тесінің механикалық есте сақтау субтесінде ("Сандарды қайталау") тест материалы ретінде сан қатары ұсынылады. Ал интеллект құрылымын диагностикалайтын Амтхауэр тесінде субтестің тест материалы ретінде қандай да бір белгілерімен біріктірілген сөз топтары ұсынылады. В.Д Шадриков пен Л.В. Черемошкина жасаған мнемикалық қабілеттерді диагностикалау тесінде тест материалы ретінде бір-бірімен қиылысатын тік сызық кескіндері пайдаланылады /5, 13/.
"Тест" – қысқа,
стандартталған, уақыт жағынан шектелген,
адамдар арасындағы
Тестологтар тесті қанағаттандыратын талаптарды, стандарттылығы әр түрлі уақытта, әр түрлі жерлерде, әр түрлі психологтармен алынған нәтижелердің салыстырмалылығын қамтамасыз ететін, сенімді, валадті болуына көп көңіл аударады.
Психологиялық диагностиканың әдістемесі ретінде тесті үнемі белгілі бір материалды: тапсырмалар жиыны, графикалық кескін, суреттерді қолдана отырып жасайды. Бұл материал қалайда болсын бірқатар әлеуметтік қоғамдастықтың (ұлттың, кластың) мәдениетін көрсетеді.
Кез-келген әлеуметтік қоғамдастықгы зерттеуге арналған универсалды, жарамды тест болмайды.
Тест– жеке адамның
белгілі бір психологиялық
Тест – психологиялық
диагностикада – стандартталған
Тесті эффективті қолдану бірқатар факторларды ескерумен байланысты. Олардың қатарында: қандай да болмасын тест негізделетін теориялық концепция, психометрикалық сипаттаманың қолдану өрісі, барлық сенімділік пен валедтілік туралы мәліметтер комплексі.
В.Д. Шадриков психологиялық тесті "Жеке адамның функционалды қалыптары мен сипаттарын, сапаларын диагностикалауға және сандық бағалауға бағыттаған стандартталған психологиялық әдіс" ретінде анықтайды, тест факт негізінде диагноз қойылатын фактіні алудың құралы болып табылады. Тестология фактілер алу әдістері және диагноз қою принциптері туралы ғылымның бір бөлігі ретінде диагностиканың жеке жағдайы болып табылады /22/.
Еске сақтау процесінің өту сипатына әртүрлі мнемикалық мақсаттар мен мотивтердің әсері туралы мәселені А.А.Смирнов бөліп көрсеткен-түғын /17/. Іс-әрекеттің мотиві мен мақсаты жағынан ажыратылатын екі жағдайда есте сақтау процесі мен нәтижесі екі түрлі болады. Іс-әрекет нәтижесіне тек мотивтің мәні ғана емес, оның интенцивтілігі де әсер етеді. Егер де табиғи және лабораториялық эксперименттің әртүрлі жағдайларын мотивтік мәні жағынан жақындастырсақ та, оның интенцивтілігі әртүрлі болады.
Себебі, мотивтің интенцивтілік жағдайына: сыналушының зкспериментатормен өзара қатынасу тәсілі, ерекшелік деңгейі, тіпті экспериментатордың жеке тұлғасы да нәтижеге әсер етеді. Сондықтан мнемикалық процестердің өнімділігі мен өту ерекшеліктері лабораториялық және табиғи эксперимент жағдайында әртүрлі болады. Экспериментатор мен сыналушының өзара әрекеті сыналушының мотивациясына, мінез-құлқының өзгеруіне, сәйкесінше зерттеу нәтижесіне әсер етеді.
Ес әдістерін оқу іс-әрекетінде мнемикалық қабілеттерді диагностикалау әдісін жоғарыда қойылған талаптарға сай талдау нәтижесінде төмендегідей қорытындыға келдік:
Осылайша есті зерттеудің классикалық әдістері біздің талаптарға жауап бермейді.