Оқушылардың оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 16:00, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында мектептерде тәрбиелеу бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Бала қабілеттерін жетілдіруге бағытталған тереңдетіп оқыту сыныптарының, лицей, гимназиялардың ашылуы, қазіргі танда оқушылар қабілетін психолого-педагогикалық диагностикалау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Мұның өзі мектептерді психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Содержание

КIРIСПЕ ………………………………………………....................……….3

1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1.Бастауыш мектеп оқушыларында ес процесінің
даму ерекшеліктері. .…...............................................................................6

1 .2.Қабілеттіліктің танымдық процестермен
/ес/ байланысына түсінік......................................................................…11
1.3. Қабілеттердің классификациясы факторларының
ерекшеліктері.................................................................................................26

2-ТАРАУ. мектеп оқушыларының қабілеттерін оқу іс-Әрекетінде диагностикалау
2.1. Зерттеудің барысы, мақсат- міндеттері. .........................................…43
2.2.Зерттеудің классикалық әдістері...........................................................49

2.3. Зерттеудің әдістерін талдап, өңдеу. ...................................................56

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….....................................……….63
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI...……………………………………......................................…..66
ҚОСЫМША…………………………………………………......................................….68

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ОҚУШЫЛАРДЫҢ-ОҚУҒА-ҚАБІЛЕТТІЛІГІ-МЕН-ЕСТЕ-САҚТАУ-ПРОЦЕСІНІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-НЕГІЗДЕРІ.doc

— 359.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен, жас ерекшелік  құбылысы – дамудың ерекше жүру барысы, дарындылық  факторы ретінде интеллект жоғары әсер етеді. Тек кейбір өз жасынан алда болатын балаларда осы сияқты ақыл-ой сабақтарының ұстанымдылығы – тұрақты ерекшелік болып табылады. Басқа осындай балаларда – басқа бірдей жағдайларда тынымсыз қажеттілік келешекте ақыл-ойдың күшін төмендетеді – бұл дамудағы қабілеттіктерде көрінеді. Мұндай өзгешеліктерді дамудың келесі барысында балалар дарындылығының айқын көрінуі, көбінесе белгілі бір кезеңде пайда болатын, қандайда бір деңгейде өтетін рекшеліктерге байланысты, жас ерекшелікті қолдау ретінде қарастыруға болады.

Балалықтың бір сатысынан, екінші сактысына өтуінде өзгеретін  ерекше сезгіштік, белсенділіктің бағыттылығы әртүрлі жас кезеңіндегі қасиеттердің бірігуі, араласуы- интеллектің жандануы мен қалыптасуының қажетті жағдайы алғы шарттары болып табылады.

Қабілеттер бойынша  бізді қызықтыратын жеке даралық  өзгешеліктер балалық шақтан берілген деген ұғым жас ерекшелікті дарындылықтың айқын көрінуі- көрнекті қабілеттің жетілуінің негізі болуы мүмкін.

Мысалы тілі тез меңгеруді, әдеттен тыс, оның мәнін жоғарылатып  жіберуге болмайды. Ал осыдан интеллектің  сирек кездесетін бірқатар белгілерін көруге болады. Бірақ мүндай ерекшелік – тілге деген бастапқы қатынастың жылдам болуы- ол тек дамудың нақты бір кезеңіне ғана тән.

Интеллектінің ерте өсуінде  Ікейбір балаларда жедел даму кезеңінде көрінген ақыл-ой құндылығы  қандайда бір формада келешекте  сақталынады, көбейеді – мұндай балалардың айрықшылық қасиеті – олардың ерекше мүмкіншіліктерінің шындығында да қайнар бұлағы болады. Бұл жерде балалар дарындылығының бітістері уақытты тексеріп көру ретінде болады.

Болжамның  сенімділігі  дарындылықтың  балалық белгілерінің әртүрлілігін тудыруы мүмкін. Ал енді олар болашақта қандай болмасын –баланың жеке даралық ерекшеліктерінің даму кеңдігі қазір қажет; қабілеттің еркін өсуін қолдау және мықтылау қажет. Көп адамдар интеллект деңгейі бойынша құрбыларынан алда болатын ақыл-ой қабілеті айқын көрініп тұратын балалар оқу сабақтарында қиыншылықтар болмайды – басқа балаларға қарағанда оларға бақытты шақ дайын берілген деп есептейді. Шындығында да ерте ақыл-ой дамыған балалар мектептерде,  кейде көп күрделікке кездеспейді.

Ең негізгі нәрсе  – баланың  айрықша қасиетін көргенде ата-аналар, басқа ересек адамдар өзін қалай ұстайтындығы болып табылады. Қуаныш   пен   мақтанышпен   қарау,   қамқорлықпен   қарау тіпті   кейде қорқынышпен қарауда кездеседі. Қабілеттің қалыптан тыс көрінуі, шаршап-шалдықпайтын ақыл-ой белсендігі, қызығудың әртүрлігін ата-ана бұрын көрмеген болса, оларда қорқыныш, қамқорлық тудырады. Осындай ата-аналар күдіктері мен қорқыныштары баланың өзіне әсер етпесе игі еді.

Ал енді басқа жанүяларда- балаларда қабілеттің қалыптан тыс  көрінуін – табиғаттың дайын берген сыйы деп қабылдап, үлкен болашақты күтеді. Мунда бала жетістіктеріне оның мүмкіншіліктерінінің айрықшалығына мақтанады, таныс және таныс емес адамдарға сүйсіне жариялайды. Осылайша балалар мансапқорлығы аса түсуі мүмкін: мансапқорлық және өзіндік ой түжырым негізінде өз қүрбылары арасында ортақ тіл табуды қиындатады. Ал болашақта бүл өсіп келе жатқан адамда өкініштілік, қайғылық тудыруы ықтимал.

Ерте ақыл- ойы өскен  балада айналадағы адамдардан күткеніне, олардың мадақтауына және шарықтауына сезімталдық байқалады. Жанүяда баланың таланттылығы туралы айтуға тыйым салу мүмкін, бірақ бұл үнемі жеткілікті бола бермейді, жанұяның қайсібір мүшесі өзінің таңқалуын білдіруді ұмытып, кетуі мүмкін. Ал бала, әрине, өзінің ақылымен, өзінің жетістіктерімен масаттануын бір ден байқай алады, өткізіп жібермейді.

Егер ересектер, керісінше, әдеттен тыс қабілеттің көрінуін ешқандай бағаламаса, оларға уақытша  болатын белгісіз қызық нәрсе  ретінде қараса, мүндай қатыйастарды.да бала ескере алады, бала санасынан тыс қалмайды.

Қабілеттің өте ерте жаста дамып жетілген балалардың кейбірінде жалпы ортақ талаптарға әйтеуір бір бейімделу болады. Мүндай балаларды өзгешелейтін бірқатар ең негізгі ерекшеліктер жоғалмаса  да қүндылығының мәні төмендеуге әкеп соғады. Олар өзбеттілікті амал жоқ аз көрсететін болады, өзінің білуге құмарлығы мен шығармашылық қасиетіерін тежейтін болады. Олардың ерекше мүмкіншіліктері керек емес ретінде болып қалады.

Ерте ақыл ой жетілген балаларда басқа да мектептік  қиыншылық варианттары болуы мүмкін. Одан мүғалімдер ата- аналар үздік, үлгілі оқушы болуды күтеді немесе талап етеді. Ал, баға тек білімге ғана қойылмайды, мiнез-құлыққа да, жазу көршісiне де қойылады.

Жоғары қабілетті оқушыларға қарағанда, мысалы үй тапсырмасын орындау  формасы бойынша сабаққа тақырыбында қамтылмаған қандай да бір нәрсені айтқанына емес, жазбаша жұмыстарындағы жазу көріністернің ұқыпты

еместігіне баға көбірек  қойылады. Ал, бірқатар жанұяларда кез-келген төмен баға драма ретінде қабылданады.

Ақыл- ойы - өте ерте жаста дамып жетілген балалардың құрбыларымен өзара қарым-қатынасында да біршама қиыншылықтар кездеседі. Сыныптастар, әсіресе жеткіншек жастың басында мұндай оқушының өзіне алшақтауға тырыса бастайды, оған ренішті «атау» береді, он ыңғайсыз жағдайға қалдыруға тырысады. Ал бұл бала  «періште сырт қалып кетпес үшін   барлық   бала   сияқты»   оолуға   тырысады,   өзін   барлығын   білуші, ықыласты көрсетуден қашқақтайды.

С.Л. Каробко лабораториясының қызметкерлерінің басшылығымен үш жылдык және төрт жылдық мектептің әдеттегі бағдарламалары – оларды  мықтылау бағытында модификацияланды: ірі блоктағы оқу материалдарын беру; концентрациялы құрылымды ликвидациялау (тұрақты құрылымды жоққа шығару) т.б. Мүның барлығы осы контингенттегі оқушылардың жоғары қабілетті ақыл-ойын ескере отырып, „Үш жылды - екі жылда" үшжылдық мектеп үшін) және төртжылдықты- үш жылда ( төртжылдық мектептер үшін) – ұранымен  бастапқы оқу курсын жоспарлау қажеттігін тудырады.

;

Оқыту әдістемесінде  ең негізгі көңіл оқу ептілігін  қалыптастыруға қойылады. Оқушыларға жүйелі тұрғыда сабақта мұғалім рольінде болуға мүмкіншілік туғызып отырады. Шығармашылық сипаттағы әртүрлі жарыстық тапсырмалар, рольдік тренингтер, топтық дискуссия кеңінен қолданылады. Бүл сынып біржақты күрамда болғандықтан (тек дарындылар) оқу процесі көптеген жағдайларда сыныпіші дифференциация негізінде қүрылады. Бүл оқу жүмысын топтық формада қүруды пайдалануға, дарынды балалар үшін жеке даралық жоспар бойынша өз бетінше жүмыс істеу мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді. Бүл сыныпта өз бетінше көркем және ғылыми- көпшілік әдебиеттер оқуға көп көңіл бөлінеді.

Танымдық  қүрылымның дамуындағы  қабілет.   Танымдылық   даму 
әдетте, білімдер дифференциациясының ұлғаюымен байланысты. Ерекшелеудің жас ерекшелік мүмкіншіліктері бақыланатын заттармен құбылыстардың қасиетіне ғана қатысты емес, сондай-ақ олардың бұрынан ақ бар қасиеттері абстрактылы ұғымдардың, ғылыми және теориялық білімдердің қалыптасуына да әкеп соғады.

Бiлімдерді  меңгерудің  екі  жолы  бар,  олардың  әрқайсысынан  таным процестерінің сипати анықталады. Бір жолы жаңа білімді өз бетінше ашуга әкеп соғатын іс-әрекеттің белсенді қалыптасуына бағытталған: баланың заттар арасындағы байланысты байқауынан бастап бұрын ешкімге танымал болмаған заңдылықтарды көрсету және алдыңғы өнер табыстарына дейінгі жаңа білім. Екінші жолы дайын бейнелер мен эталондарды меңгеруінде қүрылатын байта жаңғырту іс-әрекетіне бағытталған. Бірінші жағдайда шығармашылық өнімді үрдіс туралы айтылады.

Қабілеттер мақсатты түрде өзіне сәйкес психикалық функцияларға қатысты. Психикалық функциялар психикалық процесстерде жүзеге асатындықтан қабілеттілік танымдық және психомоторлық процесстеріне жатқызу керек, ал олардың жіктелуі психикалық фуі|кциялар мен процесстердiң жіктелуіне сүйену қажет./18/

Әдетте, қабілетті іс- әрекетті орындау дың нәтижесінде көрінетін, бір адамды екінші адамнан ажырататын жеке даралық- психологиялық ерекшелік деп түсіндіреді.

Қабілетті танымдық және психомоторлы процесстерді жүзеге асырушы  функциялық жүйелердің қасиеті ретінде  анықтама беруге болады, онда іс-әрекеттің өзіндік орындалуының нәтижелігі мен сапасында көрінетін жеке даралық өлшемі болады. Қабілеттің көрінуінің жеке даралық өлшемді анықтау кезінде кез- келген іс- әрекет нәтижесіне сипаттама берудегі параматрлерді мақсатты түрде үстану қажет. Іс- әрекет нәтижесінің сипатына өнімділігі, сапасы және сенімділігі жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау.   мектеп окушыларының  қабілеттерін   оқу іс-Әрекетінде диагностикалау

2.1. Зерттеудің   барысы, мақсат- міндеттері.

Зерттеудің  мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетіндегі мнемикалық қабілеттерінің даму деңгейін анықтау.

Зерттеудің  міндеті: Оқушылардың оқу іс-әрекетінде вербалды және вербалды емес материалдарды есте сақтау мен қайта жаңғыртудағы мнемикалық қабілеттердің функционалды даму деңгейін, операционалды механизм түрлерінің қалыптасу деңгейін анықтау.

Жұмыстың   эксперименттік   бөлімі   Алматы   қаласының Мiржақып Дулатов  атындағы     №136-шы     мектептің     бастауыш     сынып оқушыларына жүргізілді.   Зерттеуге   барлығы   97   оқушы   қатысты.

Олардың толық мәліметі 1-ші кестеде көрсетілген:

 

Зерттеу мақсатына жетуге орай қойылған міндеттерге сай, зерттеу барысында мнемикалық қабілеттердің функционалды даму деңгейінiң ішінде сендер барынша көп сөз жаттауларың керек және оны аудармасымен бірге дүрыс жазуларың керек. Бәрі түсінікті ме? Сонан соң, мұғалімнің нұсқауымен оқушылар сөздерді жаттауға кіріседі, ал мүғалім уақытқа қарап тұрады. Уақыт біткенде оқушыларға "Уақыттарың бітті, аяқтандар", дейді. Балалар таза парақты алып II" санын жазады да естерінде қалған орыс сөздерін аудармасымен жазады. Оқушы орыс сөзін аудармасымен есіне түсіре алмаса, онда есінде қалған орыс сөзін аудармасынсыз жазуға рүқсат етіледі".

Нәтижелерді өңдеу. Нәтижелер төмендегідей есептелінеді:

Тест материалын І-ші көрсету бойынша: функционалды 
механизм өнімділігінің қосымша көрсеткіші қазақша аудармасынсыз дұрыс қайта жаңғыртылған орыс сөзінің саны.

Тест    материалын   II-ші    көрсету    бойынша: қабілеттің  операционалды  механизмдер  өнімділігі жөнінде  негізгі көрсеткіш – Дұрыс  қайта жаңғыртылған сөздер жұбы аудармасымен; операционалды механизмдер өнімділігі жөнінде қосымша көрсеткіш – дұрыс қайта жаңғыртылған аудармасынсыз орыс сөзі.

Әр көрсеткіш бойынша  алдыңғы бағалар таблицаның көмегімен  шкалды (стандартты) бағаға көшіріледі. Шкалды бағалардан шыға отырып нәтижелердің талдауы жүргізіледі.

    "Сөйлем  суреттерімен" субтесті

       Субтест  вербалды және вербалды емес  материалды есте сақтау мен  қайта жаңғыртудағы мнемикалық  қабілеттердің даму деңгейін анықтауға, операционды механизмдердің келесі түрлерінің: классификация, қайта кодтау, бар ұғымдық білімдерді актуализациялау, сериялаудың (операция вербалды тапсырмаларда орындалады) қалыптасу деңгейін анықтауға арналған.

Тест материалы: сөйлемдері бар карточкалар, әр сөйлемге коды бар карточкалар жиыны (орыс сөз оны көрсететін сурет) берілген (Қосымша Д).

Тестілеу процедурасы: тест индивидуалды жүргізіледі. Тестілеудің алдында оқушыға келесі инструкция беріледі: "Қазір мен саған сөйлем жазылған бір карточка көрсетемін. Әр сөз, сөздің мағынасын көрсететін суреттермен берілген. Сен, сол сөзді бар назарыңмен оқып, жазылған сөз бен суреттерді есінде сақтауың керек. Сонан кейін мен саған ""сөз -суреті" бар кішігірім карточкаларды көрсетемін. Олардың ішінде қате сөздер мен суреттер.

Субтест операционалды  механизмдердің өнімділігін диагностикалауға, сондай-ақ функционалды механизмдер  өнімділігі жөнінде қосымша мәліметтер алуға арналған.

Эксперимент материалы: тест материалы бар карточкалар (қосымша Ә), секундомер, таза бланклер.

Топты тестілеу процедурасы: Функционалды механизмдер өнімділігі жөнінде қосымша мәлімет алу керек болған жағдайда материал екі рет беріледі (тестілеудің толық сипатын береміз). Бірінші рет функционалды механизмдер өнімділігі жөнінде қосымша мәліметтер алу үшін. Екінші рет – мнемикалық қабілеттің операционалды механизмдер өнімділігі жөнінде негізгі көрсеткішті алу үшін. Егер мұғалім функционалды механизмдердің қосымша көрсеткішін қажет етпесе, онда бірден операционалды механизмдерді диагностикалауға бағытталған процедураға кірісуіне болады.

Тестілеудің толық сипатын  келтіреміз. Алдымен окушыларға, кейінгі  жұмыстарды керек болатын, аудармасы  бар сөздермен жұмыс істейтіндіктері  айтылады. Субтесті бірінші көрсетуге  арналған инструкция: "Балалар, қазір біз аудармасы бар бірқатар сөздермен жұмыс істейміз. Тапсырма бірінші тапсырмаға ұқсас. Қазір әрқайсың таза қағаз бен аудармасы бар орыс сөздері жазылған карточкалар аласыңдар. Менің белгім бойынша карточканы оң қаратып оны бір ақ рет оқисыңдар. Карточканы оқып болған соң, оны шетке қойып, мен көру үшiн қолын көтереді. Орыс сөздерін аудармасымен қосып оқыңдар (қалай оқу керектігін және қалай оқымау керектігін оқып көрсетеді). Окуға 30 секунд уақыт беріледі, бәрің үлгеруің керек. Барлығы тапсырманы оқып болған соң, менің белгім бойынша таза қағазға (алдын-ала аты-жөндері толтырылған) "I" санын жазып, одан кейін естеріңде қалған сөздерді жазасындар. Бәрі түсінікті ме?". Сұрақтарға жауап берілген соң тест материалы бар карточкалар тартылып, мұғалімнің нұ0сқауымен барлығы аудармасы бар сөздерді оқиды. Мұғалім, оқу уақытын қарап тұрады. 25 секунд өткенде оқушыларды асықтыру керек: "Уақыт бітті. Сөздерді тез оқып болыңдар". Барлық оқушы сөздерді оқып болған соң, таза парақты алып, естеріңде қалған сөздерді, аудармасымен жазады. Оқушы орыс сөзін аудармасымен есіне түсіре алмаса, онда орыс сөзін аудармасынсыз жазуға рүқсат етіледі. Тапсырманы орындап болған соң оқушыларға тест материалын екінші көрсетуге инструкция беріледі "Балалар сендерге еске сақтауға аз уақыт берілгендіктен барлық сөздерді естерінде сақтай алмадындар. Қазір мен еске сақтау уақытын бірнеше рет көбейтемін. Сендерге еске сақтауға 3 минут беріледі (тест материалын бір рет оқу алты есе өседі). Осы уақыт.

Информация о работе Оқушылардың оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері