Оқушылардың оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 16:00, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында мектептерде тәрбиелеу бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Бала қабілеттерін жетілдіруге бағытталған тереңдетіп оқыту сыныптарының, лицей, гимназиялардың ашылуы, қазіргі танда оқушылар қабілетін психолого-педагогикалық диагностикалау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Мұның өзі мектептерді психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Содержание

КIРIСПЕ ………………………………………………....................……….3

1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1.Бастауыш мектеп оқушыларында ес процесінің
даму ерекшеліктері. .…...............................................................................6

1 .2.Қабілеттіліктің танымдық процестермен
/ес/ байланысына түсінік......................................................................…11
1.3. Қабілеттердің классификациясы факторларының
ерекшеліктері.................................................................................................26

2-ТАРАУ. мектеп оқушыларының қабілеттерін оқу іс-Әрекетінде диагностикалау
2.1. Зерттеудің барысы, мақсат- міндеттері. .........................................…43
2.2.Зерттеудің классикалық әдістері...........................................................49

2.3. Зерттеудің әдістерін талдап, өңдеу. ...................................................56

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….....................................……….63
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI...……………………………………......................................…..66
ҚОСЫМША…………………………………………………......................................….68

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ОҚУШЫЛАРДЫҢ-ОҚУҒА-ҚАБІЛЕТТІЛІГІ-МЕН-ЕСТЕ-САҚТАУ-ПРОЦЕСІНІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-НЕГІЗДЕРІ.doc

— 359.50 Кб (Скачать документ)

Логикалық естің дамуы  арнайы ұйымдасқан болуы керек. Себебі бұл жастағы балалардың көпшілігі  өз бетінше материалды мағыналы өңдеу  тәсілдерін пайдаланбай, есте сақтау мақсатында, әбден сыналған құрал - қайталауға сүйенеді. Бірақ, оқу іс-әрекеті барысында  мағыналы талдау мен есте сақтау тәсілдерін меңгергенмен, олар оку іс-әрекетінде оны бірден қолдана қоймайды. Ол үшін үлкендер тарапынан қозғау қажет.

Бастауыш мектеп жасының  әр кезеңінде оқушылардың мағыналы есте сақтау тәсілдерінің динамикасын  байқауға болады: егер екінші сыныпта олардың өз бетінше қолдану қажеттілігі пайда болмаса, бастауыш мектептің соңына қарай балалардың өзі оқу материалымен жұмыс істеу барысында, есте сақтаудың жаңа тәсілдерін іздей бастайды.

Бастауыш мектеп окушыларының ырықты естерінің дамуында, осы жаста есте сақтаудың белгілік және символдық құралдарды меңгерумен байланысты, ең алдымен жазбаша жазу немесе сөйлеу және сурет салумен байланыстағы бір аспектісін бөліп көрсетуге болады.

Жазбаша сөйлеуді (3-ші сыныпқа  қарай) меңгеруіне қарай балалар белгілі құралдар ретінде сөйлеуді пайдаланып жанама есте сақтауды меңгереді. Бірақ бұл процесте бастауыш мектеп оқушыларында тура есте сақтау мен еске түсіру механизмдерінің ырықты формаларының қалыптасуының жауапты сатысында басқарылмай стихиялы өтеді. Жазбаша сөйлеудің қалыптасуы мәтінді жай ғана қайта жаңғырту талап етілгенде емес, соның астарын ұқтыру жағдайында эффектілі жүреді. Сондықтан жазбаша сөйлеуді меңгеруде мәтінді мазмұндамай, оны ойдан шығару керек. Балалар үшін сөз туындатудың ең адекватты түрі ертегі құрастыру болып табылады. Бастауыш мектеп жасы ырықты есте сақтаудың жоғарғы формасы дамуы үшін сензитивті болып табылады. Сондықтан мнемикалық іс-әрекетті меңгеруге мақсатты бағытталған дамыту жұмыстары бұл кезде ең эффективті болып табылады .

Оның ең маңызды шарты, бала есінің индивидуалды сипаттарын ескеру болып табылады: оның көлемі, модалділігі (көру, есту, моторлы) және т.б. Бірақ бұдан тәуелсіз әр бала эффективті есте сақтаудың негізгі  ережелерін меңгеруі керек: материалды дұрыс әрі жақсы есте сақтау үшін онымен белсенді жұмыс жүргізу және оны қалай да ұйымдастыру керек. /27/

Оқу iс-әрекеті психологиялық  диагностика процесі ретінде  елестетіледі. Оқу мәселелері (ауызша, жазбаша, ой жұмысы, бақылау жұмысы) диагностиканың қандай психологиялық процеске бағытталғаны тұрғысынан талданады.

Жасқа байланысты ес өнімділігінің көрсеткіштері  өзгеріп отырады. Ересек оқушыларға қарағанда бастауыш мектеп оқушыларының ес өнімділігін көруге болады. Олар тез шаршайды. Мектеп өмірінің алғашқы 3-4 жылында қайталауға көп көңіл бөлінуі керек, себебі бастауыш мектеп оқушылары әлі материалды өндеу тәсілдерін дұрыс білмегендіктен, оларға есте сақтау үшін ассоциацияларды табу қиынға соғады.

"Психикалық процестерді  зерттеу (немесе функцияларды) олардың  бір-бірімен тығыз байланыста және бір-біріне ауыспалы екенін көрсетеді. Мысалы: қабылдауды қарастырсаң оны естен, ойлаудан, эмоциялардан және т.б. оқшаулауға жағдай жасаудың мүмкін еместігін көреміз. Реалды қабылдау процесіне ес те, ойлау да және т.б. кіреді", деп жазды Б.Ф. Ломов /11/.

В.Д.Шадриков ұсынған  танымдық қабілеттер құрылымы, олардың  диагностикалық процедурасын да анықтайды. Нақтылы қабілетке сипаттама  беру, тек оның басқа қабілеттермен  өзара байланысын ескергенде ғана мүмкін. Мұндай диагностиканы практикада жүргізу мүмкін бе? Ол тым күрделі болмай ма? Мұндай процедура қандай болу керек?, деген сүрақтарға, ол эксперименталды тәжиірбелерге сүйене отырып, мұндай процедураларды жүргізуге болатынын айтады. Ол үшін алдымен әр танымдық қабілеттерді диагностикалап, сонан кейін алынған нәтижелерді регрессиялы талдау керек. Нәтижесінде бір қабілеттің басқаларымен байланысын бейнелейтін регрессия теңсіздік матрицасы шығады. Диагностикалаудың бұл тәсілі оларды талдаудың жаңа сатысына көтерілуіне мүмкіндік береді. Қабілеттер өз табиғатынан динамикалы. Ол үнемі қозғалыста дамиды. /5/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Қабілеттіліктің  танымдық  процестермен  /ес/ байланысына  түсінік

Қабілеттердің    қалыптасуы    мен    дамуы  диагностикалық құралдарды жасаудағы  негізгі сүрақ. Ес психологиясы тарихқа бай екендігі баршаға мәлім. Егер ес процестерін түсінуге ретроспективті қарар болсақ, онда оның құрылымын әртүрлі көзқарастар тұрғысынан анықтауға жасалған көптеген талпыныстарды көреміз. Абстрактілі-теорилық трактовкадағы есті із ретінде қарастырудан ес психологиясындағы іс-әрекет бағытына дейін есті зерттеудегі шешуші қозғалысты іс-әрекет пен психиканың бірлігі туралы диалектико-материалистік методологияның ортаңғы принципін тарату негізінде жүзеге асты.

20-шы жылдардың аяғында  ес процестерін талдаудың жаңа бағыты байқалды (П.Жане, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н.Леонтьевтің еңбектері). Есті әлеуметтік-генетикалық талдаған П.Жане болды. "Ес эволюциясы мен уақыт ұғымы" (1928) еңбегінде П.Жане адам есінің психологиялық механизмдерін қарастырады. П.Жане бойынша естің жоғарғы формасы "жоқка әлеуметік реакция" жоқты жеңудегі ерекше әрекет болып табылады /13/.

Қазіргі мінез-құлықта  алдыңғы тәжірибенің қатысуы  мен 
пайдаланылуы есті білдіретіндігі туралы ой Л.С.Выготскийге жатады.  Бұл көзқарас тұрғысынан ес реакцияны сақтау мен қайта жаңғырту кезінде іс-әрекетті береді. Бұл ойды Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, А.Р.Лурия эксперименталды дамытты.

А.Н. Леонтьевтің  "Ес дамуы"   (1931)  Л.С.Выготскийдің айтуынша "естің дамуы оның қасиетімен түсіндірілмей, оның дамуы қасиетінен шықты" деген алғашқы зерттеу жұмысы еді. Бұл жоғары психикалық функциялардың  

жанамалылығы мен есте сақтау тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды.

Бұл заңдылық тура және жанама есте сақтау өнімділігіне, кішкентайдан орта мектепке дейінгі жасқа қарай біртіндеп дивергенция болатын, орта мектеп жасынан ересек сыналушыларға қарай конвергенция көрсеткіштерінің көрінуінен байқалады. А.Н.Леонтьев "даму параллелограмы" деген атпен белгілі зандылықта нақтыланған сыртқы құралдардың "айналуы" мен есте сақтау тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды. Бұл заңдылық тура және жанама есте сақтау өнімділігіне де кішкентайдан орта мектепке дейінгі жасқа қарай біртіндеп дивергенция болатын, орта мектеп жасынан ересек сыналушыларға қарай конвергенция көрсеткіштерінің көрінуінен байқалады.

А.Н.Леонтьев «Егер адамға есте сақтауға көмектесетін психологиялық  процестер мен операциялардың генетикалық  ауысуын және ес даму тарихының реалды мазмұнын құрайтынын қарайтын болсақ, онда екі әр түрлі естердің – логикалық және механикалық естердің барлығы туралы ескі түсінікті бірегей функцияның бірегей процесс дамуы алмастыратындығы ашылады», деп жазды. А.Н.Леонтьевтің ойынша, ес даму процесінің мәні, мінез-құлықтың жоғарғы даму кезеңінде ерекше биологиялық қасиет ретіндегі естің орнына, адамның әлеуметтік өмір сүру жағдайында ес орындайтын функцияны атқаратын, яғни есте сақтауды жүзеге асыратын психикалық процестердің күрделі функционалды жүйесінің қалыптасуы болып табылады. /15/

Есті әрекет немесе іс-әрекет ретінде түсіну 20-30-шы жылдардағы ес психологиясының мәнді жетістігі болып табылады. Осыған орай П.И.Зинченко, осы көзқарастардың арқасында, «Г.Эббингауз сияқты есте сақтау нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ есте сақтаудың іс-әрекеті мен оның ішкі құрылысын да зерттеу мүмкін болды», деп жазды.  Ес тарихи дамушы пәндік іс-әрекет өнімі ретінде қарастырылды, яғни ес зерттеу пәні, ал іс-әрекет оның дамуы мен қызметінің түсіндіруші принцип ретіндегі мәні бар жаңа методологиялық бағыт қалыптасты.

Ес құрылымына "стимул – құралды" енгізу тек процестің құрылымын толығымен қарастыруға ғана емес, оның құрамын да қайта қарастыруға әкелді. Одан әрі ес мәселесін зерттеуге соңғысы өз әсерін тигізді. П.И. Зинченко, А.А. Смирнов еңбектерінде есте сақтаудың әр түрлері негізінде жатқан процестерді құрылымдық-функционалды талдау мәселесі қойылған. П.И. Зинченко «ырықсыз есте сақтау өз дамуында арнайы әрекет сияқты, осы психикалық әрекеттің реалды мазмұнын кұрайтын: есте сақтаудың заты, мақсаты, мотиві, құралдарының сипатына қарай әр түрлі формаға ие болады», деп жазды. Есте сақтау кұрылымы осы компоненттердің ауысу сипатына қарай өзгереді. Бірақ, есте сақтау сипаты жекеленген компоненттердің өзгеруіне емес, бүкіл есте сақтау құрылымының өзгеруіне байланыстылығын П.И.Зинченко атап көрсетеді.

Сонымен, естің эксперименталды  зерттеулерінде екі бағыт: есті із ретінде (Г.Эббингауз және т.б.) және есті әрекет ретінде зерттеу айқын көрінетінін айтуға болады, Екінші бағытта есте сақтау процесіне қатысты: А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, А.А. Смирнов; еске түсіру процесіне қатысты – Ф. Бартлетт, П.И. Зинченко, А.А. Смирнов эксперименталды таратушылар болса, ал есті әрекет ретінде зерттеу бағдарламасын алғаш Ж. Пиаже ұсынды. Отандық және европалық психологияға күшті әсер еткен ес психологиясы мәселесіне іс-әрекеттік тұрғыдан құрау туралы айтар болсақ, осы бағыт төңірегінде орындалған зерттеулерді талдай отырып, екі мәселенің көрінетінін айтпай кетуге болмайды: ес және іс-әрекет және ес іс-әрекет ретінде. Л.С. Выготскийдің ес "осы сөздің толық мағынасында" іс-әрекетті береді, деген ойы соңынан "ес және іс-әрекет" мәселесін көтерген бірқатар зерттеулерді ерткенімен, бірақ ес – динамикалық  құрылымға ие, күрделі функция деп аталды.

Бірқатар авторлар, 60-шы жылдардың басына қарай ес психологиясы мәселесі басқа психикалық процестерді немесе іс-әрекеттер: ойын, оқу, еңбек, спорт түрлерін қарастырумен астасып кетті. Осыған орай, ес қызметінің көптеген заңдылықтары белгілі болды. Ес процесінің ойлау, қабылдау, жеке адамның еріктік, эмоционалды, мотивациялық жағдайларымен байланысына жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, есте сақтауды қалай ұйымдастыруға болады? оқушыларды қандай құралдармен қаруландыру керек? деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап беру мүмкін болды.

А.А.Смирнов "есте сақтауда түсінудің ролі жалпыға белгілі", деп жаза отырып, материалды терең, әрі айқын түсіну құралы ретінде көрінетін есте сақтау мен ойлау процестерінің байланысын көрсетеді . Одан әрi А.А.Смирнов ойлау әрекеті "өзінің әр алуан және күрделі көріністерінде" қайта жаңғыртудың психологиялық ядросын құрайды, деп дәлелдейді. Есте сақтаудың қарқындылығы үшін ойлау белсенділігінің маңызды ролі П.И. Зинченко, А.Н. Шлышкованың жұмыстарында бекітілді. Бұл зерттеулердің логикасы авторларды, ойлау әрекетінің өзін қарастыруға әкелді. Ойлау процестерін зерттеу логикасы Ж. Пиаже мен Б. Инельдерді ес процестерін зерттеуге әкелді. Зерттеушілер көрсеткеніндей, еске түсіру кұрылымы субъект меңгеретін қабілет пен естің оперативті бірліктеріне тәуелді. Ж. Пиаже мен Б. Инельдер «есті ұйымдастыру ой схемасы деңгейіне қатысты өзгеріп, индивидтің интеллектісімен бірге дамуы керек», деген қорытындыға келді. Қысқа мерзімді есті зерттеуге арналған П.И.Зинченко, Б.М. Величковский, Г.Г. Вучетич еңбектері "қысқа мерзімді есті зерттеуде алынған ақпараттың қайта құрылуы, ақпараттық шешімді даярлауда, мәселелік жағдайдың бейнелік-концептуалды моделін калыптастыруда мәнді роль атқаратынын" көрсетті.

Б.Г. Ананьевтің басшылығымен жүргізілген зертеулерде ес басқа  психикалық функциялармен: зейін, ойлаумен және Д.Векслердің тестер жинағымен анықталған жалпы интеллектуалды даму деңгейімен байланысты зерттелінді. Естің басқа психикалық функциялармен байланысында ұзақ мерзімді есте тұту мен ырықты зейін арасында оң байланыстар көп болды.

К.Д. Ушинский, Рибо, П.П.Блонский, А.А. Смирнов, С.Г. Бархатовалар еске түсіру, есте сақтау, жеке адамның ерік-күшінің байланысын көрсетеді. Е.С. Маклах және И.А. Рапорттың ес ерекшеліктері мен жеке адам ерекшеліктері арасындағы нақтылы байланыстарды анықтауға бағытталған зерттеулері, жоғары мектеп оқушыларында ұзақ мерзімді есте сақтаудың дамуы, жеке адамның еріктік сапаларының дамуымен байланысты екенін көрсетті. А.И. Липкина өзін-өзі бағалауында әр түрлі адамдардың мнемикалық іс-әрекеттеін зерттей отырып, жеке адамның өзін-өзі бағалау сипаты мнемикалық есептердің нәтижесін шешуге әсер ететінін көрсеті.

Операционалды механизмдердің зерттелуі А.А. Смирновтың (Е.К. Матлин, К.П. Мальцев, А.И. Липкина, Э.А. Фарапонова және т.б) басшылығымен жүргізілген жұмыстарда барынша көрсетілген.

Вербалды және бейнелік есті экспериментті зертгеу негізінде  Э.А. Фарапонова, «материалды есте сақтаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану, мнемикалық іс-әрекеттердің жас айырмашылықтарына байланысты», деп қорытынды жасайды.

В.И.Самохвалова, К.П.Мальцев, З.М.Истомина жүргізген мектеп жасына дейінгілердің классификация, мәтін жоспарын жасау, мағыналы сәйкестендіру есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуын зерттеулері, есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жақсы ұғынуға мүмкіндік береді.

Г.Г.Гордилова, И.А.Зимняя, Н.С.Магина және т.б. еңбектері естің шет тілге деген қабілетпен байланысын қарастыруға арналған. Олардың зерттеулерінен шет тілді меңгеруге мнемикалық қабілеттердің тікелей қатысатынын көруге болады. И.А.Зимняя шет тілді меңгерудің сәттілігіне әсер ететін екі индивидуалды-психологиялық көрсеткіштерді бөліп көрсетеді: оперативті ес және ықтималды болжау. Сондай-ақ оқудың бастапқы кезеңінде ес жетекшілік етеді.

Т.В. Зотова  зерттеу  нәтижелерінде қабілеттердің функционалды механизмдері өз табиғатынан модальды, яғни әртүрлі физиологиялық негізі бар функционалды механизмдер арқылы көру, есту, есте сақтаулары жүзеге асады.

  1. Операционалды механизмдер  "интермодальды",  яғни,  есту 
    және көру есте сақтауларына бірдей ортақ.
  2. Есте сақтауға бөлінетін уақытты көбейту, механизмдердің 
    есте сақтау процесіне қосылуына оң әсерін тигізеді.

Информация о работе Оқушылардың оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері