Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 10:45, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі ауыл мектептеріне тән белгі - олардың шағын жинақталғандығы.
оқушыдан көп емес) мектептер, параллель сыныптары болмайтын немесе
кейбір жеке сыныптары түгел емес мектептер, сондай-ақ оқушы санының аздығына байланысты сыныптары біріктірілген мектептер жатады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті - бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар. Жинақталған сыныптың құрамы екі немесе үш сыныптан тұруы мүмкін.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
I Ауыл мектептерінде оқу үдерісін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарын анықтау
І.І. Ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру бағытындағы әлемдік (Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдеріндегі) тенденциялар............................................................................................................7
1.2. Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру тәжірибелері..........................................................................13
II Ауыл мектептері үшін педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары
2.1. Ауыл мектебі жағдайында қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктеу.......................................................................................26
2.2. Ауыл мектептерінде технологияларды қолданудың ғылыми-әдістемелік шарттарын анықтау...........................................................................41
2.3 Ауыл мектептері үшін ақпараттық технологияларды мектеп практикасына ендіру тәжірибесі..........................................................................52
Қорытынды ....................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аулакпараттандыру.doc

— 361.50 Кб (Скачать документ)

Жоғарыдағы айтылғандай, осы басты көрсеткіштерге сүйене отырып шағын жинақталған ауыл мектептерінде қолдануға бейімді, тиімді және қолайлы технологиялар іріктелінді. Олар: жүйелілік негізде оқыту, шогырландырып қарқынды және компъютерлік оқыту, оқытудың ужымдық тәсілі технологиялары.

 

 

 

 

 

2.2. Ауыл мектептері үшін ақпараттық технологияларды қолданудың ғылыми- әдістемелік шарттарын анықтау

Деңгейлі саралап  оқыту технологиясы шағын жинақталған мектепте зерделенетін әрбір пәннің оқу материалдарын деңгейлерге бөлу арқылы оқытуға сүйенеді. Шағын жинақталған мектептерінің оқыту үрдісінде осы технологияны қолданған жағдайында оқушылардың күнделікті өмірден алған тәжірибесі және теориялық дайындығы, оқуға деген ынтасы, өзіндік қабілеті ескеріледі. Шағын жинақталған мектепте деңгейлеп саралап оқыту технологиясын енгізудің басты себептеріне мыналар жатады:

- оқу ақпараттары көлемшщ  үлғаюы;

-әр түрлі жастағы  балалардың қабілетін, мүмкіншілігін  анықтау. Деңгейлеп саралап оқыту  технологиясының басты мақсатының  бірі оқу ақпараттары көлемін азайту емес, оның ұлғаюынан туындайтын салдар ретінде меңгеруге жағдай жасайтын деңгейлерге бөлшектеу және оқушыларға қойылатын талаптарды түрлендіру, яғни жалпы орта мектеп пен ЖШМ-дегі оқушылардың біліміндегі алшақтықты анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір оқушы өзінің даму аймағына таяу деңгейде оку материалын меңгеруге қамтамасыз етіледі. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы пәнішілік деңгейлеу әдістемесіне сүйенеді, яғни білім мазмұнын толық игеру қағидаларын басшылыққа алады. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын шағын жинақталған мектептерде пайдалану оқушыларға ғылым негіздерін меңгертудің тиімді жолы болып және сабақ барысында оқу материалдары мен тапсырмаларының бірнеше деңгейін меңгеруге мүмкіндік береді. Оқу материалдары мен тапсырмаларды дегейлеп саралау кезінде мынадай жағдайларды ескерген жөн, олар:

-   жеке түлға  ерекшеліктерін;

-   психикалық даму  ерекшеліктерін;

-   пән бойынша  білімді игеру деңгейін.

ШЖМ-дегі әр түрлі жастағы  балалардың даму деңгейі, есте сақтау, ойлау, қабылдау, зейін ерекшеліктері бірыңғай болмауынан үлгерімдеріде әртүрлі болатыны белгілі. Сондықтан мүғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, оны бекіту, қайталау, алған білім, білік, дағдыларын бағалауды деңгейге саралауы тиіс. Оқу процесін үйымдастыру оқу модульдері бойынша жүзеге асырылады. Оқу модульдерінің қүрылымы оқушылардың өздігінен сабақты оқып-түсініп келуінен, оны қарапайым тапсырмалармен бекітуден және өзіндік жүмыстан, тестілеуден түрады.

Келесі қарастырылатын технология - Оқытудың ұжымдық тәсілі. Бүл технологияның шағын жинақталған мектептерінде қолданудың себептері: шағын топтар құрылады, топтардың ішіндегі қарым-қатынастарға негізделеді (шағын топтарға оқитындар мен оларды оқытатын оқушылар кіреді); ауыстырмалы жұптар деп оқушының бірде мүғалімнің рөлінде, бірде тыңдаушы ретінде өзгеріп отыратындығында. Ауыстырмалы, өзгермелі жұптарда бірін-бірі өзара оқыту жолымен жүзеге асады. Оқушылар үжымы - кәсіби мүғалім мен тәрбиешінің рөлін мойнына алады, сондықтан ол үжьщдық оқыту технологиясы деп аталады. ШЖМ-де үжымдық оқыту тәсілі технологиясын қолдануда келесі жағдайларды ескерген жөн:

-   оқушылардың қабілеттеріне  қарай оқуы;

-   соңғы нәтижеге  бағдарлануы;

-   бірін-бірі оқытуы;

-   бірлескен өзара  көмек көрсетуі;

-   оқу материалдарының және тапсырмаларының көп түрлігі;

- түрлі деңгейлік үжымның және онда түрлі жастағы оқушылардың болуы;

-  үжымның әрбір  мүшесінің қызмет атқаруы.

ШЖМ-дегі оқушылардың  қабілеттеріне қарай оқуы барысында  оқу материалдарын меңгеру үжым мүшелері үшін өзіндік бағдарға сай бағытпен жүру, оқушыларға пәндерді және тақырыптарды таңдау қүқығын беруге, әрбір оқушы өзіндік қарқынмен оқуға тиіс. Соңғы нәтижеге бағдарлану деп оқу және демалыс уақытының шектелмеуі арқасында тек мақсатқа жетуді айтамыз, яғни оқу материалдарын оқу уақытынан тыс уақытта меңгеруі басты мақсат болып табылады. Бірін-бірі оқыту барысында әрбір оқушы табысқа жетуге тырысады. Бірлескен өзара көмек көрсету кез келген уақытта үжымның мүшелері басқаларға көмек береді. Оқу материалдарының және тапсырмаларының көп түрлілігі әрбір оқушының қабілетіне қарай оқу материалдары мазмүнының даралануынан туындайды. Түрлі деңгейлік үжымның және онда түрлі жастағы оқушылардың болуының ерекшелігі оқу топтарының қүрамындағы үлкен жастағы өзінен кішілерге қамқорлық жасай отырып, оларды кадағалайды. Осындай топтарда өзара көмек, жаттықтыру, білімді толықтыру, дұрыс емес тұстарды түзету, тексеру жүзеге асырылады. Үжымның әрбір мүшесі үйымдастырушы, жетекші, басшы, тәрбиеші рөлінде қызмет атқарады. Окушылар үжымда іс-әрекет жасау және оны басқару, шешім қабылдау, үжымның басқа мүшелері үшін жауапты болу, олардың талаптарын ескеру дағдыларын меңгереді. Үжымдық топтың әрбір мүшесі өз тобының жүмысын ңамтамасыз ету ережесін қатаң сақтайды. Шағын жинақталған мектепте үжымдық оқыту технологиясының мазмүны мен қүрылымы сипаты бойынша оқыту және тәрбиелеу технологиясы, әсіресе оның тәрбиелеу сипаты басым, яғни бүл технологияның басты мақсаты -оқушының өзбетінше білім алу мәдениетін қалыптастыру. Аталған технологиядағы оқушының позициясы: өзбетінше білім алудың қайнар көзі -оқушы. Негізгі үстанымы - қабілітіне қарай білім алу.

Жүйелілік негізде  оқыту технологиясының қолданудың ерекшеліктеріне:

- оқу материалын таңдау, іріктеу, яғни оның жалпы көлемін сақтай отырып түрлендіру;

-  оқу материалдарының қүрылымдық сызбаларын түзу;

-  үш деңгейлі тапсырмалары бар кеспелер (карточкалар) жасау жатады.

Бірінші мәселе бойынша  оқу материалдын іріктеу деп  ортақ мәселелері бар ақпараттарды ыкшамдап, қысқаша баяндау барысында  оларды ірі нақты қүрылымдық сызбаларға түсіруді айтамыз. Оқу материалдарын іріктеу таңдау жүмыстарына оқушылар да қатысады. Мүғалімдердің пайымдауынша, бүл технология қолдану барысында оқушылардың белсенділігі артып, ойлау дағдылары дами түседі.

Екінші мәселе блоктық  жүйелі қүрылымдық сызбалар түзу оқу материалдарын лезде есте сақтап қалуға, оны әр түрлі кырынан көрсетуге, яғни пәнішілік байланыстар түрғысынан үғымдардың мазмүндық байланысын түсінуге, оқу ұғымдар туралы материалдарды теориялық және әдістемелік байланыстыруға көмектеседі.

Үшінші мәселе бойынша  қазіргі кезде тапсырмаларды  төрт деңгейге саралау жүзеге асырылып келеді. Окушылық, алгоритмдік, эвристикалык және шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар  қолданылады. Бірақ шағын жинақталған  мектептердің жағдайында жүйелілік  негізде оқыту технологиясы бойынша тек қана үш деңгейлі тапсырмалар ғана үсынылады.

Жүйелілік негізде оқыту  технологиясы жағдайында оқушылардың  әрбір пән материалдарын зерделеуге жүмсайтын оқу уақыты үнемделеді, оқушылардың ойлауы дамып, таным  белсенділігі артады, сабақтағы психологиялық ахуал жақсарып, мүғалімнің шығармашылық шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік беріледі.

Қазіргі заман талабы, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны көбіне өзі игеріп, ізденіп, талдап, пікір  таластыру деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болуын қалайды, оны "Шоғырландырып қарқынды оқыту технологиясын шағын жинақталған мектептерінде қолдану" арқылы жүзеге асырамыз. Бүл аталған технология ШЖМ оқу-үрдісінің үйымдастырудың қолайлы жолы болып табылады және басты ерекшелігі топтасқан сыныптардағы берілетін білім мазмүны арнайы дайындалған маршрутты оқу бағдарламасы бойынша іске асырылады. Маршрутты бағдарлама қазіргі Мелекеттік білім стандартына сәйкес, оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып жасалады. Оның басты ерекшелігі -топтасқан сыныптағы әр жастағы шәкірттер бір ғана ортақ тақырып бойынша білім алады.

Шоғырландырып қарқынды оқыту технологиясының енді бір  айтарлықтай ерекшелігі - шоғыр-сабақтар. Оқу үрдісі шоғыр-сабақ деп аталған  әрқайсысы 30 минутке созылатын 4 буынға бөлінеді. Жалпы әрбір шоғыр-сабақтың үзақтығы 120 минөтке, яғни 2 сағатқа созылады. әр буынның өзіндік міндеттері бар, олар сілтеу, шому, машықтану, сынау буындары деп бөлінеді. Әр буында мүғалім шәкірттің атқаратын қызметі нақты айқындалған. Бүкіл шоғыр-сабақтың 75 % оқушының өзіндік жүмыс істеуіне, яғни жаңа тақырып игеріп, үй тапсырмаларын орындауына, қарқынды алған білімін бағалауға бағытталғандықтан олардың даралай қызметі айтарлықтай басымдыққа ие болады. Бүл жағдаяттар ШЖМ-нің ерекшеліктерін қамтиды. Сонымен қоса шоғыр - сабақ үстінде топтасқан сыныптардағы шағын топшалардың жүмысында үжымдық әсер байқалады. Оқушылар бір-біріне көмектесіп, пікір алмасып, пікір сайысқа түсіп отырады.

Шағын жинақталған ауыл мектептерінің оқу процесінде компъютерлік технологияны пайдалану мына міндеттерді шеідеді:

- әрбір пәнді игеруді түрлі деңгейде және тереңдете қарастыруға мүмкіндік береді;

-  түрлі стандартты  емес проблемалық жағдаяттарды  шешуге және оны талдауға үйретеді;

-   оқу материалдарына  оралу немесе оны қайталау мүмкіндігі жоғары;

- нақты анықталған іс-әрекет пен қызмет кабілеттерінің түрлерін дамытады;

- зерделенетін процесс, обьектілердің моделімен оқу-зерттеушілік тәжірибе өткізеді;

-  оқушылардың білімі  мен біліктілігі дәл, тез уақытта  бағаланады.

Шағын жинақталған мектептерде "Компьютерлік оқыту" технологиясын  қолданудың мәні мынада жатыр:

-  оқу процесін технологияға сүйеніп үйымдастыру;

-    оқу материалдарының  ғылымилық деңгейін көтеру;

-    оқытуда даралау  мен саралауды жүзеге асыру;

-    әлемдік білім беру жүйесіне сай болуға үмтылу.

Мұғалімдердің ақпараттық-коммуникативті компетенттілігі олардың біліктілігі мен дағдыларына бағдарланған болса, ал олардың компьютерлік технологияны қолдануы көбінесе  сезімді-ерік күшіне байланысты болады.

Мектептеге жаңашыл бағыттағы өзгерістер мұғалім ынтасының жоғары деңгейде болуын талап етеді. Компьютерлік технологияның оқытушылық мүмкіндігінің жоғары болуына қарамастан, мұғалім оқу процесінде басты рөл атқарады. Сондықтанда шағын жинақталған ауыл мектептерінде компьютерді қолданудың мүмкіндіктерін мұғалім анықтайды.

"Компьютерлік оқыту"  технологиясын қолдануға тоқаталып  өтелік:

1. Компьютер арқылы көрсетілімдер қоюдан;

2. Компьютерлі-зертханалық  практикумдар өткізуден;

3. Пәндердің кіріктірілуінен  (интеграциялануынан);

4. Компьютерлік моделдеуден;

5. Компьютерлік тестілеуден;

6. Программалық оқу  ортасынан тұрады.

Бірінші мәселе бойынша, компьютер арқылы көрсетілімдер қою барысында техниканың мүмкіндіктерін пайдалану, яғни экранның кіші болуына байланысты компьютерді проекторға немесе теледидарға жалғап, оны қолданудың мүмкіндігін арттыра түседі. Ол мүғалімнің арнайы дайындығын, көп ізденісін қажет етеді.

Екінші мәселе бойынша  компьютерлі-зертханалық практикумдар өткізуде оқушы белсенді рөл атқарады, олардың шығармашылық дамуына тиімді жағдай жасайтын сабақтар ретінде өткізіледі.

Екі жағдайда да компьютер  арқылы оқыту көрнекі қүрал ретінде  пайдаланылады және қосымша ақшалай  қаржыны қажет етеді.

Үшінші мәселе бойынша  әрбір пән информатика пәнімен  кіріктіріледі, яғни компьютердің басқа да техникалық мүмкіндіктерін және дайын бағдарламалық жабдықтарын әрбір пән үшін пайдалана білу керек.

Төртінші мәселе бойынша  компьютерлік моделдеудің өзі бір  үлкен ғылыми бағыт, сондықтан оқушылар информатикадан алған білімдерін пайдаланып, оны ары қарай білім алу және әлемді тану үшін қолданулары керек, яғни бұл пәндердің кіріктірілуін тереңдете түседі.

Бесінші мәселе бойынша  компьютерлік тестінің жай тестілеуден  айырмашылығы мұғалімнің сабақ уақытындағы  көп уақытын алмайды.

Ал енді соңғы мәселе бойынша программалық оқу ортасы дайын жаттықтырушы, үйретуші бағдарламаларын пайдаланады. Олардың ішінде энциклопедиялык материалдар, қосымша оку материалдары, анықтамалық-көмекші материалдар болады.

Сонымен қатар оқытудың дәстүрлі: жалпылау мен аналогия, қарама-қайшыльщтардың салыстырмалылығы, т.с.с. әдістері қолданылады.

"Компьютерлік оқыту"  технологиясын қолдану оқу процесін  шапшаң түрде үйымдастырады. Аз  уақыт аралығында көп үйрету  сияқты дидактиканың басты қағидасын  жүзеге асырады. "Компьютерлік оқыту" технологиясын қолдану барысында түрлі пәнді оқытудың ерекшеліктері, оқу материалдарының логикалық қүрылымы қатаң ескеріледі. "Компьютерлік оқыту" технологиясын қолданудың міндеті оқу материалдарындағы білім элементтерін тура логикалық байланыста түзу, дәлелдеулер мөлшерін азайту, оның есесіне басты, жалпы және мәнді мағлүматтарға және идея мен теорияға көңіл бөлу басты болып табылады. Оқушылардың өзіндік жүмысын тікелей іске асырады.

"Компьютерлік оқыту"  технологиясын қолдануда:

- адпарат вербальды және вербальді емес түрде беріледі;

- білім жүйеленеді.

Ақпараттың вербальді  түрде берілуіне сүрақтар, пайымдаулар  және тапсырмалардың сөзбен берілуі  жатады, оның ерекшелігі әр оқушыға  әртүрлі нүсқасын беруге болады, яғни сөйлеу арқылы есте сақтауға арналған ақпараттар болып табылады. Ақпараттың вербальді емес түріне суреттер, фигуралар, таңба, белгілердің және т.б. көрсетілуі жатады. Олар көзбен күріп, арналады, яғни ақпараттар уақыт өткен сайын оның күрделілігі, берілуі (түсі, дыбысы, пішімі), тәсілі өзгеріп отырады. Мүғалімнің педагогикалық функциясын: оқу процесіндегі бақылау, коррекция жүмыстарын, басқаруды жеңілдетеді. "Компьютерлік оқыту" технологиясын қолданатын мүғалім мына маңызды: "компьютер туралы мағлұматтану", "компьютерлік сауаттылық", "компьютерлік білімділік", "компьютерлік мәдениет", "компьютерлік идеялогия" категорияларын ажырата білулері керек. Бүл категориялар оқу-тәрбие процесінің жалпы сипатын анықтайды. "Компьютерлік сауаттылық" деңгейінде мүғалім онымен жүмыс жасай алады, яғни дайын жабдықталған оқытушы программаларды іске қоса алады және сол түрдегі дайын компьютерлік программаларды жинайды, жинақтайды. Мүғалімдердің 80%-і компьютермен жүмыс жасауға қорқады, информатика пәні мүғалімдерінің 75%-і өздеріне сенімсіз болғандықтан, үнемі қайта даярлықтан өтуді қалайды.

Информация о работе Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары