Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 10:45, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі ауыл мектептеріне тән белгі - олардың шағын жинақталғандығы.
оқушыдан көп емес) мектептер, параллель сыныптары болмайтын немесе
кейбір жеке сыныптары түгел емес мектептер, сондай-ақ оқушы санының аздығына байланысты сыныптары біріктірілген мектептер жатады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті - бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар. Жинақталған сыныптың құрамы екі немесе үш сыныптан тұруы мүмкін.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
I Ауыл мектептерінде оқу үдерісін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарын анықтау
І.І. Ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру бағытындағы әлемдік (Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдеріндегі) тенденциялар............................................................................................................7
1.2. Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру тәжірибелері..........................................................................13
II Ауыл мектептері үшін педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары
2.1. Ауыл мектебі жағдайында қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктеу.......................................................................................26
2.2. Ауыл мектептерінде технологияларды қолданудың ғылыми-әдістемелік шарттарын анықтау...........................................................................41
2.3 Ауыл мектептері үшін ақпараттық технологияларды мектеп практикасына ендіру тәжірибесі..........................................................................52
Қорытынды ....................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аулакпараттандыру.doc

— 361.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................3

I Ауыл мектептерінде оқу үдерісін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарын анықтау

І.І. Ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру бағытындағы әлемдік (Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдеріндегі) тенденциялар............................................................................................................7

1.2. Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру тәжірибелері..........................................................................13

II Ауыл мектептері үшін педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары

2.1. Ауыл мектебі жағдайында  қолданылатын  педагогикалық  технологияларды іріктеу.......................................................................................26

2.2. Ауыл мектептерінде технологияларды қолданудың ғылыми-әдістемелік шарттарын анықтау...........................................................................41

2.3 Ауыл мектептері үшін ақпараттық технологияларды мектеп практикасына ендіру тәжірибесі..........................................................................52

Қорытынды ....................................................................................................57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................59

Қосымша-1. Сауалнама үлгілері...................................................................62

Қосымша-2.   Ақпараттық   технологияны   мектеп   тәжірибесіне   ендіру нәтижелері......................................................................................................65

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е

Зерттеу   жұмысының    көкейкестілігі.    Кез    келген    мемлекеттің өркениеттілігі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейімен бағаланады. Ал өркениеттіліктің негізі мектепте қаланып, мектепте өркен жаяды. Сондықтан мектеп - өзін өркениеттіміз деп санайтын елдің айналып өтпейтін үрдісі. Осы тұрғыдан қарағанда, еліміздегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің жұмысын жандандыру, ондағы оқыту процесінің сапасын жетілдіру, оқушыларға мемлекеттік стандарт деңгейіне сай білім беру бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: "Мектеп туралы мәселенің көтеріліп жатқаны өте дүрыс. Мектеп -әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі" деген пікірді айта келе, әсіресе, ауыл мектебін өркендетуге, ауыл мектебінің жағдайын жақсартуға көңіл бөлу қажет екеніне баса мән берді.

Алайда, ауыл мектептерінің шешілмеген проблемалары жеткілікті. Бұл мәселелердің ішіндегі ең бастысы оқыту процесінің сапасын қазіргі заман талабына сай жетілдіру болып отыр. Өйткені бірнеше сыныпты бір мезгілде қосып оқытқан жағдайда ауыл балаларының білім сапасын мемлекеттік талап көрсеткішіне жеткізу қиын да күрделі жұмыс екені анық. Бұл істе жай мектептерден тәжірибе көшіре салу дұрыс болмас еді. Мұндай мектептердегі оқыту процесінің сапасын жетілдіруді оның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген орынды деп білеміз.

Қазіргі ауыл мектептеріне тән белгі - олардың шағын жинақталғандығы. Шағын  жинақталған  мектептерге  сыныптағы   оқушылар  саны   аз   (5-10                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

оқушыдан көп емес) мектептер, параллель сыныптары болмайтын немесе

кейбір жеке сыныптары түгел  емес мектептер, сондай-ақ оқушы санының  аздығына байланысты сыныптары біріктірілген  мектептер жатады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті - бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар. Жинақталған сыныптың құрамы екі немесе үш сыныптан тұруы мүмкін.

Қазақстанда шағын жинақталған мектептер желісінің даму динамикасы кейінгі жылдарда олардың санының елеулі артқанын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002-2003 оқу жылының басында алынған статистикалық мәліметтері бойынша 8095 жалпы білім беретін мектептердің 4219-ы (барлық мектептің 52,1%-і) шағын жинақталған мектептерді құрайды. Ауылдық жерлерде 6182 жалпы білім беретін мектеп орналасқан, оның 4072-сі, яғни барлық ауылдық мектеп санының 65,9 %-і шағын жинақталған мектеп болып табылады. 1913 мектеп - қалалық, оның 147-сі шағын жинақталған мектеп. Еліміздегі шағын жинақталған мектептердің 1145-і бастауыш, 1007-сі негізгі, 2067-сі жоғарғы сатылар.

Нақтырақ айтқанда, соңғы он жылда негізгі сатылы шағын жинақталған мектептердің саны 2 есе, жоғарғы сатылы шағын жинақталған мектептердің саны 2-2,5 есе өскен. Оларға сыныптардың толымсыздығы, бірнеше сыныптың біріктірілуі, мұғалімдердің жұмысындағы көппәнділік, яғни бір мұғалімнің бірнеше пәнді қатар алып жүруі сияқты белгілер тән. Еліміздің шағын жинақталған мектептерінде соңғы 3 жылда біріккен сынып-кешендердің саны 4126-ға жеткен. Республика бойынша 719 ауылдық жерде мектеп мүлдем жоқ, онда мектеп жасындағы 15209 бала оқуға тартылмай отыр. Бұл мәселелер ауыл балаларының білім сапасына кері әсерін тигізбей қоймайды. Кейінгі уақытта баспасөз беттерінде ауыл түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу, "Алтын белгі" мен айрықша үлгідегі аттестат алу, пән олимпиадаларына қатысу үлестері өте төмендеп кеткені туралы жиі айтылып жүр. Мұндай көрсеткіштер ауыл мектептеріндегі оқыту процесінің сапасын көтеру үшін нақты шаралар қолданудың өзектілігін көрсетеді, ондағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру технологиясын жетілдіруді талап етеді.

Сол себепті ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін 2003-2005 жылдарда «Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары» тақырыбы таңдалып зерттеулер жүргізілді.

Зерттеу нысаны: ауыл мектептеріндегі оқыту процесіне бейімделетін педагогикалық технологиялар.

Зерттеу жумысыныц мақсаты: Қоғам дамуына сәйкес оның сұранысы мен талаптарын қанағаттандыру барысында ауыл мектептерінің тәжірибесіне жаңалықтарды енгізу және оларды қолдануға деген қажеттіліктің туындауы арасындағы қайшылықты ауыл мектептерінде оқыту процесін технологияландырудың ғылыми - әдістемелік негіздерін анықтау арқылы шешу болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Ауыл мектептерінде оқыту процесінің сапасын жетілдіру бойынша әлемдік тенденцияларды айқындау;

2. Ауыл мектептерінде оқыту технологияларын іріктеудің көрсеткіштерін жасау;

3.  Ауыл   мектептерінде   осы   технологияларды қолданудың ғылыми- әдістемелік шарттарымен жұмыс түрлері анықтау.

Зерттеу әдістері: ауыл мектептерінде оқытуды технологияландыру көпқырлы мәселе болғандықтан, оны зерттеу әдістерін кешенді түрде қарастырамыз, яғни теориялық әдісі: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау және оның негізінде теоретикалық тұжырымдар қорыту; тәжірибелік әдісі: оқушылар үшін сауалнамалар жүргізу, педагогикалық тәжірибені сынақтан өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Ауыл мектептерінде оқу үдерісін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарын анықтау

1.1. Ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру бағытындағы әлемдік (Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдеріндегі) тенденциялар

Дүние жүзінде қоғамның қазіргі даму қалпына және адамзат санасының                                                                                                                                                                                                                                                                      дамуына ақпараттық аймақтың барған сайын кеңеюі мен жаңа сападағы

коммуникациялық технологиялардың пайда болуы әлем елдеріндегі шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие процесінің дамуына қозғаушы ықпал етуде. Әлемдегі мүндай қарқынды үрдіс барысында шағын жинақталған мектептер жағдайындағы арнаулы жоғары деңгейдегі шығармашылық мүмкіндіктері бар, әртүрлі міндеттерді жүйелі белгілеп шеше алатын мамандарға мүқтаждық артуда.

Білім беру ісіне әлеуметтік тапсырыстың өзгеруіне орай шағын жинақталған мектептер жүйесінде педагогикалық процесті қүрудың жаңа тенденциялары әлемдік тәжірибеде қалыптасуда. Оқыту процесінің    сапасын жетілдіру оқушының әлеуметтік дамуы, әлеуметтік құралдардың барлық аспектілерімен оның өзара әрекеттестігі болып түсіндіріледі. Сондықтан мектеп тәжірибесінің алдында оқушылардың білімдік дайындығының   сапасының  негізделген   бағалау  жүйесін  іздестіру жаңа міндеттері туындайды. Шағын жинақталған типтес мектептер тәжірибесі әлем елдерінде (Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдері т.б.) қалыптасқан. Канадада шағын жинақталған мектеп мәселелері мемлекеттік бақылауда үсталынады.  Ал Үндістанда мемлекеттік қамқорлыққа ілінуге  дейін шағын жинақталған мектептер өз беттерінше дамып, қалыптасып, белгілі бір әлеуметтік бағаға ие болу кезеңін бастан кешіреді. Шағын жинақталған мектептердің оқу процесінің сапасын жетілдіру мәселелерін шешудің басты себептерін ғалымдардың шкіршше, әлеуметтік-экономикалық жағдаиы, демографиялық, мәдени, құқықтық және оқу-тәрбие теңсіздіктері құрайды [1], [2].

Жекелеген мемлекеттерде  мектеп жүйесі мен білім беру сапасын жетілдіру тенденциялары түрліше дамуда, шағын жинақталған мектеп мәселелерінің Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдеріндегі тәжірибесі назар аударарлық қүбылыс. Латын Америкасының 12 елінде ауылдық жерлердегі балаларды оқыту - күрделі проблема. Ондағы оқу процесінің үйымдастыру өзекті мәселе болып табылады. Ауылдық мектептің білім сапасының қала мектебінен төмендігі: Аргентинада - 27,4%, Колумбияда - 26,2%, Чилиде - 9,4% болып отыр. 14-15 жастағы жас өспірімдердің ауылдық жердегі білім сапасы Колумбияда - 34,7%, Венесуэлада - 26,5%, Бразилияда - 32,2%, Гондураста -22,8%; Үндістанда - 21% (Керала, Марахараштра, Тамил-Наду штаттарынан басқа); ал Канадада - 73%. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Канадада оқу процесінің сапасын жетілдіру жоғарғы орында. Бүл елде білім беру жүйесіне                                                                                                                                                                                                   ерекше көңіл бөлінеді.

Оқыту процесін ұйымдастырудағы шетел мектептерінің ерекшеліктері: Латын Америкасы бойынша:

1. Латын Америкасы елдерінде шағын жйнақталған мектептерде білім беру мәселесіне көп көңіл бөлуге мәжбүрлік байқалады.

2. Олар ақысыз мемлекеттік  және ақылы жекеменшік болып бөлінеді.

3. Шағын жинақталған мектептердің  көпшілігі жеке діни мектептер

(топтар арқылы басқарылады).

4. Латын Америкасында щағын жинақталған мектептер білім берудің

негізгі сатылары бастауыш және орта мектепті қамтиды; орта мектептің өзі бірінші кезең (орта сыныптар) мен екінші кезеңнен (жоғарғы сыныптар)                                                                                                                                                                                                                                                                          тұрады.

Канада бойынша:

1. Канадада шағын жинақталған мектептер бойынша білім беру жүйесіне көбірек қаржы бөлінеді.

2. Канада мектептері мемлекеттік және католиктік болып бөлінеді.

3. Канадада да шағын жинақталған мектептер білім берудің негізгі сатылары бастауыш және орта мектепті (1-5 сыныптар) қамтиды; орта мектептің өзі бірінші кезеңнен (6-9 сыныптар) және екінші кезеңнен (10-12 сыныптар) тұрады.

Үндістан бойынша:

Информация о работе Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары