Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 10:45, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі ауыл мектептеріне тән белгі - олардың шағын жинақталғандығы.
оқушыдан көп емес) мектептер, параллель сыныптары болмайтын немесе
кейбір жеке сыныптары түгел емес мектептер, сондай-ақ оқушы санының аздығына байланысты сыныптары біріктірілген мектептер жатады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті - бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар. Жинақталған сыныптың құрамы екі немесе үш сыныптан тұруы мүмкін.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
I Ауыл мектептерінде оқу үдерісін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарын анықтау
І.І. Ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру бағытындағы әлемдік (Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдеріндегі) тенденциялар............................................................................................................7
1.2. Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру тәжірибелері..........................................................................13
II Ауыл мектептері үшін педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары
2.1. Ауыл мектебі жағдайында қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктеу.......................................................................................26
2.2. Ауыл мектептерінде технологияларды қолданудың ғылыми-әдістемелік шарттарын анықтау...........................................................................41
2.3 Ауыл мектептері үшін ақпараттық технологияларды мектеп практикасына ендіру тәжірибесі..........................................................................52
Қорытынды ....................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аулакпараттандыру.doc

— 361.50 Кб (Скачать документ)

-  балаларды мектепке  тарту коэфицентінің төмендігі;

-  тияландыру, білім мазмүнын жаңарту, даралап оқыту, оқушылардың жалпы    интеллектуалдық    қабілетін    дамыту,    қашықтықтықтан    оқыту бағыттарына басымдық берілуі;

- ауыл (провинция) мектептерінде оқу сапасын жетілдіруге оқушының өз таңдаулары бойынша білім алуына, денсаулығына және қабілеттілігіне қарай оқу жоспарының жылжымалы бөлігінің негізінде нормативтік база құрылуы.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасалған талдау барысында, ең алдымен, шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесінің сапасын жетілдіруде оның жұмысындағы өзіндік ерекшеліктерді ескеру қажеттігіне көз жеткізілді.

Мүндай ерекшеліктер:

- бірнеше сынып бір мезгілде бір мүғалімнің басшылығымен жүмыс жасайды;

- ондағы сабақтың қүрылымы әрбір сыныбы толық әрі жеке оқытылатын қалыпты мектептердегіден өзгеше болады;

- оқушылардың өздігінен жасайтын жүмыстарына басымдық беріледі;

- сабақ кестесі барлық сыныпта бірдей пән өткізілетіндей бір пәндік жүйеде қүрылады;

- бір пәндік жүйені қолдануда барлық сыныпта ортақ тақырыптық сабақ өткізуге мүмкіндік бар;

- жүктеменің аздығына байланысты бір мүғалім бірнеше пәннен сабақ беруге мәжбүр болады.

Жоғарыдағы айтылғандарды  қорыта келе, шағын жинақталған мектептерде  оқыту процесінің сапасын көтеру шарттары анықталды:

-  оқытудағы қазіргі  білім беру технологияларын ендіруді ғылыми-әдістемелік түрғыда қамтамасыз ету;

- оқу жоспарының мектеп  бөлігін толтыру арқылы ауылдық  мектептердегі білім берудің  мазмүнын кеңейту;

-  мектептің қоғамдық  бірлестіктермен, мәдениет, спорт,  денсаулық сақтау мекемелерімен,  ата-аналармен әлеуметтік серіктестігін дамыту;

- педагогикалық ұжымның  мүмкіндігін, әлеуметтік орта  сұраныстарын ескеретін ауыл  мектебін ұйымдастырудың және  басқарудың әр түрлі модельдерін  жасау;

- ауыл мектептері үшін педагогикалық мамандарды даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттырудың көпдеңгейлі жүйесін жасау, ауылдық мектеп түлектерін жоғарғы оқу орындарының педагогикалық мамандықтарына тарту үшін әлеуметтік және педагогикалық жағдайлар жасау;

- мүғалімдерді экономикалық, қүқықтық және әлеуметтік қолдау жөнінен тиімді шаралар жүйесін жасау.

Шағын жинақталған мектептердегі  білім сапасын көтеру мәселесі төрт түрғыда қарастырылуы тиіс:

- материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

-  мамандармен қамтамасыз  ету;

-  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз ету;

-  нормативтік-қүқықтық қамтамасыз ету.

Бүл мәселелерді зерттеу  осы үлгідегі мектептер үшін оқытудың тиімді технологиясын жасауға мүмкіндік  беретіні сөзсіз. Нақтырақ айтсақ, бүл  айтылғандар зерттеудің келесі кезеңінде  шағын жинақталған мектептердің ерекшеліктеріне сай келетін технологияларды сүрыптап әрі оларды осындай мектептердің жүмысына бейімдеп, қолайлысын, тиімдісін таңдап алуға негіз болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Ауыл мектептері үшін педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары

2.1. Ауыл мектебі жағдайында қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктеу

Жалпы "оқыту технологиялары" деген термин алғаш рет АҚШ-да бүдан 50 жылдай уақыт бүрын пайда  болған. Бүл білім мекемелерінің  кез келген типіне жаппай қолдануға  қолайлы әрі тиімді болатын оқу  процесін қүрудың жолдарын іздестірудің нәтижесі болып табылды.

Технология сөзі (гректің tесhnе - өнер, шеберлік, біліктілік, 1оgоs - оқу) сөздерінен шығып, көптеген ұғымды білдіреді:

1. Белгілі бір маңызды әрекетте, өнерде, шеберлікте мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс (В.Даль сөздігі)

2. Белгілі әрекетте, шеберлікте,  өнерде қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы (қазіргі батыс әлеуметтану сөздігі)

3. Белгілі заттың бейнесін  өзгерту үшін қолданылатын өнер, біліктілік, әдіс-тәсілдер (В.М.Шепель)

4. Белгілі затты, түлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын білім мен әдіс-тәсілдер жүйесі (И.Г.Зайнышев)

5. Белгілі шығармашылықтан  сапалы нәтиже алу үшін қолданылатын  жүйелі әрекеттер жиынтығы (Е.И.Холостов)

6.  Адамның әрекетін, біліктілігін тәжірибесін еңбекке  қажетті заттарды, әлеуметтік шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесі (Р.В.Овчарова)

Сонымен жоғарыда көрсетілген  анықтамаларға сүйене келе, технология дегеніміз - белгілі маманның білім, біліктілік, дағды, әдіс-тәсілдер жүйесін  қолдану арқылы берілген қиындықтың ғылыми шешімін табу жүйесі.ТМД елдерінің білім кеңістігінде бүл терминнің қолданысқа енуі ресейлік ғалымдар В.П.Беспалько,

Г.К.Селевколардың есімімен байланысты. 80-жылдардың басында  В.П.Беспалько педагогикалық технологиялар  теориясының негізін салып, оқытудың талап деңгейіндегі нәтижесіне міндетті түрде қол жеткізу үшін сабаққа диагностикалық мақсат қоюдың қажеттігін дәйектейді [34].

Г.К.Селевко [35] педагогикалық  технологияларды теориялық түрғыда  негіздеудің, үсынудың ортақ тілін, үлгісін анықтап береді. Негізінен, оның технологияларды өзі үсынған жүйеге "салып, әрқайсысына жан-жақты сипаттама беруі, 16 параметр бойынша жіктеуі, яғни технологиялардың жіктемелік жүйесін жасауы - ғалымның зор еңбегі деуге болады. Алайда Г.К.Селевконың технологиялардың қатарына кейбір педагогикалық тәжірибелерді де жатқызуы "оқыту технологиялары" үғымын нақты өз аясында қолданбай, оның мән-мазмүнының жоғалуына әкеп соқтырды.

Педагогикалық технологиялармен айналысып жүрген көптеген дидакт-ғалымдардың  зерттеулерін қорытындылай келгенде, олар оқыту технологиясы үғымына мынадай анықтаманы басты бағытқа алатыны көбірек байқалды, яғни оқыту технологиясы деп белсенді элемештердің (оқу процесіне қатысушылардың) ғылыми негізделген және оқытудың мақсатына қол жеткізуді жоғары кепілдікпен іске асыратын әрекеттерінің жүйесін айтады. Түсініктірек айтқанда, оқытудың нәтижесіне қысқа мерзім ішінде аз күшпен, аз шығынмен қол жеткізетін әрекеттер жүйесі оқыту технологиясы болып табылады. Ал нақты оқу процесіндегі оқыту технологиясы дегеніміз - қойылған мақсатқа тиімді жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе (оқытудың формаларын, әдістері мен қүралдарын қамтитын) болып көрінетін оқу бағдарламаларында айқындалған білім мазмүнын жүзеге асырудың тәсілі [36].

Осы анықтамаларға зер  сала қарасақ, оқыту технологияларының қүрылымдық элементтеріне мақсат + мазмұн + әдістер + формалар + амалдар + оқушы + оқытушы + нәтиже жататыны айқын көрінеді.

Шағын жинақталған мектептерде  педагогикалық технологияларды  қолдану әдістемелік жүйенің  біртүтас және жүйелілік өзгеруін көздейді. Осындай мазмүнды-әдістемелік жаңартудың негізінде дәстүрлі "үйретуші мектеп" орнына шағын жинақталған мектептің шығармашылыққа негізделген жасампаз (конструктивті) жаңа мектептің моделі өмірге енуі тиіс. Оқытудың мазмүнды-әдістемелік жүйесі жаңарған шағын жинақталған мектептерде оқыту процесін ішкі саралау есебінен сабақтың, оқу процесінің мазмүндық сыйымдылығы мен оқушыларды дамыту қабілетін арттыру көзделеді. Шағын жинақталған ауыл мектептеріндегі көкейкесті мәселе мектеп пәндерінің мазмүны мен оқыту әдістерін, формаларын, соның ішінде педагогикалық жүйені, педагогика ғылымының әдіснамасы мен білім мазмүнының қазіргі талаптарына сай әдістемелік жаңарту болып табылады. Оқытудың педагогикалық технологиясы мектепте білім беру ісін ізгілендіру мен демократияландыруға, мүғалім мен оқушының шығармашылық жүмысына жағдай жасауға, олардың "субъект— субъект" түріндегі өзара қатынасына негіз болып табылады. Педагогикалық технологияны қолдану шағын жинақталған ауыл мектептерін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір мектепке өзіндік даму жолын табуға, әрбір мүғалімге өзінің әдістемелік жүйесін қүруға септігін тигізеді.

Оқыту технологияларына тән негізгі белгілер:

1. Негізділігі (кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік түжырымдамасы болуы шарт).

2. Жуйелілігі (қүрылымдық элементтерінің біртүтастығы).

3. Басқарылмалылығы (оқыту процесін бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесін тексеруге болатындығы).

4. Тиімділігі (қысқа мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге ол жеткізу мүмкіндігі).

Ал М.Чощанов технологиялардың диагностикалық мақсат түзу және нәтижелілігі, үнемділігі, алгоритмділігі, жобаланбалылығы, біртұтастығы, басқармалылығы, түзетімділігі  сияқты белгілерін атап көрсетеді [37].

Кейінгі уақыттарда Қазақстанда да қазақстандық мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық. Өз топырағымызда туған отандық технологияларға деңгейлеіГ оқыту технологиясын (Ж.А.Қараев) [38], жүйелілік негізде оқыту технологиясын (Т.Т.Ғалиев) [39], шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясын (Қ.А.Әбдіғалиев, Н.Н.Нүрахметов) [40], блоктық-модулдық технологияны (М.Жампейісова) [41] жатқызуға болады. Бүл технологиялардың да кез келгеніне жоғарыда айтылған белгілер тән. Шағын жинақталған мектептер түрғысынан қарағанда бүл технологияларды сол қалпында қолданып, қалыпты мектептердегі оқыту процесін үйымдастыру формасын сол күйінде көшіре салуға мүлдем келмейді. Өйткені мүндай мектептердегі оқу процесін жобалау, қүрылымын түзу мүлдем басқаша. Сол себепті шағын жинақталған мектептерде оқыту процесін технологияландыру үшін технологияларды іріктеудің көрсеткіштерін анықтау міндеті алғашқы кезекте түруы тиіс.

Сол мақсатта жоғарыда аты  аталған технологиялардың қайсыларын шағын жинақталған мектептерге енгізуге болады және ол үшін қүрама сыныптар жағдайында жарамды технологияларды қандай критерийлермен таңдап, іріктеп алу керек деген мәселелер төңірегінде жүмыс жүргізілді және оның нәтижесі 1-кестеде беріліп отыр.

1-кесте. Әр  түрлі жастағы балаларды бір  сынып-кешенге біріктіріп оқытуға  қолайлы оқыту технологияларды  іріктеу көрсеткіштері мен белгілері

Басты

Негізгі белгілері

Қолданыстағы

көрсеткіш

 

оқыту

талаптары

 

технологиялары

І.Оқушыларды

-ғылыми педагогикалық-психологиялық

Деңгейлеп

өзіндік

негіздерінің болуы;

саралапп     оқыту

танымдық

- білімдік, дамытушылық,  тәрбиелік

технологиясының

жүмыс істеуін

мақсатының нақтылығы;

(Ж.Қараев),

үйымдастыруғ

- оқушылардың өзіндік-танымдық

Жүйелілік негізде

ықпал ету

белсенділігін арттыруға  бағыттылығы;

оқыту

 

- оқушылырдың білімін  бақылау, тексеру

технолоиясы

 

жүмыстарының жүйелі жүргізілуі;

(Т.Ғалиев) т.б.

 

- бақылау алгоритмінің, бағалау жүйесінің

 
 

барлығы.

 

2.

- әр түрлі жастағы  балалардың бір

Шоғырландырып

Оқушылардың

мезгілдее қатар оқытуға  мүмкіндік беруі

қарқынды    оқыту

жас және жеке

тиіс;

(Н.Нурахметов,

ерекшеліктерін

- сабақтың қүрылымы, әдіс-тәсілдері

Қ.Әбдіғалиев) т.б.

 

бірнеше сыныпты бір  мезгілде қамтуға

 

бағыттылығы

қолайлылығы түрғысынан таңдалынып

 
 

алынады;

 
 

- оқу материалының  мазмүны әр

 
 

сыныптағы оқушының жасына сай

 
 

болуы ескеріледі;

 
 

- оқушылармен жүмыс  түрлері,

 
 

тапсырмалар мен әр оқушының жеке

 
 

қабілетін дамытуға бағытталады.

 

3. Білім маз- мүнын

- білім    мазмүнының    интегративтілігін

Шоғырландырып

 

қамтамасыз ете алуы тиіс

қарқынды    оқыту

интеграциялауға

 

(Н.Нурахметов,

қолайлығы

 

Қ.Әбдіғалиев);

   

Деңгейлеп

   

саралап оқыту

   

Технологиясының

   

(Ж.Қараев) т.б.


 

Осыған орай біз ғылыми-зерттеу жұмысы барысында ШЖМ-дегі оқыту процесінің өзіндік ерекшеліктерін анықтап алған соң, сол ерекшеліктерге байланысты технология қандай болуы тиіс деген мәселеге тоқталдық. Біздің ойымызша, құрама сыныптары бар мектептер жағдайында оқыту технологиялары жұмыс жасай алуы үшін, оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік тууы үшін мынадай көрсеткіштерін алға тартқан жөн. Олар:

- өзіндік-танымдъщ әрекетке багыттылыгы (қүрама сыныптар жағдайында оқушылардың өзіндік-танымдық әрекетін іске асыруы тиіс);

-  жас және жеке ерекшеліктерге багыттылыгы (әр түрлі жастағы балалардың дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс);

- білім   мазмунын    интеграциялауга    колайлылыгы    (оқу    материалының мазмүнының интегративтілігін қамтамасыз етуі тиіс).

Оқытудың сапасы қосымша болжанған мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің арақатынасы болып табылатындықтан оның соңғы нәтижесі бола алмайды. Дәстүрлі оқыту дәлдік, толықтық, жүйелілік, саналылык, төзімділік секілді компоненттерді ескермейтіндіктен білім сапасының деңгейін толық бағалауға мүмкіндік бермейді. Түлғалық дамудың, түлғаның интеллектуалдық, эмоционалдық, жігерлілік, мотивациялық жағынан дамуының, оның танымдық және басқа да қызығушылығы мен сүранымдарының даму деңгейінің көрсеткіштері оқыту нәтижесінің көрсеткіштері болып табылады.

Жаңа педагогикалық  технологиялардың маңыздыларының бірі -педагогикалық ынтымақтастық, сол  арқылы жеке оқушының дамуын, басқа  да ерекшеліктерін жақсы білу. Оқушының жеке қасиеттерін біліп, оларды одан әрі бағдарлы дамыту үшін: балаға үнемі  ізгілікті түрғыда қарайды, оның рухани, денсаулық, экологиялық жағдайына қамқорлық жасайды; мәдени мазмүны бар ақпаратпен үнемі таныстырып отырады, білім мазмүнын оқытып, үйрету барысында оның жеке түлғаның бағдарлық дамуына әсер етуін үнемі ескеріп отырады; әрбір оқушының дара ерекшеліктерін дамытуға күш салады және т.б.

Алғашында "оқыту технологиясы" термині оқытуда техникалық қүрылдарды пайдалану мен программалық оқыту  әдістеріне байданысты туындаған. Сабақ  жүргізудің түрлері мен әдістеріндегі  жекелеген өзгерістер оқытудың жаңа технологиясы ретінде қабылданды. Соңғы кездері "оқыту технологиясы" жүйелі талдау мен оқу үрдісін жобалау деп үғыну басым. Бүл терминнің білім беру үрдісіне енуі "педагогикалық технология", "білім беру технологиясы", "оқыту технологиясы" секілді жаңа үғымдардың пайда болуына жол ашты.

С.А.Смирновтың пікірінше, соңғы нәтижені жете анықтау және ол мақсатқа жету кез келген технологияның  өзегі болып табылады. Жай процесс  алдын ала жоспарланып, өнімнің  соңғы қасиеті мен оны алудың қүралдары анықталып, бүл процесті жүргізудің шарттары мақсатты түрде нақтыланып, оны іске асыру басталған кезде ғана "технология" деген атау алады.

Информация о работе Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары