Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 10:45, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі ауыл мектептеріне тән белгі - олардың шағын жинақталғандығы.
оқушыдан көп емес) мектептер, параллель сыныптары болмайтын немесе
кейбір жеке сыныптары түгел емес мектептер, сондай-ақ оқушы санының аздығына байланысты сыныптары біріктірілген мектептер жатады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті - бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар. Жинақталған сыныптың құрамы екі немесе үш сыныптан тұруы мүмкін.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
I Ауыл мектептерінде оқу үдерісін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарын анықтау
І.І. Ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру бағытындағы әлемдік (Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдеріндегі) тенденциялар............................................................................................................7
1.2. Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру тәжірибелері..........................................................................13
II Ауыл мектептері үшін педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары
2.1. Ауыл мектебі жағдайында қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктеу.......................................................................................26
2.2. Ауыл мектептерінде технологияларды қолданудың ғылыми-әдістемелік шарттарын анықтау...........................................................................41
2.3 Ауыл мектептері үшін ақпараттық технологияларды мектеп практикасына ендіру тәжірибесі..........................................................................52
Қорытынды ....................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аулакпараттандыру.doc

— 361.50 Кб (Скачать документ)

1. Көпшілік жеке мектептер, соның ішінде шағын жинақталған мектептер діни қауымдастықтар (топтар) арқылы басқарылады.

2. Үндістанда  шағын  жинақталған   мектептер   білім   берудің   негізгі сатылары бастауыш және орта мектепті; орта мектептің өзі бірінші кезеңді және екінші кезеңді (жоғарғы сыныптар) қамтиды.

3. Үндістанның көптеген штаттарында шағын жинақталған мектептердің көбейгені байқалады, олар бірыңғай бағдарламамен оқытылады.

Ғалым Мишраның пікірінше, Үндістанда шағын жинақталған мектептер экономикалық жағдайы төмен штаттарда орналасқан және білім сапасының үрдісін жетілдіруге кері әсерін тигізеді [1].

Ресей елінде:

Ресейдің    педагогикалық    іс-тәжірибелершде    айқындалып    отырған

тенденциядан білім берудегі: гуманизация, демократизация, жеке тұлғаға бағытталушылық, индустриализация (компьютерлендіру, программаланған оқу т.б.), вариативтілік, интегративтілік, психологияландыру (білім, білік, дағдылар орнына түлғаның психикалық әрекеттерінің даму деңгейінің бірте-бірте келуі), дерек мәліметтік оқудан белсенді оқу әдісіне көшу, жеке түлғаның белсенді танымдық әрекеті, оқытудың нысаны білімнен гөрі ақыл-ой әрекетінің дамуы т.б. мәселелері шағын жинақталған мектептерде де кең көрініс тапқан [3]. Бүны Ресейдің ғалым-әдіскерлері Г.Ф.Суворова, В.П.Стрезикозин, А.Е.Кондратенковтың шағын жинақталған мектептің өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу еңбектерінен көруге болады. Бүл ғалымдардың пікірінше, шағын жинақталған мектептердің жүмыс тәжірибелеріне сүйене отырып, бір пән бойынша бірнеше сыныппен бір мезгілде, яғни бір пәндік, бір тақырыптық барлық бөлімдермен мазмұны жағынан жақын және бір тектес пәндер оқытылса, шағын жинақталған мектепте сабақ жүргізу жеңілдейді. Оқытудың бүлай үйымдастырылуы оқушының өздік жүмыс жасауына және әр бөлімде әртүрлі пәннің білім мазмүнының бөліктерін сақтауға қолайлы екенін атап көрсетеді [4; 5; 6].

Дүние жүзілік білім  беруді үйымдастырудың ең озық тәжірибелеріне бағдарлап қарайтын болсақ, шағын жинақталған мектептер үшін мейлінше қолайлысы саралап оқыту екенін көреміз. Ол білім беру жүйесіндегі оқытуды үйымдастырудың басты принципі ретінде 1950-60 жылдардан бастап, өркениетті елдерде қалыптасқан. Саралап оқыту - баланың туа біткен ақыл-ой қабілетіне, жеке даму шапшаңдығына негізделген білім беру жүйесі. Ресей елдерінде шағын жинақталған мектеп жағдайында оқушыны саралай оқыту негізінде оқыту әдістерін бейімдеп қолдану арқылы білім сапасын жетілдіру бағыты басым қолданылады [7].

Шағын жинақталған мектептердегі оқушылардың білім сапасының төмендігіне оқу процесі барысындағы олардың психологиялық күйін біріктірілген сыныптар жағдайында ескеру қиындық туғызатыны негізгі фактор ретінде аталады [8]. Ресей мектептері бала саны аз біріктірілген сыныптардағы көңіл-күй деңгейінің төмендігі, балалар бойында аритмия ауруының жиі сипат алуы сияқты себептерді болдырмауды қолға алуда. Ресей шағын жинақталған мектептерінде қосарланған сыныптардағы оқыту процесін үйымдастырудағы кейбір қолайлы жағдайлардың бар екені де анықталынған [9].

1.  Ауыл  мектептерінде  оқушының  жеке  басының  психологиялық ерекшеліктерін зерттеп білу тәжірибеге айналған.

2. Оқу материалын толық меңгеру - оқушылар үшін өте күрделі үрдістердің бірі. Білім беру кезеңінде оқушының жеке басының ерекшеліктерін ескеру оқу процесін жақсартуға мүмкіндігі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

3. Шағын жинақталған  мектепте оқушылар өздігінен жүмыс істейді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуіне, қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастыруға, өз жұмыстарын өздері бағалауына мән беріледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              4. Сыныптағы оқушылардың аз болуы олардың әрқайсысының оқу материалын  меңгеруін,  білім  сапасын,  дағды-біліктерін және танымдық белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға мүмкіндік туғызады, уақытты жеткілікті, үнемді пайдалануға септігін тигізеді.

5. Оқушының  тілек-талабы  мен  қызығушылығын  қанағаттандыруға бағытталған сыныптан тыс жүмыстар мен факультативтік сабақтарды жүргізуге жағдай жасалады.

6. Сыныптағы   оқушылардың   аздығы   лабораториялық,   сарамандық

сабақтар жүргізуде  олардың түгелдей қамтылуына қолайлы  жағдай туғызады.

7. Шағын жинақталған мектеп оқушыларының бойында табиғатты қорғауға,  аялауға, эстетикалық қанағат алуына,  қоршаған  орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар шағын  жинақталған мектептерде білім  беру сапасын жетілдіруде кездесетін мынадай қиындықтарды да байқауға болады:

-   оқытуды үйымдастыруда (қосарланған сыныптарда сабақ кестесін, білім мазмүны мен жас ерекшеліктерін үйлестіруде);

-     оқыту процесін  қосарланған сыныптар жағдайында  үйымдастырудың тиімді жолдарын  таңдауда (әдістемелік, мазмүндық);

-      оқу  табыстарын бағалау және тексеруде;

-    оқу процесінің  жақсы нәтижелері үшін оқушылар  мен оқытушыларда         мотивацияның әлсіздігі;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            -  материалдық - техникалық базаның әлсіздігі.

Шағын жинақталған мектептердегі  оқыту процесіне байланысты ресейлік тәжірибені сараптау төмендегідей жинақтаулар  жасауға мүмкіндік береді:

- оқытушылар тақырыптық жоспарлауды қолданады;іктер туғызуда.

- сабақтарды жоспарлауда оқушылардың өз бетінше жүмыстарына, әрекетіне басымдық беріледі;

- біріккен сыныптарда бір мезгілде өтетін сабақтар әртүрлі типтерде қүрылады.

Шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесінің сапасын жетілдірудегі Латын Америка, Индия, Канада елдеріндегі тәжірибелер бойынша келесі тенденциялар анықталынды:

- әр деңгейдегі білім субъектілерінің жеке шығармашылық жүмыс атқаруына және белсенділік танытуына жол берілуі;

- білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;

- білім алуға мектепке тарту коэфицентінің төмендігі;

-  оқушылардың дайындығы міндетті деңгейде бағытталған;

-  ауыл (провинция) мектептерінде оқу сапасын жетілдіруге оқушының өз таңдаулары бойынша білім алуына, денсаулығына және қабілеттілігіне қарай оқу жоспарының жылжымалы бөлігінің негізінде нормативтік база қүрылған.

Көптеген әлем елдерінде шағын жинақталған мектептер жүйесінің даму тенденцияларында (мысалы Үндістан т.б.) оған мемлекеттік баға беріліп отырады және ол шағын жинақталған мектептің өз ішінде жасалған бағалауларға негізделеді. А.Н.Джуринскийдің еңбегінде көрсетілгендей, шағын жинақталған мектептердің дамуында олардың әлеуметтік және өзінің ішкі экспертінде баға алуы негізгі қозғаушы ынталандырушы көз ретінде барған сайын әлем тәжірибесінде өріс алуда (Канада) [10].

Сонымен, шағын жинақталған мектептерді модернизациялау, оның даму түжырымдамасы мен бағдарламаларын жасау, үлгі үлттық моделін үсыну отандық тәжірибеге сүйенумен бірге әлемдегі шағын жинақталған мектеп жүйесіндегі оң тенденцияларға бағдарлану қажет болады.

 

 

 

 

1.2. Қазақстан  Республикасының ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру тәжірибелері

Шағын жинақталған мектептердің тарихы XIX ғасырдың орта түсынан бастау алатыны белгілі. Бірқатар ғалымдардың (Т.Тәжібаев [11; 12], Ә.І.Сембаев ПЗ], Г.М.Храпченков [14; 15], П.А.Жильцов [16; 17], Г.Ф.Суворова [18], А.Ө.Мүханбетжанова [19]) зерттеулеріне қарағанда, сол кездерде Қазақстан топырағында пайда бола бастаған орыс-қазақ мектептерінің басым көпшілігі бірнеше бөлімді (сыныпты) бір мезгілде бір мүғалім оқытатын шағын жинақталған бастауыш мектептер болған. Осы үлгідегі мектептердің ашылуы, негізінен, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.Ф.Бунаков, Ы.Алтынсариндердің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Бүл үстаз-ғалымдардың, әсіресе, ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін үйымдастыруға, яғни ауыл балаларына лайықтап оқулықтар мен оқу қүралдарын жазуға, оларға берілетін білім көлемі мен мазмүнын, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтауға сіңірген еңбектері зор болды. Содан бері мүндай мектептердегі оқу-тәрбие процесін жақсарту, жолға қою мәселесі қолға алына бастады.

Шағын жинақталған мектептердегі  оқыту процесін үйымдастыру мәселесі туралы қазақ тілінде жазылған ең алғашқы қүралдардың бірі - Ж.Аймауытовтың "Комплекспен оқыту жолдары" [20] атты кітабы. Мүнда ол кешенді оқытудың қажеттігін, кешенді бағдарламалар, жүмыс жоспарлары, бір мүғалімнің әр түрлі жастағы балаларды бір мезгілде қосып оқыту жолдары, күнделікті сабақ жоспарларын жасау әдістері, сабақ кестелері сияқты мәселелерді таратып айтып, көрсетіп береді. Автор үсынып отырған кешенді бағдарламалар оқытуды пәндік жүйеде қүруды емес, кешенді, яғни әрбір саладағы білім мазмүнын түтастай                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             беруді көздейді. Тұтастай алғанда, "Комплекспен оқыту жолдары" өз кезеңі үшін   аса пайдалы, қажетті әдістемелік қүрал болды.                                                                                                                                                                                   

Шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесін үйымдастыру жолдарын мүғалімдер қауымына таныту мәселесін көздеген ғалым-әдіскер - Ғ.Бегалиев. Ол өзінің "Бірнеше класты қатарынан оқыту туралы" атты көлемді мақаласында алдымен мүндай мектептерге тән өзіндік ерекшеліктерді ашып көрсетеді: "Бірнеше класты бір мүғалім оқытқанда оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жолы, әдістері өзгешерек. Бұл өзгешеліктер оқу материалының мазмүны я көлемі жөнінде емес. Бірнеше класты қатарынан оқытқанда да программа бойынша өтілетін материалдардың тәртібін бұзбай, қысқартпай, оқушыларға толық білім беру керек болады. Бірнеше класты қатарынан оқытудың айырмашылығы — сабақты уйымдастыруда. ... Мұғалім оқушылардың өз бетімен орындайтын жүмыстарын, оның мөлшері мен түрін, оған кететін уақытты және басқа класта мүғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарды дәлдеп, анықтап алу керек" [21]. Сөйтіп, ол мүғалімдердің назарын мынадай маңызды нәрселерге аударып отыр: біріншіден, қосарланған сыныптар оқушылары бағдарламалық материалды толық игеріп, алған білімдері бағдарламалық талапқа сай болу жағын көздесе, екіншіден, мүндай мектептердегі сабақтың өзіне тән ерекшеліктері де бар екенін ескертеді, үшіншіден, бүл ерекшелік - шағын жинақталған мектептердегі сабақ оқушылардың өз бетімен орындайтын жүмысы мен мүғалімнің басшылығы арқылы орындалатын жүмыстардан түратындығын түсіндіреді. Ғалымның бүл пікірі күні бүгінге дейін мәнін жоймаған десек артық емес. Өйткені шағын жинақталған мектептердегі сабақ қазіргі күн түрғысынан да мемлекеттік стандартқа сай әрі оның спецификалық ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізілуі тиіс.

Информация о работе Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары