Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 13:01, курсовая работа
Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек? Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда. Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - халың денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80% -ы әр түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайда соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.
Кіріспе.....................................................................................................3
І тарау. Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
1.1. Салауатты өмір сүру салтының мағынасы....................................6
1.2. Салауатты өмір салтының педагогикалық негіздері.................11
ІІ тарау. Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
2.1. Салауатты өмір сүру салтының қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары .................................................................................18
2.2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары және оның нәтижелері.............................................................................................35
Қорытынды.........................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................44
Қосымша...............................................................................................45
Мұғалім: Ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырсыңдар.
Денің сау болса білім аласың, еңбек етесің.
1-оқушы: Шомылайық, кел, балалар,
Айдын көлде, астауда.
Монша, өзен, суларға бар,
Малтып көбік аспанға.
Қайда болсын қашпай тұра
Жуынайық үнемі!
Мәңгі алғыс бізден суға,
Салауаттылық тірегі.
Мұғалім: Күніне кеі рет табиғи суға шомыл, жалаң аяқ жерде тұрып үстіңе құй, су денеңді шынықтырады, бойыңдағы теріс энергияны жерге ала кетеді, денеңді ұйқыдан оятады. Күш-қуат береді.
2- оқушы: Суға түсер алдында далаға шық.
Қарда жалаң аяқ жүріп үйрен.
Таза ауамен демалып ал да, ойша өзіңе және барлық адамдарға амандық-саулық тіле.
Тірек схемасымен жұмыс.
Мұғалім: Ал, балалар, «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесің?
(Байлық туралы ой қозғау).
Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
3- оқушы: Аптасына бір тәулік ас судан бас тарт, асқазаның демалады.
4-оқушы: Шаңғы теуіп, оппа қарда шынығамыз, ойнаймыз,
Қандай жақсы таза ауада демаламыз, тойлаймыз,
Жүгіреміз жалаң аяқ, шынықтырып денені.
Жексенбі күні сағат он екіде далаға шық, таза ауада қыдыр.
Таза ауа тәбетіңді ашады.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол, сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
5-оқушы: Қоршаған табиғатты сүй, аяла! Жерге түкірме, қақырма, қоқыс тастама! Бұл – сенің денсаулығың.
6-оқушы: Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе баршаға саулық тіле!
7-оқушы: Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс алдасың, достарың да көп болады.
8-оқушы: Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, көрсеқызарлықты, қорқақтықты, жалған намысқойлықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол!
9-оқушы: Ауыра қалсаң, көп уайымдама.
10-оқушы: Бастаған ісіңді аяқта! Жақсы оқы. Бір жұмысты бастадың ба, дұрыс аяқтауға тырыс. Ойыңды ішіңнен бөлме.
Денсаулықтың достары мен қастары
Ойын «Мақал-мәтелдерді жалғастыр»
Ақшаға қайдан аласың?
Жолдасың көп болса
Жалғызбын деме.
Мысқылдап шығады.
Еңбек бәрін жеңбек.
Дәрінің тәттісі жоқ.
11-оқушы: Өзің білген оқиғаларыңды, өз тәжірибелеріңді өзгелерге айт, тарат. Бірақ мақтанба, қарапайым бол!
Мұғалім: Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтып өттік, күнделікті іске асырып отырайық.
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады).
Қорытынды.
Мұғалім: Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.