Салауатты өмір салты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 13:01, курсовая работа

Краткое описание

Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек? Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда. Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - халың денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80% -ы әр түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайда соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................3
І тарау. Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
1.1. Салауатты өмір сүру салтының мағынасы....................................6
1.2. Салауатты өмір салтының педагогикалық негіздері.................11

ІІ тарау. Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
2.1. Салауатты өмір сүру салтының қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары .................................................................................18
2.2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары және оның нәтижелері.............................................................................................35

Қорытынды.........................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................44

Қосымша...............................................................................................45

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовойЫМ (2).docx

— 138.83 Кб (Скачать документ)

        “Дені  сау адам - табиғаттың ең қымбат  жемісі” деп тегін айтылмаған.  
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.  
Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”  
        Құрбы - құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

Ей замандас,алдыменен досыңды ұқ.  
        Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп, осылардың сыйлығын – 

Жаңа ғасырға біз берейік  көріктік.

Халықтың  денсаулығы – ел дамуының аса маңызды  тұтқасы, болашағымыздың кепілі. 

Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса  «Денсаулық – терең байлық» деген  даналық мәтелдері тіршіліктің  нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша  ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән  саулығын қоршаған орта аясында дұрыс  сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы  әрекеттер жасап отырған.

Жасырары жоқ, күні бүгінге  дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі  күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген  не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай  келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық  – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз  жан иесінің жалғыз анатомиялық  дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген.  
        Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық-әлеуметтік проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1,5 млн-дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі-сәрі күй кешуде.Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Жылына БҰҰ-ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар.

Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын  сақтауға және нығайтуға жауапты  емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет  сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша  ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К-деген  гипертониямен кісі жағдайы бақуат бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір  тиын жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің  қаражатына иек артқысы келеді. Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл-көсір  дастархан жасап, ал өз денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір  дәріні де сатып алып ішкісі де келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір  салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз  жөн.

Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай  біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кіснің болса да денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.  
Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.  
        Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.  
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.

Салауатты өмір сүру салтының қалыптастырудың бағыттары

1. Дене шынықтыру сабағының маңызы

Дене тәрбиесінің жүйесі және басқару.

Адам ағзасының негізгі  қызметінің қалыптасып жетілуі  баланың  жастық шағында, әсіресе мектеп жасында  жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде  оған әсер ететін  барлық факторларды  барынша тиімді пайдалану қажет. Осы орайда жас ағзаның қалыпты  дамуына мектептегі дене тәрбиесі мақсатты әрі жан-жақты жағдай туғызады.

Бүгінде мектеп қабырғасында дене тәрбие сағатын ұйымдастыру  жүйесіне мыналар:

  • Дене шынықтыру сабақтары;
  • Факультативті сабақтар;
  • Дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;
  • Сабақтан және мектептен тыс дене тәрбиесі  мен  спорттық іс-шаралар (үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар) жатады.

Білім беру саласында дене тәрбиесін  ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру сабақтары жатады. Ол оқушылардың  жан-жақты жалпы  дене дайындығын қамтамасыз етуді көздейді.

Дене тәрбиесі жүйесінің  негізгі міндеттері:

  • Қимыл-қозғалыстың жалпы бір кешенді түрлерін жасауға дағдыландыру;
  • Оқушылар әрбір қимыл-қозғалыстың  жылдамдығын, ырғақтығын қамтамасыз етіп, оның элементтері жайында түсініктерін қалыртастыру;

Оқушылардың денсаулығын  нығайту  және дене тәрбиесінің басқа  да міндеттерін шешуде дене шынықтыру  сабақтарымен қатар, сыныптан тыс дене тәрбиесінің атқаратын қызметтері де ерекше.

Сыныптан тыс дене тәрбиесінің  негізгі міндеттері:

  • Оқушыларды дене тәрбиесі жұмыстары мен спорттың  әр түрі мен айналысуға кең көлемде қатыстыру;
  • Спорттың әр түрлі бағыттарында олардың ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау;
  • Олардың жалпы дене күштерін жетілдіріп және спортқа даярлығын арттыру және  спортқа деген қызығушылығын ояту;
  • Оқушылардың дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше айналысуын тәрбиелеу;

Сондықтан дене тәрбиесінің  сабақтан тыс жұмыстьарының  жүйесі оқыту процесінде атқарылған спорттық ойындар  түрлерінің мазмұнымен тығыз  байланысты болуы керек.

Сыныптан тыс дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары:

  1. Оқушылардың санитарлық-гигиеналық  білімдері мен  түсініктерін тереңдету, оған қажетті біліктілік пен дағдысын қалыптастыру;

Осы бағытта мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері мен дәрігерлер оқушылармен еңбек, демалыс және дұрыс тамақтану режимі,  дене гигиенасын сақтау, дене күштері мен  денсаулықты шынықтыру  амалдарының  маңыздылығы жайында әңгіме жүргізу, баяндамалар жасау, спортшылармен қызықты кездесулер ұйымдастыру, оқушылардың  жаппай спорт түрлерімен  айналысуға деген қызығушылығы және қажетсінуін тәрбиелеу.

  1. Оқушылардың денсаулығы мен дене күштерін шынықтыруда  табиғаттың мүмкіндіктерін пайдалану (күннің көзі, таза ауа, таза су т.б.). Мысалы, табиғат аясында серуен құру, саяхат жасау, туған өлкеге жорық жасау, әртүрлі спорттық жарыс ойындарын ұйымдастыру.
  2. Сыныптан тыс дене тәрбиесі жүйесінде оқушылардың спорттық жарыстарын, әртүрлі спорт түрлерімен және дене шынықтыру жұмытарын ұйымдастыру.

Мысалы, спорт секциялары мен үйірмелерін ұйымдастыру, көпшілік спорт жұмыстары, спорттық мейрамдары, әскери спорттық ойындар.

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауында (1997) және «Слауатты  өмір салтын қалыптастыру»  бағытының  бірі – олардың дене тәрбиесін  нығайту қажет екендігін атап көрсетті.

Қорыта айтқанда, оқушылардың  дене тәрбиесінің нәтижесін арттыруда  оқу және сыныптан, мектептен тыс  жұмыстарының көптеген құралдары мен  амал тәсілдерін  кеңінен пайдалану  ықпалын оның педагогикалық міндеттерін  іс жүзінде шешуге ықпалы және мүмкіншілігі зор.

2. Салауатты өмір  салтының бірегей кешенді жүйесі  профилактика

Профилактика- бұл мемлекеттік, қоғамдық, элеуметтік, эканомикалық, медициналық, санитарлық, психалогиялық шаралардың бірегей кешенді жүйесі.

  1. Әіресе өскелең  ұрпаққа есірткі заттарды алуға тосқауыл қою және бұларға деген сұранысты азайту.
  2. Залалды дағдыларға деген үйірсектікке бой алдырайын деп жүрген тұлғадағы өзгерістер ертерек байқалғанда барынша психологиялық тосқауыл қоюға тырысу керек.
  3. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкін бұлар арналары арқылы жүйелі насихаттау (орталық теледидар, радио, баспасөз), бұл іске мамандарды араластыру және тәуелділіктен емделіп, құтылғандарды қатыстыру қажет.
  4. Жастар арасында өткізілетін медициналық, педагогикалық жұмысқа адам организіміне деген залал дағдылардың кеселін түсіндіру мәселесіне  ерекше назар аудару керек.

Салауатты өмір салтын насихаттау ісі басымдылықтар қатарынан  көрінуі керек. Залалды дағдылардың  алдын алу тақырыбына арналған әңгімелерде  Салауатты өмір салтын қалыптастыруды бала кезден бастау қажеттігіне басты  көңіл бөлінуі қажет. Құлықсыз темекі тарту проблемасына жөні бөлек арнайы дәріс оқылуы ұсынылады.

Осындай жұмыстардың басқа  елдердегі өтілуі тиімділігі жөнінде  де тілге тиек ету керек.

3. Валеология

Валеология (лат. valeo – сау болу, грек. logos – ілім) – адам денсаулығы туралы ғылым. Негізгі мақсаты – әр адамды денсаулығын күтуге үйрету, оның сана-сезімін оятып, медециналық, гигиеналық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын дағдылы әдетке айналдыру. Валеология медицина, биология, педагогика, психология, экология, акмеология, философия, экономика, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.

       «Валеология»  терминін алғаш рет ғылымға  20 ғ-дың 60-жылдары Ресей ғалымы И.И.Брехман енгізген. В. 20 ғ-дың аяғында пайда болған жаңа ғылым саласы болғанымен, түпкі тамырын ежелгі медицинадан алады. Ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Синаның (Авиценнаның) «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген еңбегіндегі ең негізгі насихаты – денсаулықты күні бұрын сақтау. Бұл үшін ибн Синаның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Алғашқы кезде медицина ғылымы өзінің басты міндеті – денсаулықты сақтау, нығайту деп қараған, ал ауруды емдеуді қосалқы жұмыс ретінде санаған. Бірақ көп ғасырлық даму барысында медицина ғылымы ауру адамды емдейтін ғылымға айналып, сау адамның денсаулығын қорғау мәселесінен алшақтап кетті. Осыған орай Валеология ғылымының негізгі міндеті – адам денсаулығын, оның сапалық және сандық көрсеткіштерін алдын ала сақтандыру әрекеттерін жүргізу арқылы қалыпты деңгейге жеткізу болып қалды. Адам денсаулығының 49–53%-ы өмір сүру салтына, 18–22%-ы тұқым қуалайтын қасиетіне, 15–20%-ы сыртқы ортаға, тек 8–10%-ы ғана медицина жүйесінің қызметіне байланысты.

        Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы  бойынша «Денсаулық – организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік». Сондықтан денсаулық сақтау ісі – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік жағдайларға жіктеледі. Физикалық саулық – адам организміне тән функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық процестің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежеде болуы. Психикалық саулық – ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылуға ұмтылуды, адам өмірінің мақсатына айналдыру. Әлеуметтік саулық – адам белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнасу дәрежесі. Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адамның бәріне бірдей тұрақты мақсат, үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Оны анықтау үшін әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады да, осы орташа көрсеткіш қалыпты стандарт ретінде алынады. Бір топқа енетін адамдардың көрсеткіштерінің бірбірінен айырмашылығы едәуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының, т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштер анықталғанда, осы айырмашылықтар да ескеріледі. Денсаулыққа залал келтіретін әсерлерге жалпы мәдениеттің төмендігі, денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық-гигиена туралы мәліметтерді көпшіліктің жете білмеуі, гиподинамия (қимыл жеткіліксіздігі), дене салмағының қалыптан көп жоғарылауы, тиімсіз және жөнсіз тамақтану, қоршаған ортаның (ауаның, жердің, судың) хим. заттармен ластануы, үйде және жұмыста күйзеліс (стресс) тудыратын жағдайлардың болуы, залалды әдеттерге әуесқойлық (арақ-шарап ішу, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану, т.б.) жатады.

Информация о работе Салауатты өмір салты