Салауатты өмір салты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 13:01, курсовая работа

Краткое описание

Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек? Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда. Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - халың денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80% -ы әр түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайда соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................3
І тарау. Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
1.1. Салауатты өмір сүру салтының мағынасы....................................6
1.2. Салауатты өмір салтының педагогикалық негіздері.................11

ІІ тарау. Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
2.1. Салауатты өмір сүру салтының қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары .................................................................................18
2.2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары және оның нәтижелері.............................................................................................35

Қорытынды.........................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................44

Қосымша...............................................................................................45

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовойЫМ (2).docx

— 138.83 Кб (Скачать документ)

Дене тәрбиесінің мазмұны  – бұл баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету.

Дене тәрбиесінің мазмұнында  оқушыларды дене шынықтыру және спорт  жайындағы  білімдер жүйесімен қаруландыруды  көздейді. Мұндай білімдер оқушылардың  ақыл-ой және адамгершілік ой-өрісін кеғейтеді, олардың бойында жалпы мәдениетті дамытады.

Кеңестік дәуірге дейін  дене тәрбиесінің ғылыми негізін  қалаған аса көрнекті педагог, әрі  дәрігер П.Ф.Лесгафт болды.  Ол адам денесінің  жекелеген мүшелерін  дамытуға бағытталған жаттығулар арқылы әсер етуді ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Салауатты өмір сүру салтын мемлекеттік деңгейде реттеу

Денсаулық- физикалық, психологиялық  және әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған  түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.

«Салауатты өмір салты» деген  ұғым тек үстіртін көз қарасқа  ғана жай дүние болып көрінуі  мүмкін. Тән- тамақты шамалап жесең, барынша еңбектенсең, уақтында дем  алсаң болғаны дегендей ұғымды білдіреді.  Бірақ істеген ісіңнің, еңбек  тәртібін сақтаудың  мейлінше пайдалы  болуы үшін әркімнің психалогиялық  ерекшеліктерінің де әсері зор екенін ескерген жөн. Тек психалогиясы сау  адам ауруды болдырмауды, ауырған күнде  қайтсе де одан арылуды мақсат етеді. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыскерлігіне әсер еттетіні,  керісінше бір жері қатты ауыратын болса, ол адам тынышсызданатыны, мінез-құлқының  өзгеретіні де белгілі. Тіпті біреулер аурушаң келетін болса, екіншілері ауруы болмаса да ауруының барлығына өзін-өзі сендіріп,дәрігердің  абайламай айтқан  сөзіне сеніп,өзінше жобалап, мазасызданып жоқ ауруды өзіне бар дейтіндер де аз емес. Мұндай ауруларды медицинада ятрогендік (сендіруден болатын) ауру деп атайды. Кейде ауру күйзеліс жағдайды басынан кешірген немесе қатты ренжіген адамның ауыратыны да кездеседі. Осы айтылғанның бәрі  тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың қажет екенін көрсетеді.

Ауруды жұбату, оның жүрегінде  сауығамын деген сенім тудырады,  кейде бұл дәрі ұсынылғаннан да пайдалырақ болады. Психика аурудың үдеуіне, сондай-ақ аурудан жазылуына рухани жағдай жасайды, яғни психика күйзелістің  туындау себебі немесе оған қарсы  төтеп беретін күш де бола алады.

Бүкіл дүнйежүзілік Денсаулық  сақтау ұйымының мағлұматтары бойынша  барлық аурулардың  45% күйзеліспен  байланысты болмақ.  Сондықтан күйзелістің  тетік-тегершінін білу, оның мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның кеселді салдарынан сақ болу қажет.

Көп елдегі тұрғындардың залалды  дағдыларға  деген бой алдырудың, мұның етек алып, кең таралуын бірқатар  ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет  басқа келген ұлттық  «апат» деп  таниды. Адамзат  үшін  бұл дегеніміз  «заманарық» зілзаласымен бірдей.

Бұл бел алған көпшілік кемістігін  «өркениет ауруы» деп  те атайды. Бірте-бірте осы дерт медициналық  қана емес, сонымен бірге әлеуметтік сипат алып келеді.

Дағды- бір не бірнеше  қимылды әлденеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына таңылып  қалатын мінездегі «автоматтандырылған  элемент» осы. Динамикалық таптаурын  істері туындайды, ми қыртысында кешенді  шартты байланыстар, шартты рефлекстер тізбегі пайда болды.

Егер де осы шартты рефлекстер кешені адам үшін пайданы  діттесе  және денсаулықты жетілдіруге бағыттаса, жақсы ғой, айталық:  таңғы гимнастикамен шұғылдану,  ұйқы алдында серуен құру, тамақтану тәртібін бақылау т.б.  Бұлар –пайдалы дағдылар, бірақ дағдылардың басқа да түрлері бар, оларды залалды деп атайды. Тұлға ретінде өмір бойы өз мүмкіндігін жүзеге асыруға кедергі болатын, не мүмкіндіктен ажыратып ада қылатын дағдылар бар, оларды да залалды деп есептейді.

Адам денсаулығына оңдыртпайтын кесел келтіретіні айдай  әлемге мәлім дағдылар қатарына: темекі шегу, ішімдікке салыну, есірткіге және улы заттарға (токсикоманияға) бой  алдыру жатады.

БДҰ сарапшылары «тәуелділік  тудыратын» заттар терминалогиясын  анықтаған.

А) алкогольді –барбитурат  түріндегі (этил спирт, барбитураттар, седативті мепробиромат, хлоралгидрат және т.б.);

Б) амфетамин  түріндегі  заттар (амфетамин, фенметразин т.б.);

B) кокаин түріндегі заттар (кокаин және коко жапрақтары);

Г) каннабис түріндегі заттар (марихуана, гашиш);

Д) галлюцинаген түріндегі  заттар (лизегид.-ЛСД, мескалин);

Е) ката түріндегі заттар (Catha ectulis fovsk);

Ж)апиын түріндегі заттар (морфии, героин, кодеин, метадон);

З) эфирлі ертінділер түріндегі  заттар (толуол, ацетон және тетрахлорометан).

Жоғарыда аталған дәрі дәрмектер (эфирлі ертінділерді есепке алмағанда) емдеу мақсатында пайдаланылады  және және адам организмі бұларға  бой алдыра бастайды-ослайша тәуелділік туындайды.

Сондай-ақ есірткі заттарына  темекі де жатады, ол денсаулыққа зиян келтіретіні айдай анық, оған деген  тәуелділік тудырады.

Есірткі заттарға деген тәуелділік тудырып, оны одан әрі ушықтыратын  факторлар қатарына мыналар жатады: Организмнің жекеленген ерекшеліктері, есірткі қолданғанан кейін болатын  түйсінулерді қабылдау,  ортаның  әлеуметтік, мәдени сипаты есірткі  заттар әсерлерінің тетіктегершігі.

Қазіргі кезде есірткі  заттар мен  улы заттар (токсикомония) проблемасы көкей кестілер тізбесінен көрінеді. Есірткіні бір ғана рет  қабылдаған өзінде көңіл-күйді көтеріп (эйфория), дауаламайтын жерге апарып тастауы, тез арада жаның бей-берекетін  алатын  үйірсектіктің қалыптасуының  негізгі себептерінің бірі  болып  табылады. Организмге есірткі заттарды енгізгеннен кейін  бет қызады, бүкіл денеге жылу таралуынан болатын  жайлы бір сезім бой алады, тері жеңіл-желпі қышиды. Осыдан кейін-ақ пайда болатын жайбарақаттылыққа, тез өзгеріп құбыла бастайтын, түленіп  түстенген елестер және қиял тектес әлем-жәлем дүние жетегіне алады. Есірткіге деген үйірсектік бірнеше  апта ішінде-ақ біршама тез қалыптасады. Осыдан барып созылмалы «интоксикация» дамиды.

Алкоголь-  құрамында этил спирті бар ішімдіктер болып табылады. Алкоголь – «рахаттану орталығына»  әсерін тигізеді, осындай сезім тудырып, адамдарды ұялу қасиеттерінен жұрдай етеді.

Әр түрлі ішімдіктердің  спирттік мәні бірдей емес: сырада 3-6 %, шарапта-10-14 % , виски, арақ, бренди, ром, коняката- 40-50%  бар.

Жалпы тақырыпты қорытындылай келетін болсақСалауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен залалды  дағдылардан (арақ-шарап, темекі , есірткі, қолдану) аулақ болумен байланысты болады.Ақпарат арақ- шарап, темекі, есірткіні ауызға алудың кез келген түрлерінің жалпы адам және қоғам денсаулығына кесел келтіретіні жайында болуы қажет. Алкогольды тежеусіз қолдану, оның салдары, маскүнемдіктің медициналық, медико-психологиялық, құқықтық, адамгершілік, этикалық, эканомикалық, демографиялық аспектілері, алткогольдың адам денсаулығына етер физикалық және психикалық әсері, қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы мағлұматтар келтіріледі.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда темекі мен күреске айырықша көңіл  бөлінеді. Темекінің таралып кеткенігі, оны қолға алуға мәжбүр қылатын  факторлар, шылым түтінінің құрамдас бөліктері, канцерогендер, тыныс алу  ағзалары, ас қорыту, жүрек-тамырлар жүйесі т.б. аурулардың  туындауындағы темекінің  ролі хақындағы мәліметтерді жіктеп талдай келе, темекінің медициналық, психологиялық, әлеуметтік аспектілері  туралы ақпарат беріледі.

Тактикалық тұрғыда темекіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру ләзім. Бұл жұмыс жас, жыныс, денсаулық  жағдайын ескере отырып жүгізіледі. Осылайша балалар мен жасөспірімдерге  арналған ақпараттың негізін денеміздің табиғи дамуына, психикалық эмоциялық  әлеміне етер әсері, қыздар мен бала туар жастағы әйедермен, темекі тартатын жүкті әйелдер организмдеріндегі  өзгерістер салдар және осындай аналардан  туар бала болашағы т.б. жөніндегі мағлұматтар  құрайды.

Денсаулықты сақтауға себеп  болатын негізгі компонентер:

-тиімді тамақтану;

- табиғатына орай қимыл  белсенділігі;-

- шынығу;

- психикалық денсаулыққа  деген оң көзқарас;

- тән, киім күтімі;

- тұрмыстағы гигиеналық  режимді ұстану;

- еңбек пен демалыстың  тиімді режимін қадағалау;

- денсаулыққа нұқсан келтірмейтін, қалыпты жыныстық;

- темекңіден, есірткіден, алкагольден,  орынсыз дәрі -дәрмектен тартыну;

- экологиялық жағымды  (позитивті ) мінез құлық.

Міне, осылай өз денсаулығына деген кімнің де болмасын бұған ұқсас  айқын сенім, салауатты өмір салты, жас , әлеуметтік және басқа ерекшеліктері  ескеріле отырып, денсаулықты сақтауға деген бағдардың алғы шарты болып  қала бермек.

СӨС  насихатын денсаулықты  сақтау, аурудың алдын алу т.с.с. шығыны аз, қол жетерлік, залалы жоқ  әдістер аспектілерінде өткізу керек. Осы әдістердің арасында тұрғындарды  табиғи сауықтырудың дәстүрлі емес әдістеріне ерекше көңіл бөлінбек.

СӨС  мақсат еткен, кең  таралған қозғалыстардың бірі- судың, жердің, ауаның пайдалы қасиеттерін  пайдалану прициптеріне негізделген 12 қағидадан тұратын П.К. Ивановтың  тұрғындарды табиғи сауықтыру жүйесі болып табылады. ТМД республикаларының  көбінде, облыстарда , қалаларда П.К  Иванов жүйесіне негізделген арнайы орталықтар ұйымдастырылып ашылды.

Адам өміріндегі проблемаларды  шешу қайғы - қасіретті біршама жеңілдеу өткеруге дем беретін, бақытты, табысты  өмірге жеткізе алатын трансендентальды медитацияны насихаттау болады. Бұл  әдіс адамды табиғат, қоршаған орта көмегі арқылы организмге әсер ететін барлық залалды факторларды, күйзелістерді  алмастыруға өзінің ішкі күш - қуатын бағыттайды. Медитация кезінде дене керемет босаңсыған жағдайға келеді, күйзелістерді, шаршағаныңды кетіреді.

СӨС қалыптастыруда жалпы  қоғам азаматтары болып күрес  жүргізу, залалды заттардың адам организміне зиян екенін ашық, айқын  түсіндіру. Және де жасөспірімдердің  залалды заттарға құмарлығын жою ең басты мақсат етіп қойылуы қажет.

Профилактика - бұл мемлекеттік, қоғамдық, элеуметтік, эканомикалық, медициналық, санитарлық, психалогиялық шаралардың бірегей кешенді жүйесі.

Дағды- бір не бірнеше  қимылды әлденеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына таңылып  қалатын мінездегі «автоматтандырылған  элемент» осы.

Денсаулық - физикалық, психологиялық  және әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған  түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.

Физикалық саулық дегеніміз - адам организімінде функциялардың  өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің  келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы  дәрежелі жағдайда болуы.

Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу  «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.

Әлеуметтік саулық дегеніміз- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен  біте қайнау дәрежесі.

Дене тәрбиесі- адамның  денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл - әрекеттерін  қалыптастыратын  адамгершілік қасиеттері мен ерік –  жігерін  жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.

Дене тәрбиесінің мазмұны  – бұл баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың 44% сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер.

Профессор А.Е. Личко және В.Г. Степанов сәтті отбасыны талдай отырып, 4 жағдайды бөліп көрсетеді:

-Отбасындағы қамқорлықты  күшейту (гиперопека);

-немқұрайлылық ( гипоопека);

- отбасындағы кумирдің  болуы;

Жастар біздің болашағымыз. «Бүгінгі жастар – ертеңгі қауымның қариясы. Қарияның кейінгілерге айтар  ақылы, кеңесі болады»-деген-ді Ғабит  Мүсірепов Яғни, бүгінгі жастар ертеңгі  қазақ ұлты. Одан соң бір-екі ұрпақ  ауысқанда қазақ ұлтының бетке  ұстар қариясы. Сондықтан, жастардың  саяси құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыруға барлығымыз ат салысайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Салауатты  өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру

2.1. Салауатты өмір сүру салтының қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары

Ауырып ем ізденгенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

Бірінші байлық–денсаулық дейміз. Бірақ  осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонансоң өзіміз ауадайжайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға  бас ұрғызса керек еді. Жоқ  біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді  жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл  айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”  
        Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.  
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.  
        Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. 

Информация о работе Салауатты өмір салты