Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 13:01, курсовая работа
Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек? Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда. Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - халың денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80% -ы әр түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайда соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.
Кіріспе.....................................................................................................3
І тарау. Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
1.1. Салауатты өмір сүру салтының мағынасы....................................6
1.2. Салауатты өмір салтының педагогикалық негіздері.................11
ІІ тарау. Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
2.1. Салауатты өмір сүру салтының қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары .................................................................................18
2.2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары және оның нәтижелері.............................................................................................35
Қорытынды.........................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................44
Қосымша...............................................................................................45
Мазмұны
Кіріспе.......................
І тарау. Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
1.1. Салауатты өмір сүру салтының
мағынасы......................
1.2. Салауатты өмір салтының педагогикалық негіздері.................11
ІІ тарау. Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
2.1. Салауатты өмір сүру салтының
қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары
..............................
2.2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
жұмыстары және оның нәтижелері....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Қосымша.......................
Кіріспе
Салалық бағдарлама Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010
жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015
жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан"
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
мақсатында және Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №
922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспарына сәйкес әзірленді.
Салалық бағдарлама халықтың
салауатты өмір салтын қалыптастыруға,
барлық санаттағы және топтағы тұрғындардың
дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына
жағдай жасауға, халықты қолжетімді спорт
құрылыстарымен қамтамасыз етуге, спорт
саласында кадрларды, сондай-ақ спорт
резерві мен халықаралық деңгейдегі спортшыларды
даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Дүние жүзін жаулап
аламын деген Шыңғысхан
Демек, тұжырымдамамыздың мақсаты - бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей-ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз.
Зерттеу өзектілігі: Сонау ықылым заманнан бері, адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоңып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10 м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді. Сонда, Аллаһтың әмірімен табиғат заңына бақылау жасасаң, сол Жаратқан Иеміздің іліміне жүгінсек, бізге, яғни, адамзатқа қанша өмір сүрудің жолын қанша іздесек те жетістіктің шыңы көрінбейді. Енді саналы түрде табиғаттың табиғи болмысын өз қолымызбен бұзып, бүгінгі таңда адамзат өзін-өзі жоюға өрекеттенуде.
Осылайша, адамзаттың жер
бетінен жойылып кетуге қаупі
бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу
керек? Адам баласы қалай өмір сүру
керек?
Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін
бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың
бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда.
Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн
тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы
зор мәселенің бірі - халың денсаулығы.
Республика көлемінде халықтың 80% -ы әр
түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан
бері қарай білім беру жүйесіне реформа
жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардың
тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайда
соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің
ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп,
саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын
өз қолдарымен жоюда.
Келесі бір мәселе, адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаты. Бір мысал алайық, атом радиациясының кеселінен су кепті, жер тозаңға, тас күлге айналды, өсімдік өсуін тоқтатты. Ауа қозғалысы өзгергендіктен, жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа ұшырауда. Міне, тіршіліктің, болашақ жанды заттардың жер бетінен жойылу қаупінің негізі осында. Бұл қағиданың негізінде, енді адамзат тіршілікті сақтап қалудың жолын іздеуде. Демек, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол - салауатты өмір сүру салты.
Осындай қағидалардың негізіне сүйене отырып, жеке бастың салауатты өмір сүру бағытының негізгі мәселесін зерттейміз
Зерттеу мақсаты: салауатты өмір салты – дені сау ұрпақты тәрбиелеудің негізі.
Зерттеу міндеті:
- Салауатты өмір сүру
салтының педагогикалық
- Салауатты өмір сүру салтының мағынасы
- Салуатты өмір сүру
салтын мемлекеттік деңгейде
реттеу
- Салауатты өмір сүру салтын оушыларда
қалыптастыру
- Салауатты өмір салтын
қалыптастырудың мектептегі
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру
бойынша ашық сабақтар ұйымдастыру
Зерттеу объектісі: мектеп оқушылары
Зерттеу болжамы: егер, барлық мектеп оқушыларына салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында көптеген тәрбиелік шаралар, жарыстар, баяндамалар, пікірталастар үнемі ұйымдастырылып тұрса,
онда, болашақ жастарымыздың дені
сау, білімді ұрпақ болары анық.
Зерттеу пәні: Педагогика, психология пәндері
Зерттеу нысаны: Адам денсаулығының басты құрайтын көздері оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді және адамның рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады.
Зерттеу базасы:Теректі ауданындағы Подстепный жалпы қазақ орта мектебі
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материялдардан тұрады.
І тарау. Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
Қазақстанның бүгінгі
әлеуметтік-экономикалық дамуы күрделі
кезеңді басынан кешіріп отыр.
Кеңестік дәуір тоқырауға душар
етті. Қалыптасқан әкімшілік жүйе
қоғам мүшелеріне енжарлықты, селқостықты,
жауапсыздықты дамытты. Осы империяның
көлеңкесіндегі өмірден Қазақстан
кеңестік жүйеден түбегейлі және
түпкілікті бас тартып, жаңа принциптерге
негізделген егеменді мемлекет құру
үстінде. Бұл үкімет білім беру мен
тәрбиелеуді тәуелсіз мемлекеттің
талабына үйлесімді құрып, жастарға
сапалық жаңа қасиеттерді сіңіруді
қолға алып, салауатты өмір салтын
қалыптастыруға батыл кірісті, Тұлғаның
өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде
жатқан талап-тілегін дамытып
Әрине, тәрбие ісіндегі келелі мәселе тек айтумен ғана шешілмейді, оның дұрыс жүзеге асуы оқушының арман – мұратына үйлесімді салауатты өмір салтының идеяларының терең ұқтырып бойына сіңіруі. Ал мұның басты құралы нақты іс-әрекет арқылы көзқарас қалыптастыру. Осы орайда орта мектептерде әдеп әліппесіне, отбасылық тәрбиеге байланысты сабақтар өту белгіленіп және сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бағдарламалары қайта құрастырылды. Уақыт талабы бұл құжаттарды әлі де жетілдіре түсінуді және білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасына үйлесімді құруды керек етіп отыр.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі – түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы, пікірлесуі және мұғалімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы, дене шынықтыру жаттығуына қатысуы т.б. ескерілуі керек. Бұларға қоса дәрігерлік мекемелердің ұйғарымы және адамгершілік талаптарға байланысты табиғи нышандар, дербес ерекшеліктерге мүмкіндік беріліп отыр.
Денсаулық- физикалық,психологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді.Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық дегеніміз- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген
ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып
– дені сау адам баласының бәріне
бірдей тұрақты стандарт мақсат ететін
үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері.
Денсаулық жағдайын бағалау үшін
жасқа байланысты жеке адамдардың
қалып көрсеткіштері
Дене жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес жуандауы әсерінен болмақ. Бұлшық ет созылуы жақсарады , тонусы, қан айналым және бұлшықет қоректенуі жақсарады.
Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген капиллярлар кеңейіп қана қоймайды, олардың саныда бірден көбейе бастайды. Әсіресе бас ми капиллярларының саны өсуінің ерекше маңызы бар, кезінде И.М.Сеченов ми даму үрдісінде бұлшықет қозғалысының маңызын талай атап өткен.
Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі, өйткені бұлшықет жүйесі қаншалықты белсенді қызмет істесе, соншадлықты жүрек те әлуетті қызмет етеді. Дене шынықтыруымен, спортпен айналыспайтын адамның жүрек бұлшық еті әр жиырылыс сайын, қолқаға 60мл шамасындай қан сол қарыншадан лықсып шығарылатын болса, жаттыққан адамда жай тыныштық жағыдайда бір жиырылыстың өзінде қолқаға 90-100 мл қан шығарады. Жаттықпаған адамда жүрек минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиілігі 1 минут ішінде жүрек 50-60 рет жиырылатын болады. Кейбір спортшыларда пульс 40-тан аспай, бір сөзбен айтқанда, жаттыққан адамның жүрегі әр систола сайын қанды көп шығарады, яғни жүрегі үнемі де, ұтымды жұмыс істейді.
Дене жаттығулары өкпенің
тіршілік сыйымдылығын кеңейтеді, қабырға
шеміршектерінің икемділігін
Дене шынықтырумен айналысу, зат алмасудың бар үрдістеріне және зәр шығару ағзаларының жұмыстарына дұрыс әсер етеді, қан тасмалдау, лимфа жүйесінің функциясын күшейтеді.
Дене жаттығулары жамбас қуысында қанның іркіліп қалуын, қатпаны, гемаройды болдырмайды.
Қандай болмасын дене жүктемесі – склероздық өзгерістерді болдырмайды. Дене жаттығулары адамның психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Осының әсерінен жүйке-жүйесінің күш қуаты өседі, ішкі секретция бездерінің жұмысына дем береді және жағымды эмоция тудырады.
Дене шынықтыру мен айналысуды бастайтындар үшін көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары : сауықтыра жүгіріс, жүріспен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, шейпинг, жүзу, туризм, ерік гимнастикасы, таңертеңгі сауықтыру гимнастикасы, дәстүрлі гимнастика және тыныс алу жаттығулары.
Дене тәрбиесі- тұлғаны
жан-жақты үйлесімді
Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл - әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі – ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Дене тәрбиесінің көздейтін мақсаты – балалардың дене мәдениеті мен спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктеір ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағыдай жасау.
Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында және спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультативтік сабақтар бағдарламасында, сондай-ақ, «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру туралы» Ережеде (Алматы, 1993) ашып көрсетілген. Бұл құжаттарда денсаулықты және ағзаны нығайтуға, қимыл-қозғалыс дағдылары мен икемділікті, төзімділікті, шапшаңдықты қалыптастырып, дамытуға баса назар аударылған.