Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 13:01, курсовая работа
Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек? Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда. Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - халың денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80% -ы әр түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайда соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.
Кіріспе.....................................................................................................3
І тарау. Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
1.1. Салауатты өмір сүру салтының мағынасы....................................6
1.2. Салауатты өмір салтының педагогикалық негіздері.................11
ІІ тарау. Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
2.1. Салауатты өмір сүру салтының қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары .................................................................................18
2.2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары және оның нәтижелері.............................................................................................35
Қорытынды.........................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................44
Қосымша...............................................................................................45
Қазіргі кезде Валеология
пәні бала-бақшадан бастап, орта және жоғары
оқу орындарының оқу
Салауатты өмір салты-белгілі
популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға
салауаттандыруға арналған мінез құлық
тәрбиесі.
Салауатты өмір салты- тек медициналық
емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік
қатынастардың дамуына байлансты болып
келетін әлеуметтік-экономикалық категория.
Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік
жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы,
яғни жеке әлуметтік топтар мен жалпы
қогамның жоғары гигиеналық мәдениеті.
Әр атпал азамат баладан
өседі.Соған байланысты оны бала
шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің
«баланы жастан» дейтініде
Әрине,жаңа туған жас нәресте өмірінің
алғашқы айларында, көбіне 1 жасқа дейін,емшек
сүтін емеді. Емшек сүттімен оның организмінеқажетті
заттар жеткізеді. Ал 1 жастан 1,5 жасқа
дейінгібалалар тағамыәр түрлі болуға
тиіс.Олардың құрамына сүзбе, ірімшік,
ет,бидай наны,қант, майда жарма,қарақұмық
жармасы,күріш,картоп,капуста,
Балалардың тамақтануының
рационады болуы,тамақтанудың тәртібін
ұйымдастырғанда ғана мүмкін. Ол үшін
томенде корсетілген шаралардың
орындалуы қажет-1 Тамақтану уақыттын
және уақыт аралықтарын қатал
сақтау.2 Тамақ қабылдаудың
1 жастан 7 жасқа дейінгі
балалар үшін,аралығы 3,5-4,0 сағаттан
тұратын,күніне 4-5 рет тамақтану
ең рационды болып саналады. Одан
жиі немесе сирек
Қазіргі уақытта денсаулық сақтауға және нығайтуға жауапкершіліктің аздығын байқауға болады. Себебі мектеп жасындағы балаларға мектепте салауатты өмір салтын дамытатын оқулық қорының аздығы ма немесе дене шынықтыру мен волиалогия пәнінің мұғалімінен басқа арнайы мәліметтер, сауалнамалар, трениңгтар өткізіп отыратын маманның жоқтығынан ба, салауаттандыруға деген нығайту жолдарының аздығын байқаймыз. Мәселен дене шынықтыру сабақтарында неге біз балалардың патреттық сезіммен ән ұранымызбен бастап күш-жігерлерін арттырмасқа?! Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстансақ денсаулықтың жақсаруымен қатар, психологиялық мықты болатынын бала санасына тек қана дене шынықтыру, волиалогия, психолог мұғалімдерінен басқада пән мұғалімдері мәлімет беріп жүру керек деп ойлаймын.
Мен диплом алдындағы машықтан бір ай өттім. Машық кезінде сынып жетекшіге көмекші ретінде 5 «б» сыныбы берген болатын, осы өзімізге берілген сыныптардың дене шынықтыру сабағына сабақ барысын сырттай бақылау мақсатында қатысқан болатынмын. Сабақ барысы өте қарапайым деңгейде көрдім, себебі балалардың жаттығу жасап ойын ойнағаны мектеп жасындағы ойын балалары үшін тейімді болғанымен, рухани жағынан және ол балалардың болашағының жарқын болуына тейімсіз деп ойлаймын. Мыс: неге пән мұғалімі дене шыныктыру сабағында оқушыларды қолдарын жүрек тұсына қойғызып ән ұранымызды асқақтата шырқаты, содан соң амандасып, қауіпсіздік ережелерімен міндетті түрде еске түсіртіп, жаттығу жумыстарын жасатпасқа деп ойлаймын, сонда ғана бала еліне деген сүйіспеншілікпен дене шынықтыру сабағына немқұрайлы қарас еді.
Менің ойымша балалар дене
шынықтыру сабағына кірген кезде
спорт залының тазалығын естен
шығармауы керек деп ойлаймын,
бір сынып сабаққа қатысып
шыққаннан кейін екінші сынып
едені шаң залға кіргенде біріншіден
денсаулықтарына зияндығын
Салауаттану
білімі мен тәрбиенің
Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.
Қазіргі уақытты өткен кезеңмен
салыстыра алмайсың. Себебі уақыт
өте көптеген өзгерістер өмірге енді.Тіпті
бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен
қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы
жат қылықтар жастарға кері әсерін
тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке
еліктеушілік, тіпті нашақұмарлықта
дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық
жаңару кезінде компьютерге тәуелділік
мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен
істеген істің арты немен тынарын
да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.
Қазақ халқы « тәрбие басы-тал бесік» деп
бекер айтпаса керек. Жат әрекеттерге
қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған
жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте,
арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында
дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп
қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы
мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда
салауатты өмір салтын қалыптастыру. Салауатты
өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің
маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің
бірі мектеп оқушыларының салауатты өмірге
деген ықылас жігерін қалыптастыру болып
табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын
артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі
болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде
қалыптастыру керек.
Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни,дені-сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Жастарды салауаттылыққа тәрбиелеуде дене тәрбиесінің маңызы ерекше.
Салауаттылық ұғымы қазақ
халқының салт-дәстүрін, көнеден келе
жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын,
жас ұрпаққа ұғындыру.Бір
Салауаттылық - ішкіліктен,
есірткі, темекіден аулақ болу, дене
және жан тазалығын сақтау, тіпті
қарапайым түрде айтсақ адамның
киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де
кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы
салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар
түбінде опық жегізеді.
Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге
ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі
олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына
яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты.
Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық
негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген
маңызды да жауапкершілігі мол міндет
болып табылады.
Бала тәрбиесі әсіресе, мектептен
тыс уақыттағы сыныптан тыс жүргізілетін
жұмыстардың мән-мағынасы өте зор
болып келеді. Бүгінгі қоғамымызда
салауатты өмір салтына деген
саналы көзқарастың жеткіліксіздігі
азаматтардың рухани деңгейінің төмендігіне
және оның нәтижесінде жағымсыз жайттардың
кең өрістеуіне себепкер болып отыр. Жастар
денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының
ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі
, азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің
қысқа болуы – осы жайттардың айқын көрінісі.
Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында
тәрбие жұмыстарының жұтаңдығының салдары
екендігі даусыз.
Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса ол мемлекет қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар - біздің болашағымыз. Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар - ертеңгі қоғам иелері.
Салауатты өмір салты - адам
үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей
байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің
бір бөлігі. Ал денсаулық
адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның
болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты.
Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі
ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда
оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл
қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп
ұққан жөн.
Сондықтан адам денсаулығының
жағдайы тек қоғамдық дамудың
ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге
қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс
және мәдени әуес болып табылады. Бүгінгі
таңда балалар мен жастардың
денсаулық жағдайына басты
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың
мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны
көздейді:
Бұл тәрбие салаларының мақсаты - дүниенің шындығын өз мәнінде танитын,эстетикалық сезімі жоғары, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін,ақыл-ой жағынан дамыған және өз халқын, елін сүйетін азамат тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының
«Білім заңында» мектеп оқушылары бойында
адамгершілік және тұрмыс негіздерін
қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу
және олардың ақыл-ой,танымдық шығармашылық
қабілетін анықтау басты міндет
екендігі айтылған. Осы міндеттердің
жауапкершілігі негізінен мектептегі
сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан
оқушы бойына адамгершілік, ізгілік,
мейірімділік,ақыл-ой,танымдық сана-сезім
қалыптастыратын салауатты
Денсаулық адам бақытының
бірінші байлығы.Әрбір
Рухани бай адам дегеніміз
- өз тілін,өз тарихын,салт-дәстүрін жоғары
бағалап,жан-жақты,өзін-өзі
Ал рухани қажеттілік деген ұғым - рухани жетілуі,яғни жанның тазалығына, адалдығына,имандылығына байланысты. Қай заманда да бір «Аллаға» деген сенім негізінде құрылған адамзат қоғамы адамгершілікті,имандылық пен мейірімі мол,тәуелсіз де бейбіт болуын тілегенін тарихтың өзі дәлелдеп отыр. Ислам дінімен енген «иман» ұғымы «Аллаға сену», «наным», «сенім» түсінігін береді. Бір Алла тағала арқылы имандылық негізінде адамдар өтірік, өсек, қиянат, қорлық, зорлық, қайырымсыздық деген сияқты «имансыз» әрекеттерден бойларын аулақ ұстаған. Ондай адамдардың көңілі тазарып, «Алланың нұрына бөленген» деген сенімде болған.