Салауатты өмір салты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 13:01, курсовая работа

Краткое описание

Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек? Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда. Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - халың денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80% -ы әр түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайда соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................3
І тарау. Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
1.1. Салауатты өмір сүру салтының мағынасы....................................6
1.2. Салауатты өмір салтының педагогикалық негіздері.................11

ІІ тарау. Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
2.1. Салауатты өмір сүру салтының қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары .................................................................................18
2.2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары және оның нәтижелері.............................................................................................35

Қорытынды.........................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................44

Қосымша...............................................................................................45

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовойЫМ (2).docx

— 138.83 Кб (Скачать документ)

Қазіргі уақытты өткен  кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы  қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті  нашақұмарлықта дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде  компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген  істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.  
Қазақ халқы « тәрбие басы-тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Жат әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі мектеп оқушыларының салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайлаланылған әдебиеттер: 
1. Әбенбаев.С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы,2005. 
2. Қалиев С, Оразбаев М., Смаилова М. Қазақ халқьның салт-дәстүрлері, Алматы, «Рауан». 1994. 
3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Астана, 2000. 
4. Қоянбаев Р.М. Дуниетанымды қалыптастыру. — Алматы,1991. 
5. Муқанов.И.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.-Қазақстан мектебі,№6,2008. 
6. Оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы.-Қазақстан мұғалімі,14 қазан,2006.  
7. Педагогика. Лекциялар курсы. —Алматы, 2003. 
8. Сманове.С.М.Салауатты өмір салты.-Қазақстан мектебі,№4,2007. 
9.Республикалық әдеби-көркем әлеуметтік журнал, 
«Жалын» №9,2007. 
10. «Отбасы және денсаулық» журналы 
11. «Қазақстан мектебі» журналы,2007жыл.№8,9 
12. «Биология және география» журналы,2002жыл 
13. Валеология оқулығы 
14. Республикалық педагогикалық журнал «Мектептегі сыныптан тыс 
жұмыстар»,2005жыл,№3,2 
15. « Қазақстандағы емдік қасиеті бар өсімдіктер» 
кітабы,авторы:Ә.Іскендіров,Алматы «Қазақстан»баспасы,1982жыл 
16. «Алтын орда» газеті,2009жыл,16қыркүйек,10-бет 
17. «Атырау» газеті,2009жыл,8қыркүйек,10-бет 
18.Қазақстан мектебі 1. 2009жыл 10;11;12-бет 
19.Жалпы білім беретін мектептің 1-11сыныптырына арналған дене 
тәрбиесінің бағдарламасы. Алматы. Рауан, 1993, 99-бет 
20. «Шапағат - Нұр» журнал, 2008жыл

 

 

Қосымша

Тақырыбы:«Намыс дода»

Мақсаты: а) дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып,ерік – жігерін қалыптастыру, кіші қызметкерлер мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты, өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.

Ә) Қатысушыларды бір ортақ  мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл  – әрекетке жаттықтыру.

Б) Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге  тәрбиелеу.

Түрі: жарыс түрінде.

Қатысатын командалар: «Қыран», «Арлан»  және «Сұңқар»

Барысы:

І. Ұйымдастыру  бөлімі.

ІІ. Негізгі бөлім.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Намыс – дода » атты спорттық жарысқа шақырамыз!

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты  өмір салтын ұстану осы іс – шараның  алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, бесіктегі балаға дейін  салауатты өмір сүруге талпынып, соған  қоғам да, мекемелер мен мектептер  де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға, нығайтуға ат салысу керек.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Жарысқа қатысып, 3 тобымыз  алдарыңызда бақтарын сынамақшы.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады.

Сабырлы да, салмақты

Білімді де, өнерлі

Білікті де, жүректі

Жұптарды шақырып,

Сіздерге жеңіс тілейік, – дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды  шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

Жарыстың шарттары:

Допты жоғарыдан беру

Допты аяқ астынан өткізу

Допты берде отыра қал.

Шар жару

Гимнастикалық доппен секіру

Допты жылдам жүргіз

Секіртпемен секіру

Балабақшаға асыққан ата-ана

Құтқарушылар сайысы

Көкіністер науқаны

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт – сапар!

ІІІ. Қорытынды  бөлім.

Құрметті қауым!Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар  сайыстың шарттары бойынша қорытынды  шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар  денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің  сауда.

Денсаулық терең бақыт  деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды  аяқтаймыз.

Қосымша

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс.

Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Салауаттану - адам жанының  да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының  жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық ойын.

Өтілетін орны: Мектеп спорт  кешені.

Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық т. б.

Жүргізуші:

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Толағай»  отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!Көңілді  жарысқа 8а , 8ә сынып оқушылары  мен ата-аналарымыз қатысады.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға Имангазин, Алиев, Жиенбае, Құлмұратовтар  отбасын шақырамыз.

(әр отбасы орындарына  келіп тұрады)

Жүргізуші:

Тәлімді тәрбие отбасынан  бастау алса, дені сау ұрпақ –  ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында  ата-ана – шаңырақтың негізгі  іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.

«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты  бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде  біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр топ  жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше  кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп  беруі тиіс.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға  әділ баға беретін әділқазылар алқасымен  таныстырайық.

1. Оқу ісінің меңгерушісі.  К. О. Еңсепова

2. Тәрбие ісінің меңгерушісі:  С. Н. Бижанов

3. Дене тәрбиесі пәнінің  мұғалімі: М. Ж. Игіліков

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы:

1. Кедергілер арасымен  жүгіру

2. Кедергілер арасымен  доп алып жүру

3. Кедергілер арасымен  допты алып, жүріп шеңберге салу

4. Допты жоғарыдан беру

5. Допты төменнен беру

6. Егін егу, егін жинау

7. Нысананы көздеу

8. Кенгуру

9. Кедергіден өту

10. Қанбақ

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

«Атамекен» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Бәріміз  біріміз үшін!

«Жасұлан»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз әрқашанда  мықты

Бәрін жеңіп шықты

«Барыс»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз шымыр  сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.

«Бәйтерек» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз салауатты  өмір салтын қолдаймыз.

І тур: Кедергілер арасымен жүгіру.

ІІ тур: Кедергілер арасымен доп алып жүру.

ІІІ тур: Кедергілер арасымен допты алып, жүріп шеңберге салу.

ІV тур: Допты жоғарыдан  беру.

V тур: Допты төменнен  беру.

VІ тур: Егін егу,  егін жинау.

VІІ тур: Нысананы көздеу.

VIII тур: Кенгуру.

ІХ тур: Кедергіден өту.

Х тур: Қаңбақ.

Әкелер обручты айналдырып отырады, ал балалары допты обручқа  лақтырып отыру керек, ал келесі ретте  аналары осылайша жасайды.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден -

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол -

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды  анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға  беріледі.

(Әділқазылардың ұпайларын  тыңдау)

І орын Алиевтер отбасы

ІІ орын Жиенбаевтар отбасы

ІІІ орын Имангазиндер отбасы

Алғыс хат Құлмұратовтар  отбасы

Жүргізуші:

Уа, халқым назар аудар  денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің  сау да.

Денсаулық терең бақыт  деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз  да демекші

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге  көп-көп рахмет.

Қосымша

Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық – денсаулық негізі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: фломастерлер, өмір, денсаулық, бақыт туралы сөздер, кестелер, компьютер,. 
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру, оқушыларды жұппен отырғызу. 
Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

Негізгі бөлім. Жүргізуші:

- Біз, болашақ Қазақстан  Республикасының азаматтары бүгінгі  мектеп табалдырығындағы оқушылар  денсаулығымызға жастайымыздан  қамқор болуымыз қажет.

Қазіргі кезде жеткіншектердің  денсаулығын сақтау және салауатты  өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне  байланысты бүкіл оқу тәрбие жүйесін  валеологизациалау қажеттілігі  туындап отыр. Халықаралық денсаулық  сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% —  тұқымқуалаушылықтан, 25% — қоршаған ортадан, ал 50% — адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.

Тренинг. Аяқталмаған сөйлем 
Бақытты өмір – бұл… 
Автор орындығына отырып ойларын ортаға салады. 
Халықта мынадай дана сөз бар: 
«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның, 
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның, 
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның». 
Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар: 
1. Қоршаған орта ластығы. 
2. Дұрыс тамақтанбау. 
3. Тұқымқуалаушылық. 
4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы. 
5. Зиянды заттарды қабылдау. 
6. Тазалықты сақтамау. 
7. Отбасындағы кері жағдайлар. 
8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы. 
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар: 
1. Дұрыс тамақтану. 
2. Қоршаған орта тазалығы. 
3. Дене шынықтыру. 
4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы. 
5. Зиянды заттарды қабылдамау. 
6. Жеке бастың тазалығын сақтау. 
7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау. 
8. Эмоциялардың оң болуы. 
«Мен қандаймын…» сурет салу. (Күліп тұрған адамның беті) 
Салған суреттеріне талдау жасайды.

Тест. «Менің өмір сүру қалпым» 
№ Дене қозғалысының түрлері Күнделікті Аңда-санда Мүлде жасамаймын 
1 Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру 20 10 0 
2 Таңертеңгі дене қозғалысы 10 7 0 
3 Мектепке келу 10 6 0 
4 Дене шынықтыру сабағына қатысу 30 10 0 
5 Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес) 10 5 0 
6 Денені шынықтыру 5 3 0 
7 Үйдегі дене еңбегінің орындалуы 5 3 0

Информация о работе Салауатты өмір салты