Рухани-адамгершілік ұндлықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 20:05, курсовая работа

Краткое описание

«Руханият» сөзі-«рухани ниет»- деген сөздің қосындысы. Рухани ниетте болу, рухани іздену, рухани жұмыс істеу, рухани ләззат табу. Рух-«жан дүниесі», кейде «жан» -атауының баламасы ретінде қолданылады. Аксиология- философиялық зерттеу,талдау бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Құндылық -объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым Рухани-адамгершілік-адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін морольдық қасиет.

Содержание

Нормативтік сілтемелер........................................................................................2
Анықтамалар.........................................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
Негізгі бөлім
1.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі. ...............................................................10
2.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.....................................................27
Қорытынды............................................................................................................41
Қолданылған әдебиет көздерінің тізімі................................................................43

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс 1 бөлім (Автосохраненный) 2 сонгы.docx

— 110.35 Кб (Скачать документ)

Рухани-адамгершілік тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік шарты-бұл мұғалімнің рухани-адамгершілік тәрбиесіне арналған жоспарын құруда, оқушы дамуы мен тәрбие үрдісінің мәні, қозғаушы күші заңдылықтары туралы, ғылыми білімге, тәрбие туралы қазіргі педагогикалық тұжырымдарға, отандық және шет елдік ғалымдардың технологилық жасалымдарына сүйенуі. Соңғы шыққан педагоги калық технологияларды меңгеріп, пайдалану жолдарын білуі.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінің интелектуалды-эмоциялық шарты-мұғалім бастауыш сынып оқушыларының өзара қатынасын біліп, бірлесіп орындалатын іс-әрекет нормаларына сай, олардың мінез-құлықтарындағы кемшіліктерді жоюға бағыттау. Мұнда оқушылар өздерінің құрбы құрдастарымен қарым-қатынасында бірін-бірі қорғау, бірінің-бірі көңіл-күйін түсіне білу, әрбір іс-әрекетіне шыдамдылық көрсету, өзара ынтымақтастықпен келісімге келу ерекшеліктерімен сипатталады. Сонымен қатар, эмоцилық сезімдер, уайым, шындық, адамгершілік қатынастыр мен олардың бір-бірімен байланысы болып табылатын, адамгершілік езімдердің тұтастығымен және рухани-адамгершілік нормалары, жеткіншектің сезімдік қабылдауының субьектілік ынтасына байланысты қалыптасады. Оқушылардың өзін-өзі ұстауына қатысты педагогикалық үрдістегі рухани-адамгершілік тәрбиесі, олардың қоғамдық ортада өзін-өзі қалай ұстау керектігін үйретеді. Ұжымдық қарым-қатынас дағдылары: ұстамдылық, бақылау, талаптылық, осы шарттың ішінде қарастырылады.

Рухани-адамгершілік тәрбиенің тұлғалық шарты-тәрбиенің бастауыш сынып тұлғасына бағыттылығы мен жас ерекшелігін ескеріп, оның дамуы мен әлеуметтік қалыптасуына жағдай туғызуға бағытталған педагогикалық әрекеттің басшылыққа алынуы. Бұл жағдайда жеткіншектердің тәрбиелілігі педагогикалық көмек өлшемімен, қамқорлылығымен, көңіл бөлуімен, оның дамуына оңтайлы жағдай туғызуды қамтамасыз ету үшін жасалатын жағдаймен ерекшеленеді. Тәрбиенің нәтижелі болуында әр оқушыны қайталанбас тұлға ретінде қабылдап, оның өзгеше қасиеттерін дамытудың мәні зор. Олар: мұғалім мен оқушылардың біріккен қызметінің сыйласымдылығы мен мейірімділігі; олар қоғамның рухани құндылықтарын өркендетуші, оқушылардың зердесі мен эмоционалды іс-әрекетінің өзекті әрі мазмұнды болуы. Тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбие барысында тұлғаның ішкі жан-дүниесінің байлығы мен өзін-өзі ұстау дағдылары мен нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын орнықтырады.

Танымдық - шығармашылық шарты - рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде оқушылардың ерік-жігерінің, өзін-өзі бақылау дағдысының болуында. Ол оның белсенділігінде, сөз бен іс бірлігінде, өмірдің қиын тұстарында өз тұжырымына адал қалуында көрініс табады. Шығармашылығы қалыптасу барысында қатаң қадағалау мен бақылау емес, еркіндікке жол ашылып, жарыс, шығармашылық бәсекелестік рухы өрістетіледі. Мұнда, қазіргі ғылым, техника, өнер, және т.б. мәселелер туралы материалдарды қолдануға мүмкіндік туындайды. Оларды пікірталас жүргізе білуге, дәлелдеуге, көзқарастарын дәлелдеугне төселдіруге болады. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің нәтижесіжеткіншектің өзін-өзі танып тәрбиелеуі мен өзіндік іс-әрекеті, мектептегі, ұжымдағы, отбасындағы қарым-қатынаста көрініс береді де, Отанға деген махаббатын, еңбекке қызығушылығын, білімнің тиянақтылығын жауапкершілігін қалыптастырады. Рухани-адамгершілік тәрбие оқушының дүниетанымымен, мінез-құлығының бағалы негіздерімен, оқуға еңбекке, табиғатқа, өз-өзіне, басқа адамдарға деген сезімі мен ішкі жан-дүниесіне байланысты жүргізіледі.

Рухани-адамгершілік тәрбиенің ақпараттық шарты -ақпараттық хабарлардың көбеюі және оқушылардың әр түрлі қарым-қатынаста болуына мүмкіндіктер туындауы. Бұл шарт бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын, өзі өмір сүріп отырған қоғамға, табиғатқа, көзқарасының қалыптасуына ықпал етеді. Ақпаратты қолданудың бағыт-бағдарын көрсетуге педагогикалық талап дұрыс қойылуы қажет.

Рухани-адамгершілік тәрбиелеудің әлеуметтік шарты -әлеуметтік бірлікті қалыптастыру, жеке тұлғалардың арасындағы қарым-қатынасты, қауымдастықты сақтауға, біріктіруге ынталандыру. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік мүмкіндігі оқушылардың көңіл-күйіне, рухани-адамгершілік тұрғыдан өздері-өздерін танып білуге, әлеуметтік ортада өзара қарым-қатынастарына әсер етіп, бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік деңгейіне көтерілуіне ықпалын тигізетінін есте ұстау.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен бастауыш сынып оқушыларын тек жақсылыққа- қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

Қазіргі қоғамдық жағдайда адамның рухани-адамгершілік тәрбиелілігін қалыптастыруды міндет етіп қоюда. Бұл міндетті шешудегі маңызды істің бірі рухани-адамгершілік тәрбиелілікті, адамгершілік сана, адамгершілік сезім, адамгершілік мінез-құлық, адамгершілік дамуды қалыптастырудың орны ерекше.

Философиялық, педагогикалық, психологиялық шолу жасай келе адами қасиеттерді белгілейтін, адамгершілікке бағытталған құндылықтарды жалпы талдау жасай отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарға анықтама беруге талпындық.

Сонымен, «рухани-адамгершілік құндылықтар дегеніміз адамның өзінің табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы сарапқа түсіп дамыған, ішкі мотивтердің әсері мен сыртқы ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасқан, тұлғаның тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің сипатын айқындайтын ішкі құрылымдық жүйе».

Тұлғаға сырттан әсер ету арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу үнемі жетістікке қол жеткізе бермейді. Өйткені ол кейде жағымды, кейде кереғар әсер етуі, кей жағдайда тұлғаны ешқандай әсерсіз қалдыруы да мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Біздің болашағымыз болып саналатын бүгінгі балалар мен жастар қандай жағдайда қалай тәрбиеленіп келеді деген мәселе әрбір ересек адамды ойландыруы керек және тек ойланып қана қоймай, олардың жан дүниесінде рухани-адамгершілік сананы, рухани-адамгершілік сезімді, рухани-адамгершілік мінез-құлықты, рухани-адамгершілік дамуды қалыптастыруымыз қажет.

Сондықтан да Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының кешенді тәрбие беру бағдарламасында  рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жеке тұлғаның жан-жақты даму жүйесінің ең негізгі бөлшегі ретінде, рухани-адамгершілік сана-сезім мен мінез-құлықты қалыптастыру прцесі ретінде қарастырылады. Қазіргі кезде Қазақстан қоғамы, азаматтардың жаңа типтеріне –өз Отанын сүйетін, халықтың тәуелсіздігі үшін терең ойланатын және жауапкершілікті сезінетін, олардың өмірінің барлық тұстарын көре алатын, көп ұлтты ортда салауатты өмір сүре алатын азаматтарға мұқтаж екендіктерін қатты сезінеді. Қазіргі оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың негізі оның адамгершілігін толысуы, әлеуметтік жауапкершілігі мен азаматтық тұрғыдан өзін-өзі тануының жоғары деңгейі болып табылады.

Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында бастауш сынып оқушылары, тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, өзара түсінуге дағдыланады. Олар оқу еңбегіне өзінің қатынасын, мектептегі, отбасындағы және қоғамдық орындарындағы өзінң мінез-құлқының қандай болу керектігін біледі. Оқу және тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлық туралы, қоғам, отбасы туралы рухани-адамгершілік құндылықтарының мазмұны байды.

Адамгершілік қағидаларын ұстанбайтын білім адамзатты қатерлі нәтижелерге әкеліп соқтырады.

Қазіргі заманда білім адамды бұрынғыдай табиғатты өзіне бағындырып, дүниені игеру немесе өзгерту үшін қажетті ұғымдармен «қаруландырмай», керісінше адам баласының болмыс пен жаратылыс заңдылықтарын біліп, әлем мен дүниеге бейімделіп, өмірге «кірпіш» секілді «қалануына» әкелуі керек.

Білім адамға иман, ақыл мен даналық беріп, өзінің жан дүниесін ашып, сол арқылы ақиқатты ізденуге жетелуі қажет, әр адамға өз әлемін айқындап, оның құндылықтары мен қағидаларын белгілеуге көмек беруі керек. Сол арқылы адам өзін-өзі басқаруға, өз өмірін жоспарлауға үйренеді.

Бүкіл Әлемді және басқаны түсінуге, адам болуға,адамгершілік қасиеттерді бойына дарытуға тек диалог арқылы ғана жетуге болады. 1998 жылы өткен Әлемдік философиялық конгресте диалог-тұлғаның адамгершілікқасиеттерді иемденудің ең басты тәсілі деп аталғаны бекер емес делінген.

А.Қ.Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» атты оқу құралында «Адами қасиеттерді басқа адамды түсіну арқылы бойға сіңіру үшін қажетті жағдайлар жасау» немесе, басқаша айтқанда, «Диалогтық қарым-қатынасқа үйрету/үйрену» деп қабылдап, «Диалог –оқу/оқыту процесінің басты құралы» деген қағиданы ұстанған абзал», деген.

Сонымен адамзат ғұламалары біздің тек қана қарым-қатынасарқылы, диалог құру арқылы ғана Әлемді тануымыз ықтимал, яғни таным мен білім-адамдардың өзара әрекетінің нәтижесі деп есептеген, тіпті қарым-қатынас, диалог өмірдің мәні деп түсінген.[58]

Қарым-қатынастағы бірлескен әрекетер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны  диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.[59]

Бастауыш сынып оқушыларына жан-жақты сапалы білім беру, жалпы білім беру желісін жетілдіру-оны барынша ізгілендіруді, келер ұрпаққа адамгершілік тұрғыдан тәрбие беруді жаңартуды талап етеді. Біздің мемлекетіміз қоғамымыздың зиялылық әлеуетін сақтап қана қоймай, оны жаңа нарықтық қатынастар шеңберінде жаңалап түзетуге, жоғары білім даярлық аясында кәсіптік шеберлігі жоғары, адамгершілік, имандылық, ар-ұят, отаншылдық сияқты қадір-қасиеттерді бойына сіңірген ұлттық интелигенцияның, зиялы қауымның жаңа легін даярлауға мүдделі болып отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ:

  1. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 ж арналған мемлекеттік бағдарламасы (өзгертулер мен толықтырулармен 2008 ж 10.03.)//-Алматы,2008-17 б
  2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 ж арналған мемлекеттік бағдарламасы
  3. Білім туралы ҚР Заңы.
  4. Аристотель. Этика. Политика. Поэтика// собр. Соч. 4-х т. М,1984 -34б
  5. Ал-Фараби. Әлеуметтік трактаттар.-Алматы,1973-320 б
  6. Д.Локк Мысли о воспитании/ Избр.Пед.соч.-М ,1939-216
  7. Баласағұни Ж. Құтты білік /Көне түркі тілінен аударылған және алғы сөзі мен түсінігін жазған А.Егеубаев/ Алматы, Мұратас,1993-315 б
  8. Коменский Я.А. Избр. Пед.соч. М,1982- 570 б
  9. Руссо Ж.Ж. Эмиль или о воспитании 1915-157
  10. Пестолоцци И.Г. Как Гертруда учит своих детей /Избр. Пед. Произв. М ,1963-т2,212с
  11. Пискунов А.И. Хрестоматия по истории зарубежной пед. М, 1981, 306с
  12. Ушинский К.Д. О народности в общественном воспитании. Собр. Соч. М «Педагогика» т2-331с
  13. Уалиханов Ш. Таңдамалы, 2 басылым. Алматы, 1985-348б
  14. Алтынсарин Ы. Қырғыз хрестоматиясы. Орынбор,1897
  15. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 1998- 378 б
  16. Төлеубекова Р.К. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану: пед. Канд. Диссер. Алматы, 1994- 162 б
  17. Ким В.А. Актуальные проблемы подготовки специалистов в Вузе сб. Научно-пр. Конф. Алматы, 1999 -35-39 с
  18. Мұхтар Арын. Бес анық (тәрбие туралы толғаулар) Алматы, 1996-180 б
  19. Калюжный А.А Теория и практика профессиональной подготовки учителя к нравственному воспитанию учащихся в целостном педагогическом процессе: дисс. Док.пед. наукАлматы,1995-295
  20. Байсерке Л.А. Актуальные проблемы обучения студентов в Вузе Вестник АГУ Алматы,1998-4с
  21. Орынбасарова Э.А. Становления и развития  теории нравственного воспитания школьников Казахстана (60-е г.г ХІХ в 90 е г.г в ХХ) Алматы, 1999- 270 с
  22. Даналардан шыққан сөз // Құраст. Ү.Асылов Алматы, 1987-230 б
  23. Тұрсынов Б.Ж и др Нравственно-духовное просвещение. Алматы, 1995-139 б
  24. Қазақ совет Энциклопедиясы. Бас. Р. Қаратаев М. Алматы,1976 -500 б
  25. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктері Алматы Мектеп 2002. 254 б
  26. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы,1999- 247 б
  27. Психологтар жеке тұлғаға тән 1500 ге тарта қасиет пен сапа түрлерін атайды В.А.Блюмкин, Г.Н.Гумницкий, Т.В.Цырлинаның
  28. Кон И.С. Социология личности М. Политиздат, 1967- 380с
  29. Қазақстан Ұлттық энциклопедия. Алматы, 2001-166 б
  30. Жүнісова К., Рахметова С., Оспанов Т., Бадамбаева Г. ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарды . Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының республикалық баспа кабинеті,1998- 246б
  31. Воспитания школьников: Новые подходы и новые технологии// Под. Ред. Н.Е.Щурковой, М. Новая школа, 1998.-206 с
  32. Афанасьев В.Г. Основы философских знаний. Москва ,1978-335 с
  33. Казакина М.Г. Самооценка личности школьников и педогогические условия ее формирования. Уч. Пос. К спецкурсу. М, 1981-68с
  34. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии в 2-х т .М,Педагогика -1989- 156
  35. Мясищев В.Н. Личность и неврозы. М, 1960-426с
  36. Узнадзе Д.Н. Экспериментальные основы психологии установки. 1961-211с
  37. Нұрғалиева Г.К. Ценностные ориентации личности : методология , теория, практика формирования Алматы, 1993- 334
  38. Болдырев Н.И. Классный руководитель М, 1978
  39. Харламов Н.Ф. Нравственное воспитание школьников М, 1983- 233
  40. Ильина Т.А.Педагогика Алматы,1977- 488б
  41. Подласый И.П. Педагогика начальной школы . М. Владос,200-400с
  42. Савин Н.В. Педагогика Алматы, 1998-222б
  43. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік философиялық талдау. Алматы, 200-181б
  44. Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика Алматы, 1998- 576б
  45. Мухаммед Пайғамбардың денсаулық туралы қадистеі. // Қазақстан Мектебі. 1995, № 10, 43-53б
  46. Франкл В. Поиск смысла жизни и логотерапия // Психология личности тексты М,1982- 288с
  47. Қазақ Кеңес энциклопедиясы. Бас редакторы Қаратаев М . Алматы, 1976- 500б
  48. Бакиров В.С. Ценностные сознание и активизация человеческого фактора Харьков, 1988- 147с
  49. Штофф В.А. Моделирования и философия М.Л.Наука. 1986- 301с
  50. Лебедева О.В. Использование национального компонента содержания образование в современной практике обучения и воспитания младщих подростков. Автореф. Дисс.к.п.н. М, 1992- 27с
  51. Лапин Н.И. Модернизация базовых ценностей Россиян// Соц. Исследования 1996. №5,с 3-9
  52. Мухина В.С. Возрастная психология: феноменалогия развития, детство, отрочество. М,200-,456с
  53. Кузнецова В.Л. Гармоническое развития личности младшего школьника . М. 1988 212с
  54. Каплиева А.К. Мектеп оқушыларына рухани-ізгілік тәрбие беру. Ақтөбе2000-56б
  55. Ашай Ә. Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру. Пед.ғыл. кан. Автореф. 1993.25б
  56. Ерғалиева Г.А. Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуініңпедагогикалық шарттарыдисс.пед.ғыл. канд. Атырау.2007-142б
  57. Қожа Ахмет Ясау. Диуани Хикмет (Ақыл кітабы) Қаз. Ауд.М.Жармұхамедұлы. С. Дәітұлы, М.Ша-фига . Алматы. Мұраттас.1993-262б
  58. А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы- Алматы, 2013
  59. А.Қ.Әлімов, Б.М.Қосанов, Р.Ж.Базарбекова «Интербелсенді әдістеме»- Алматы, 2010.
  60. Айджанова З.Ж. «Бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру (сыныптан тыс жұмыстар негізінде)» -Атырау, 2009.
  61. http://www.yandex.kz/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Рухани-адамгершілік ұндлықтар